Қандастар Ассамблея

Каспий ойпаты

04.12.2012 6750
КАСПИЙ ОЙПАТЫ – Каспий т-н солт-нен доға тәрізді ораған ойпат. Солт-нде Жалпы Сырт қыратымен, шығысында Үстірт және Маңғыстау тауларының етегімен, батысында Ергене қыратымен шектеледі. Ұз. батыстан шығысқа қарай 1000 км-ден астам, ені 500 км-дей. Ауд. 200 мың км2. Негізінен, Қазақстан жерінде, батыс шеті Ресей аумағында. Абс. биіктігі Каспий т. жағалауындағы –26 м-ден шет жақтарында 100 м-ге дейін көтеріледі. К. о. бұрын теңіз түбі болған. Төрттік дәуірдегі теңіз трансгрессиялары кезінде теңіз дүниежүз. мұхит деңгейінен 50 м жоғары көтеріліп, солт-нде Жигули тауларына дейін жеткен. К. о-ның жер бедері теңізден қалған қалыңд. 1 км-ге дейін жететін беткі қабаты құм, шөгінді саз жыныстары қабаттарынан қалыптасқан. Тегіс жазықтың үстінде жеке тұз күмбезді қыраттар кездеседі (Бесшоқы, 60 м, Индер, 56 м, Үлкен Боғда, 152 м, т.б.). Ойпаттың теңіз жағалық бөлігінде батысында Кума өз-нің сағасынан, шығыста Жем өз-не дейін бэр төбешіктері таралған. Климаты тым континенттік. Қаңтардың орташа темп-расы солт-нде –14С, Каспий т. жағалауында –8С. Абсолют минимумы –40С-қа дейін барады. Қар жамылғысы жұқа түскенімен, 4 – 5 ай жатады. Жазы ыстық, әрі құрғақ. Шілденің орташа темп-расы 22 – 24С. Абсолют максимумы 40С-тан асады. Жылдық жауын-шашын солт-нде 250 мм-ден оңт.-шығысында 150 мм-ге дейін кемиді. Аңызақ жел жиі қайталанады. Өзен торы сирек. Еділ, Жайық, Терек өзендері ғана Каспий т-не дейін жетеді. Қараөзен, Сарыөзен, Ойыл, Сағыз, Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты жазда үзіліп қалады. Тұзды көлдер көп. К. о. шөлейт және шөл аймақтарды қамтиды. Сортаң бозғылт қоңыр және қоңыр топырақ сипатты сор мен сортаң кең көлемде таралған. Солт-нде жусанды-бетегелі, оңт-нде жусанды-сораңды өсімдік басым. Жануарлардан ұсақ кемірушілер – саршұнақ, қосаяқ, аламан, т.б. жиі кездеседі. Еділ мен Жайықтың аралығындағы құмдарда ақбөкен, қарсақ кездеседі. Еділдің атырауы су құстарына бай. К. о-нда мұнай, газ, ас тұзы кен орындары мол. Қар жамылғысының жұқа түсуі қысқы мал жайылымына қолайлы. Көлдете суару жемшөптен мол өнім алуға мүмкіндік береді. Еділ – Ақтөбе жайылмасында бау-бақша, тех. дақылдар және күріш егіледі. Еділдің атырауында Астрахан қорығы орналасқан. Әдеб.: Прикаспийская аккумулятивная равнина. В кн.: Рельеф Казахстана (пояснительная записка к геоморфологической карте Казахской ССР масштаба 1: 1500000), ч. 2, А.-А., 1991. Ә. Бірмағамбетов  

КАСПИЙ ОЙПАТЫ – Каспий т-н солт-нен доға тәрізді ораған ойпат. Солт-нде Жалпы Сырт қыратымен, шығысында Үстірт және Маңғыстау тауларының етегімен, батысында Ергене қыратымен шектеледі. Ұз. батыстан шығысқа қарай 1000 км-ден астам, ені 500 км-дей. Ауд. 200 мың км2. Негізінен, Қазақстан жерінде, батыс шеті Ресей аумағында. Абс. биіктігі Каспий т. жағалауындағы –26 м-ден шет жақтарында 100 м-ге дейін көтеріледі. К. о. бұрын теңіз түбі болған. Төрттік дәуірдегі теңіз трансгрессиялары кезінде теңіз дүниежүз. мұхит деңгейінен 50 м жоғары көтеріліп, солт-нде Жигули тауларына дейін жеткен. К. о-ның жер бедері теңізден қалған қалыңд. 1 км-ге дейін жететін беткі қабаты құм, шөгінді саз жыныстары қабаттарынан қалыптасқан. Тегіс жазықтың үстінде жеке тұз күмбезді қыраттар кездеседі (Бесшоқы, 60 м, Индер, 56 м, Үлкен Боғда, 152 м, т.б.). Ойпаттың теңіз жағалық бөлігінде батысында Кума өз-нің сағасынан, шығыста Жем өз-не дейін бэр төбешіктері таралған. Климаты тым континенттік. Қаңтардың орташа темп-расы солт-нде –14С, Каспий т. жағалауында –8С. Абсолют минимумы –40С-қа дейін барады. Қар жамылғысы жұқа түскенімен, 4 – 5 ай жатады. Жазы ыстық, әрі құрғақ. Шілденің орташа темп-расы 22 – 24С. Абсолют максимумы 40С-тан асады. Жылдық жауын-шашын солт-нде 250 мм-ден оңт.-шығысында 150 мм-ге дейін кемиді. Аңызақ жел жиі қайталанады. Өзен торы сирек. Еділ, Жайық, Терек өзендері ғана Каспий т-не дейін жетеді. Қараөзен, Сарыөзен, Ойыл, Сағыз, Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты жазда үзіліп қалады. Тұзды көлдер көп. К. о. шөлейт және шөл аймақтарды қамтиды. Сортаң бозғылт қоңыр және қоңыр топырақ сипатты сор мен сортаң кең көлемде таралған. Солт-нде жусанды-бетегелі, оңт-нде жусанды-сораңды өсімдік басым. Жануарлардан ұсақ кемірушілер – саршұнақ, қосаяқ, аламан, т.б. жиі кездеседі. Еділ мен Жайықтың аралығындағы құмдарда ақбөкен, қарсақ кездеседі. Еділдің атырауы су құстарына бай. К. о-нда мұнай, газ, ас тұзы кен орындары мол. Қар жамылғысының жұқа түсуі қысқы мал жайылымына қолайлы. Көлдете суару жемшөптен мол өнім алуға мүмкіндік береді. Еділ – Ақтөбе жайылмасында бау-бақша, тех. дақылдар және күріш егіледі. Еділдің атырауында Астрахан қорығы орналасқан.

Әдеб.: Прикаспийская аккумулятивная равнина. В кн.: Рельеф Казахстана (пояснительная записка к геоморфологической карте Казахской ССР масштаба 1: 1500000), ч. 2, А.-А., 1991.
Ә. Бірмағамбетов
 

Ұқсас материалдар