Қандастар Ассамблея

Асыл елдің алып ұлы

05.12.2012 2868
Асыл елдің алып ұлы Халық бойындағы қасиет өгей болғанда, кейде жер астында жатқан алтын-гауһар есепті. Алтын қазына жер бетіне шықпағанымен қазыналық қасиетін жоя ма? Тек қана қимылы жоқ қалғып тұрғандай боп, кезегін күтеді. Кезі жеткен сот күнінде жарқырай шығып, жалт етеді. Тебіреніп теңіз толқыса, тереңіне шөккен меруертін атпай ма жағаға. Тарих телегейі толқығанда да сол сияқты ел тамырындағы қасиет жамырай шығып, шарқ ұрады. Дүниеге Октябрь туғанда, елдің қаны қайнай соғып еді. Ол соғуы қайратты, батырлықты, әділ ашуды, алып тілекті қаулата шығаратын соғу еді. Міне, халықтар жүрегінде қайнаған осындай зор қасиеттердің бір алуан жиын аты, алып аты – біздің Қызыл Армия ең алғаш майдан беттей шапқанда ұмытылмас бір сөз айтқан. Ол шақ жас Отан сыртқы шектермен, ішкі талай өлкелерде неше алуан жаумен жағаласып, шарпысып тұрған шақ еді. Жолдас Сталин айтқан "Алып жартастай" Отанның айналасында қас дүние қатуланып, көбік атып құтыра тулап тұрған-ды. Аттары көп, тектері бір көп жаулар жас алыпты жығам деп қаңқа майын аямай түйіліп тұрған. Сонда Ленин елдің сыны ерлік екенін танытып, "өлімді менсінбей, жирене қарауды жалпыға жаю керек те, жеңісті қамтамасыз ету шарт" деген. Осыны халық алыбы Қызыл Армияға сенің бойындағы жаңа қасиет осы болсын, сенің тұлғаңдағы басқаша туыс осы болсын деді. Барлық жауынгер буынға, келер ұрпаққа да өсиет етті. Өзі Қызыл Армияны сондай құрыш болат суымен суарды да, бас серігіне де серт қып берді. Сол ұранды сан сайыста, қан майданда жолдас Сталин жаңа адамның жаңғырған ұрпағына дәл сол жылдардың өзінде өзгеше мінез, ерекше қасиет етіп танытты. Өз басшылығымен, өз үлгісімен, өз тәрбиесімен жалпының жүрегіне орнатты, қанына сіңірді. Царицын, Петроград, Оңтүстік майдандарында Сталин жолдастың өз басшылығымен орындалған өзгеше өктем жеңістер, сол еңбек тәрбиенің нәтижелері еді. Сол күндерден бастап, бүгін 24 жылдық тарихын кешіп өткен Қызыл Армияның ерекше қасиет қып тұтатын бір сыны, бір сыры бар. Онысы тұтас кендей тұтасқан ерлік. Көп жүрегін бірдей, бір жүрегін көптей өзгеше етіп тұратын біздің буындарға ғана тән ерлік. Ғасырлар бойы жарыққа шықпай келген, ер бойында толықсып кернеп, құшақтай шымырап келген қасиет – ерлік атты қасиет болатын. Тарих – тарих болғалы ерлік жайында сөйлеген жандар көп-ақ, бірақ өзгенің, бұрынғының бәрі де бірдің басындағы ерлікті, бірдің атымен байланысты ер қимылды айтатын. Ленин мен Сталин жолдастардың ерлікке беретін өзгеше бағасы бірдің ғана ерлігі емес, өлмес халықтың өшпес оты, мол отты ерлік еді. Осымен бірге шын ерліктің сырының өзі де басқаша болып ашылды. Бұрын ерлік білекпен танылатын сияқты еді, бүгін ерлік жүректен орын тепті. Осындай ерлік қана әрі саналы, әрі тапқыр, әрі қажымас, әрі өзі ерен сұлу сипат болып шоқтықтанады екен. Тегінде, жай бір болжап қарасаң, сол