Қандастар Ассамблея

Ауыр қаза

05.12.2012 3278
Ауыр қаза Фадеев қайтыс болды деген қатал, суық хабар талай жанды қатты күйзелтеді. Бұл қаза совет әдебиеті үшін орны толмас аса зор шығасы. Біздің жазушыларымыздың қатарынан А.А. Фадеев шетін болды деген жайға ақыл мойындатса да, көңіл көнбейді, көңгісі келмейді. Себебі ол дарынды, әлі шарасынан кемімеген, зор талант иесі, үлкен суретші еді. Қайта, өрлеп, үдеп келе жатқан күш-қуат еді. Шын шебер қуат иесі болатын. Фадеевтің революциямен бірге жасап, біте қайнасқан саналы өміріндей, совет әдебиетімен де бірге көшкен ғажайып сұлу да, зор еңбек өмірі бар еді. Оның ұзақ жылдардағы үздіксіз талап, табыс өмірі өзі де бір ұзақ аққан ырыс өзеніндей болатын. Жақын жағасын да, өңір-өлкесін де ол өзен байытып, көгертіп аққан болатын. Ол өзі көмген ұрықтан дәні толы талай-талай жемістер тудырған. Оның еткен өз еңбегі мен мәні мол асыл әсерлері совет әдебиеті мен мәдениетіне шын бағалы дәулет те нәубет бітіргендей болды. Өз ісіне де, қатарындағы қалың топ жазушы жолдастарының ізденулеріне де оның талғауы зор, талабы мол болатын. Осындай қасиеттерін ойласаң, өлім, қаза деген суық сөздер Фадеевтің атына мүлде жанаспайтын жат жаманат боп сезілмеске шара жоқ. Оның өзі де бір тұтқиылдан туған жаманат, оқыс атылған оқтай. Бірде тыныс тарылтып, бірде қамырыққан көңілді есеңгіретіп кеткендей болады. Фадеевтің бойындағы асыл қасиет, талантты қуат әлі де, барынша мол дамуының жолында еді. Сол сыпаттың тағы бір ерекше қымбат жағы - ол өмірді жас жалынмен сүйетін. Жазушылық, суретшілік еңбегінде, азаматтық қажырлы тірлігінде оның ой-сезімі салқындаған жоқ-ты. Барынша ыстық қанды жанымен өзі құрысқан бүгінгі өмірді, ол сүйгенде өзгеше ынтық жанмен сүйетін. Өзге айнала қауымына да сондай қызу, қызғылықты етіп сүйгізе білетін. Социалистік революцияның дәуірі мен бар болмысына ол қайнасып қосылған жан тәрізді. Өзі де бір тарих толғақтарының тұсында асыл азамат жаратылысымен, асыл металл заттай революция тарихына біте қайнасып, қорытылып қосылған қымбат қуат тәрізді еді. Оның жазушы есебінде тудырған шығармалары бірінен-бірі асып, үдей түсіп, биікке шарықтап келе жатқан-ды. Бірақ сол қалыпта тудырғаны, жазғаны қаншалық үлкен де, мол болса да, оның әлі де жазары, айтары алдында, азаяр, сарқылар тәрізді емес еді. Онысы және көп те көркем екені көңілге сенімді сияқтанатын. Бұл суретшіге, бұл азамат жазушыға мейлінше сенуге болатын. Ол асыл өнерпаз және әдемі, әсем жанды өзгеше ғазиз адам болатын. Сибирь мен Ленинград сияқты Россия терістігінің ашық ақшыл көк аспанындай Фадеевтен де бір тазалық, жарқын жай сезінушек. Сол өзі туған терістік Россия отанының ашық аспанындай ашық жарқын, көк мөлдір көзінде өмірді сүйгіш, оған сенгіш және өзгеше үміткеш жарық сәуле сыйлап тұрғандай болатын. Осы сипаттары үшін оны өлімге қию мүмкін емес. Ол ұлы қасиетті, кең бейілді тамаша бір жан болатын. Қадірлі Саша соншалық ыстық, мейір жүзді, өте жақсы орыс адамы еді. Адамды өзіне ыстық леппен сендіре тартатын, шыншыл әділдігі барды. Махаббат достығы мол жа- расқан өзгеше бағалы орыс жазушысы еді. Оған қалтқысыз сенуге де, онымен барынша сенісуге де болатын. Бір таныған талантын, бір бағалаған қасиетін сол адамдарынан ол ұдайы тапқысы кеп, айнымас сеніммен қарайтын. Бір шақта тапқан жазушы жөніндегі жақсы көңіл, жарқын үмітінен жиырма жыл өтсе де жаңылмайтын. Адамға достық деген жақсы жүрегін жаңсақ жаққа бұрмайтын. Адамшылық, азаматтық