Қандастар Ассамблея

Катар

04.12.2012 3341
Катар мемлекеті – Парсы шығанағының Катар түбегіндегі мемлекет. Жер көл. 11400 км2. Халқы 724 мың адам (1999). Негізгі тұрғындары – катарлық арабтар. Оған қоса пәкстандықтар, үнділер, ирандықтар тұрады. Ресми тілі – араб тілі. Тұрғындары, негізінен, мұсылмандар. Астанасы – Доха қ. Мемлекеттің саяси құрылымы – абсолютті монархия. Мемлекет басшысы әмір шейї Хамад бен Халифа әл-Тани (1995 жылдан) бүкіл билікті өз қолына шоғырландырған. Саяси партияларға тыйым салынған. Ұлттық мерекесі 3 қыркүйек – Тәуелсіздік күні (1971). Ақша бірлігі – К. риалы.  Табиғаты. К. жері шөлейтті жазық болып келеді. Тұрақты ағатын өзендері жоқ. Климаты тропиктік, құрғақ, қысы мен жазы қуаң, ыстық. Қаңтардағы орт. темп-ра 16С, шілдеде 32С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм.  Тарихы. Катар түбегін адамдар б.з.б. 2 – 3-мыңжылдықта қоныстана бастаған. Алғашқы жазба мәліметтер б.з. бас кезінен бастап кездеседі. Оны оқтын-оқтын ирандықтар жаулап алып отырды. 7 ғ-да елді арабтар жаулап алып, Араб халифаты құрамына енгізді. Халифат ыдырағаннан кейін (10 ғ.), К. аумағы Карматтар мемлекетінің құрамында болып, 13 – 14 ғ-ларда Бахрейн әмірлігінің қол астына қарады. 16 ғ-да К-ды Бахрейн әмірлігімен бірге португалдар, кейінірек Осман сұлтандығы басып алды. 17 ғ-дан бастап ел түрік, парсы мемлекеттері мен араб билеушілері (Оман шейїтары, Сауд әулеті, т.б.) арасындағы күрес нысанына айналды. 18 ғ-дың 2-жартысынан бастап елдің шағын бөлігіне Тани әулеті иелік ете бастады. Бұл әулет 19 ғ-дың аяғында елді біріктірді, бірақ 1868 ж. ағылшындармен өз тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін шарт жасасты. 1871 – 1914 ж. К-ды Осман сұлтандығы қайта бағындырды. 1914 ж. елді ағылшындар басып алып, 1916 ж. К. Британия протектараты болып жарияланды. 1930 ж. ел территориясынан аса мол мұнай қоры табылып, шет ел компаниялары ағыла бастады. 2-дүниежүз. соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1960 – 68 ж. халық толқулары қайта күшейіп, билік басындағылар ауысып, ағылшын әскерлері елден шығарыла бастады. 1970 ж. 10 сәуірде уақытша конституция қабылданып, мамырда алғашқы үкімет құрылды. 1971 ж. 1 қыркүйекте К. тәуелсіз мемлекет болып жарияланып, БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасына қабылданды. 1991 ж. К. Қарулы Күштері БҰҰ шеңберінде жүргізілген Иракқа қарсы соғыс қимылдарына қатынасты.  Экономикасы. К-дың негізгі байлығы – мұнай (табиғи қоры – 778 млн. т). Елдегі ұлттық табыстың 90%-ын мұнай өнеркәсібі береді. Мұнай өнеркәсібі “Катар петролеум”, “Шелл оф Катар”, т.б. компаниялар қолында. Мұнайдан басқа табиғи газ өндіріледі, балық ауланады. Тұрғындардың 35%-ы өнеркәсіпте, 3%-ы а. ш-нда, 60%-ы қызмет көрсету салаларында қызмет етеді. Жерінің 0,7%-ы ғана а. ш-на пайдаланылады. 1997 ж. ұлттың байлық мөлш. 7,4 млрд. АҚШ долл-ы, жан басына шаққанда 20100 долл. деңгейінде болды. Мұнай салалары бойынша жетіспейтін жұмыс күшін сырттан әкеледі. Сырттан машиналар, құрал-саймандар, мал, тамақ өнімдері, тұтыну және химия тауарлары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестіктері: Жапония, Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сауд Арабиясы. Қазақстан мен К. арасында дипломатиялық қатынас 1992 ж. орнаған. 1998 ж. 23 мамырда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев К-да ресми сапармен болып, әмір Хамад бен Халифа әл-Танимен және елдегі аса ірі бизнес өкілдерімен келіссөз жүргізді. Екі жақ мұнай өңдеу және тасымалдау, инвестиция мен банк, туризм, әуе байланысы, т.б. салалар бойынша өзара келісімдерге қол қойды. Осы кездесуден кейін екі ел арасында сауда-экон. байланыстар жедел дами бастады. Әдеб.: Страны мира: Справочник, М., 1999.  