жаңағы арғы-бергіде халық қадірлеп келген ерліктің қанатын қырқа беретін бір сыбайласы бар, ол өлім қаупі еді ғой. Қай ерлік сол қауіпті елемей асып өтіп кетуге шыдаса, сол өзі қиынның қиынын да тегіс басып өтіп, қыран шықпас шыңға шығатын. Ер сынының ең биік, суық шоқысын алатын. Лениннің айтқаны осы ғой және осы бір де ғана емес, жалпы да болсын, біздің жауынгердің бәрі де әр сәтте өлімнен қорықпауға іштей қапысыз, қалетсіз әзір болса, оның ар жағы шексіз ерлік, сөзсіз жеңіс дегені болатын. Адам бойына бітетін неше алуан жақсы қасиеттердің ішіндегі сұлуы мен асылының бірі ерлік қой. Жеке адамның қасиетін санағанда, ол сондайлық таразының бірі болса, тұтас бір халықты, елдікті алғанда ол тіпті даусыз бірден-бір ғана қасиет белгісі болады. Дүниеде, тарихтарда ер елден артық ел бар ма? Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма? Елін "ел екен!" дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма сірә да? Елдің намысын өз өмірінің ең зор әміршісі деп таныған Құрманғазы саналы қайрат, қайратты жігер күйлерін төгілтіп отырып: Исатай мен Махамбет Өлдім дей ме екен солар да? —   деп айтқан жоқ па? Елдің белін көтеретін ер ұл туған аталық пен аналық қандай бақытты! Ер серігі болған жар жарастық қандай сұлу! Қорлық өмірге көнгенше қадірлі өлім таңдармын дейтін жас жалын қандай биік мағыналы! Міне, Октябрьмен бірге туған миллиондаған білегі бар, бір ғана зор жүрегі бар, халық батыры Қызыл Армия осындай ұлы идеал, үлкен сипат, сымбат иесі. Солай етіп өсірген, ұлғайтқан Ленин, Сталин партиясы. Солай етіп жылма-жыл, күнбе-күн аталық, даналық басшылығымен өркендетіп, өрден өрге бастырып, үдетіп келе жатқан ұлы көсеміміз Сталин жолдастың өз назары, өз қамқорлығы. Міне, екінші Отан соғысына келгенде біздің барлық алып еліміз бен сол елдің бірнеше буыннан берік етіп өсіріп келе жатқан балғын бітім батыры осындай әзірлік алып, келсең келге дайын еді. Қолдағы құрал сай болуы бір сәрі, ерлікке бекінген жүрегімен, алысты мұрат етерлік зор сана мүддесімен, әсіресе, әзір еді. Сондайда кеп жау шықты. Жауынгерлік күн келді, бұл жау дүние — дүние болғалы, жау — жау болғалы ешбір майдан көрмеген, соншалық зұлым, хайуан, соншалық жиренішті, сұмырай жау болып келді. Өзінің ең үлкен өші, қасы біз едік. Сонымен белдесетін ұзақ, ауыр майданға Отанның қалың халқын бастап, халқының қадірлеп өсірген жиырма төрт жасар алыбын, Қызыл Армиясын бастап, кемеңгер дос, кемеңгер дана қолбасы жолдас Сталин өзі шықты. Сын биіктердің талайынан өтіп, асып келеді біздің жауынгер алып күш. Жау басына ажал соққысын жаныштай соғып мегдетіп барады біздің қол. Көп заманнан ардақтап ұстаған ұлы қасиет ерлеріміз сапарға түсті ме? Түсті, молынан түсті. Не көрдік? Барлық ұзақ майдан бойында, ұзақ айларда көп халықтардың талай миллион ұлдары көрсеткен жаппай ерлікті санап болу мүмкін емес. Миллиондардың ерлігін, мыңдардың