Қандастар Ассамблея

Біріккен Нидерланд провинциялары Республикасының тәуелсіздік алуы

04.12.2012 3596
  Ағылшындар мен голландықтардың бәсекелесінде, Балтықта голландықтардың позициясы ерекше мықты болатын. Балтық теңізінің жағалауынан Батыс Еyропаға маңызды тауарларды: кемелік құрылыс ағаш, кенеп (кенептен, кендірден тоқылған мата және көптеген маңызды тауарларды таситын. Нақты мәліметтердің жетіспеуінен, Балтық саудасына ағылшындықтардың ену тенденциясын дәл анықтау қиын. Осыған екі көзқарас болып тұр. Біріншісі - дәстүрлі, оған көптеген зертеушілер сүйенеді, яғни ағылшындардың Балтыққа қатысуы үздіксіз өсіп отырды және егер де XV ғасырда Англияның Балтықпен саудасының маңызды бөлігі арасындағы делдал ганзейліктердің қолында болса, XVI ғасырдың екінші жартысында үкіметтің қолдауына ие болған ағылшын көпестері Балтық елдерімен сауданы өз қолдарына алды, ал бұл процестің нәтижесінде, 1579 жылы 17 тамызда Елизаветаның хартиясында жарқын көрініс тапқан Эстландия немесе Балтық компаниясының құрылуы болды. Ағылшын сауда экспансиясы XV-XVIII ғасырлардағы дәуірдің символына айналды. XV ғасырдың өзінде ақ ағылшын көпестері Ганза бақылауларынан құтылуға тырысты, XVI ғасырда олардан құтылды да, сонымен үкіметтің барлық күшінің қолдауымен Англияның коммерциялық кезеңі басталды. Балтық теңізінің аймағы ағылшындардың сауда экспансиясының бір бағыты болды, сондай-ақ 300 жылға жуық ағылшындардың қызығушылығында болды. Aғылшын үкіметі Нидерландияны өздерінің жылдам қарқынмен дамып келе жатқан болашақ бақталасы ретінде танитындықтан мүмкіндікті пайдаланып шиеленіскен саяси жағдайды өз пайдаларына шешуді көздеді. Мемлекеттің көздеген саясатын жүзеге асыру граф Лестерге жүктелді. Лестер 1587 жылы желтоқсанда Лестер провинциялар бірлестігіне келді [19. 56]. Провинцияларға Испаниямен, Франциямен және олардың одақтастарымен сауда жасасуға тыйым салды. Ол билік өкілдерінің, консисторлар мен радикалдардың арасындағы қатнастардың нашарлығын пайдаланып, оларды бір-біріне айдап салды. Испандықтармен соғыста оның әскері жеңіліс тапты. Бас штаттың бос шығындалуды тоқтатып, келісім шарттағыдай қарым-қатнасты қалпына келетіру және испандықтарға қарсы соғыста жеңуді қамтамасыз ету туралы талаптарын елемеді. Лестердің Филипп ІІ мен бейбіт келісімге қол қоюы туралы Англиядан келген құпия нұсқаулықтың қолға түсуі, Елизавета мен оның қолшоқпарының шын мақсатын әшкере етті. Осыдан кейін Амсердам мен басқа бірнеше қалада көтеріліс жасап басып алу жоспарлары да жүзеге аспай қалды. Алданғанын білген Нидерландықтар одан теріс айналды. 1587 қараша айында граф Лестер Англияға қайтып кетті. Осы оқиға мен герцог Анжуйскидің сәтсіздіктері провинциялар бірлестігін басқарушы ақсүйектерді тәуелсіздік жолында жат жерліктердің көмегіне сүйенудің мүлде пайдасыз екендігіне көздерін жеткізді. Аталмыш сатқындықтың Нидерландықтарға тигіген пайдасы олар батыл шешім қабылдап провинциялар бірлестігін республикаға айналдырды. Біріккен провинциялар республикасының жоғарғы билеуші органы – Бас Штат, ал мемлекеттік құрылысы республикалық болды. Билеуші топ саясаттың көптеген сақ қадамдарын меңгерді. Ян фан Олденбарнофелт секілді ірі ұлттық саяси қайраткерлер пайда болды. Ян фан Олденбарнофелт іс жүзінде республиканың бүкіл ішкі және сыртқы саясатына басшылық жасады. Осы кезде ханзада Оранскийдің ұлы Морис Нассауский де өзінің батыл саясаты мен қабылетті қолбасшы ретінде көзге түсіп, халықтың қолдауын тапты. Ол Лестер келместен бұрын Нидерланд жерінің статхаудері болып сайланған еді. Бірақ ол кезде оның жастығы мен тәжірибесіздігі саясатқа белсене араласып, ықпал етуіне көп кедергі болған. 