Қандастар Ассамблея

Карпат таулары

04.12.2012 12287
КАРПАТ ТАУЛАРЫ – Еуропадағы тау жүйесі. Польша, Венгрия, Украина және Румыния мемлекеттері аумағында орналасқан. Солт.-шығысқа және шығысқа қарай доғаша иілген жоталардың ұз. 1500 км. Батысында Словакия астанасы Братислава қ-нан шығысында Дунай өз-ндегі Темір қақпаға дейін созылып жатыр. Енді жері орт. бөлігінде 120 км, солт.-батысында 250 км, оңт.-шығысында 430 км. Абс. биікт. 2655 м (Татра тауларындағы Герлаховски-Штит тауы). К. т. Батыс, Шығыс және Оңт. Карпат, Бескидтер тауы, Бат. Румын таулары, Трансильвания үстірті бөліктеріне бөлінеді. Тауларда плейстоцендік мұз басудың ізі байқалады, көп жерлерінде карст, балшық жанартаулар кездеседі, ішкі жағында жанартаулық массивтер (Кремниц, Штявниц, Вигорлат таулары) бар.  К. т. альпілік қатпарлану аймағына жатады. Таудың қатпарлы негізі неоген мен плиоценде пайда болған. Доғаша келген сыртқы белдеуі, негізінен, флиштерден (құмтас, конгломерат, сазды тақтатас), орт. белдемнің басым көпшілігі кристалдық жыныстардан, әктастардан түзілген. К. т-ның бұл бөлігінде Татра, Фэгэраш, т.б. биік жоталар бар. Тау жүйесі кен байлықтарына бай. Тау етегі мен жотааралық қазаншұңқырларда мұнай мен газдың, ас және калий тұзының ірі кендері бар. Карпат сыртында сынап, Руда тауларынан түсті металл кентастары, Бат. Румын тауларынан тас және қоңыр көмір, темір, марганец түсті металл кен тастары өндіріледі.  К. т-ның климаты қоңыржай теңіздік сипаттан континенттік климатқа ауысып отырады. Қаңтар айындағы орташа темп-ра –2 – 5С (тау бастарында –10С-тан төмен), шілде айында 17 – 20С (тау бастарында 4 – 5С). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 600 мм-ден (тау етегі өңірінде) 2000 мм-ге (биік тау белдеуінде) дейін. К. т. – Еуропадағы басты су айрықтарының бірі: Висла және Одра өзендері алаптарын Дунай мен Днестр өзендері алаптарынан бөліп жатады. К. т-нда ландшафт түрлері биіктік белдеулерге сәйкес тараған. Тау беткейлерінің 1600 – 1800 м аралығында жалпақ жапырақты орман және шырша орманы, одан жоғары белдемде бұта және альпілік шалғын өскен. Жануарлардан аю, қасқыр, сілеусін, жабайы мысық, жабайы шошқа, сусар, елік, т.б. кездеседі. Ұлттық саябақтар (Татра, Ретезат, т.б.), қорықтар (Агтелек, Карпат, т.б.) және көптеген курорттар бар. Туризм және қысқы спорт түрлері жақсы дамыған.  

КАРПАТ ТАУЛАРЫ – Еуропадағы тау жүйесі. Польша, Венгрия, Украина және Румыния мемлекеттері аумағында орналасқан. Солт.-шығысқа және шығысқа қарай доғаша иілген жоталардың ұз. 1500 км. Батысында Словакия астанасы Братислава қ-нан шығысында Дунай өз-ндегі Темір қақпаға дейін созылып жатыр. Енді жері орт. бөлігінде 120 км, солт.-батысында 250 км, оңт.-шығысында 430 км. Абс. биікт. 2655 м (Татра тауларындағы Герлаховски-Штит тауы). К. т. Батыс, Шығыс және Оңт. Карпат, Бескидтер тауы, Бат. Румын таулары, Трансильвания үстірті бөліктеріне бөлінеді. Тауларда плейстоцендік мұз басудың ізі байқалады, көп жерлерінде карст, балшық жанартаулар кездеседі, ішкі жағында жанартаулық массивтер (Кремниц, Штявниц, Вигорлат таулары) бар. 

К. т. альпілік қатпарлану аймағына жатады. Таудың қатпарлы негізі неоген мен плиоценде пайда болған. Доғаша келген сыртқы белдеуі, негізінен, флиштерден (құмтас, конгломерат, сазды тақтатас), орт. белдемнің басым көпшілігі кристалдық жыныстардан, әктастардан түзілген. К. т-ның бұл бөлігінде Татра, Фэгэраш, т.б. биік жоталар бар. Тау жүйесі кен байлықтарына бай. Тау етегі мен жотааралық қазаншұңқырларда мұнай мен газдың, ас және калий тұзының ірі кендері бар. Карпат сыртында сынап, Руда тауларынан түсті металл кентастары, Бат. Румын тауларынан тас және қоңыр көмір, темір, марганец түсті металл кен тастары өндіріледі. 
К. т-ның климаты қоңыржай теңіздік сипаттан континенттік климатқа ауысып отырады. Қаңтар айындағы орташа темп-ра –2 – 5С (тау бастарында –10С-тан төмен), шілде айында 17 – 20С (тау бастарында 4 – 5С). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 600 мм-ден (тау етегі өңірінде) 2000 мм-ге (биік тау белдеуінде) дейін. К. т. – Еуропадағы басты су айрықтарының бірі: Висла және Одра өзендері алаптарын Дунай мен Днестр өзендері алаптарынан бөліп жатады. К. т-нда ландшафт түрлері биіктік белдеулерге сәйкес тараған. Тау беткейлерінің 1600 – 1800 м аралығында жалпақ жапырақты орман және шырша орманы, одан жоғары белдемде бұта және альпілік шалғын өскен. Жануарлардан аю, қасқыр, сілеусін, жабайы мысық, жабайы шошқа, сусар, елік, т.б. кездеседі. Ұлттық саябақтар (Татра, Ретезат, т.б.), қорықтар (Агтелек, Карпат, т.б.) және көптеген курорттар бар. Туризм және қысқы спорт түрлері жақсы дамыған.