геройлығын көрдік. Оның бәрі айқын, бір ерліктен бір ерлік күн санап өктей түсіп, аса серпіп жатқаны айқын, ол әлемге анық. Сондайлық бар Қызыл Армия геройлықтарын атаумен қатар, біз дәл осы Қазақстан халқының өзі аттандырған ұлдарының өздері көрсеткен алып қимылдардың кей-кейін ғана шолып өтейік. Не сырлы ерлік бар, танып көрейік. Жас шағынан бергі өмірін Қызыл Армия қатарындағы жауынгерлікке арнаған командир ерлер бар, олар: аты ардақты Панфилов, Семеченко сияқты генералдар. Ол, жауменен арыстандай айбарлы болып жұлқысып өлген ер капитан Манаенко. Ол, Хасан көлінде жапондармен жұлқысқан, бүгін Панфилов дивизиясында полк командирі болып, айлар бойы ерен ерлік көрсетіп келе жатқан Момышұлы Бауыржан. Бұлар Қызыл Армияның көптен тәрбиелеп өсірген қырандары болса, қазірде осы Отан соғысы үстінде шаруашылық, қоғамдық құрылыстардың әр алуан көп саласынан жаңада барып жарқ етіп бір-ақ көрінген талай ер ұлдар тағы бар. Кешегі әлемге атағы жайылған, нәсіл ұрпақ мәңгі ұмытпас ардақты 28 батыр сондай жандардың бірі. Олардың өзгеше өр көңілді басшысы политрук Клочков өзіміздің Алматының қаласынан барған, миллиондаған халық ұлдарының, көп қызметкерлердің бірі еді. Сол 28 ішінде, оқ құралы біткен шақта, екі қолын төсіне қойып, ажал жүзіне ажырая, жирене қарап, қатулана қарсы қадам басқан, от жүректі батыр ұл Қожабергенов көп колхозшының бірі еді. Үш танкімен жалғыз алысып, екеуін жайратып, "тірідей алмайсың мені" деп, "Отан үшін, Сталин үшін!" деп, азаматтық сананың, ерлік намыстың ең биік шыңына шығып өлген Тілеубаев солардай еді. Бір өзі 12 рет жау қамауында қалып, ұдайы жарып шығып отырған пулеметші комсомолец Үркімбаев Нұрғали да осы Отан соғысының үстінде ғана Қызыл Армияның тез өсіріп, жетілдіріп алған көп жасының бірі еді. Партия, совет қызметкерлерінің қатарынан барып, үздіксіз ұзақ алыстарда өрттей өрлеп, жас жанының өшпес от, таусылмас қажырын күн санап көркейте танытқан Жалмұхамед Бозжанов та Қызыл армия қатарына халық анасы жаңада аттандырған көп намыскер ұлдың бірі, адал, ардақты ұлдың бірі еді. Міне, осындай жаңа батырлықтың жаңа қасиетін әлемге танытып отырған бір Қазақстанның өзінен барған ұлдардың да сандары жүздер, мыңдар болды. Осылардай күні кеше оқытушы, ғылым қызметкері, жазушы болып, ел-жұртына өзге сан салаларда қызмет етіп келген азаматтар бүгін Қызыл Армия қатарына барып, елінің, қауымының асыл қасиетін апарып қосып отыр. Біздің армия халық армиясы дегеннің айғағы осы. Халықтың ең қадірлі, ең саналы ұлдарынан құралған және өзінің сол еліне, анасына қаншалық сүйікті, ыстық екенін білетін армия. Өйткені ол — миллиондаған геройлар бір анадан туғандай иық сүйескен бауырлар. Сондықтан да ол қаһарман жолымен өтетін жеңілмес армия. Өйткені оны ұлы Сталин басқарып отыр, ол кімді жоятынын, не үшін жоятынын анық білетін саналы, намыскер батыр. Өйткені ол – асыл елдің алып ұлы. Мұхтар Әуезов

