Қандастар Ассамблея

Мәскеу

05.12.2012 4801
Мәскеу – Ресей Федерациясының астанасы. Ресейдің еур. бөлігінің орт-нда, Москва өз-нің жағасында орналасқан. Жер аум. 1000 км2. Климаты қоңыржай континенттік. Орташа темп-ра қаңтарда –10,2С, шілдеде 18,1С; жылдық жауын-шашын мөлш. 600 мм-ге жуық. М. – дүние жүзіндегі ең ірі қ-лардың бірі. Халқы 8,6 млн (1998). М. – 13 – 14 ғ-ларда Владимир Суздаль өлы князьдіктерінің, 15 ғ-дың соңғы ширегінен 1712 жылға дейін бір орт-қа бағынған орыс мемлекетінің, 1918 ж. наурыздан – 1922 ж. желтоқсанға дейін РКФСР-дің, 1922 ж. желтоқсаннан – 1992 жылға дейін КСРО-ның астанасы болды. М. аумағындағы алғашқы қоныстар б.з.б. 2-мыңжылдықта пайда болды. 10 – 11 ғ-ларда мұнда шығыс славян тайпасы – вятичтер қалашығы орналасты. М. жөніндегі ең алғашқы дерек Ипатьев жылнамасында кездеседі. 1147 жылғы сәуірдегі жазбада князь Юрий Долгорукийдің Чернигов-Северск князі Святослав Ольговичті өз мекеніне, “Московқа” кеңес өткізу үшін шақырғаны баяндалады. Осы жыл (1147) М-ның іргесі қаланған мерзім болып есептеледі. М-ның өсуіне, жетекші рөл атқаруына оның тұрған жері (орыс халқының қалыптасуына ықпал еткен орт., сауда жолдарының торабы) себеп болды. 15 – 16 ғ-ларда М. саудамен, қолөнермен айналысатын ірі қалаға айналып. Біртіндеп бүкіл орыс жерінің мәдени орт. бола бастады. Кремль, Покров соборы (Василий Блаженный), т. б. салынды. М-да орыстың кітап басу өнері дами бастады. 1607 – 12 ж. поляк-литван интервенттері М-ны басып алды. Оларға қарсы К.Минин мен Д. Пожарский бастаған азаттық күрес орыс халқының жеңісімен аяқталды. Бірте-бірте М. бүкіл ресейлік нарықтық орт-қа айналып, Еуропа, Азия көпестерінің назарын аударды. 1678 ж. славян-грек-латын академиясы ашылды. М. тұрғындары И.Болотников бастаған шаруалар соғысына, 17 ғ-дағы көтерілістерге (1648 ж. “Тұз бүлігі”, 1662 ж – “Мыс бүлігі”, 1682 ж. “Хованщина”) белсене қатысты. 1712 ж. Петр І астананы Санкт-Петербургке көшіргеннен кейін де М. ірі экон. мәдени орт. болып қала берді, Ресейдің “екінші астанасының рөлін атқарды. М-да 1702 ж. Ресейлік тұңғыш театр, 1703 ж. газет (“Ведомости”), 1755 ж. ун-т ашылды. М. 19 ғ. мен 20 ғ-дың бас кезінде Ресейдегі рев. күрестің басты орт-тарының бірі болды. 1918 ж. 12 наурызда Кеңес үкіметінің астанасы Петроградтан М-ға көшірілді. М. кеңес экономикасының орт-на айналып, қала халқы жедел өсті. 1935 ж. 10 шілдеде Кеңес үкіметі М-ны көркейтудің бас жоспарын қабылдау жөнінде арнайы қаулы шығарды, сол жылы метро пайдалануға берілді. 1941 ж. М. түбінде неміс-фашист әскерлеріне алғаш күйрете соққы берілді. (қ. Москва шайқасы). 