1588 жылы Мористің басшылығымен Республиканың теңіз әскері Филипп ІІ нің Жеңілмес армадасына үлкен соққы берді. Ағылшындар үшін ең басты сауда тірегі Антверпен қаласы болды. XVI ғасырдың ортасында авантюристік-көпестер Компаниясы күшті болғаны соншалық, ішкі ағылшын нарығынан ганзейліктерді толығымен ығыстыруға күші жетті. Сондай-ақ дәл осы кезеңде aвантюристік-көпестер қаржысы ағылшын өкметінің несие берушісіне айналған. Сонымен бұл компанияның ықпалы үлкен маңызға ие болды. Нидерландыдан кейін ағылшын көпестерің қызығушылығында сөзсіз Балтық болды. XIV ғасырда ағылшын-балтық саудасы тек қана ганзей арқылы жүргізілді. XV ғасырдын аяғында ганзейліктердің қамқорлығы ағылшының сыртқы саудасының дамуына кері әсерін тигізді. XVI ғасырдың басында Англия өзінің сауда экспанциясын кеңейтуді белсенді түрде бастайды, ағылшын көпестері барған сайын елдің ішінде өздерінің позицияларын күшейте түседі. Ағылшын саудасынан шетелдіктерді біртіндеп ығыстыра бастайды, XVI - XVII ғасырларда Ганзaның жеңілдіктері біртіндеп жоғала бастайды, ал 1598 жылы Лондонда Болат сарайы жабылады. Осыдан кейін Англиямен қатынас тұрақты жүйеге түсті. Францияның өз ішінде қиыншылықтар туып Нидерландияға бұрынғыдай араласуына мүмкіндіктері болмады. 1592 жылы Фарнез француздық католиктерге көмекке жасақталған экспедициялық әскерге қолбасшы болып тағайындалды. Ал 1596 жылы Испания кезекті тоқырау жағдайына тап болды. Көршілес ықпалды державалардың бастарына түскен қиыншылық Нидерландияның мемлекеттік жүйесінің қалыптасып нығаюына ықпал етті. 1588 – 1598 жылдар аралығында Морис Нассауский жеті провинция мен оңтүстіктегі біршама аудандардың тұтастығын қалпына келтірді. Республиканың ішкі саяси жағдайы біршама тұрақталып, экономикасында айтарлықтай ілгерілеу болды. XVII ғасырдың басында біраз қиыншылықтар болды. Морис Нассаускийдің оңтүстікті азат ету мақсатында жасаған жорығы Голландияның бастартуынан кейін Нианортты алумен тоқтатылды. Голландияның оңтүстікті азат етуден бас тартуларының себебі, ежелгі қарсыластары Фландрия мен Брабанттың қайта жаңғыруынан қауіптенгендік еді. Испанияның экономикалық қиындықтарды бастан кешіруі, 1607 жылғы кезекті тоқырау мен Гибралтар маңында испан теңіз әскерінің Нидерланд флотынан тағыда жеңілуі оны Нидерландияның пайдасына шешілетін бейбіт келісімге көнуіне мәжбүр етті. 1609 жылы 1621 жылға дейінгі 12 жылдық бейбіт келісім жасалды. Келісімде Біріккен провинциялар Республикасының шекарасы мен тәуелсіздігі мойындалды. Революция не пайда берді дегенге келер болсақ. Нидерланд буржуазиялық революциясы жеңіске жетті. Біріккен провинциялар Республикасы құрылып, аймақта жаңа басқару формасы қалыптасты. Бірақ 1579 жылы Утрехт униясымен кепіл берілген жаңа құрылыстағы буржуазиялық-демократиялық мемлекет 1789 жылдан кейінгі Франциядағыда толыққанды республикалық келбетке өте алмады. Жоғарғы билеу құзіреті жаңа салық енгізу, заң шығару, соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешу секілді сұрақтарды жөнге салатын билік орны – Генералдық штатқа берілді. Ондағы провинциялардың делегациялары бір дауысқа ие болды. Бірақ олардың шешімі барлығы бірдей дауыс бергенде ғана күшіне енді. Голландияда басшылықпен тек ақсүйектер айналысты. Тек Фрисландияда ғана ақсүйектермен қатар қалалықтарда дауыс беруге қатысып тұрды. Теңіз жолдары арқылы өзге жерлермен тығыз қарым-қатнастың орнауынан экономикасы мен мәдениетінде қарқынды дамулар болған Біріккен Нидерланд провинциялары Республикасы шамалы уақыттың ішінде сол заманғы Европадағы ықпалды мемлекеттердің қатарына кірді.  

