Қандастар Ассамблея

Катаринский Василий Владимирович

04.12.2012 3931
КАТАРИНСКИЙ Василий Владимирович (20.5.1846 – 1902, Ресей, Орынбор) – орыс шығыстанушысы, ағартушы, миссионер. 1864 – 72 ж. Қазан қ-ндағы діни семинарияны, кейін діни академияны бітірген. 1872 – 75 ж. Чебоксары қ-ндағы уч-щеде бақылаушы, оқытушы қызметтерін атқарған. 1875 ж. 20 қыркүйектен бастап К. Орынбор округінде татар, башқұрт және қазақ мектептері жөніндегі округтік инспектор болып тағайындалып, осы жұмысты ұзақ жылдар бойы атқарды. Оған қосымша діни мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының барысын бақылап отыру тапсырылады. К. Ы.Алтынсариннің оқу ісі саласындағы идеяларын қолдап, оның іске асуына тікелей көмектесті. Әсіресе, 1879 ж. Алтынсарин Торғай уезінің мектеп инспекторы міндетін атқара бастаған кезден кейін, олардың қарым-қатынасы, кездесуі мен хат жазысуы жиілей бастайды. К. Торғайда обл. және ауылдық уч-щелер мен мектептердің ашылып, қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Ырғыздағы қыздар уч-щесі мен Орскідегі қазақ оқытушыларын даярлайтын мектепке қамқоршы болды. 1893 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебі  оқушыларының Мәскеуге экскурсияға баруын ұйымдастырған да К. еді. К. Орынбор оқу округіне қатысты оқу-ағарту істерімен байланысты құжаттар даярлап, олардың жүзеге асуына ерекше көңіл бөлді. “Положение об аульных русско-казахских школах Тургайской области”, т.б. ресми құжаттардың авторы (редакторы) болды. К. қазақ мектептері үшін орыс тілінде “Қырғыздарға арналған әліппе” (“Букварь для киргиз”), “Қырғыздарға арналған орыс тілінің бастапқы оқулығы (“Первоначальный учебник русского языка для киргиз”) атты оқу құралдарын (1894) жазды. К. қазақ тілінің грамматикасын жазып, сөздігін жасауға да қатысты. К-дің 1897 ж. “Қырғыз тілінің грамматикасы” (“Грамматика киргизского языка”, Орынбор, 1897) мен “Қырғыз-орыс сөздігі” (“Киргизско-русский словарь, Оренбург, 1897) басылып шықты. Сондай-ақ, К. “Қырғыз мақалдарының жинағы” (“Сборник киргизских пословиц”), ”Қырғыз этнографиясы жөніндегі материалдар” (“Материалы по этнографии киргиз” Орынбор, 1899) құрастырды. Ол христиандық діни кітаптарды қазақ тіліне аударып бастырып (“Қзгі Иосиф”, “Қзгі ғайыб”), қазақ-орыс мектептеріне оқулық ретінде ұсынып, миссионерлік іспен де шұғылданды. Әдеб.: Әлжанов О., Қазақтарға пайдалы кітаптар, “Дала уалаятының газеті”, 1894, ғ39; Ситдыков А., Педагогические идеи и просветительская деятельность И.Алтынсарина, 2 изд., А.-А., 1968; Жарықбаев Қ., Қалиев С., Ы.Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұралары, А., 1991; Ламашев Ә., Ы.Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары, А., 1988. С. Қалиев  

КАТАРИНСКИЙ Василий Владимирович (20.5.1846 – 1902, Ресей, Орынбор) – орыс шығыстанушысы, ағартушы, миссионер. 1864 – 72 ж. Қазан қ-ндағы діни семинарияны, кейін діни академияны бітірген. 1872 – 75 ж. Чебоксары қ-ндағы уч-щеде бақылаушы, оқытушы қызметтерін атқарған. 1875 ж. 20 қыркүйектен бастап К. Орынбор округінде татар, башқұрт және қазақ мектептері жөніндегі округтік инспектор болып тағайындалып, осы жұмысты ұзақ жылдар бойы атқарды. Оған қосымша діни мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының барысын бақылап отыру тапсырылады. К. Ы.Алтынсариннің оқу ісі саласындағы идеяларын қолдап, оның іске асуына тікелей көмектесті. Әсіресе, 1879 ж. Алтынсарин Торғай уезінің мектеп инспекторы міндетін атқара бастаған кезден кейін, олардың қарым-қатынасы, кездесуі мен хат жазысуы жиілей бастайды. К. Торғайда обл. және ауылдық уч-щелер мен мектептердің ашылып, қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Ырғыздағы қыздар уч-щесі мен Орскідегі қазақ оқытушыларын даярлайтын мектепке қамқоршы болды. 1893 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебі  оқушыларының Мәскеуге экскурсияға баруын ұйымдастырған да К. еді.

К. Орынбор оқу округіне қатысты оқу-ағарту істерімен байланысты құжаттар даярлап, олардың жүзеге асуына ерекше көңіл бөлді. “Положение об аульных русско-казахских школах Тургайской области”, т.б. ресми құжаттардың авторы (редакторы) болды.
К. қазақ мектептері үшін орыс тілінде “Қырғыздарға арналған әліппе” (“Букварь для киргиз”), “Қырғыздарға арналған орыс тілінің бастапқы оқулығы (“Первоначальный учебник русского языка для киргиз”) атты оқу құралдарын (1894) жазды. К. қазақ тілінің грамматикасын жазып, сөздігін жасауға да қатысты. К-дің 1897 ж. “Қырғыз тілінің грамматикасы” (“Грамматика киргизского языка”, Орынбор, 1897) мен “Қырғыз-орыс сөздігі” (“Киргизско-русский словарь, Оренбург, 1897) басылып шықты. Сондай-ақ, К. “Қырғыз мақалдарының жинағы” (“Сборник киргизских пословиц”), ”Қырғыз этнографиясы жөніндегі материалдар” (“Материалы по этнографии киргиз” Орынбор, 1899) құрастырды. Ол христиандық діни кітаптарды қазақ тіліне аударып бастырып (“Қзгі Иосиф”, “Қзгі ғайыб”), қазақ-орыс мектептеріне оқулық ретінде ұсынып, миссионерлік іспен де шұғылданды.
Әдеб.: Әлжанов О., Қазақтарға пайдалы кітаптар, “Дала уалаятының газеті”, 1894, ғ39; Ситдыков А., Педагогические идеи и просветительская деятельность И.Алтынсарина, 2 изд., А.-А., 1968; Жарықбаев Қ., Қалиев С., Ы.Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұралары, А., 1991; Ламашев Ә., Ы.Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары, А., 1988.
С. Қалиев