Қандастар Ассамблея

Кеңестік Қазақстан тарихының Батыс тарихнамасынан көрініс табуы

04.12.2012 5925
Кеңестік Қазақстан тарихының Батыс тарихнамасынан көрініс табуы Қазақстанның осы заманғы тарихнамасынан кеңестік ұлт саясатының теориясы мен практикасы жайлы еңбектерді, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, этнографиясы мен мәдениеті жөніндегі зерттеулерді, оның ішінде докторлық диссертацияларды, сондай-ақ аймақтағы оқиғаларды көзімен көрген шетелдіктердің күнделіктері мен естеліктерін көруге болады. Шетелдік тарихнаманың маңызды бөліктері ретінде қазақ авторлары зерттеулерінің методологиясы мен әдіс-амалдарына сыни талдаулар жасауға арналған жарияланымдарды, бұрынғы Ресей империясындағы түркі тілдес халықтардың азаттық күресі көсемдері Ә. Бокейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай, А. Заки Валиди Тоған, Т. Рысқұлов және басқалардың еңбектері мен жеке мұрағаттарына, сондай-ақ саяси партиялардың бағдарламаларының, үндеулері мен шешімдерінің мәтініне берілген кең көлемді ғылыми түсініктеме мен сипаттамасы бар анықтамалық библиографиялық басылымдарды атап айтқан жөн. Бұларға Ресейдегі мұсылман халықтардың бірінші және екінші Бүкілресейлік съезінің (мамыр және шілде, 1917 жыл), Мұсылмандық әскери съезінің, Кіші бұхарлықтар партиясының, Мусават партиясының (Әзірбайжан), Федералистердің түркілік партиясының, Милли-Фирка партиясының (Қырым), «Ерік» партиясының (Түркістан), «Алаш» партиясының (Қазақстан) бағдарламалық құжаттарын жатқызуға болады. XX ғасырдың 90-жылдарының басына дейін, Қазан төңкерісінің Ресей империясының орыс емес халықтарының тарихи тағдырындағы рөлі мен орнын бағамдаумен, жергілікті мұсылман қауымының өздеріне сырттай танылған әлеуметтік-саяси және экономикалық институттар мен құндылық бағдарларына қарым-қатынасымен, XX ғасырдың 20—30-жылдарындағы қазақ қоғамы көшбасшыларының тағдырына байланысты проблемаларды зерттеу батыс тарихнамасының дәстүрлі бағыты болды. Ұлттық шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да Кеңес өкіметінің орнау тақырыбындағы шетелдік тарихнама АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа мемлекеттердің мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған сан алуан материалдардан, XX ғасырдың 20-жылдарындағы Ресейде болған оқиғаларға қатысты әр түрлі көзқарастар алуандығы көрініс тапқан мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің сөздерінен өз бастауын алады. Ол жылдар жарияланымдарының елеулі бөлігі баяндаушылық, сезімдік-тәжірибелік сипатта еді, бірақ дегенмен де олардың ішінен проблеманың тарихнамалық тұғырнамасын қалыптастыруда белгілі бір рөл атқарған жекелеген сәттер мен бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Бұл айтылғандар бірінші кезекте америкалық публицист Уильям Чемберлиннің «Орыс революциясы» (2 томдық), «Кеңестік Ресей», «Ресейдің темір ғасыры» жұмыстарына қатысты, бұл еңбектер деректерді кең көлемде пайдалануымен, халық бұқарасының төңкеріске қатысуы тақырыбына дең қоюымен ерекшеленеді. 