 

Ағылшындар мен голландықтардың бәсекелесінде, Балтықта голландықтардың позициясы ерекше мықты болатын. Балтық теңізінің жағалауынан Батыс Еyропаға маңызды тауарларды: кемелік құрылыс ағаш, кенеп (кенептен, кендірден тоқылған мата және көптеген маңызды тауарларды таситын. Нақты мәліметтердің жетіспеуінен, Балтық саудасына ағылшындықтардың ену тенденциясын дәл анықтау қиын. Осыған екі көзқарас болып тұр. Біріншісі - дәстүрлі, оған көптеген зертеушілер сүйенеді, яғни ағылшындардың Балтыққа қатысуы үздіксіз өсіп отырды және егер де XV ғасырда Англияның Балтықпен саудасының маңызды бөлігі арасындағы делдал ганзейліктердің қолында болса, XVI ғасырдың екінші жартысында үкіметтің қолдауына ие болған ағылшын көпестері Балтық елдерімен сауданы өз қолдарына алды, ал бұл процестің нәтижесінде, 1579 жылы 17 тамызда Елизаветаның хартиясында жарқын көрініс тапқан Эстландия немесе Балтық компаниясының құрылуы болды. Ағылшын сауда экспансиясы XV-XVIII ғасырлардағы дәуірдің символына айналды. XV ғасырдың өзінде ақ ағылшын көпестері Ганза бақылауларынан құтылуға тырысты, XVI ғасырда олардан құтылды да, сонымен үкіметтің барлық күшінің қолдауымен Англияның коммерциялық кезеңі басталды. Балтық теңізінің аймағы ағылшындардың сауда экспансиясының бір бағыты болды, сондай-ақ 300 жылға жуық ағылшындардың қызығушылығында болды.
Aғылшын үкіметі Нидерландияны өздерінің жылдам қарқынмен дамып келе жатқан болашақ бақталасы ретінде танитындықтан мүмкіндікті пайдаланып шиеленіскен саяси жағдайды өз пайдаларына шешуді көздеді. Мемлекеттің көздеген саясатын жүзеге асыру граф Лестерге жүктелді. Лестер 1587 жылы желтоқсанда Лестер провинциялар бірлестігіне келді [19. 56]. Провинцияларға Испаниямен, Франциямен және олардың одақтастарымен сауда жасасуға тыйым салды. Ол билік өкілдерінің, консисторлар мен радикалдардың арасындағы қатнастардың нашарлығын пайдаланып, оларды бір-біріне айдап салды. Испандықтармен соғыста оның әскері жеңіліс тапты. Бас штаттың бос шығындалуды тоқтатып, келісім шарттағыдай қарым-қатнасты қалпына келетіру және испандықтарға қарсы соғыста жеңуді қамтамасыз ету туралы талаптарын елемеді. Лестердің Филипп ІІ мен бейбіт келісімге қол қоюы туралы Англиядан келген құпия нұсқаулықтың қолға түсуі, Елизавета мен оның қолшоқпарының шын мақсатын әшкере етті. Осыдан кейін Амсердам мен басқа бірнеше қалада көтеріліс жасап басып алу жоспарлары да жүзеге аспай қалды. Алданғанын білген Нидерландықтар одан теріс айналды. 1587 қараша айында граф Лестер Англияға қайтып кетті. Осы оқиға мен герцог Анжуйскидің сәтсіздіктері провинциялар бірлестігін басқарушы ақсүйектерді тәуелсіздік жолында жат жерліктердің көмегіне сүйенудің мүлде пайдасыз екендігіне көздерін жеткізді. Аталмыш сатқындықтың Нидерландықтарға тигіген пайдасы олар батыл шешім қабылдап провинциялар бірлестігін республикаға айналдырды. Біріккен провинциялар республикасының жоғарғы билеуші органы – Бас Штат, ал мемлекеттік құрылысы республикалық болды.
Билеуші топ саясаттың көптеген сақ қадамдарын меңгерді. Ян фан Олденбарнофелт секілді ірі ұлттық саяси қайраткерлер пайда болды. Ян фан Олденбарнофелт іс жүзінде республиканың бүкіл ішкі және сыртқы саясатына басшылық жасады. Осы кезде ханзада Оранскийдің ұлы Морис Нассауский де өзінің батыл саясаты мен қабылетті қолбасшы ретінде көзге түсіп, халықтың қолдауын тапты. Ол Лестер келместен бұрын Нидерланд жерінің статхаудері болып сайланған еді. Бірақ ол кезде оның жастығы мен тәжірибесіздігі саясатқа белсене араласып, ықпал етуіне көп кедергі болған. 1588 жылы Мористің басшылығымен Республиканың теңіз әскері Филипп ІІ нің Жеңілмес армадасына үлкен соққы берді. Ағылшындар үшін ең басты сауда тірегі Антверпен қаласы болды. XVI ғасырдың ортасында авантюристік-көпестер Компаниясы күшті болғаны соншалық, ішкі ағылшын нарығынан ганзейліктерді толығымен ығыстыруға күші жетті. Сондай-ақ дәл осы кезеңде aвантюристік-көпестер қаржысы ағылшын өкметінің несие берушісіне айналған. Сонымен бұл компанияның ықпалы үлкен маңызға ие болды.
