Қандастар Ассамблея

Каталог

04.12.2012 3776
КАТАЛОГ (грек. katalogos – тізім) – 1) кітапхана ісінде – кітапхана қорындағы баспадан шыққан және қолжазба күйіндегі шығармалардың тізімі. К. кітапхана қорының мазмұнын көрсетуде, оқырмандардың қажетті кітапты тауып алуында, кітапхана міндеттерін шешуде көмекші құрал болып табылады. Кітапхананың кітап қорын жасайтын түрлі тақырыптағы баспадан шыққан шығармалар мен оқырмандар талабының әрқилылығы К-тың күрделі жүйесін құруды қажет етеді. Атқаратын қызметіне қарай кітапхана К-ы – оқырмандар К-ы және жұмыс К-ы болып бөлінеді. Жұмыс К-ына оқырмандар сирек талап ететін және ескірген әдебиеттердің тізімі енеді. Материалдарды топтастыру жағынан К-тар жүйелік, пәндік, әліпбилік, нөмірлі т.б. болады. К-тарға баспадан шыққан шығармалар түрлері тізіледі: кітаптар, мерзімді басылымдар, геогр. карталар, графикалық шығармалар, стандарттар, патенттер және авторлық куәліктер. Қрі кітапханаларда кітапхананың толық қорын қамтитын бас К-пен қатар бөлімдердің қорын көрсететін К-тар құрастырылады. Кітапхананың және кітапханааралық абоненттің ақпараттық қызметі кеңейген сайын жинақтау К-ның маңызы артады. Ол бірнеше дербес кітапханалардың қорын көрсетеді және территориясына не саласына қарай жасалады. Форма жағынан К-тар карточкалы К., баспалы К. (кітап түрінде), блоккарточкалы К. (блокнот немесе альбом түрінде) болады. Мезгілінде толықтырып, өзгертіп отыруға ыңғайлы болғандықтан, карточкалы К. көп тараған; 2) информатикада – компьютер дискісіндегі ортақ қасиеттеріне байланысты бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығына қойылған атау. Файлдарды К-тарға біріктіру оларды реттеп орналастырып, дер кезінде жылдам тауып алуға мүмкіндік береді. К-қа енгізілген файлдардың параметрлері (сипаттамалары) автоматты түрде жазылып отырады, мыс., файл аттары, олардың типтері (бағдарламалық, мәтіндік, графиктік, т.б.), файлдың байтпен берілген көлемі, оның жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі, уақыты, файлдың маңыздылығын білдіретін оның қорғаныс түрі (қарапайым, архивтік, тек оқылатын, жасырын, жүйелік). Егер К-та файл аты жазылса, онда файл осы К-та сақталады деп айтылады. К-та файлдардан басқа ішкі каталогтар да сақталады. Әрбір дискіде негізгі немесе түпкі К. болады, оған ат қойылмайды (оның аты дискінің атымен бірдей болып саналады). Түпкі К-қа бірінші деңгейдегі файлдар мен ішкі К-тар кіреді. Бірінші деңгейдегі К-қа екінші деңгейдегі файлдар мен К-тар кіреді, т.с.с. Дискілерде осындай тәртіппен көп деңгейлі бұтақ тәріздес файлдар жүйесі құрылады. К-тарды ағылшынша қосалқы атына сәйкес “директория” деп те айта береді. Жаңа компьютерлерде К-тарды олардың қағаз құжаттарға сәйкестігіне байланысты “бума” (папка) деп айту қалыптасқан. Дискілерде, мыс., “бағдарламалар”, “хаттар”, “құжаттар” атты бумалар болуы мүмкін. Аттарына сәйкес, біріншісінде – бағдарламалық файлдар сақталса, екіншісінде – сырттан келген хаттар тұрады, үшіншісінде құжаттар жазылған, т.с.с. Б. Бөрібаев, С. Хасенов  

КАТАЛОГ (грек. katalogos – тізім) – 1) кітапхана ісінде – кітапхана қорындағы баспадан шыққан және қолжазба күйіндегі шығармалардың тізімі. К. кітапхана қорының мазмұнын көрсетуде, оқырмандардың қажетті кітапты тауып алуында, кітапхана міндеттерін шешуде көмекші құрал болып табылады. Кітапхананың кітап қорын жасайтын түрлі тақырыптағы баспадан шыққан шығармалар мен оқырмандар талабының әрқилылығы К-тың күрделі жүйесін құруды қажет етеді. Атқаратын қызметіне қарай кітапхана К-ы – оқырмандар К-ы және жұмыс К-ы болып бөлінеді. Жұмыс К-ына оқырмандар сирек талап ететін және ескірген әдебиеттердің тізімі енеді. Материалдарды топтастыру жағынан К-тар жүйелік, пәндік, әліпбилік, нөмірлі т.б. болады. К-тарға баспадан шыққан шығармалар түрлері тізіледі: кітаптар, мерзімді басылымдар, геогр. карталар, графикалық шығармалар, стандарттар, патенттер және авторлық куәліктер. Қрі кітапханаларда кітапхананың толық қорын қамтитын бас К-пен қатар бөлімдердің қорын көрсететін К-тар құрастырылады. Кітапхананың және кітапханааралық абоненттің ақпараттық қызметі кеңейген сайын жинақтау К-ның маңызы артады. Ол бірнеше дербес кітапханалардың қорын көрсетеді және территориясына не саласына қарай жасалады. Форма жағынан К-тар карточкалы К., баспалы К. (кітап түрінде), блоккарточкалы К. (блокнот немесе альбом түрінде) болады. Мезгілінде толықтырып, өзгертіп отыруға ыңғайлы болғандықтан, карточкалы К. көп тараған; 2) информатикада – компьютер дискісіндегі ортақ қасиеттеріне байланысты бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығына қойылған атау. Файлдарды К-тарға біріктіру оларды реттеп орналастырып, дер кезінде жылдам тауып алуға мүмкіндік береді. К-қа енгізілген файлдардың параметрлері (сипаттамалары) автоматты түрде жазылып отырады, мыс., файл аттары, олардың типтері (бағдарламалық, мәтіндік, графиктік, т.б.), файлдың байтпен берілген көлемі, оның жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі, уақыты, файлдың маңыздылығын білдіретін оның қорғаныс түрі (қарапайым, архивтік, тек оқылатын, жасырын, жүйелік). Егер К-та файл аты жазылса, онда файл осы К-та сақталады деп айтылады. К-та файлдардан басқа ішкі каталогтар да сақталады. Әрбір дискіде негізгі немесе түпкі К. болады, оған ат қойылмайды (оның аты дискінің атымен бірдей болып саналады). Түпкі К-қа бірінші деңгейдегі файлдар мен ішкі К-тар кіреді. Бірінші деңгейдегі К-қа екінші деңгейдегі файлдар мен К-тар кіреді, т.с.с. Дискілерде осындай тәртіппен көп деңгейлі бұтақ тәріздес файлдар жүйесі құрылады. К-тарды ағылшынша қосалқы атына сәйкес “директория” деп те айта береді. Жаңа компьютерлерде К-тарды олардың қағаз құжаттарға сәйкестігіне байланысты “бума” (папка) деп айту қалыптасқан. Дискілерде, мыс., “бағдарламалар”, “хаттар”, “құжаттар” атты бумалар болуы мүмкін. Аттарына сәйкес, біріншісінде – бағдарламалық файлдар сақталса, екіншісінде – сырттан келген хаттар тұрады, үшіншісінде құжаттар жазылған, т.с.с.

Б. Бөрібаев, С. Хасенов
 

Ұқсас материалдар