1917 жылдың ақпанынан қазан айына дейінгі кезеңдегі Ресейдегі оқиғаларға талдау жасай келе, ол патшалық тәртіпті де, ақпаннан кейінгі режимді де біржолата күйретуге жеткізген қуатты төрт қозғалысты алғаш рет атап көрсетеді: бұлар — армиядағы аса зор сапырылыс; шаруалардың жер алуға құлшынысы; жұмысшылардың жалақыны көбейту және жұмыс күнін қысқарту, өндіріске бақылау орнату жолындағы күресі; орыс емес ұлттардың автономия алуға ұмтылысы. Чемберлин, 20—30-жылдар оқиғасының куәгері ретінде, мәселенің елеулі жағын атап өтеді: егер кеңес тарихшылары «шетелдік интернационалистер» деп атаған австрия-венгерлік және басқа да соғыс тұтқындарының шешуші рөлі болмағанда, Кеңес өкіметін Орта Азия мен Қазақстанда орнату және нығайту, басмашылықты талқандау мүмкін болмас еді деген түжырым жасайды; ол Қазан төңкерісінен кейінгі алғашкы екі онжылдыктағы пролетариаттың «азаттық әперушілік міндеті», аймактағы саяси күштерді қайта орналастырудың таптық сипаты туралы мәлімдемелерді теріске шығарды. Сонымен бірге француз тарихшысы Ж. Кастаньеден [. кейін іле-шала, Чемберлин, ұлттық аймақтардағы Кеңес өкіметінің антидемократиялық табиғаты мен мәні, 1917-1920 жылдарда Ресейде болған революциялық үрдістің шынайы болмысы туралы тезистерін негіздей алды. XX ғасырдың 50-жылдары КСРО-ның саяси құрылысын тоталитарлық деп бағалаған тұжырымды тұғырнама етіп алған тарихшылар алдыңғы лекке шықты. Бұл тұғырнама Орта Азия республикалары мен Қазақстанды да қамтып, кешенді түрде зерттейтін кеңестану үрдісімен жалғасты. Осы аймақтық зерттеудің шеңберінде және тоталитарлық теория тұрғысында жазылған Р. Смаль-Стоцкийдің «Кеңес Одағының ұлттық проблемасы және орыс коммунистік империализмі» (1952), В. Коларцтің «Ресей және оның отарлары» (1953), О. Кэроудің «Кеңестік империя: Орта Азия түріктері және сталинизм» (1953), Р. Пайпстың «Кеңес Одағының құрылуы: коммунизм және ұлтшылдық» (1954), А. Парктің «Түркістандағы большевизм 1917—1927» (1957), Ч. Хостлердің «Түрікшілдік және Кеңестер: түркі халықтары және оның саясиарман-мүдделері» (1957), В. Монтейдің «Кеңес мұсылмандары» (1957), С. Зеньковскийдің «Пантюркизм және Ресейдегі ислам» (1960), Дж. Уилердің «Кеңестік Орта Азияның осы заманғы тарихы» (1964), «Кеңестік Орта Азия халықтары» (1966) еңбектері және басқа жарияланымдар жарық көрді. Бұл жұмыстар авторларының проблема тарихнамасына қосқан ғылыми үлесі патриархалды-феодалдық қарым қатынастар үстемдік еткен өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси артта қалушылығы секілді фактілер мен құбылыстарға сүйеніп, «пролетарлық отаршылдық» тұғырнамасын жан-жақты талдап зерттеуінде болды. Осыған байланысты А. Парк, С. Зеньковский, Дж. Уилер қазақтардың пролетарлық төнкеріс идеяларын қабылдауға деген саяси құлықсыздығы мен дайын еместігіне баса назар аударды. «Орыс революциясы» деп аталатын өзінің жаңа жұмысында Пайпс, тоталитарлық үлгінің табанды жақтаушыларының бірі ретінде, орыс ұлттық дәстүрінің және орыс саяси мәдениетінің