қасиеттер ішінде, сондай боп өмір сүйсінгенін көп шаққа шейін шат сақтайтын. Өзгеше үлгілі, жаңа сапалы совет азаматының сыр-сипаты бар-ды. Барлық Отанымыздағы әдебиеттік Қозғалыстың ең үлкен қайраткерінің бірі де Фадеев болатын. Көп тілді, мол түрлі туысқан әдебиеттеріміздің бәріне де ол үлкен, өр ойлы, басшы жазушы еді. Бұл жөнде оның бойынан әдебиетке өсіресе қымбат болған анық қасиетті көруші ек. Ол біздегі әдебиеттік ардың жиын тұлғасы есепті болды. Тек жазушы ұйымының бастығы болғандықтан ғана емес, ол коммуниста санасымен, азаматтық сапасымен тұтас, түгел кең де зор, қамқор ойшыл болатын. Оның ары ең алдымен әдебиеттегі қамқорлықты қатты ойлайтын. Барлық Одақ әдебиеті дейтін әлемде, одақтық, отандық әдебиеттік ой Фадеевте соншалық тұтас, толықой болатын. Бұл реттен қарағанда, Горький мақсат еткенді — бұл табыс еткен, Горький қиял еткенді — бұл іс еткен деуге болушы еді. Әсіресе осы жайларды Одақтағы жазушылар күштерін ұйыстырып, бірлестіріп, бауырлас достар ұйымы етіп басқара білуге Фадеев аса коп, тарихтық мәні зор еңбектер етті. Жеке кісі, жеке жазушы ғана емес, жаңағыдай жолда Фадеев кейбір тұтас әдебиеттік қоғамға да қатты достық еткен кездер коп болды. Жеке-жеке алғанда әрбір советтік ұлттың тұтас әдебиеті Фадеевке көптен-көп арнаулы алғысын анық атай алады. Және ол алғысын мәңгі сақтай да біледі. Осы қатарда Фадеевтің қамқор достық еңбегіне, тілектес дос-жар көмегіне қазақ совет әдебиеті де қатты қарыздар. Біздің бірталайымыз, өзіміздің жеке басымыз да Фадеевтің азаматтық әділ мінез, асыл қамқорлығына мейлінше мол қарыздармыз. Бір "Абай" романының тұсында менің Фадеевтен естіген ақыл көмегім де аз болған жоқ. Кітап болып басылып шығу былай тұрсын, "Абай" романын тек қолжазба күйінде және орысшаға тек подстрочник дәрежесінде аударылған қалпында да Фадеев қатты көңіл бөліп, көп ақыл қосып еді. Басылған кітабын емес, қолжазбаның өзінен ғана оқи отырып, жәрдем етуінде шын тілектестік, ыстық дос-жарлық қалпы сан сезілді. Бір мен емес, туысқан елдеріміздің талай да талай жазушыларына осылай қолма-қол жәрдем еткен Фадеев жайларын сан жазушының аузынан естідім.   Фадеевтің баяндамалары, көп мақалалары әдебиет жөніндегі шынайы ойшылдыққа, ор ойшылдық пен талғауы зор тапқырлыққа толы болатын. Ұйым жұмысын басқарудағы Фадеевтің мінезділігі де өзгеше естен кетпестей қымбат көрінуші еді. Өзара сынды анық большевикше түсіне біліп, түсіндіре білген кең төзімді, көнтерілі сипатты біз әдебиет әлемінде көбінше Фадеевтен көруші едік. Жазушы қоғамындай мінез-машықтары қиындау, ауырлау келетін ортаға ұйымдық, қоғамдық сыпат ретінде өзара сынның қадірін Фадеев жақсы ұғындырды. Ол бұл жайды танытып қана қоймай, соған кәрі-жасты тәрбиелеп көндіре, баули да білді. Әсіресе жолдастық сынды большевикше төзімділікпен негізділік көтергіштікке келгенде, Фадеев өз мінезімен, өз сипатымен аса айқын, аса асыл сипат көрсететін. Осындай сегіз қырлы, терең сырлы сипат қасиеттері Фадеев қадірін әсте ұмыттырмас! Әр көңілде асыл бейнең ұзақ сақталар! Біз сені ұмытпаймыз, қадірлі дос, қимас дос! Қиналып айтар амалсыз "қош" деген сөз сенімен үзіліскен жалғасты танытпайды. Қазақ совет әдебиетіндегі саған арналған дос сезімдер дос жүректерде айнымастан сақталады, мәңгі сақталады, Саша дос! Мұхтар Әуезов

Ауыр қаза

Фадеев қайтыс болды деген қатал, суық хабар талай жанды қатты күйзелтеді. Бұл қаза совет әдебиеті үшін орны толмас аса зор шығасы.

