Қандастар Ассамблея

Арқалануды қалдыру керек

05.12.2012 1938
Арқалануды қалдыру керек Газетымыздың осы санында жазылып отырған «200 түйе құн» деген сөзде жазушы көбінесе құн алушылардың хакімдік басында жүрген азаматтарды арқалануын көрсетеді. Өзінің көп сөзінде құн алушыларды көпшіктен, өзі жалтақтаған мінезін көрсетеді. Бұл біреуді арқалану, басқалардың атымен пайдалану деген сөз қазақ елінде арылмай келе жатқан аурудың бірі: бір жұмыс істелсе, біреу тұтқынға алынса, біреу орнынан түссе,біреу орынға мінсе, яки өнер тапса сыртқы қазақ ол жұмыстың бәрін екінші біреуден деп біледі, өзінше, ылғи теріс мағына беріп, жориды. Бұл жазуды ылғи түпсіз қиял деп айтуға болмағанмен де, көбі құрғақ ой екендігіне шүбә  жоқ. Бұл бұрынғы надандық жемісі, ру, ата, жерлестіктің қазақ елінде өте күшті болғандығынан қалған жаман мұра. Ілігері құба қалмақ заманда қазақтың күшті табы нашар тапты  шауып алып, құлданып, күңденіп жүрді. Русияға қарағаннан кейін де бұл нашар әдет қалмады: екі дуан елдің дауын бітіретін төтенше бас қосу да (ширезушайный съез) һәр елдің «әділ» деген билері өз елінің дауын даулап, арам болса да жатқа сөз бермеуді ойлайтын, руға бөлініп, көпшілікпен бүктеп, нашар рудың ақысын ылғи ғана сіңіріп отыратын. Miне, сол уақыттан бері келе жатқан осы тарихы жаман әдет осы күнде де өзінің қара ноқтасын қазақтың жүрегінде сақтап отыр; бұған мысал етіп осы жазылып отырған Сыбанұлының сөзін көрсетейін; Сыбанұлы барлық жазған сөзінде құн даулаушылардың руының күшті екенін, олардың сырттан айтқан, қара буралаған сөзін ғана көрсетеді. Бұл сөз үкімет басындағы кісілердің алдына түсіп, олар ана күшті руды жақтады деген сөзді айтпайды. Іс солай болса, бұл Сыбанұлының жазып отырғанын ескі нашар әдеттің ізі ғана деп түсінуге болады, Шыңғыс елінде аухалби, аухалтырге һәм басқа да үкімет кісілері тұрғанын біз білеміз. Солардың қайсысына барып Сыбанның сөзі далада қалды екен? Әрине, оған Сыбанұлы жауап бере алмайды. Бұл жұмыс турасында қырдағы жоғарғы көрсетілген үкімет кісілері өз туыстарынан шарасын істемей отырған жоқ. Семейдегі губхалбикеңді де хабарландырмай отырған жоқ. Губхалбикеңнен алған мағлұматымызға қарағанда бұл жұмысты түбірлеп тексертуге барлық шарасы істелген көрінеді. Жәбір көріп отырған Сыбанұлы осы газетке жазған хабарынан басқа һеш бір орынға білдірмей, құн сұраушыларға мойынсұнып қарап отырғанын өзі айтып отыр. Ал енді бұл жұмысқа кім айыпты? Әрине, зорлықшылар айыпты, сонымен бірге құрғақ зорлық, өзімшіл билікке бас иіп, мойынсұнып отырған Сыбан айыпты. Сыбан қырдағы дайын тұрған үкімет кеңселеріне шауып барып, неге көмек сұрап алмайды? Осыны істеп, күн іздеп жүрген Турағұлды Сыбанұлы әлденелік мағына беріп, дәріс оқыған азаматтардың ретіне қосып көрсетеді (кекеп айтса да). Онысы тіпті үлкен қате. Тұрағұл кім? — Ол әншейін қатарлы қыр қазағы, оның ісін басқа қазақтардан айырып қарауға болмайды. Марқұм Абай ақынның қасиетін Тұрағұл мен Мекайылдың айналасынан іздеген үлкен адасқандық. Құнанбай ұлдарының осы істеген қылмыстарын құн, яки барымта деп айтуға болмайды. Құн болса, кісіні өлтірген елден, ауылдан сұралады (Уголовный кодекс 228-ші статья). Барымта болса, ақысына жету үшін алынады (Уголовный кодекс, 229-шы статья). Бұл жұмыс ол екеуінің біріне де келмейді; өлген кісі кімнің оғынан өлді, әлде үш рудың кісісі қатар атты ма, өлтіруде анық кім айыпты? Ол жағы әлі көмескі жатыр. Соған қарағанда бұл жұмысты сылтаумен мал табу үшін жасалған қол қимыл деп түсінуге болады (Уголовный кодекс, 182—186 статьялар). Сыбанның бұл мақаласы газетке жазылып отырылғандығы мақсұт қылмыс істеушілерді ел алдына салып масқаралау, жазасын ауырлату емес, ондай мақсұт бұл сияқты кісілердің қылмысын жариялаумен орындалмайды. Қатарлы ел азаматы болған, ел алдында жауапты саналатын кісілердің қылмысы ғана жоғарғы мақсұтпен газетаға жазылады. Бұл мақаланы жазудағы басқарманың мақсұты, қазақтың ескі әдетпен адасқан ойда жүргенін көрсету. Бұдан былай: сондай ойдың қалуына шара іздеу, арқаланып, сырттан малдануды кұрту; Абыралының хабарында да осы мақсұтты көз алдында ұстаған басқарма Майқы мен Бошанға бөлінген Қарқаралы уезінің азаматтарына да ескерту салып өтті (74-ші сан, «Қазақ тілі», 19 сентябрь 22-ші жыл). Әлі де болса басқарманың айтатыны: іс басындағы азамат та өте сақ болып, әділет тізгінінен айырылмау керек, арқаланып қылмыс істеушілерге арқа болған азаматтың өзі көз болып, қуғын салу керек, деген сөз болады. Кейбір шолақ ақылды, аз оқулы іс басына мінген азамат сымақтың ескі әдетті қолдануы сезілсе алдын ала тиым салып, тиісті жазасын тарттыру керек. Сол уақытта ғана арқалану, сырттан малдану өсегі қалады деп білеміз. Мұхтар Әуезов

