Қандастар Ассамблея

Категориялар

04.12.2012 3015
КАТЕГОРИЯЛАР (грек. kategorіa – түйіп айту), философияда – шындық көріністері мен танымның маңызды, жалпыға ортақ қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін, мейлінше жалпылама және іргелі ұғымдар. К. таным мен қоғамдық іс-әрекеттің тарихи дамуын қорыту нәтижесі ретінде пайда болып, дамып келеді. Олар дүниенің өзіне тән жалпы объективтік заңдары мен заңдылықтарын бейнелейтін әмбебап ойлау формаларын, яғни адам танымы мен ойлауының да жалпы заңдылықтарын білдіреді. Адам мен табиғаттың арасын байланыстырып тұрған адамның нақты іс-әрекеті негізінде қалыптасып, дамып отырады, табиғатты іс-дағдылық және теориялық-танымдық игерудің баспалдақтарын, деңгейлерін білдіреді. Белсенді іс-әрекет арқылы адам ойы мен танымы дүниенің мәнді жақтарын, терең мазмұнын, әмбебап заңдылықтарын ашады, сөйтіп адамзаттың практикалық қызметі мен танымы, ойлау қабілеті қат-қабат өзара бірлікте тарихи түрде алға басып отырады. Осы бірегей тарихи процесте К. тұтасып, адам ойының логикалық желісі түзіледі. Ол осы логикалық тұтастықтың түйіні тәріздес. К. – тарихи қалыптасқан адам іс-әрекеті мен ойлауының принциптері мен заңдары, барлық нәрсе бізге осылар арқылы беріледі, ой елегінен осылар арқылы өтеді. К. – адам ойының шындықтың өз формалары бойынша қозғалуын қамтамасыз ететін, нәрселердің қалыптасуы мен реалдық қызмет етуінің тәсілін терең ұғынуға жол ашатын әмбебап ұғымдар, сондай-ақ, шындықты практикалық-заттық түрде игерудің идеалды формалары. Адам өзінің іс-әрекетінде табиғатты жай бар күйінде, дайын қалпында ғана қайталай салмайды, оны белсенді өзгертеді, онда жоқ нәрселерді жасайды, дамытады. Сол сияқты адам ойына да шығармашылық белсенділік тән. К. – шындықты оның өзгеруінде, дамуында бейнелейтін ойлау формалары. Ойлау К-сы адамзаттың да мыңдаған жылдар бойғы тарихында түзілген танымының жалпы шарттары, принциптері. К. – адамның практикалық және танымдық қызметінің реалдық нәтижелері қорытылған логикалық фигуралар. Сондықтан әрбір адамның адам ретінде қалыптасуы, оның ақыл-ойының дамуы да осы қоғамдық заттық-практикалық іс-әрекетке баулу процесінде, әлеум. қозғалысқа қатынасу арқылы тарихи жинақталған рухани байлықты игеру процесінде іске асады. К. бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, олар белгілі бір жүйені құрайды, жүйелі түрде дамып отырады. К. жөніндегі ілім Аристотельден басталады. Ол “Категориялар” деген еңбегінде 10 К-ны атап айтты: субстанция, сан, сапа, қатынас, орын, уақыт, жағдай, ахуал, әрекет және қасірет. Мұнда К. – түйіп айту сұлбасын білдіреді. Сондықтан да К. бір-біріне тәуелсіз, тұрмысты парықтаудың әр түрлі тәсілін айқындайтын тұжырым топтарын сипаттайды. Философияда ойлау К-сын жүйелеу, олардың ішкі байланыстарын ашу күрделі де қиын мәселе болып табылады. Философия тарихында бұл мәселенің қойылуы Аристотельден кейін Кант пен Гегель есімдеріне байланысты. Философияда категорияларды ғыл. жүйелеудің жан-жақты негізделген принциптері мыналар: заттық-практикалық іс-әрекет, тарихилық пен логикалықтың бірлігі, қайшылық принциптері, абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу әдісі және т.б. Әдеб.: Копнин П.В., Диалектика как логика и теория познания, М., 1973; Абдильдин Ж.М., Абишев К.А., Формирование логического строя мышления в процессе практической деятельности, А.-А., 1981; Ильенков Э.В., Диалектическая логика: Очерки теории и истории, М., 1984; Диалектическая логика: Общие проблемы. Категории сферы непосредственного, А.-А., 1986.  М. Сәбит  

