Қандастар Ассамблея

Асан көтерілісі

04.12.2012 4624
Асан көтерілісі – Қазалы ауданы қазақтарының 1930 жылы тамыз – қыркүйек айларындағы Кеңес өкіметінің күштеп ұжымдастыру саясатына, алым-салық, азық-түлік, мал жинау науқандарына қарсы көтерілісі. Асан көтерілісі – 1930 жылы көктемде ишан Ақмырза Тосов және т.б. бастауымен 7 – 9-ауылдар шаруаларының Қызылқұмдағы көтерілісінің заңды жалғасы. Бұл көтеріліске қатысушылардың басым бөлігі Кіші жүздің Әлім тайпасынан тарайтын Асан руынан шыққан. Сол себепті көтеріліс Асан көтерілісі деп аталған.[1] Тамыздың соңғы күндерінің бірінде ОГПУ қызметкерлері астық салығын төлеуден бас тартқан 22-ауылдың бас көтерер азаматтары Д.Асанов, Ж. Тілеубаев, А.Қалдыбаев және Б.Тілеулиевті тұтқынға алған. Оларды ауыл адамдары ертеңінде күшпен босатқан. 22-ауыл көтерілісшілеріне 19, 20, 21, 23, 24, 25-ауылдардың және көршілес Арал ауданының кейбір ауылдарының тұрғындары қосылып, толқуға қатысқан адамдар қатары 1000-ға жуықтаған. Көтерілісшілердің басшысы болып 22-ауыл тұрғыны Иман Мақсым Орымбетов (ОГПУ деректерінде – Сырымбетов) сайланған. 1930 жылы 4 қыркүйекте қазақтар жасағы көтерілісті басуға жіберілген 80 адамдық ОГПУ әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. 6 қыркүйекте олар Алматыдан келген қазақ атты әскер дивизионымен шайқасып, 40 адамынан айрылды. Иман Мақсым осы ұрыста қаза тапты. Мұнан кейін жүргізілген жазалау шараларының барысында көтеріліске қатынасқан 98 адам тұтқындалып, 31 адамға іздеу салынды. 1931 жылдың басында ОГПУ үштігінің шешімімен 9 адам Қалымбет Еділғараев, Әбді халық Иімбетов, Әбдіраман Қарағұлов, Жұбатхан Қонысов, Пірімбет Құрекеев, Насыр Мәмбетев, Арызхан Нұрымбетов, Мұстафа Өмірбеков, Айжарық Таңатаров ату жазасына кесілді, 28 кісі 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге концлагерге айдалып, 16 адам жер аударылды. Асан көтерілісіне қатынасқандардың көпшілігі жазадан қашып Қарақалпақстанға, Өзбекстанға, т.б. жерлерге ауа көшіп кетті. 1989 жылы 27 қарашада Асан көтерілісіне қатысып, жазықсыз жапа шеккендердің ісі қайта қаралып, Қызылорда облысы прокурорының шешімімен толық ақталды. Көтеріліс жайлы «Асан көтерілісі» (құрастырған Жетіскен Мәкенәлиев) атты деректі еңбек жарық көрген. Олардың құрметіне Сырдария өзенінің Әлсейіт өткелі жанында ескерткіш орнатылған.