Қандастар Ассамблея

Картография

04.12.2012 15468
КАРТОГРАФИЯ – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым. К. табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т.б. картогр. кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. К-лық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картогр. белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады. К-ның негізгі салалары: 1) К. пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картогр. проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары; 2) К. ғылымы мен өндірісінің тарихы; 3) картогр. деректер тану (картогр. деректерді саралау және оларға қатысы бар ғыл.-ақпарат теориясының мәселелері); 4) карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы; 5) карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.  К. ғыл. және тех. пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. К-ның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен шұғылданады. К. теориясының негізгі әдістемесі – картатану. Математикалық К. картаның матем. негіздерін зерттейді. Ол картогр. проекция теориясын әзірлейді, картогр. тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картогр. белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картогр. семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді.  Картаны басып шығару – картаны, атласты, т.б. картогр. өнімдерді технол. әзірлеу, көбейту, картаны полигр. безендіруден тұратын тех. пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы – салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картогр. өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картогр. өндірістің дамуын, көне картогр. өнімдердің тарихын зерттейді.  Картографиялық топонимика – геогр. атаулардың мағыналық мәнін зерттейтін пән. К. салаларын нысанға қарап та жіктейді. Мыс., Жер бетін (құрлықтар мен мұхиттарды), планеталық және астрон. картографиялау. Тақырыбына байланысты К. мынадай түрлерге ажыратылады: жалпыгеогр. және топогр., тақырыптық (табиғат, халық, шаруашылық, т.б.), арнайы. Әдісіне қарай жердегі, аэроғарыштағы және су астын картографиялау; масштабына қарай – ірі масштабты, орта масштабты және ұсақ масштабты деп ажыратады.  Г. Түсіпбекова  

КАРТОГРАФИЯ – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым. К. табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т.б. картогр. кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. К-лық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картогр. белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады. К-ның негізгі салалары: 1) К. пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картогр. проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары; 2) К. ғылымы мен өндірісінің тарихы; 3) картогр. деректер тану (картогр. деректерді саралау және оларға қатысы бар ғыл.-ақпарат теориясының мәселелері); 4) карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы; 5) карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі. 

К. ғыл. және тех. пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. К-ның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен шұғылданады. К. теориясының негізгі әдістемесі – картатану. Математикалық К. картаның матем. негіздерін зерттейді. Ол картогр. проекция теориясын әзірлейді, картогр. тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картогр. белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картогр. семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. 
Картаны басып шығару – картаны, атласты, т.б. картогр. өнімдерді технол. әзірлеу, көбейту, картаны полигр. безендіруден тұратын тех. пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы – салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картогр. өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картогр. өндірістің дамуын, көне картогр. өнімдердің тарихын зерттейді. 
Картографиялық топонимика – геогр. атаулардың мағыналық мәнін зерттейтін пән. К. салаларын нысанға қарап та жіктейді. Мыс., Жер бетін (құрлықтар мен мұхиттарды), планеталық және астрон. картографиялау. Тақырыбына байланысты К. мынадай түрлерге ажыратылады: жалпыгеогр. және топогр., тақырыптық (табиғат, халық, шаруашылық, т.б.), арнайы. Әдісіне қарай жердегі, аэроғарыштағы және су астын картографиялау; масштабына қарай – ірі масштабты, орта масштабты және ұсақ масштабты деп ажыратады. 
Г. Түсіпбекова