Қандастар Ассамблея

Венгрия

04.12.2012 32882
  Венгрия, Хунгария, Мажар Республикасы – Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 93 мың км2. Халқы 10,1 млн. адам (2007). Астанасы – Будапешт. Халқының 90%-дан астамы венгрлер. Қалғандары неміс, серб, хорват, румын, еврей, т.б. халық өкілдері. Мемлекеттік тілі – венгр (мадьяр) тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі католиктер (70%) және протестанттар (25%). Венгрия – парламенттік республика. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – бір палаталы Мемлекеттік жиналыс. Атқарушы билікті Мемлекеттік жиналыс құрамындағы әр түрлі партия өкілдерінен құралған үкімет жүргізеді. Венгрия, негізінен, Орта Дунай жазығында орналасқан ел. Жерінің 60%-дан астам бөлігі – жазық, қалған бөлігі таулы қырат. Жазық жерлері ауыл шаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орман. Мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температура –2 – 4ӘС, шілдеде 20 – 22ӘС. Жауын-шашын мөлшері 450 – 900 мм. Қазіргі Венгрия жерін біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта сақтар және кельт, иллирий, фракия үндіеуропалық тайпалары қоныстанған. Кейінірек герман, ғұн, авар тайпалары ағылып келіп, осы жерден Батыс Рим империясына шабуылдар жасады. Бұл өңірде 430 ж. Аттила (Еділ) патша бастаған Батыс Ғұн мемлекеті құрылып, ол ыдырағаннан кейін Баян хан бастаған аварлар салтанат құрды. 895 ж. Арпад патшаның басшылығымен венгрлердің (мажарлар) жеті тайпасы көшіп келіп қоныстанды. Арпадтың шөбересі Геза христиан дінін қабылдап, еуропалық үлгідегі мемлекет құрды. Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде (1237 – 46) көптеген қыпшақ тайпалары Венгрияға келіп, қоныс теуіп қалды. 1301 ж. Арпад әулеті биліктен кетіп, өкімет басына Анжу әулеті келді. Олар 1335 ж. чех, поляк корольдерімен бірігіп, саяси-сауда одағын құрды. 1372 ж. Пешт қаласында университет ашылды. 16 ғасырдың бас кезіне елдегі бытыраңқылық салдарынан Венгрияның әлсіреуіне байланысты Осман сұлтандығы мұнда 1526 – 1686 жылдары өз биліктерін орнатты. Ел үш бөлікке: Шығыста Трансильвания князьдігіне, түріктер иеленген орталық бөлікке және Габсбургтер әулеті билеген Венгрия корольдігіне бөлініп кетті. 1683 ж. түріктер Вена қаласы түбінде жеңіліске ұшырағаннан кейін Венгрия Польша, Венеция мемлекеттерімен «Қасиетті одаққа» бірікті де, 1686 ж. елді азат етті. Бірақ билік басына Габсбургтер әулеті келді. 1867 жылдан бастап Венгрия дербес парламенті, конституциясы бар елге айналып, экономикалық жағынан тез дами бастады. 1-дүниежүзілік соғыстың аяқ кезінде, 1918 ж. күзде, елде өкімет басына Антантаны жақтаушылар келді. Бірақ Ресей түрмелерінен босап шыққан венгр әскери тұтқындары 1919 ж. көктемде Венгрияда уақытша Кеңес өкіметін құрды. Оны Хорти бастаған монархияшыл топ күшпен басып, король үкіметін қалпына келтірді. Жаңа үкімет 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Германия мен Италияның ықпалында болды және 2-дүниежүзілік соғыс барысында Германияның одақтасына айналды. Соғыстан кейін Венгрия Кеңестер Одағының ықпал ету аймағында қалды да, өкімет басына коммунистер келді. 1956 ж. жиырма үшінші қазан күні тоталитарлық режим жойылып, көппартиялы жүйе қалпына келтірілді, үкімет Варшава шартынан шығатынын мәлімдеді. Төртінші қарашада Венгрияға Кеңес әскерлері басып кіріп, бұл үкіметті таратып жіберді, екі жүз мыңға жуық адам шет елге кетіп қалды. Шығыс Еуропадағы саяси өзгерістерге байланысты 1989 жылдың аяғында коммунистер билік басынан кетіп, ұлттық-демократиялық күштер билік басына келді. Еуропалық Одаққа (ЕО) ассоциацияланған мүше, ал 1999 ж. НАТО-ға мүше болып қабылданды. Венгрия орташа дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Ұлттық табыстың әр адамға шаққанда орташа мөлшері 4300 АҚШ доллары шамасында. Экономикасының жетекші салалары: машина жасау, станок шығару, химия, дәрі-дәрмек, металлургия, жиһаз жасау, т.б. Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Бидай, жүгері, қант қызылшасы, күнбағыс өсіріледі. Құс шаруашылығы мен шарап өндірісі жақсы өркендеген. Басты сауда серіктестері: Германия, Австрия, Италия, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, ТМД елдері. Венгрия үкіметі 1991 ж. Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. 1955 жылдан БҰҰ мүшесі. Көптеген халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Еуропа Кеңесінің жұмысына қатысып келеді.  