Асыл елдің алып ұлы

Халық бойындағы қасиет өгей болғанда, кейде жер астында жатқан алтын-гауһар есепті. Алтын қазына жер бетіне шықпағанымен қазыналық қасиетін жоя ма? Тек қана қимылы жоқ қалғып тұрғандай боп, кезегін күтеді. Кезі жеткен сот күнінде жарқырай шығып, жалт етеді. Тебіреніп теңіз толқыса, тереңіне шөккен меруертін атпай ма жағаға. Тарих телегейі толқығанда да сол сияқты ел тамырындағы қасиет жамырай шығып, шарқ ұрады.

Дүниеге Октябрь туғанда, елдің қаны қайнай соғып еді. Ол соғуы қайратты, батырлықты, әділ ашуды, алып тілекті қаулата шығаратын соғу еді. Міне, халықтар жүрегінде қайнаған осындай зор қасиеттердің бір алуан жиын аты, алып аты – біздің Қызыл Армия ең алғаш майдан беттей шапқанда ұмытылмас бір сөз айтқан. Ол шақ жас Отан сыртқы шектермен, ішкі талай өлкелерде неше алуан жаумен жағаласып, шарпысып тұрған шақ еді. Жолдас Сталин айтқан "Алып жартастай" Отанның айналасында қас дүние қатуланып, көбік атып құтыра тулап тұрған-ды. Аттары көп, тектері бір көп жаулар жас алыпты жығам деп қаңқа майын аямай түйіліп тұрған. Сонда Ленин елдің сыны ерлік екенін танытып, "өлімді менсінбей, жирене қарауды жалпыға жаю керек те, жеңісті қамтамасыз ету шарт" деген. Осыны халық алыбы Қызыл Армияға сенің бойындағы жаңа қасиет осы болсын, сенің тұлғаңдағы басқаша туыс осы болсын деді. Барлық жауынгер буынға, келер ұрпаққа да өсиет етті. Өзі Қызыл Армияны сондай құрыш болат суымен суарды да, бас серігіне де серт қып берді. Сол ұранды сан сайыста, қан майданда жолдас Сталин жаңа адамның жаңғырған ұрпағына дәл сол жылдардың өзінде өзгеше мінез, ерекше қасиет етіп танытты. Өз басшылығымен, өз үлгісімен, өз тәрбиесімен жалпының жүрегіне орнатты, қанына сіңірді. Царицын, Петроград, Оңтүстік майдандарында Сталин жолдастың өз басшылығымен орындалған өзгеше өктем жеңістер, сол еңбек тәрбиенің нәтижелері еді.

Сол күндерден бастап, бүгін 24 жылдық тарихын кешіп өткен Қызыл Армияның ерекше қасиет қып тұтатын бір сыны, бір сыры бар. Онысы тұтас кендей тұтасқан ерлік. Көп жүрегін бірдей, бір жүрегін көптей өзгеше етіп тұратын біздің буындарға ғана тән ерлік. Ғасырлар бойы жарыққа шықпай келген, ер бойында толықсып кернеп, құшақтай шымырап келген қасиет – ерлік атты қасиет болатын.

Тарих – тарих болғалы ерлік жайында сөйлеген жандар көп-ақ, бірақ өзгенің, бұрынғының бәрі де бірдің басындағы ерлікті, бірдің атымен байланысты ер қимылды айтатын. Ленин мен Сталин жолдастардың ерлікке беретін өзгеше бағасы бірдің ғана ерлігі емес, өлмес халықтың өшпес оты, мол отты ерлік еді.