Біздің жазушыларымыздың қатарынан А.А. Фадеев шетін болды деген жайға ақыл мойындатса да, көңіл көнбейді, көңгісі келмейді. Себебі ол дарынды, әлі шарасынан кемімеген, зор талант иесі, үлкен суретші еді. Қайта, өрлеп, үдеп келе жатқан күш-қуат еді. Шын шебер қуат иесі болатын. Фадеевтің революциямен бірге жасап, біте қайнасқан саналы өміріндей, совет әдебиетімен де бірге көшкен ғажайып сұлу да, зор еңбек өмірі бар еді.

Оның ұзақ жылдардағы үздіксіз талап, табыс өмірі өзі де бір ұзақ аққан ырыс өзеніндей болатын. Жақын жағасын да, өңір-өлкесін де ол өзен байытып, көгертіп аққан болатын. Ол өзі көмген ұрықтан дәні толы талай-талай жемістер тудырған. Оның еткен өз еңбегі мен мәні мол асыл әсерлері совет әдебиеті мен мәдениетіне шын бағалы дәулет те нәубет бітіргендей болды.

Өз ісіне де, қатарындағы қалың топ жазушы жолдастарының ізденулеріне де оның талғауы зор, талабы мол болатын. Осындай қасиеттерін ойласаң, өлім, қаза деген суық сөздер Фадеевтің атына мүлде жанаспайтын жат жаманат боп сезілмеске шара жоқ. Оның өзі де бір тұтқиылдан туған жаманат, оқыс атылған оқтай. Бірде тыныс тарылтып, бірде қамырыққан көңілді есеңгіретіп кеткендей болады.

Фадеевтің бойындағы асыл қасиет, талантты қуат әлі де, барынша мол дамуының жолында еді. Сол сыпаттың тағы бір ерекше қымбат жағы - ол өмірді жас жалынмен сүйетін. Жазушылық, суретшілік еңбегінде, азаматтық қажырлы тірлігінде оның ой-сезімі салқындаған жоқ-ты. Барынша ыстық қанды жанымен өзі құрысқан бүгінгі өмірді, ол сүйгенде өзгеше ынтық жанмен сүйетін. Өзге айнала қауымына да сондай қызу, қызғылықты етіп сүйгізе білетін.

Социалистік революцияның дәуірі мен бар болмысына ол қайнасып қосылған жан тәрізді. Өзі де бір тарих толғақтарының тұсында асыл азамат жаратылысымен, асыл металл заттай революция тарихына біте қайнасып, қорытылып қосылған қымбат қуат тәрізді еді. Оның жазушы есебінде тудырған шығармалары бірінен-бірі асып, үдей түсіп, биікке шарықтап келе жатқан-ды. Бірақ сол қалыпта тудырғаны, жазғаны қаншалық үлкен де, мол болса да, оның әлі де жазары, айтары алдында, азаяр, сарқылар тәрізді емес еді. Онысы және көп те көркем екені көңілге сенімді сияқтанатын.

Бұл суретшіге, бұл азамат жазушыға мейлінше сенуге болатын. Ол асыл өнерпаз және әдемі, әсем жанды өзгеше ғазиз адам болатын. Сибирь мен Ленинград сияқты Россия терістігінің ашық ақшыл көк аспанындай Фадеевтен де бір тазалық, жарқын жай сезінушек. Сол өзі туған терістік Россия отанының ашық аспанындай ашық жарқын, көк мөлдір көзінде өмірді сүйгіш, оған сенгіш және өзгеше үміткеш жарық сәуле сыйлап тұрғандай болатын. Осы сипаттары үшін оны өлімге қию мүмкін емес. Ол ұлы қасиетті, кең бейілді тамаша бір жан болатын.

Қадірлі Саша соншалық ыстық, мейір жүзді, өте жақсы орыс адамы еді. Адамды өзіне ыстық леппен сендіре тартатын, шыншыл әділдігі барды. Махаббат достығы мол жа- расқан өзгеше бағалы орыс жазушысы еді. Оған қалтқысыз сенуге де, онымен барынша сенісуге де болатын. Бір таныған талантын, бір бағалаған қасиетін сол адамдарынан ол ұдайы тапқысы кеп, айнымас сеніммен қарайтын.