1945 ж. 24 маусымда М-дағы Қызыл алаңда жеңіс шеруі болып өтті. 1947 ж. М-ның 800 жылдық, 1997 ж. 850 жылдық мерейтойлары атап өтілді. М-дағы Кремльдің іргетасы 11 ғ-дан қалана бастап, дүниежүз. сәулет өнерінің қайталанбас ескерткішіне айналды. Кремльде 20 мұнара бар, олар негізінен 1485 – 1495 ж. салынды. Спасск мұнарасына 1625 ж. Кремль куранттары, 1937 ж. Спасск, Троицк, Никольск, Боровицк мұнараларына асыл минералдардан бесжұлдыздар орнатылды. М-дағы негізгі алаң – Қызыл алаң. Жылнамалардағы жазу бойынша Қызыл алаң 15 ғ-дың соңына қарай сауда алаңы ретінде пайда болған (16 ғ-да Троицк алаңы, ал 17 ғ-дан Қызыл алаң). Қызыл алаңда В.И. Лениннің мазары, Белгісіз жауынгердің зираты, Мәңгі алау орналасқан. М-да әр түрлі тарихи кезеңдерде тек Ресей мәдениеті ғана емес, дүниежүз. мәдениетке елеулі үлес қосқан әйгілі ақындар мен жазушылар, ғалымдар, суретшілер, сазгерлер, әртістер, т.б. өнер адамдары өмір сүріп, шығарм. қызметпен айналысты. 1980 ж. жазда М-да 22-Олимпиялық ойындар өтті. М. – көлік торабы әрі Еуропадағы аса ірі әуе жолдары тораптарының бірі. М-дан 11 бағытқа т. ж. тарайды, мұнда үлкен өзен порты орналасқан. Внуково, Домодедова, Быково, Шереметьево әуежайлары жұмыс істейді. 80-нен аса жоғ. оқу орындары мен 70-ке жуық түрлі мұражайлар бар. 19 – 20 ғ-ларда М. мен қазақ елі арасында кең көлемді мәдени, ғыл., экон. қарым-қатынастар орнады. Әр жылдары ұ.Мұратбаев, Т.Рысқұлов, М.Әуезов, т.б. қазақ халқының айтулы азаматтары М-да тұрып, жұмыс істеді. Қазақ өнері мен ғылымының көрнекті өкілдері М-да оқып, білім алды. 1936 ж. М-да қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі өткізілді. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында Қазақстанда М-дан көшіріліп әкелінген көптеген кәсіпорындар жұмыс істеді. М. ғалымдары мен өнер қайраткерлері (“Мосфильм” киностудиясының қызметкерлері) соғыс жылдары Алматыда тұрып, еңбектенді. 1942 ж. эвакуациямен келген “Мосфильм” мен “Ленфильм” киностудиялары Алматы көркемфильмдер киностудиясымен қосылып, 1944 жылға дейін біріккен Орт. киностудия (ЦОКС) деген атпен жұмыс істеді. С.Эйзенштейн, Ю.Я. Райзман, Г.Л. Рошаль, В.И. Пудовкин, Д.Вертов сынды кеңес кино өнерінің майталмандары қазақ шеберлерімен шығарм. бірлікте болды. М-дан көшіріліп келген ғыл. мекемелер мен акад. И.П. Вернадский, А.Обручев, А.И. Понкратова, А.Скочинский, т.б. ғалымдар соғыс жылдарында Қазақстанда жұмыс істеді. Қазіргі таңда қалада 8,5 мыңнан аса (1989) қазақтар тұрады. М-да Қазақстан елшілігі, М. қазақтарының ұлттық орт. жұмыс істейді. М. Астана және Алматы қ-ларымен экон., мәдени тығыз байланыстар орнатқан. Қаладағы жоғ. оқу орындарында көптеген қазақ жастары білім алуда. Әдеб.: Ильин М.А., Москва, М., 1970; Қазақстан тарихы, Все столицы мира, М., 2001. А., 1994. Е.Уәлиханов, Н.Әшіров  