Катар мемлекеті – Парсы шығанағының Катар түбегіндегі мемлекет. Жер көл. 11400 км2. Халқы 724 мың адам (1999). Негізгі тұрғындары – катарлық арабтар. Оған қоса пәкстандықтар, үнділер, ирандықтар тұрады. Ресми тілі – араб тілі. Тұрғындары, негізінен, мұсылмандар. Астанасы – Доха қ. Мемлекеттің саяси құрылымы – абсолютті монархия. Мемлекет басшысы әмір шейї Хамад бен Халифа әл-Тани (1995 жылдан) бүкіл билікті өз қолына шоғырландырған. Саяси партияларға тыйым салынған. Ұлттық мерекесі 3 қыркүйек – Тәуелсіздік күні (1971). Ақша бірлігі – К. риалы. 

Табиғаты. К. жері шөлейтті жазық болып келеді. Тұрақты ағатын өзендері жоқ. Климаты тропиктік, құрғақ, қысы мен жазы қуаң, ыстық. Қаңтардағы орт. темп-ра 16С, шілдеде 32С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм. 
Тарихы. Катар түбегін адамдар б.з.б. 2 – 3-мыңжылдықта қоныстана бастаған. Алғашқы жазба мәліметтер б.з. бас кезінен бастап кездеседі. Оны оқтын-оқтын ирандықтар жаулап алып отырды. 7 ғ-да елді арабтар жаулап алып, Араб халифаты құрамына енгізді. Халифат ыдырағаннан кейін (10 ғ.), К. аумағы Карматтар мемлекетінің құрамында болып, 13 – 14 ғ-ларда Бахрейн әмірлігінің қол астына қарады. 16 ғ-да К-ды Бахрейн әмірлігімен бірге португалдар, кейінірек Осман сұлтандығы басып алды. 17 ғ-дан бастап ел түрік, парсы мемлекеттері мен араб билеушілері (Оман шейїтары, Сауд әулеті, т.б.) арасындағы күрес нысанына айналды. 18 ғ-дың 2-жартысынан бастап елдің шағын бөлігіне Тани әулеті иелік ете бастады. Бұл әулет 19 ғ-дың аяғында елді біріктірді, бірақ 1868 ж. ағылшындармен өз тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін шарт жасасты. 1871 – 1914 ж. К-ды Осман сұлтандығы қайта бағындырды. 1914 ж. елді ағылшындар басып алып, 1916 ж. К. Британия протектараты болып жарияланды. 1930 ж. ел территориясынан аса мол мұнай қоры табылып, шет ел компаниялары ағыла бастады. 2-дүниежүз. соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1960 – 68 ж. халық толқулары қайта күшейіп, билік басындағылар ауысып, ағылшын әскерлері елден шығарыла бастады. 1970 ж. 10 сәуірде уақытша конституция қабылданып, мамырда алғашқы үкімет құрылды. 1971 ж. 1 қыркүйекте К. тәуелсіз мемлекет болып жарияланып, БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасына қабылданды. 1991 ж. К. Қарулы Күштері БҰҰ шеңберінде жүргізілген Иракқа қарсы соғыс қимылдарына қатынасты. 
Экономикасы. К-дың негізгі байлығы – мұнай (табиғи қоры – 778 млн. т). Елдегі ұлттық табыстың 90%-ын мұнай өнеркәсібі береді. Мұнай өнеркәсібі “Катар петролеум”, “Шелл оф Катар”, т.б. компаниялар қолында. Мұнайдан басқа табиғи газ өндіріледі, балық ауланады. Тұрғындардың 35%-ы өнеркәсіпте, 3%-ы а. ш-нда, 60%-ы қызмет көрсету салаларында қызмет етеді. Жерінің 0,7%-ы ғана а. ш-на пайдаланылады. 1997 ж. ұлттың байлық мөлш. 7,4 млрд. АҚШ долл-ы, жан басына шаққанда 20100 долл. деңгейінде болды. Мұнай салалары бойынша жетіспейтін жұмыс күшін сырттан әкеледі. Сырттан машиналар, құрал-саймандар, мал, тамақ өнімдері, тұтыну және химия тауарлары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестіктері: Жапония, Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сауд Арабиясы. Қазақстан мен К. арасында дипломатиялық қатынас 1992 ж. орнаған. 1998 ж. 23 мамырда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев К-да ресми сапармен болып, әмір Хамад бен Халифа әл-Танимен және елдегі аса ірі бизнес өкілдерімен келіссөз жүргізді. Екі жақ мұнай өңдеу және тасымалдау, инвестиция мен банк, туризм, әуе байланысы, т.б. салалар бойынша өзара келісімдерге қол қойды. Осы кездесуден кейін екі ел арасында сауда-экон. байланыстар жедел дами бастады.
Әдеб.: Страны мира: Справочник, М., 1999.