Осымен бірге шын ерліктің сырының өзі де басқаша болып ашылды. Бұрын ерлік білекпен танылатын сияқты еді, бүгін ерлік жүректен орын тепті. Осындай ерлік қана әрі саналы, әрі тапқыр, әрі қажымас, әрі өзі ерен сұлу сипат болып шоқтықтанады екен. Тегінде, жай бір болжап қарасаң, сол жаңағы арғы-бергіде халық қадірлеп келген ерліктің қанатын қырқа беретін бір сыбайласы бар, ол өлім қаупі еді ғой. Қай ерлік сол қауіпті елемей асып өтіп кетуге шыдаса, сол өзі қиынның қиынын да тегіс басып өтіп, қыран шықпас шыңға шығатын. Ер сынының ең биік, суық шоқысын алатын. Лениннің айтқаны осы ғой және осы бір де ғана емес, жалпы да болсын, біздің жауынгердің бәрі де әр сәтте өлімнен қорықпауға іштей қапысыз, қалетсіз әзір болса, оның ар жағы шексіз ерлік, сөзсіз жеңіс дегені болатын.

Адам бойына бітетін неше алуан жақсы қасиеттердің ішіндегі сұлуы мен асылының бірі ерлік қой. Жеке адамның қасиетін санағанда, ол сондайлық таразының бірі болса, тұтас бір халықты, елдікті алғанда ол тіпті даусыз бірден-бір ғана қасиет белгісі болады. Дүниеде, тарихтарда ер елден артық ел бар ма? Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма? Елін "ел екен!" дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма сірә да? Елдің намысын өз өмірінің ең зор әміршісі деп таныған Құрманғазы саналы қайрат, қайратты жігер күйлерін төгілтіп отырып:

Исатай мен Махамбет

Өлдім дей ме екен солар да? —

 

деп айтқан жоқ па? Елдің белін көтеретін ер ұл туған аталық пен аналық қандай бақытты! Ер серігі болған жар жарастық қандай сұлу! Қорлық өмірге көнгенше қадірлі өлім таңдармын дейтін жас жалын қандай биік мағыналы!

Міне, Октябрьмен бірге туған миллиондаған білегі бар, бір ғана зор жүрегі бар, халық батыры Қызыл Армия осындай ұлы идеал, үлкен сипат, сымбат иесі. Солай етіп өсірген, ұлғайтқан Ленин, Сталин партиясы. Солай етіп жылма-жыл, күнбе-күн аталық, даналық басшылығымен өркендетіп, өрден өрге бастырып, үдетіп келе жатқан ұлы көсеміміз Сталин жолдастың өз назары, өз қамқорлығы.

Міне, екінші Отан соғысына келгенде біздің барлық алып еліміз бен сол елдің бірнеше буыннан берік етіп өсіріп келе жатқан балғын бітім батыры осындай әзірлік алып, келсең келге дайын еді. Қолдағы құрал сай болуы бір сәрі, ерлікке бекінген жүрегімен, алысты мұрат етерлік зор сана мүддесімен, әсіресе, әзір еді. Сондайда кеп жау шықты. Жауынгерлік күн келді, бұл жау дүние — дүние болғалы, жау — жау болғалы ешбір майдан көрмеген, соншалық зұлым, хайуан, соншалық жиренішті, сұмырай жау болып келді. Өзінің ең үлкен өші, қасы біз едік.

Сонымен белдесетін ұзақ, ауыр майданға Отанның қалың халқын бастап, халқының қадірлеп өсірген жиырма төрт жасар алыбын, Қызыл Армиясын бастап, кемеңгер дос, кемеңгер дана қолбасы жолдас Сталин өзі шықты.

Сын биіктердің талайынан өтіп, асып келеді біздің жауынгер алып күш. Жау басына ажал соққысын жаныштай соғып мегдетіп барады біздің қол. Көп заманнан ардақтап ұстаған ұлы қасиет ерлеріміз сапарға түсті ме? Түсті, молынан түсті. Не көрдік?