Бір шақта тапқан жазушы жөніндегі жақсы көңіл, жарқын үмітінен жиырма жыл өтсе де жаңылмайтын. Адамға достық деген жақсы жүрегін жаңсақ жаққа бұрмайтын. Адамшылық, азаматтық қасиеттер ішінде, сондай боп өмір сүйсінгенін көп шаққа шейін шат сақтайтын. Өзгеше үлгілі, жаңа сапалы совет азаматының сыр-сипаты бар-ды.

Барлық Отанымыздағы әдебиеттік Қозғалыстың ең үлкен қайраткерінің бірі де Фадеев болатын. Көп тілді, мол түрлі туысқан әдебиеттеріміздің бәріне де ол үлкен, өр ойлы, басшы жазушы еді. Бұл жөнде оның бойынан әдебиетке өсіресе қымбат болған анық қасиетті көруші ек. Ол біздегі әдебиеттік ардың жиын тұлғасы есепті болды. Тек жазушы ұйымының бастығы болғандықтан ғана емес, ол коммуниста санасымен, азаматтық сапасымен тұтас, түгел кең де зор, қамқор ойшыл болатын. Оның ары ең алдымен әдебиеттегі қамқорлықты қатты ойлайтын.

Барлық Одақ әдебиеті дейтін әлемде, одақтық, отандық әдебиеттік ой Фадеевте соншалық тұтас, толықой болатын. Бұл реттен қарағанда, Горький мақсат еткенді — бұл табыс еткен, Горький қиял еткенді — бұл іс еткен деуге болушы еді. Әсіресе осы жайларды Одақтағы жазушылар күштерін ұйыстырып, бірлестіріп, бауырлас достар ұйымы етіп басқара білуге Фадеев аса коп, тарихтық мәні зор еңбектер етті.

Жеке кісі, жеке жазушы ғана емес, жаңағыдай жолда Фадеев кейбір тұтас әдебиеттік қоғамға да қатты достық еткен кездер коп болды. Жеке-жеке алғанда әрбір советтік ұлттың тұтас әдебиеті Фадеевке көптен-көп арнаулы алғысын анық атай алады. Және ол алғысын мәңгі сақтай да біледі. Осы қатарда Фадеевтің қамқор достық еңбегіне, тілектес дос-жар көмегіне қазақ совет әдебиеті де қатты қарыздар. Біздің бірталайымыз, өзіміздің жеке басымыз да Фадеевтің азаматтық әділ мінез, асыл қамқорлығына мейлінше мол қарыздармыз.

Бір "Абай" романының тұсында менің Фадеевтен естіген ақыл көмегім де аз болған жоқ. Кітап болып басылып шығу былай тұрсын, "Абай" романын тек қолжазба күйінде және орысшаға тек подстрочник дәрежесінде аударылған қалпында да Фадеев қатты көңіл бөліп, көп ақыл қосып еді. Басылған кітабын емес, қолжазбаның өзінен ғана оқи отырып, жәрдем етуінде шын тілектестік, ыстық дос-жарлық қалпы сан сезілді. Бір мен емес, туысқан елдеріміздің талай да талай жазушыларына осылай қолма-қол жәрдем еткен Фадеев жайларын сан жазушының аузынан естідім.

 

Фадеевтің баяндамалары, көп мақалалары әдебиет жөніндегі шынайы ойшылдыққа, ор ойшылдық пен талғауы зор тапқырлыққа толы болатын. Ұйым жұмысын басқарудағы Фадеевтің мінезділігі де өзгеше естен кетпестей қымбат көрінуші еді. Өзара сынды анық большевикше түсіне біліп, түсіндіре білген кең төзімді, көнтерілі сипатты біз әдебиет әлемінде көбінше Фадеевтен көруші едік. Жазушы қоғамындай мінез-машықтары қиындау, ауырлау келетін ортаға ұйымдық, қоғамдық сыпат ретінде өзара сынның қадірін Фадеев жақсы ұғындырды. Ол бұл жайды танытып қана қоймай, соған кәрі-жасты тәрбиелеп көндіре, баули да білді. Әсіресе жолдастық сынды большевикше төзімділікпен негізділік көтергіштікке келгенде, Фадеев өз мінезімен, өз сипатымен аса айқын, аса асыл сипат көрсететін.

Осындай сегіз қырлы, терең сырлы сипат қасиеттері Фадеев қадірін әсте ұмыттырмас! Әр көңілде асыл бейнең ұзақ сақталар! Біз сені ұмытпаймыз, қадірлі дос, қимас дос! Қиналып айтар амалсыз "қош" деген сөз сенімен үзіліскен жалғасты танытпайды. Қазақ совет әдебиетіндегі саған арналған дос сезімдер дос жүректерде айнымастан сақталады, мәңгі сақталады, Саша дос!

Мұхтар Әуезов

Ұқсас материалдар