тұрақтылығына байланысты, мұсылман халықтарына қатысты орыс отаршылдық саясатының өзгермейтіндігі жөніндегі тезисін берік ұстанады. Сонымен, «пролетарлық отаршылдық» тұғырнамасы авторларының негізгі тұжырымдары тұтастай алғанда мына төмендегілерге келіп саяды: а) төнкерісті өзін Ресей империясының барлық ұлттарына танған орыс большевиктерінің партиясы жасады; ә) орыс жұмысшылары, украин шаруалары, өзбек мақташылары және қазақ малшылары арасында ешқандай келісім немесе одақ болған жоқ және болуы да мүмкін емес, өйткені бүкіл ресейлік үш төңкеріс бойына олар өзгеше мақсаттар көздеді; б) әлеуметтік негіздің болмауына қарамастан, большевиктер, Арменияда дашнақтар, Әзірбайжанда мусаватшылар, Түркістанда Шура-ислам және Қазақстанда Алашорда деп аталған оппозициялық саяси күштерді жаппай қырып жою арқылы жеңіске жетті; в) пролетариаттың мұсылман халықтары шаруаларының ұлт-азаттық күресіне «жетекшілігі» қарапайым формуламен жүзеге асты, өйткені орта азиялық халықтардың өзінің жеке пролетариаты болған жоқ; г) «пролетарлық төңкеріс» деп аталатында және Азамат соғысы кезеңдерінде қазақтар және басқа мұсылман халықтары бейғам сырттай бақылап қана отырды, өйткені олар Қазан төңкерісінің мақсатын да, міндетін де, оның «тарихи мәнін» де түсінген жоқ; д) өлкедегі төңкерістің әлеуметтік негізі ішкі отаршылдық элементтер, қызметкерлер, бұрынғы әскери тұтқындар болды. Ал олар үшін жергілікті тұрғындардың ұлттық мүдделері мүлде жат еді. Кейінгі жылдары Э. Олуорд, А. Беннигсен, Э. Уимбуш, Т. Хэммонд, X. Сетон-Уотсон, Э. Каррер д'Анкос, Г. Симон, Д. Гейер, А. Каппелер және басқалардың еңбектерінде жекелеген аспектілердің (революциядағы жалпы мен ерекшенің, интернационалдық пен ұлттықтың, әлеуметтік пен этникалықтың) терең зерттелуі есебінен, «пролетарлық отаршылдық» тұғырнамасы жаңа дәлелдермен толықтырылды.  Бірқатар тарихшылардың XX ғасырдың 60-70-жылдар шеңберінде, ең алдымен, француздың «Анналдар» мектебінен бастау алатын, жанғырудың неғұрлым әсерлі тарихи-әлеуметтік тұғырнамасын, сондай-ақ әлеуметтік дамудың өзге де теорияларын қабылдауымен, Қазақстан тарихын қатысты шетелдік зерттеулердің тақырыптық және географиялық шеңбері айтарлықтай кеңейді. Мәселен, «тарихи жаңа мектептің» өкілдері Дж. Кип, P. Петибридж, P. Суни, М. Ферро, Р. Пирс, Ц. Хасегава, Д. Рэлей, Д. Гейер өз еңбектерінде тарихи үрдістің неғұрлым терең тамырлы себептеріне (әлеуметтік, саяси, кәсіби, этникалық және басқа факторларға) баса назар аударды.  Алайда, проблемаға жаңа тұғырнамалық тұрғыдан қарау ұлттық аймақтардағы, соның қатарында Қазақстандағы Қазан төңкерісінің әлеуметтік табиғаты жөнінде шетелдік авторлар берген бағаға мәнді түзетулер енгізген жоқ, мұны соңғы кездегі іргелі зерттеулердің бірі — Колгейт университетінің (АҚШ) профессоры М.Б. Олкоттың «Қазақтар» [8]. еңбегінен байқауға болады. Ол өлкені қансыратқан Азамат соғысы барысында, орыс большевиктерінің жеңісі туралы жаңалықты қуана қарсы алған қазақтардың жаппай құлшынысы туралы дәстүрлі тарихнаманың ресми мәлімдемесімен үзілді-кесілді келіспеушілік білдіреді. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне Түркістан мен Дала өлкесі жергілікті тұрғындарының қарым-қатынасы туралы мәселе бойынша жоғарыдағыға ұқсас көзқарас, сондай-ақ 1986 жылы «Орта Азияны зерттеу қоғамы» журналында басылған «Мұстафа Шоқайұлы» (Шоқаев) мақаласында және осы ғылыми орталық 1985 жылы басып шығарған «Қазақтардың 1917 жылға дейінгі орыстар туралы пікірі» және «Төңкеріс мұсылман большевиктердің көзімен» деп аталатын жұмыстарда дәйектелген. «Большевиктік төңкеріс, - деп жазады Уоррен Уолш (АКШ), - 1921 жылғадейін созылған тырысқақ ауруына ұксайды. Ал салтанатты түрде «Азамат соғысы» деп жүргендері — төңкерістің жалғасы ғана болатын».  Шетелдік авторлардың Ресейдегі Азамат соғысын «Қазан бүлігінің» бұл тартпас салдары деп қарауы (Р. Даниэльс, М.К. Дзевановский, Д. Футмэн, Ш. Фитцпатрик және басқалар) [11]. 1918-1920 жылдары Қазақстанда болған оқиғаларды бағалауда негізгі методологиялық кілт қызметін атқарды. Петроградтағы Қысқы сарайға шабуылдан басталған саяси дауыл алыстағы кен-байтақ далада тарыдай шашылып жатқан қазақтардың көпшілігі үшін бар болғаны орыстардың біреулерінің екіншілеріне қарсы соғысы ғана, түсініксіз, жұмбақ соғыс болатын. Проблеманын осы заманғы шетелдік тарихнамалық тұғырнамасының негізгі құрамды бөліктері француз дипломаты әрі тарихшы, 1917-1918 жылдары Ташкентте болған оқиғалардың куәгері Жозеф Кастаньенің еңбектерінде кездеседі. Француз ғалымы көзқарастарының қалыптасуына 20-30-жылдары Парижде эмиграцияда болған М. Шоқай зор ықпал етті  

Кеңестік Қазақстан тарихының Батыс тарихнамасынан көрініс табуы Қазақстанның осы заманғы тарихнамасынан кеңестік ұлт саясатының теориясы мен практикасы жайлы еңбектерді, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, этнографиясы мен мәдениеті жөніндегі зерттеулерді, оның ішінде докторлық диссертацияларды, сондай-ақ аймақтағы оқиғаларды көзімен көрген шетелдіктердің күнделіктері мен естеліктерін көруге болады. Шетелдік тарихнаманың маңызды бөліктері ретінде қазақ авторлары зерттеулерінің методологиясы мен әдіс-амалдарына сыни талдаулар жасауға арналған жарияланымдарды, бұрынғы Ресей империясындағы түркі тілдес халықтардың азаттық күресі көсемдері Ә. Бокейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай, А. Заки Валиди Тоған, Т. Рысқұлов және басқалардың еңбектері мен жеке мұрағаттарына, сондай-ақ саяси партиялардың бағдарламаларының, үндеулері мен шешімдерінің мәтініне берілген кең көлемді ғылыми түсініктеме мен сипаттамасы бар анықтамалық библиографиялық басылымдарды атап айтқан жөн. Бұларға Ресейдегі мұсылман халықтардың бірінші және екінші Бүкілресейлік съезінің (мамыр және шілде, 1917 жыл), Мұсылмандық әскери съезінің, Кіші бұхарлықтар партиясының, Мусават партиясының (Әзірбайжан), Федералистердің түркілік партиясының, Милли-Фирка партиясының (Қырым), «Ерік» партиясының (Түркістан), «Алаш» партиясының (Қазақстан) бағдарламалық құжаттарын жатқызуға болады.