Барлық ұзақ майдан бойында, ұзақ айларда көп халықтардың талай миллион ұлдары көрсеткен жаппай ерлікті санап болу мүмкін емес. Миллиондардың ерлігін, мыңдардың геройлығын көрдік. Оның бәрі айқын, бір ерліктен бір ерлік күн санап өктей түсіп, аса серпіп жатқаны айқын, ол әлемге анық. Сондайлық бар Қызыл Армия геройлықтарын атаумен қатар, біз дәл осы Қазақстан халқының өзі аттандырған ұлдарының өздері көрсеткен алып қимылдардың кей-кейін ғана шолып өтейік. Не сырлы ерлік бар, танып көрейік.

Жас шағынан бергі өмірін Қызыл Армия қатарындағы жауынгерлікке арнаған командир ерлер бар, олар: аты ардақты Панфилов, Семеченко сияқты генералдар. Ол, жауменен арыстандай айбарлы болып жұлқысып өлген ер капитан Манаенко. Ол, Хасан көлінде жапондармен жұлқысқан, бүгін Панфилов дивизиясында полк командирі болып, айлар бойы ерен ерлік көрсетіп келе жатқан Момышұлы Бауыржан.

Бұлар Қызыл Армияның көптен тәрбиелеп өсірген қырандары болса, қазірде осы Отан соғысы үстінде шаруашылық, қоғамдық құрылыстардың әр алуан көп саласынан жаңада барып жарқ етіп бір-ақ көрінген талай ер ұлдар тағы бар. Кешегі әлемге атағы жайылған, нәсіл ұрпақ мәңгі ұмытпас ардақты 28 батыр сондай жандардың бірі. Олардың өзгеше өр көңілді басшысы политрук Клочков өзіміздің Алматының қаласынан барған, миллиондаған халық ұлдарының, көп қызметкерлердің бірі еді. Сол 28 ішінде, оқ құралы біткен шақта, екі қолын төсіне қойып, ажал жүзіне ажырая, жирене қарап, қатулана қарсы қадам басқан, от жүректі батыр ұл Қожабергенов көп колхозшының бірі еді.

Үш танкімен жалғыз алысып, екеуін жайратып, "тірідей алмайсың мені" деп, "Отан үшін, Сталин үшін!" деп, азаматтық сананың, ерлік намыстың ең биік шыңына шығып өлген Тілеубаев солардай еді.

Бір өзі 12 рет жау қамауында қалып, ұдайы жарып шығып отырған пулеметші комсомолец Үркімбаев Нұрғали да осы Отан соғысының үстінде ғана Қызыл Армияның тез өсіріп, жетілдіріп алған көп жасының бірі еді.

Партия, совет қызметкерлерінің қатарынан барып, үздіксіз ұзақ алыстарда өрттей өрлеп, жас жанының өшпес от, таусылмас қажырын күн санап көркейте танытқан Жалмұхамед Бозжанов та Қызыл армия қатарына халық анасы жаңада аттандырған көп намыскер ұлдың бірі, адал, ардақты ұлдың бірі еді. Міне, осындай жаңа батырлықтың жаңа қасиетін әлемге танытып отырған бір Қазақстанның өзінен барған ұлдардың да сандары жүздер, мыңдар болды.

Осылардай күні кеше оқытушы, ғылым қызметкері, жазушы болып, ел-жұртына өзге сан салаларда қызмет етіп келген азаматтар бүгін Қызыл Армия қатарына барып, елінің, қауымының асыл қасиетін апарып қосып отыр. Біздің армия халық армиясы дегеннің айғағы осы. Халықтың ең қадірлі, ең саналы ұлдарынан құралған және өзінің сол еліне, анасына қаншалық сүйікті, ыстық екенін білетін армия. Өйткені ол — миллиондаған геройлар бір анадан туғандай иық сүйескен бауырлар. Сондықтан да ол қаһарман жолымен өтетін жеңілмес армия. Өйткені оны ұлы Сталин басқарып отыр, ол кімді жоятынын, не үшін жоятынын анық білетін саналы, намыскер батыр. Өйткені ол – асыл елдің алып ұлы.

Мұхтар Әуезов

Ұқсас материалдар