Қандастар Ассамблея

КАСКОР

04.12.2012 2480
“КАСКОР” – Қазақстанның кешенді өнеркәсіп орындарының бірі. 1959 ж. құрылған. Алғашқыда Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинаты өндірістік бірлестігі деп аталды. Қарақияның жер бетіне жақын орналасқан уранды кенішін қорғаныс үшін кәдеге жарату мақсатымен жіберілген кеншілердің алғашқы отряды екі жерге: негізгі бөлігі қазіргі Ақтау қ. орналасқан Каспий т-нің Қолтық аймағына, қалғаны уранды Қарақия кеніші ойпаңына жайғасты. Кеншілер күрекпен және қайламен 240 м тереңдікке дейін шахта қазып, құрамында уран, фосфор тұздары бар кен өндіруді жолға қойды. Кейін кенді ашық әдіспен экскаваторлармен өндіру игерілді. Бастапқы кездері комбинат ғ475, ғ19 пошта жәшігі, “Махачкала-40 кенті”, “Гурьев-20 кенті” деген атпен аталды. Қарақияның кен байыту жұмыстары түбекке жеткізілген әскери хим. зертханаларда және тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыда жүргізілді. Бертін келе осы екеуінің негізінде Кен байыту ф-касы және Кешенді химия-гидрометаллургия з-ты бой көтерді. Өнеркәсіп аймағын дамыту “Гурьев-20 кентін” салумен ұштастырылды. Араға уақыт салып, комбинаттың азот-тук, машина жасау, күкірт қышқылы және жөндеу-механикалық з-ттары, теміржол көлігі және жөндеу-құрылыс басқармалары, 2 автобаза, ғыл.-зерт. өндірістік зертханасы, “Дикфа” тіс пастасы фирмасы сияқты бөлімшелері ірге тепті. Комбинаттың Жөндеу-механикалық з-тында металдардың кез келген түрін тез қорытып, дәл құю әдісі игеріліп, 30 түрлі маркалы болат пен қорытпалардан жасалған жабдықтар қайтадан қалпына келтірілді. Ал 1990 жылдан бастап тұңғыш рет лазер өнеркәсіптік кешені орнатылып, іске қосылды. Азот-тук з-ты 20 ғ-дың 80-жылдары жобалық қуатына жетіп, жылына 4 млн. т минералды тыңайтқыш шығара бастады. Зауыт нитрофосфаттан басқа шаруашылықта өте жоғары бағаланатын аммофос пен нитроаммофос сияқты тыңайтқыштар өндіруді жолға қойды. Аммофостың қоректік құрамы 64%-ға жетіп, мемл. сапа белгісін алды. Қазіргі кезеңде мұнда өндіріс көлемін ұлғайтпастан және жұмысшылардың санын арттырмастан жылына 5 млн. т-ға дейін өнім шығарылады. Ғыл.-зерт. өндірістік зертханасында 400-ге тарта мамандардың қатарында Мемл. сыйлықтың иегерлері бар.  Маңғыстау кенішінен фосфор, күкірт, скандий сияқты сирек кездесетін элементтердің 14 түрін айырып алу технологиясы өндіріске енгізілді. Комбинат ұжымы бұрын қорғаныс саласына қызмет етіп келген өндіріс кешенін біртіндеп халық тұтынатын тауарлар өндіру жағына икемдей бастады. Кейін шаңырақ көтерген Машина жасау з-ты мен “Дикфа” тіс пастасы фирмасы осындай қадамның жемісі. Бұларға “Конструктор”, “Шанс”, “Литейщик”, “Айна” сияқты мемл. шағын кәсіпорындар қосылды. С. Тоқсанбай  

“КАСКОР” – Қазақстанның кешенді өнеркәсіп орындарының бірі. 1959 ж. құрылған. Алғашқыда Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинаты өндірістік бірлестігі деп аталды. Қарақияның жер бетіне жақын орналасқан уранды кенішін қорғаныс үшін кәдеге жарату мақсатымен жіберілген кеншілердің алғашқы отряды екі жерге: негізгі бөлігі қазіргі Ақтау қ. орналасқан Каспий т-нің Қолтық аймағына, қалғаны уранды Қарақия кеніші ойпаңына жайғасты. Кеншілер күрекпен және қайламен 240 м тереңдікке дейін шахта қазып, құрамында уран, фосфор тұздары бар кен өндіруді жолға қойды. Кейін кенді ашық әдіспен экскаваторлармен өндіру игерілді. Бастапқы кездері комбинат ғ475, ғ19 пошта жәшігі, “Махачкала-40 кенті”, “Гурьев-20 кенті” деген атпен аталды. Қарақияның кен байыту жұмыстары түбекке жеткізілген әскери хим. зертханаларда және тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыда жүргізілді. Бертін келе осы екеуінің негізінде Кен байыту ф-касы және Кешенді химия-гидрометаллургия з-ты бой көтерді. Өнеркәсіп аймағын дамыту “Гурьев-20 кентін” салумен ұштастырылды. Араға уақыт салып, комбинаттың азот-тук, машина жасау, күкірт қышқылы және жөндеу-механикалық з-ттары, теміржол көлігі және жөндеу-құрылыс басқармалары, 2 автобаза, ғыл.-зерт. өндірістік зертханасы, “Дикфа” тіс пастасы фирмасы сияқты бөлімшелері ірге тепті. Комбинаттың Жөндеу-механикалық з-тында металдардың кез келген түрін тез қорытып, дәл құю әдісі игеріліп, 30 түрлі маркалы болат пен қорытпалардан жасалған жабдықтар қайтадан қалпына келтірілді. Ал 1990 жылдан бастап тұңғыш рет лазер өнеркәсіптік кешені орнатылып, іске қосылды. Азот-тук з-ты 20 ғ-дың 80-жылдары жобалық қуатына жетіп, жылына 4 млн. т минералды тыңайтқыш шығара бастады. Зауыт нитрофосфаттан басқа шаруашылықта өте жоғары бағаланатын аммофос пен нитроаммофос сияқты тыңайтқыштар өндіруді жолға қойды. Аммофостың қоректік құрамы 64%-ға жетіп, мемл. сапа белгісін алды. Қазіргі кезеңде мұнда өндіріс көлемін ұлғайтпастан және жұмысшылардың санын арттырмастан жылына 5 млн. т-ға дейін өнім шығарылады. Ғыл.-зерт. өндірістік зертханасында 400-ге тарта мамандардың қатарында Мемл. сыйлықтың иегерлері бар.  Маңғыстау кенішінен фосфор, күкірт, скандий сияқты сирек кездесетін элементтердің 14 түрін айырып алу технологиясы өндіріске енгізілді. Комбинат ұжымы бұрын қорғаныс саласына қызмет етіп келген өндіріс кешенін біртіндеп халық тұтынатын тауарлар өндіру жағына икемдей бастады. Кейін шаңырақ көтерген Машина жасау з-ты мен “Дикфа” тіс пастасы фирмасы осындай қадамның жемісі. Бұларға “Конструктор”, “Шанс”, “Литейщик”, “Айна” сияқты мемл. шағын кәсіпорындар қосылды.

С. Тоқсанбай
 

Ұқсас материалдар