Қандастар Ассамблея

Біріккен Араб Әмірлігі

04.12.2012 21621
  Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), әл-Әмирәт әл-Араби әл-Муттахида – Азиядағы Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатқан, Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет. Құрамына Әбу-Даби, Дубай, Шараджа, Фуджайра, Умм әл-Кайвайн, Әджман, Рас әл-Хайма әмірліктері кіреді. Жері – 83,6 мың км2. Астанасы – Әбу-Даби. Халқы – 4,4 млн. адам (2007). Арабтардан басқа үндіс, парсы, т.б. ұлттар тұрады. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Діні – ислам. Біріккен Араб Әмірлігі – федеративтік мемлекет. Оған енетін әрбір әмірлікте монархиялық билік қалыптасқан. Әмірліктерді басқаратын билеушілердің барлығы Жоғарғы Кеңес құрамына кіреді. Олар өз араларынан бес жыл мерзімге президент сайлайды. Федеративтік ұлттық кеңес (40 мүше) – парламент тәрізді кеңесші орган. Атқару билігін Министрлер Кеңесі жүргізеді.  Біріккен Араб Әмірлігінің жері Парсы шығанағының оңтүстік жағалауымен 600 шақырымға созылып жатыр. Жағалауы ойпат, көптеген ұсақ аралдарды қамтиды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді. Климаты құрғақ тропиктік. Қаңтар айында ауа райының орташа температурасы 20ӘС шамасында, шілдеде 30 – 35ӘС-қа (кейде 50ӘС-қа) дейін барады. Жауын-шашын жылына: жазықтықта 100 – 150 мм, таулы аймағында 300 – 400 мм. Тұрақты өзендері жоқ. Шұраттарда жүзім, құрма ағашы, манго, банан, лимон, темекі өсіріледі. Қазіргі Біріккен Араб Әмірлігінің жерін адам баласы ерте заманнан қоныстанып келеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда бұл жер Ахемен әулетінің қол астына қараса, кейіннен Сасани әулетінің қарамағында болған, ал 7 ғасырдан бастап Араб халифатына біріктірілген. Ислам негізгі де басты дін болып қалыптасты. Бұл өңірге үстемдік жүргізу үшін Иран, Түркия, Оман билеушілері және уаххабшылдар үнемі күрес жүргізіп келді. 18 ғасырда ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Парсы шығанағында жүк тасымалдауды өз қолдарына алып, халықты басты өмір сүру көзінен айырғандықтан, жеке-жеке әмірліктерге бөлінген жергілікті араб жұртшылығы мен ағылшындар арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрды. 19 ғасырдың басында Ост-Үнді компаниясы теңіз қарақшыларымен күресеміз деген сылтаумен мұнда әскери экспедиция жібереді. Олар 1820 ж. жеті араб әмірлігінің әмірлері мен шейхтарын Бас келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеп, ақыры осында өз бақылауын орнатады. 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап ағылшындарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды. 1971 ж. екінші желтоқсанда тәуелсіз Біріккен Араб Әмірлігі құрылды. Біріккен Араб Әмірлігі Араб мемлекеттерінің лигасына, БҰҰ-на мүше. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 ж. таныды. Біріккен Араб Әмірлігі ұлттық табысы жағынан жан басына шаққанда дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Экономикасының негізі – мұнай мен газ қорлары. Мұнай өңдеу, мұнай-химия, металлургия (алюминий балқыту), цемент өндірістері дамып келеді. Қолөнер, балық аулау және маржан теру өндірістері де ұлғаюда. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Жерінің 0,3%-ы ғана өңделеді, оның 17,2%-ы суармалы жерлер. Шұраттарда құрма, жүзім, көкөніс, мақта, т.б. өсірілгенімен, тамақ өнімдері шет елдерден әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Корей Республикасы, т.б.     

 

Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), әл-Әмирәт әл-Араби әл-Муттахида – Азиядағы Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатқан, Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет. Құрамына Әбу-Даби, Дубай, Шараджа, Фуджайра, Умм әл-Кайвайн, Әджман, Рас әл-Хайма әмірліктері кіреді. Жері – 83,6 мың км2. Астанасы – Әбу-Даби. Халқы – 4,4 млн. адам (2007). Арабтардан басқа үндіс, парсы, т.б. ұлттар тұрады. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Діні – ислам. Біріккен Араб Әмірлігі – федеративтік мемлекет. Оған енетін әрбір әмірлікте монархиялық билік қалыптасқан. Әмірліктерді басқаратын билеушілердің барлығы Жоғарғы Кеңес құрамына кіреді. Олар өз араларынан бес жыл мерзімге президент сайлайды. Федеративтік ұлттық кеңес (40 мүше) – парламент тәрізді кеңесші орган. Атқару билігін Министрлер Кеңесі жүргізеді. 
Біріккен Араб Әмірлігінің жері Парсы шығанағының оңтүстік жағалауымен 600 шақырымға созылып жатыр. Жағалауы ойпат, көптеген ұсақ аралдарды қамтиды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді. Климаты құрғақ тропиктік. Қаңтар айында ауа райының орташа температурасы 20ӘС шамасында, шілдеде 30 – 35ӘС-қа (кейде 50ӘС-қа) дейін барады. Жауын-шашын жылына: жазықтықта 100 – 150 мм, таулы аймағында 300 – 400 мм. Тұрақты өзендері жоқ. Шұраттарда жүзім, құрма ағашы, манго, банан, лимон, темекі өсіріледі. Қазіргі Біріккен Араб Әмірлігінің жерін адам баласы ерте заманнан қоныстанып келеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда бұл жер Ахемен әулетінің қол астына қараса, кейіннен Сасани әулетінің қарамағында болған, ал 7 ғасырдан бастап Араб халифатына біріктірілген. Ислам негізгі де басты дін болып қалыптасты. Бұл өңірге үстемдік жүргізу үшін Иран, Түркия, Оман билеушілері және уаххабшылдар үнемі күрес жүргізіп келді. 18 ғасырда ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Парсы шығанағында жүк тасымалдауды өз қолдарына алып, халықты басты өмір сүру көзінен айырғандықтан, жеке-жеке әмірліктерге бөлінген жергілікті араб жұртшылығы мен ағылшындар арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрды. 19 ғасырдың басында Ост-Үнді компаниясы теңіз қарақшыларымен күресеміз деген сылтаумен мұнда әскери экспедиция жібереді. Олар 1820 ж. жеті араб әмірлігінің әмірлері мен шейхтарын Бас келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеп, ақыры осында өз бақылауын орнатады. 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап ағылшындарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды. 1971 ж. екінші желтоқсанда тәуелсіз Біріккен Араб Әмірлігі құрылды. Біріккен Араб Әмірлігі Араб мемлекеттерінің лигасына, БҰҰ-на мүше. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 ж. таныды. Біріккен Араб Әмірлігі ұлттық табысы жағынан жан басына шаққанда дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Экономикасының негізі – мұнай мен газ қорлары. Мұнай өңдеу, мұнай-химия, металлургия (алюминий балқыту), цемент өндірістері дамып келеді. Қолөнер, балық аулау және маржан теру өндірістері де ұлғаюда. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Жерінің 0,3%-ы ғана өңделеді, оның 17,2%-ы суармалы жерлер. Шұраттарда құрма, жүзім, көкөніс, мақта, т.б. өсірілгенімен, тамақ өнімдері шет елдерден әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Корей Республикасы, т.б. 
 
 

Ұқсас материалдар