 

Венгрия, Хунгария, Мажар Республикасы – Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 93 мың км2. Халқы 10,1 млн. адам (2007). Астанасы – Будапешт. Халқының 90%-дан астамы венгрлер. Қалғандары неміс, серб, хорват, румын, еврей, т.б. халық өкілдері. Мемлекеттік тілі – венгр (мадьяр) тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі католиктер (70%) және протестанттар (25%). Венгрия – парламенттік республика. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – бір палаталы Мемлекеттік жиналыс. Атқарушы билікті Мемлекеттік жиналыс құрамындағы әр түрлі партия өкілдерінен құралған үкімет жүргізеді. Венгрия, негізінен, Орта Дунай жазығында орналасқан ел. Жерінің 60%-дан астам бөлігі – жазық, қалған бөлігі таулы қырат. Жазық жерлері ауыл шаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орман. Мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температура –2 – 4ӘС, шілдеде 20 – 22ӘС. Жауын-шашын мөлшері 450 – 900 мм. Қазіргі Венгрия жерін біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта сақтар және кельт, иллирий, фракия үндіеуропалық тайпалары қоныстанған. Кейінірек герман, ғұн, авар тайпалары ағылып келіп, осы жерден Батыс Рим империясына шабуылдар жасады. Бұл өңірде 430 ж. Аттила (Еділ) патша бастаған Батыс Ғұн мемлекеті құрылып, ол ыдырағаннан кейін Баян хан бастаған аварлар салтанат құрды. 895 ж. Арпад патшаның басшылығымен венгрлердің (мажарлар) жеті тайпасы көшіп келіп қоныстанды. Арпадтың шөбересі Геза христиан дінін қабылдап, еуропалық үлгідегі мемлекет құрды. Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде (1237 – 46) көптеген қыпшақ тайпалары Венгрияға келіп, қоныс теуіп қалды. 1301 ж. Арпад әулеті биліктен кетіп, өкімет басына Анжу әулеті келді. Олар 1335 ж. чех, поляк корольдерімен бірігіп, саяси-сауда одағын құрды. 1372 ж. Пешт қаласында университет ашылды. 16 ғасырдың бас кезіне елдегі бытыраңқылық салдарынан Венгрияның әлсіреуіне байланысты Осман сұлтандығы мұнда 1526 – 1686 жылдары өз биліктерін орнатты. Ел үш бөлікке: Шығыста Трансильвания князьдігіне, түріктер иеленген орталық бөлікке және Габсбургтер әулеті билеген Венгрия корольдігіне бөлініп кетті. 1683 ж. түріктер Вена қаласы түбінде жеңіліске ұшырағаннан кейін Венгрия Польша, Венеция мемлекеттерімен «Қасиетті одаққа» бірікті де, 1686 ж. елді азат етті. Бірақ билік басына Габсбургтер әулеті келді. 1867 жылдан бастап Венгрия дербес парламенті, конституциясы бар елге айналып, экономикалық жағынан тез дами бастады. 1-дүниежүзілік соғыстың аяқ кезінде, 1918 ж. күзде, елде өкімет басына Антантаны жақтаушылар келді. Бірақ Ресей түрмелерінен босап шыққан венгр әскери тұтқындары 1919 ж. көктемде Венгрияда уақытша Кеңес өкіметін құрды. Оны Хорти бастаған монархияшыл топ күшпен басып, король үкіметін қалпына келтірді. Жаңа үкімет 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Германия мен Италияның ықпалында болды және 2-дүниежүзілік соғыс барысында Германияның одақтасына айналды. Соғыстан кейін Венгрия Кеңестер Одағының ықпал ету аймағында қалды да, өкімет басына коммунистер келді. 1956 ж. жиырма үшінші қазан күні тоталитарлық режим жойылып, көппартиялы жүйе қалпына келтірілді, үкімет Варшава шартынан шығатынын мәлімдеді. Төртінші қарашада Венгрияға Кеңес әскерлері басып кіріп, бұл үкіметті таратып жіберді, екі жүз мыңға жуық адам шет елге кетіп қалды. Шығыс Еуропадағы саяси өзгерістерге байланысты 1989 жылдың аяғында коммунистер билік басынан кетіп, ұлттық-демократиялық күштер билік басына келді. Еуропалық Одаққа (ЕО) ассоциацияланған мүше, ал 1999 ж. НАТО-ға мүше болып қабылданды.
Венгрия орташа дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Ұлттық табыстың әр адамға шаққанда орташа мөлшері 4300 АҚШ доллары шамасында. Экономикасының жетекші салалары: машина жасау, станок шығару, химия, дәрі-дәрмек, металлургия, жиһаз жасау, т.б. Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Бидай, жүгері, қант қызылшасы, күнбағыс өсіріледі. Құс шаруашылығы мен шарап өндірісі жақсы өркендеген. Басты сауда серіктестері: Германия, Австрия, Италия, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, ТМД елдері. Венгрия үкіметі 1991 ж. Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. 1955 жылдан БҰҰ мүшесі. Көптеген халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Еуропа Кеңесінің жұмысына қатысып келеді.