Қандастар Ассамблея

Каюпова Нина Әмірқызы

04.12.2012 2537
КАЮПОВА Нина Әмірқызы (1.5.1936 ж.т., Шығ. Қазақстан обл., Зайсан қ.) – қоғам қайраткері, ғалым, мед. ғыл. докт. (1988), проф. (1989). Қазақ мед. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) (1959), оның аспирантурасын (1965) бітірген. 1959 – 62 ж. Алматыдағы ғ1-перзентханада акушер-гинеколог болып жұмыс істеді. 1965 – 71 ж. Ана мен баланы қорғау ғыл.-зерт. ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, 1971 – 76 ж. Алматы медицина ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) доценті, 1976 – 81 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау мин-нің бас акушер-гинекологы, 1981 – 83 ж. Қазақ акушерлік және гинекология ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Респ. ана мен баланың денсаулығын қорғау ғыл.-зерт. орталығы) директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1983 жылдан осы орталықтың директоры. К-ның ғыл.-зерт. жұмысының негізгі бағыты – перинатальды медицинаның проблемаларын шешуге, екіқабат аналар денсаулығын экол. жағдайларды ескере отырып жақсартуға арналған. Оның акушерлік-гинекология саласындағы ғыл. зерттеулерінде екіқабат әйелдердің денсаулығына байланысты “өте қауіпті топты” ажыратудың әдістері анықталып, соның нәтижесінде аналардың өмірін сақтап қалу жолдары ғыл. тұрғыдан дәлелденді. К-ның басшылығымен гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдерді жас ерекшелігіне байланысты емдеуге және эндоскопиялық операциялар жасаудың техникасын жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа технология енгізілді; баласыз ерлі-зайыптыларды халықар. стандарттарға сай келетін көмекші репродуктивті технологияның жаңа әдістерімен емдеудің тиімділігі анықталды; іштен туа біткен кемістіктер мен тұқым қуалайтын аурулардың ұлттық генетик. тізімі (регистрі) мен аурулардың алдын алу шараларын аймақтық анкета арқылы анықтау (скрининг әдісі) бағдарламасы енгізілді. К. – белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. 1991 – 2001 ж. Респ. әйелдер ұйымы кеңесінің төрайымы болды. Оның басшылығымен Қазақстанда республикадағы әйелдердің әлеум. жағдайын жақсартудың тұжырымдамасы (1997) дайындалды. К. 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы, әйел және демогр. саясат мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы. 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйл. лауреаты (1996). “Парасат” орденімен марапатталған (1994).  Шығ.: Руководство по планированию семьи, А., 1995 (соавт.); Руководство по охране репродуктивного здоровья в Казахстане, А., 1999 (соавт.); Генетико-демографические исследования популяций различного иерархического уровня Республики Казахстан, А., 2001 (соавт.).  А. Рақышев  

КАЮПОВА Нина Әмірқызы (1.5.1936 ж.т., Шығ. Қазақстан обл., Зайсан қ.) – қоғам қайраткері, ғалым, мед. ғыл. докт. (1988), проф. (1989). Қазақ мед. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) (1959), оның аспирантурасын (1965) бітірген. 1959 – 62 ж. Алматыдағы ғ1-перзентханада акушер-гинеколог болып жұмыс істеді. 1965 – 71 ж. Ана мен баланы қорғау ғыл.-зерт. ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, 1971 – 76 ж. Алматы медицина ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) доценті, 1976 – 81 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау мин-нің бас акушер-гинекологы, 1981 – 83 ж. Қазақ акушерлік және гинекология ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Респ. ана мен баланың денсаулығын қорғау ғыл.-зерт. орталығы) директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1983 жылдан осы орталықтың директоры. К-ның ғыл.-зерт. жұмысының негізгі бағыты – перинатальды медицинаның проблемаларын шешуге, екіқабат аналар денсаулығын экол. жағдайларды ескере отырып жақсартуға арналған. Оның акушерлік-гинекология саласындағы ғыл. зерттеулерінде екіқабат әйелдердің денсаулығына байланысты “өте қауіпті топты” ажыратудың әдістері анықталып, соның нәтижесінде аналардың өмірін сақтап қалу жолдары ғыл. тұрғыдан дәлелденді. К-ның басшылығымен гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдерді жас ерекшелігіне байланысты емдеуге және эндоскопиялық операциялар жасаудың техникасын жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа технология енгізілді; баласыз ерлі-зайыптыларды халықар. стандарттарға сай келетін көмекші репродуктивті технологияның жаңа әдістерімен емдеудің тиімділігі анықталды; іштен туа біткен кемістіктер мен тұқым қуалайтын аурулардың ұлттық генетик. тізімі (регистрі) мен аурулардың алдын алу шараларын аймақтық анкета арқылы анықтау (скрининг әдісі) бағдарламасы енгізілді. К. – белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. 1991 – 2001 ж. Респ. әйелдер ұйымы кеңесінің төрайымы болды. Оның басшылығымен Қазақстанда республикадағы әйелдердің әлеум. жағдайын жақсартудың тұжырымдамасы (1997) дайындалды. К. 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы, әйел және демогр. саясат мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы. 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйл. лауреаты (1996). “Парасат” орденімен марапатталған (1994). 

Шығ.: Руководство по планированию семьи, А., 1995 (соавт.); Руководство по охране репродуктивного здоровья в Казахстане, А., 1999 (соавт.); Генетико-демографические исследования популяций различного иерархического уровня Республики Казахстан, А., 2001 (соавт.). 
А. Рақышев