Арқалануды қалдыру керек

Газетымыздың осы санында жазылып отырған «200 түйе құн» деген сөзде жазушы көбінесе құн алушылардың хакімдік басында жүрген азаматтарды арқалануын көрсетеді. Өзінің көп сөзінде құн алушыларды көпшіктен, өзі жалтақтаған мінезін көрсетеді. Бұл біреуді арқалану, басқалардың атымен пайдалану деген сөз қазақ елінде арылмай келе жатқан аурудың бірі: бір жұмыс істелсе, біреу тұтқынға алынса, біреу орнынан түссе,біреу орынға мінсе, яки өнер тапса сыртқы қазақ ол жұмыстың бәрін екінші біреуден деп біледі, өзінше, ылғи теріс мағына беріп, жориды.

Бұл жазуды ылғи түпсіз қиял деп айтуға болмағанмен де, көбі құрғақ ой екендігіне шүбә  жоқ. Бұл бұрынғы надандық жемісі, ру, ата, жерлестіктің қазақ елінде өте күшті болғандығынан қалған жаман мұра. Ілігері құба қалмақ заманда қазақтың күшті табы нашар тапты  шауып алып, құлданып, күңденіп жүрді. Русияға қарағаннан кейін де бұл нашар әдет қалмады: екі дуан елдің дауын бітіретін төтенше бас қосу да (ширезушайный съез) һәр елдің «әділ» деген билері өз елінің дауын даулап, арам болса да жатқа сөз бермеуді ойлайтын, руға бөлініп, көпшілікпен бүктеп, нашар рудың ақысын ылғи ғана сіңіріп отыратын.