Нидерландыдан кейін ағылшын көпестерің қызығушылығында сөзсіз Балтық болды. XIV ғасырда ағылшын-балтық саудасы тек қана ганзей арқылы жүргізілді. XV ғасырдын аяғында ганзейліктердің қамқорлығы ағылшының сыртқы саудасының дамуына кері әсерін тигізді. XVI ғасырдың басында Англия өзінің сауда экспанциясын кеңейтуді белсенді түрде бастайды, ағылшын көпестері барған сайын елдің ішінде өздерінің позицияларын күшейте түседі. Ағылшын саудасынан шетелдіктерді біртіндеп ығыстыра бастайды, XVI - XVII ғасырларда Ганзaның жеңілдіктері біртіндеп жоғала бастайды, ал 1598 жылы Лондонда Болат сарайы жабылады. Осыдан кейін Англиямен қатынас тұрақты жүйеге түсті.
Францияның өз ішінде қиыншылықтар туып Нидерландияға бұрынғыдай араласуына мүмкіндіктері болмады. 1592 жылы Фарнез француздық католиктерге көмекке жасақталған экспедициялық әскерге қолбасшы болып тағайындалды. Ал 1596 жылы Испания кезекті тоқырау жағдайына тап болды. Көршілес ықпалды державалардың бастарына түскен қиыншылық Нидерландияның мемлекеттік жүйесінің қалыптасып нығаюына ықпал етті. 1588 – 1598 жылдар аралығында Морис Нассауский жеті провинция мен оңтүстіктегі біршама аудандардың тұтастығын қалпына келтірді. Республиканың ішкі саяси жағдайы біршама тұрақталып, экономикасында айтарлықтай ілгерілеу болды.
XVII ғасырдың басында біраз қиыншылықтар болды. Морис Нассаускийдің оңтүстікті азат ету мақсатында жасаған жорығы Голландияның бастартуынан кейін Нианортты алумен тоқтатылды. Голландияның оңтүстікті азат етуден бас тартуларының себебі, ежелгі қарсыластары Фландрия мен Брабанттың қайта жаңғыруынан қауіптенгендік еді. Испанияның экономикалық қиындықтарды бастан кешіруі, 1607 жылғы кезекті тоқырау мен Гибралтар маңында испан теңіз әскерінің Нидерланд флотынан тағыда жеңілуі оны Нидерландияның пайдасына шешілетін бейбіт келісімге көнуіне мәжбүр етті. 1609 жылы 1621 жылға дейінгі 12 жылдық бейбіт келісім жасалды. Келісімде Біріккен провинциялар Республикасының шекарасы мен тәуелсіздігі мойындалды.
Революция не пайда берді дегенге келер болсақ. Нидерланд буржуазиялық революциясы жеңіске жетті. Біріккен провинциялар Республикасы құрылып, аймақта жаңа басқару формасы қалыптасты. Бірақ 1579 жылы Утрехт униясымен кепіл берілген жаңа құрылыстағы буржуазиялық-демократиялық мемлекет 1789 жылдан кейінгі Франциядағыда толыққанды республикалық келбетке өте алмады. Жоғарғы билеу құзіреті жаңа салық енгізу, заң шығару, соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешу секілді сұрақтарды жөнге салатын билік орны – Генералдық штатқа берілді. Ондағы провинциялардың делегациялары бір дауысқа ие болды. Бірақ олардың шешімі барлығы бірдей дауыс бергенде ғана күшіне енді. Голландияда басшылықпен тек ақсүйектер айналысты. Тек Фрисландияда ғана ақсүйектермен қатар қалалықтарда дауыс беруге қатысып тұрды.
Теңіз жолдары арқылы өзге жерлермен тығыз қарым-қатнастың орнауынан экономикасы мен мәдениетінде қарқынды дамулар болған Біріккен Нидерланд провинциялары Республикасы шамалы уақыттың ішінде сол заманғы Европадағы ықпалды мемлекеттердің қатарына кірді.
 

Ұқсас материалдар