Қандастар Ассамблея

Вьетнам

04.12.2012 7496
  Вьетнам, Вьетнам Демократиялық Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 330 мың км2. Халқы 85 млн. адам (2007). Астанасы – Ханой қаласы. Халқының 88%-ы – вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары мыонг, кхмер, таи, тхай, т.б. ұсақ халықтар. Ресми тілі — вьетнам тілі. Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс. Жерінің бестен төрт бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссондық. Қаңтар айының орташа температурасы 15ӘС, шілдедегі орташа температура 26ӘС. Жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 – 3000 мм. Тропикалық ормандарда піл, жолбарыс, антилопа, буйвол, т.б. жануарлар кездеседі. Вьетнам жерін адам баласы көне тас дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Ең ежелгі мемлекеттік құрылым Ванланг деп аталады. Кейіннен оның орнында пайда болған Аулак пен Намвьет мемлекеттерін біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда Қытай жаулап алды да, 10 ғасырға дейін бодандықта ұстады. 11 ғасырдың ортасында бір орталыққа бағынған мемлекет құрылып, ол Дайковьет (Ежелгі Ұлы Вьет) деп аталды, 1069 жылдан Дайвьет (Ұлы Вьет) деген атауымен белгілі болды. 12 – 13 ғасырларда ел билеушілері көрші мемлекеттермен, соның ішінде Камбоджамен үздіксіз соғыс жүргізді. Вьетнам халқы 1257 – 88 ж. үш дүркін Шыңғыс хан империясы әскерлеріне тойтарыс берді. 1407 – 27 жылдар аралығында Қытай армиясына да қарсы күрес жүргізіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 17 ғасырдың бас кезінен бастап ел өзара қырқысқан екі мемлекетке бөлініп кетті. 1884 жылдан бастап Вьетнам толықтай Францияның отарына айналды. Франция Вьетнамға Лаос пен Камбоджаны қосып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады. 20 ғасырдың бас кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. 1930 жылдың бас кезінде Қытайда Үндіқытай компартиясы (ҮҚКП) құрылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалысына осы партия басшылық жүргізді. Ол 1954 ж. француз армиясының жеңілуімен аяқталды. Женева келісіміне сәйкес, Вьетнам 17-ендіктің бойымен екі мемлекетке бөлініп, солтүстігінде 1959 ж. отыз бірінші желтоқсанда Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды, ал оңтүстігінде 1955 ж. жиырма алтыншы қазанда Вьетнам Республикасы жарияланған болатын. Елдің екіге бөлінуі, бірінің КСРО мен Қытай, екіншісінің АҚШ және оның серіктестерінің ықпалында болуы кейіннен соғысқа алып келді. 1975 жылдың басында Вьетнам Республикасындағы Сайгон режимі құлап, 1976 ж. екі Вьетнамның бірігуі аяқталды. 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап Вьетнамда саяси және экономикалық реформалар жүзеге аса бастады. Экономикасының негізгі салалары: мұнай, көмір, электр энергиясын өндіру және ауыл шаруашылығы (күріш, тропиктік жеміс-жидектер өсіру). Ұлттық табыс жан басына шаққанда 200 АҚШ доллары көлемінде. Алайда соңғы жылдары шетелдік инвесторлар көптеп тартылып, ел экономикасы жедел дамып келеді. Елге ең көп инвестиция бөлушілер әрі негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Тайвань, Жапония, Оңтүстік Корея. Вьетнам — БҰҰ-ның мүшесі, оның жүз алпыс елмен дипломатиялық қарым-қатынасы бар.      