Мәскеу – Ресей Федерациясының астанасы. Ресейдің еур. бөлігінің орт-нда, Москва өз-нің жағасында орналасқан. Жер аум. 1000 км2. Климаты қоңыржай континенттік. Орташа темп-ра қаңтарда –10,2С, шілдеде 18,1С; жылдық жауын-шашын мөлш. 600 мм-ге жуық. М. – дүние жүзіндегі ең ірі қ-лардың бірі. Халқы 8,6 млн (1998). М. – 13 – 14 ғ-ларда Владимир Суздаль өлы князьдіктерінің, 15 ғ-дың соңғы ширегінен 1712 жылға дейін бір орт-қа бағынған орыс мемлекетінің, 1918 ж. наурыздан – 1922 ж. желтоқсанға дейін РКФСР-дің, 1922 ж. желтоқсаннан – 1992 жылға дейін КСРО-ның астанасы болды. М. аумағындағы алғашқы қоныстар б.з.б. 2-мыңжылдықта пайда болды. 10 – 11 ғ-ларда мұнда шығыс славян тайпасы – вятичтер қалашығы орналасты. М. жөніндегі ең алғашқы дерек Ипатьев жылнамасында кездеседі. 1147 жылғы сәуірдегі жазбада князь Юрий Долгорукийдің Чернигов-Северск князі Святослав Ольговичті өз мекеніне, “Московқа” кеңес өткізу үшін шақырғаны баяндалады. Осы жыл (1147) М-ның іргесі қаланған мерзім болып есептеледі. М-ның өсуіне, жетекші рөл атқаруына оның тұрған жері (орыс халқының қалыптасуына ықпал еткен орт., сауда жолдарының торабы) себеп болды. 15 – 16 ғ-ларда М. саудамен, қолөнермен айналысатын ірі қалаға айналып. Біртіндеп бүкіл орыс жерінің мәдени орт. бола бастады. Кремль, Покров соборы (Василий Блаженный), т. б. салынды. М-да орыстың кітап басу өнері дами бастады. 1607 – 12 ж. поляк-литван интервенттері М-ны басып алды. Оларға қарсы К.Минин мен Д. Пожарский бастаған азаттық күрес орыс халқының жеңісімен аяқталды. Бірте-бірте М. бүкіл ресейлік нарықтық орт-қа айналып, Еуропа, Азия көпестерінің назарын аударды. 1678 ж. славян-грек-латын академиясы ашылды. М. тұрғындары И.Болотников бастаған шаруалар соғысына, 17 ғ-дағы көтерілістерге (1648 ж. “Тұз бүлігі”, 1662 ж – “Мыс бүлігі”, 1682 ж. “Хованщина”) белсене қатысты. 1712 ж. Петр І астананы Санкт-Петербургке көшіргеннен кейін де М. ірі экон. мәдени орт. болып қала берді, Ресейдің “екінші астанасының рөлін атқарды. М-да 1702 ж. Ресейлік тұңғыш театр, 1703 ж. газет (“Ведомости”), 1755 ж. ун-т ашылды. М. 19 ғ. мен 20 ғ-дың бас кезінде Ресейдегі рев. күрестің басты орт-тарының бірі болды. 1918 ж. 12 наурызда Кеңес үкіметінің астанасы Петроградтан М-ға көшірілді. М. кеңес экономикасының орт-на айналып, қала халқы жедел өсті. 1935 ж. 10 шілдеде Кеңес үкіметі М-ны көркейтудің бас жоспарын қабылдау жөнінде арнайы қаулы шығарды, сол жылы метро пайдалануға берілді. 1941 ж. М. түбінде неміс-фашист әскерлеріне алғаш күйрете соққы берілді. (қ. Москва шайқасы). 