XX ғасырдың 90-жылдарының басына дейін, Қазан төңкерісінің Ресей империясының орыс емес халықтарының тарихи тағдырындағы рөлі мен орнын бағамдаумен, жергілікті мұсылман қауымының өздеріне сырттай танылған әлеуметтік-саяси және экономикалық институттар мен құндылық бағдарларына қарым-қатынасымен, XX ғасырдың 20—30-жылдарындағы қазақ қоғамы көшбасшыларының тағдырына байланысты проблемаларды зерттеу батыс тарихнамасының дәстүрлі бағыты болды.
Ұлттық шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да Кеңес өкіметінің орнау тақырыбындағы шетелдік тарихнама АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа мемлекеттердің мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған сан алуан материалдардан, XX ғасырдың 20-жылдарындағы Ресейде болған оқиғаларға қатысты әр түрлі көзқарастар алуандығы көрініс тапқан мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің сөздерінен өз бастауын алады.
Ол жылдар жарияланымдарының елеулі бөлігі баяндаушылық, сезімдік-тәжірибелік сипатта еді, бірақ дегенмен де олардың ішінен проблеманың тарихнамалық тұғырнамасын қалыптастыруда белгілі бір рөл атқарған жекелеген сәттер мен бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Бұл айтылғандар бірінші кезекте америкалық публицист Уильям Чемберлиннің «Орыс революциясы» (2 томдық), «Кеңестік Ресей», «Ресейдің темір ғасыры» жұмыстарына қатысты, бұл еңбектер деректерді кең көлемде пайдалануымен, халық бұқарасының төңкеріске қатысуы тақырыбына дең қоюымен ерекшеленеді. 1917 жылдың ақпанынан қазан айына дейінгі кезеңдегі Ресейдегі оқиғаларға талдау жасай келе, ол патшалық тәртіпті де, ақпаннан кейінгі режимді де біржолата күйретуге жеткізген қуатты төрт қозғалысты алғаш рет атап көрсетеді: бұлар — армиядағы аса зор сапырылыс; шаруалардың жер алуға құлшынысы; жұмысшылардың жалақыны көбейту және жұмыс күнін қысқарту, өндіріске бақылау орнату жолындағы күресі; орыс емес ұлттардың автономия алуға ұмтылысы. Чемберлин, 20—30-жылдар оқиғасының куәгері ретінде, мәселенің елеулі жағын атап өтеді: егер кеңес тарихшылары «шетелдік интернационалистер» деп атаған австрия-венгерлік және басқа да соғыс тұтқындарының шешуші рөлі болмағанда, Кеңес өкіметін Орта Азия мен Қазақстанда орнату және нығайту, басмашылықты талқандау мүмкін болмас еді деген түжырым жасайды; ол Қазан төңкерісінен кейінгі алғашкы екі онжылдыктағы пролетариаттың «азаттық әперушілік міндеті», аймактағы саяси күштерді қайта орналастырудың таптық сипаты туралы мәлімдемелерді теріске шығарды. Сонымен бірге француз тарихшысы Ж. Кастаньеден [. кейін іле-шала, Чемберлин, ұлттық аймақтардағы Кеңес өкіметінің антидемократиялық табиғаты мен мәні, 1917-1920 жылдарда Ресейде болған революциялық үрдістің шынайы болмысы туралы тезистерін негіздей алды.