Miне, сол уақыттан бері келе жатқан осы тарихы жаман әдет осы күнде де өзінің қара ноқтасын қазақтың жүрегінде сақтап отыр; бұған мысал етіп осы жазылып отырған Сыбанұлының сөзін көрсетейін; Сыбанұлы барлық жазған сөзінде құн даулаушылардың руының күшті екенін, олардың сырттан айтқан, қара буралаған сөзін ғана көрсетеді. Бұл сөз үкімет басындағы кісілердің алдына түсіп, олар ана күшті руды жақтады деген сөзді айтпайды. Іс солай болса, бұл Сыбанұлының жазып отырғанын ескі нашар әдеттің ізі ғана деп түсінуге болады, Шыңғыс елінде аухалби, аухалтырге һәм басқа да үкімет кісілері тұрғанын біз білеміз. Солардың қайсысына барып Сыбанның сөзі далада қалды екен? Әрине, оған Сыбанұлы жауап бере алмайды. Бұл жұмыс турасында қырдағы жоғарғы көрсетілген үкімет кісілері өз туыстарынан шарасын істемей отырған жоқ. Семейдегі губхалбикеңді де хабарландырмай отырған жоқ. Губхалбикеңнен алған мағлұматымызға қарағанда бұл жұмысты түбірлеп тексертуге барлық шарасы істелген көрінеді. Жәбір көріп отырған Сыбанұлы осы газетке жазған хабарынан басқа һеш бір орынға білдірмей, құн сұраушыларға мойынсұнып қарап отырғанын өзі айтып отыр. Ал енді бұл жұмысқа кім айыпты?

Әрине, зорлықшылар айыпты, сонымен бірге құрғақ зорлық, өзімшіл билікке бас иіп, мойынсұнып отырған Сыбан айыпты. Сыбан қырдағы дайын тұрған үкімет кеңселеріне шауып барып, неге көмек сұрап алмайды?

Осыны істеп, күн іздеп жүрген Турағұлды Сыбанұлы әлденелік мағына беріп, дәріс оқыған азаматтардың ретіне қосып көрсетеді (кекеп айтса да). Онысы тіпті үлкен қате. Тұрағұл кім? — Ол әншейін қатарлы қыр қазағы, оның ісін басқа қазақтардан айырып қарауға болмайды. Марқұм Абай ақынның қасиетін Тұрағұл мен Мекайылдың айналасынан іздеген үлкен адасқандық. Құнанбай ұлдарының осы істеген қылмыстарын құн, яки барымта деп айтуға болмайды. Құн болса, кісіні өлтірген елден, ауылдан сұралады (Уголовный кодекс 228-ші статья). Барымта болса, ақысына жету үшін алынады (Уголовный кодекс, 229-шы статья). Бұл жұмыс ол екеуінің біріне де келмейді; өлген кісі кімнің оғынан өлді, әлде үш рудың кісісі қатар атты ма, өлтіруде анық кім айыпты? Ол жағы әлі көмескі жатыр. Соған қарағанда бұл жұмысты сылтаумен мал табу үшін жасалған қол қимыл деп түсінуге болады (Уголовный кодекс, 182—186 статьялар). Сыбанның бұл мақаласы газетке жазылып отырылғандығы мақсұт қылмыс істеушілерді ел алдына салып масқаралау, жазасын ауырлату емес, ондай мақсұт бұл сияқты кісілердің қылмысын жариялаумен орындалмайды. Қатарлы ел азаматы болған, ел алдында жауапты саналатын кісілердің қылмысы ғана жоғарғы мақсұтпен газетаға жазылады. Бұл мақаланы жазудағы басқарманың мақсұты, қазақтың ескі әдетпен адасқан ойда жүргенін көрсету. Бұдан былай: сондай ойдың қалуына шара іздеу, арқаланып, сырттан малдануды кұрту; Абыралының хабарында да осы мақсұтты көз алдында ұстаған басқарма Майқы мен Бошанға бөлінген Қарқаралы уезінің азаматтарына да ескерту салып өтті (74-ші сан, «Қазақ тілі», 19 сентябрь 22-ші жыл).

Әлі де болса басқарманың айтатыны: іс басындағы азамат та өте сақ болып, әділет тізгінінен айырылмау керек, арқаланып қылмыс істеушілерге арқа болған азаматтың өзі көз болып, қуғын салу керек, деген сөз болады. Кейбір шолақ ақылды, аз оқулы іс басына мінген азамат сымақтың ескі әдетті қолдануы сезілсе алдын ала тиым салып, тиісті жазасын тарттыру керек. Сол уақытта ғана арқалану, сырттан малдану өсегі қалады деп білеміз.

Мұхтар Әуезов

Ұқсас материалдар