КАТЕГОРИЯЛАР (грек. kategorіa – түйіп айту), философияда – шындық көріністері мен танымның маңызды, жалпыға ортақ қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін, мейлінше жалпылама және іргелі ұғымдар. К. таным мен қоғамдық іс-әрекеттің тарихи дамуын қорыту нәтижесі ретінде пайда болып, дамып келеді. Олар дүниенің өзіне тән жалпы объективтік заңдары мен заңдылықтарын бейнелейтін әмбебап ойлау формаларын, яғни адам танымы мен ойлауының да жалпы заңдылықтарын білдіреді. Адам мен табиғаттың арасын байланыстырып тұрған адамның нақты іс-әрекеті негізінде қалыптасып, дамып отырады, табиғатты іс-дағдылық және теориялық-танымдық игерудің баспалдақтарын, деңгейлерін білдіреді. Белсенді іс-әрекет арқылы адам ойы мен танымы дүниенің мәнді жақтарын, терең мазмұнын, әмбебап заңдылықтарын ашады, сөйтіп адамзаттың практикалық қызметі мен танымы, ойлау қабілеті қат-қабат өзара бірлікте тарихи түрде алға басып отырады. Осы бірегей тарихи процесте К. тұтасып, адам ойының логикалық желісі түзіледі. Ол осы логикалық тұтастықтың түйіні тәріздес. К. – тарихи қалыптасқан адам іс-әрекеті мен ойлауының принциптері мен заңдары, барлық нәрсе бізге осылар арқылы беріледі, ой елегінен осылар арқылы өтеді. К. – адам ойының шындықтың өз формалары бойынша қозғалуын қамтамасыз ететін, нәрселердің қалыптасуы мен реалдық қызмет етуінің тәсілін терең ұғынуға жол ашатын әмбебап ұғымдар, сондай-ақ, шындықты практикалық-заттық түрде игерудің идеалды формалары. Адам өзінің іс-әрекетінде табиғатты жай бар күйінде, дайын қалпында ғана қайталай салмайды, оны белсенді өзгертеді, онда жоқ нәрселерді жасайды, дамытады. Сол сияқты адам ойына да шығармашылық белсенділік тән. К. – шындықты оның өзгеруінде, дамуында бейнелейтін ойлау формалары. Ойлау К-сы адамзаттың да мыңдаған жылдар бойғы тарихында түзілген танымының жалпы шарттары, принциптері. К. – адамның практикалық және танымдық қызметінің реалдық нәтижелері қорытылған логикалық фигуралар. Сондықтан әрбір адамның адам ретінде қалыптасуы, оның ақыл-ойының дамуы да осы қоғамдық заттық-практикалық іс-әрекетке баулу процесінде, әлеум. қозғалысқа қатынасу арқылы тарихи жинақталған рухани байлықты игеру процесінде іске асады. К. бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, олар белгілі бір жүйені құрайды, жүйелі түрде дамып отырады. К. жөніндегі ілім Аристотельден басталады. Ол “Категориялар” деген еңбегінде 10 К-ны атап айтты: субстанция, сан, сапа, қатынас, орын, уақыт, жағдай, ахуал, әрекет және қасірет. Мұнда К. – түйіп айту сұлбасын білдіреді. Сондықтан да К. бір-біріне тәуелсіз, тұрмысты парықтаудың әр түрлі тәсілін айқындайтын тұжырым топтарын сипаттайды. Философияда ойлау К-сын жүйелеу, олардың ішкі байланыстарын ашу күрделі де қиын мәселе болып табылады. Философия тарихында бұл мәселенің қойылуы Аристотельден кейін Кант пен Гегель есімдеріне байланысты. Философияда категорияларды ғыл. жүйелеудің жан-жақты негізделген принциптері мыналар: заттық-практикалық іс-әрекет, тарихилық пен логикалықтың бірлігі, қайшылық принциптері, абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу әдісі және т.б.

Әдеб.: Копнин П.В., Диалектика как логика и теория познания, М., 1973; Абдильдин Ж.М., Абишев К.А., Формирование логического строя мышления в процессе практической деятельности, А.-А., 1981; Ильенков Э.В., Диалектическая логика: Очерки теории и истории, М., 1984; Диалектическая логика: Общие проблемы. Категории сферы непосредственного, А.-А., 1986. 
М. Сәбит