XX ғасырдың 50-жылдары КСРО-ның саяси құрылысын тоталитарлық деп бағалаған тұжырымды тұғырнама етіп алған тарихшылар алдыңғы лекке шықты. Бұл тұғырнама Орта Азия республикалары мен Қазақстанды да қамтып, кешенді түрде зерттейтін кеңестану үрдісімен жалғасты. Осы аймақтық зерттеудің шеңберінде және тоталитарлық теория тұрғысында жазылған Р. Смаль-Стоцкийдің «Кеңес Одағының ұлттық проблемасы және орыс коммунистік империализмі» (1952), В. Коларцтің «Ресей және оның отарлары» (1953), О. Кэроудің «Кеңестік империя: Орта Азия түріктері және сталинизм» (1953), Р. Пайпстың «Кеңес Одағының құрылуы: коммунизм және ұлтшылдық» (1954), А. Парктің «Түркістандағы большевизм 1917—1927» (1957), Ч. Хостлердің «Түрікшілдік және Кеңестер: түркі халықтары және оның саясиарман-мүдделері» (1957), В. Монтейдің «Кеңес мұсылмандары» (1957), С. Зеньковскийдің «Пантюркизм және Ресейдегі ислам» (1960), Дж. Уилердің «Кеңестік Орта Азияның осы заманғы тарихы» (1964), «Кеңестік Орта Азия халықтары» (1966) еңбектері және басқа жарияланымдар жарық көрді. Бұл жұмыстар авторларының проблема тарихнамасына қосқан ғылыми үлесі патриархалды-феодалдық қарым қатынастар үстемдік еткен өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси артта қалушылығы секілді фактілер мен құбылыстарға сүйеніп, «пролетарлық отаршылдық» тұғырнамасын жан-жақты талдап зерттеуінде болды. Осыған байланысты А. Парк, С. Зеньковский, Дж. Уилер қазақтардың пролетарлық төнкеріс идеяларын қабылдауға деген саяси құлықсыздығы мен дайын еместігіне баса назар аударды.
«Орыс революциясы» деп аталатын өзінің жаңа жұмысында Пайпс, тоталитарлық үлгінің табанды жақтаушыларының бірі ретінде, орыс ұлттық дәстүрінің және орыс саяси мәдениетінің тұрақтылығына байланысты, мұсылман халықтарына қатысты орыс отаршылдық саясатының өзгермейтіндігі жөніндегі тезисін берік ұстанады.
Сонымен, «пролетарлық отаршылдық» тұғырнамасы авторларының негізгі тұжырымдары тұтастай алғанда мына төмендегілерге келіп саяды: а) төнкерісті өзін Ресей империясының барлық ұлттарына танған орыс большевиктерінің партиясы жасады; ә) орыс жұмысшылары, украин шаруалары, өзбек мақташылары және қазақ малшылары арасында ешқандай келісім немесе одақ болған жоқ және болуы да мүмкін емес, өйткені бүкіл ресейлік үш төңкеріс бойына олар өзгеше мақсаттар көздеді; б) әлеуметтік негіздің болмауына қарамастан, большевиктер, Арменияда дашнақтар, Әзірбайжанда мусаватшылар, Түркістанда Шура-ислам және Қазақстанда Алашорда деп аталған оппозициялық саяси күштерді жаппай қырып жою арқылы жеңіске жетті; в) пролетариаттың мұсылман халықтары шаруаларының ұлт-азаттық күресіне «жетекшілігі» қарапайым формуламен жүзеге асты, өйткені орта азиялық халықтардың өзінің жеке пролетариаты болған жоқ; г) «пролетарлық төңкеріс» деп аталатында және Азамат соғысы кезеңдерінде қазақтар және басқа мұсылман халықтары бейғам сырттай бақылап қана отырды, өйткені олар Қазан төңкерісінің мақсатын да, міндетін де, оның «тарихи мәнін» де түсінген жоқ; д) өлкедегі төңкерістің әлеуметтік негізі ішкі отаршылдық элементтер, қызметкерлер, бұрынғы әскери тұтқындар болды. Ал олар үшін жергілікті тұрғындардың ұлттық мүдделері мүлде жат еді.
Кейінгі жылдары Э. Олуорд, А. Беннигсен, Э. Уимбуш, Т. Хэммонд, X. Сетон-Уотсон, Э. Каррер д'Анкос, Г. Симон, Д. Гейер, А. Каппелер және басқалардың еңбектерінде жекелеген аспектілердің (революциядағы жалпы мен ерекшенің, интернационалдық пен ұлттықтың, әлеуметтік пен этникалықтың) терең зерттелуі есебінен, «пролетарлық отаршылдық» тұғырнамасы жаңа дәлелдермен толықтырылды. 