1945 ж. 24 маусымда М-дағы Қызыл алаңда жеңіс шеруі болып өтті. 1947 ж. М-ның 800 жылдық, 1997 ж. 850 жылдық мерейтойлары атап өтілді. М-дағы Кремльдің іргетасы 11 ғ-дан қалана бастап, дүниежүз. сәулет өнерінің қайталанбас ескерткішіне айналды. Кремльде 20 мұнара бар, олар негізінен 1485 – 1495 ж. салынды. Спасск мұнарасына 1625 ж. Кремль куранттары, 1937 ж. Спасск, Троицк, Никольск, Боровицк мұнараларына асыл минералдардан бесжұлдыздар орнатылды. М-дағы негізгі алаң – Қызыл алаң. Жылнамалардағы жазу бойынша Қызыл алаң 15 ғ-дың соңына қарай сауда алаңы ретінде пайда болған (16 ғ-да Троицк алаңы, ал 17 ғ-дан Қызыл алаң). Қызыл алаңда В.И. Лениннің мазары, Белгісіз жауынгердің зираты, Мәңгі алау орналасқан. М-да әр түрлі тарихи кезеңдерде тек Ресей мәдениеті ғана емес, дүниежүз. мәдениетке елеулі үлес қосқан әйгілі ақындар мен жазушылар, ғалымдар, суретшілер, сазгерлер, әртістер, т.б. өнер адамдары өмір сүріп, шығарм. қызметпен айналысты. 1980 ж. жазда М-да 22-Олимпиялық ойындар өтті. М. – көлік торабы әрі Еуропадағы аса ірі әуе жолдары тораптарының бірі. М-дан 11 бағытқа т. ж. тарайды, мұнда үлкен өзен порты орналасқан. Внуково, Домодедова, Быково, Шереметьево әуежайлары жұмыс істейді. 80-нен аса жоғ. оқу орындары мен 70-ке жуық түрлі мұражайлар бар. 19 – 20 ғ-ларда М. мен қазақ елі арасында кең көлемді мәдени, ғыл., экон. қарым-қатынастар орнады. Әр жылдары ұ.Мұратбаев, Т.Рысқұлов, М.Әуезов, т.б. қазақ халқының айтулы азаматтары М-да тұрып, жұмыс істеді. Қазақ өнері мен ғылымының көрнекті өкілдері М-да оқып, білім алды. 1936 ж. М-да қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі өткізілді. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында Қазақстанда М-дан көшіріліп әкелінген көптеген кәсіпорындар жұмыс істеді. М. ғалымдары мен өнер қайраткерлері (“Мосфильм” киностудиясының қызметкерлері) соғыс жылдары Алматыда тұрып, еңбектенді. 1942 ж. эвакуациямен келген “Мосфильм” мен “Ленфильм” киностудиялары Алматы көркемфильмдер киностудиясымен қосылып, 1944 жылға дейін біріккен Орт. киностудия (ЦОКС) деген атпен жұмыс істеді. С.Эйзенштейн, Ю.Я. Райзман, Г.Л. Рошаль, В.И. Пудовкин, Д.Вертов сынды кеңес кино өнерінің майталмандары қазақ шеберлерімен шығарм. бірлікте болды. М-дан көшіріліп келген ғыл. мекемелер мен акад. И.П. Вернадский, А.Обручев, А.И. Понкратова, А.Скочинский, т.б. ғалымдар соғыс жылдарында Қазақстанда жұмыс істеді. Қазіргі таңда қалада 8,5 мыңнан аса (1989) қазақтар тұрады. М-да Қазақстан елшілігі, М. қазақтарының ұлттық орт. жұмыс істейді. М. Астана және Алматы қ-ларымен экон., мәдени тығыз байланыстар орнатқан. Қаладағы жоғ. оқу орындарында көптеген қазақ жастары білім алуда.

Әдеб.: Ильин М.А., Москва, М., 1970; Қазақстан тарихы, Все столицы мира, М., 2001. А., 1994.

Е.Уәлиханов, Н.Әшіров

 

Ұқсас материалдар