Бірқатар тарихшылардың XX ғасырдың 60-70-жылдар шеңберінде, ең алдымен, француздың «Анналдар» мектебінен бастау алатын, жанғырудың неғұрлым әсерлі тарихи-әлеуметтік тұғырнамасын, сондай-ақ әлеуметтік дамудың өзге де теорияларын қабылдауымен, Қазақстан тарихын қатысты шетелдік зерттеулердің тақырыптық және географиялық шеңбері айтарлықтай кеңейді. Мәселен, «тарихи жаңа мектептің» өкілдері Дж. Кип, P. Петибридж, P. Суни, М. Ферро, Р. Пирс, Ц. Хасегава, Д. Рэлей, Д. Гейер өз еңбектерінде тарихи үрдістің неғұрлым терең тамырлы себептеріне (әлеуметтік, саяси, кәсіби, этникалық және басқа факторларға) баса назар аударды. 
Алайда, проблемаға жаңа тұғырнамалық тұрғыдан қарау ұлттық аймақтардағы, соның қатарында Қазақстандағы Қазан төңкерісінің әлеуметтік табиғаты жөнінде шетелдік авторлар берген бағаға мәнді түзетулер енгізген жоқ, мұны соңғы кездегі іргелі зерттеулердің бірі — Колгейт университетінің (АҚШ) профессоры М.Б. Олкоттың «Қазақтар» [8]. еңбегінен байқауға болады.
Ол өлкені қансыратқан Азамат соғысы барысында, орыс большевиктерінің жеңісі туралы жаңалықты қуана қарсы алған қазақтардың жаппай құлшынысы туралы дәстүрлі тарихнаманың ресми мәлімдемесімен үзілді-кесілді келіспеушілік білдіреді.
1917 жылғы Қазан төңкерісіне Түркістан мен Дала өлкесі жергілікті тұрғындарының қарым-қатынасы туралы мәселе бойынша жоғарыдағыға ұқсас көзқарас, сондай-ақ 1986 жылы «Орта Азияны зерттеу қоғамы» журналында басылған «Мұстафа Шоқайұлы» (Шоқаев) мақаласында және осы ғылыми орталық 1985 жылы басып шығарған «Қазақтардың 1917 жылға дейінгі орыстар туралы пікірі» және «Төңкеріс мұсылман большевиктердің көзімен» деп аталатын жұмыстарда дәйектелген.
«Большевиктік төңкеріс, - деп жазады Уоррен Уолш (АКШ), - 1921 жылғадейін созылған тырысқақ ауруына ұксайды. Ал салтанатты түрде «Азамат соғысы» деп жүргендері — төңкерістің жалғасы ғана болатын». 
Шетелдік авторлардың Ресейдегі Азамат соғысын «Қазан бүлігінің» бұл тартпас салдары деп қарауы (Р. Даниэльс, М.К. Дзевановский, Д. Футмэн, Ш. Фитцпатрик және басқалар) [11]. 1918-1920 жылдары Қазақстанда болған оқиғаларды бағалауда негізгі методологиялық кілт қызметін атқарды. Петроградтағы Қысқы сарайға шабуылдан басталған саяси дауыл алыстағы кен-байтақ далада тарыдай шашылып жатқан қазақтардың көпшілігі үшін бар болғаны орыстардың біреулерінің екіншілеріне қарсы соғысы ғана, түсініксіз, жұмбақ соғыс болатын.
Проблеманын осы заманғы шетелдік тарихнамалық тұғырнамасының негізгі құрамды бөліктері француз дипломаты әрі тарихшы, 1917-1918 жылдары Ташкентте болған оқиғалардың куәгері Жозеф Кастаньенің еңбектерінде кездеседі. Француз ғалымы көзқарастарының қалыптасуына 20-30-жылдары Парижде эмиграцияда болған М. Шоқай зор ықпал етті
 

Ұқсас материалдар