Қандастар Ассамблея

Абайдың халықтығы мен реализмі туралы

04.12.2012 11158
Абайдың халықтығы мен реализмі туралы Ақынның өмірлік жолдасының, мұңдасы өлең-жырдың пернесі үзілгеніне елу жыл толды. Сол бір естен кетпес, мұңды жазда елсіз-күнсіз Жидебай жазығында, көзге әрең ілінетін шағын төбенің үстінде, жұпыны ғана жас қабір пайда болды. Ол мұнда даланың ақын ұлына қойылған жалғыз белгі еді. Біздің көз алдымызға тарихи даталардың: жиырма жылдықтың, отыз жылдықтың, қырық жылдықтың және ақынды еске түсірудің қазіргі елу жылдығының елестері келеді... Мұның өзі өз елінің ар-намысы, атақ-даңқы, мақтанышы болып отырған Абайға деген сүйіспеншіліктің, ардақтаудың күшейе түскендігінің белгісі, соның шұғыла нұры болып отыр. Қазірде Абай даңқы алдында ұлы орыс халқының және Совет Одағының басқа да туысқан халықтарының жазушылары мен ақындары аса қадірмен шын жүректен, құрмет ете, туыс көре бас иеді. Адамзат баласы жасаған барлық рухани байлықтардың ең толық праволы мұрагері біздің халықтарымыз ақынның атын ардақтай еске түсіріп қана қоймайды, оның өмірі мен творчествосын зерттеп біледі, оның елден ерек тағдырын, қатал заманда, сүреңсіз кезеңде күресіп өткенін де біледі. Социализм мемлекетінде орнап отырған бақытты дәстүр бойынша, Коммунистік партия мен Совет үкіметінің, біздің барлық халықтарымыздың өткен өміріндегі аса құнды дегеннің бәріне қамқорлық көрсете, сүйіспендікпен қарайтын дәстүрі бойынша, елімізде Абай творчествосы көп тілдерде насихатталып келеді. Мұраларды, жеке адамдардың есімін сөздің толық тарихтық мағынасында бүкіл халық болып кеңінен құрметтеу біздің социалистік мәдениетіміздің дамыған жылдарында көрінді. Тарихи процесс біртіндеп қалыптаса берді, мұның өзі, уақыт пен игі заманның алмасты ажарлай түсуі сияқты, ұлы зергердің шебер қолымен бриллиантты жүз құлпыртып, нұр жайнатып қырлауы дерлік. Біздің кезімізде Абай есімінің мұншалықты бүкіл халықтық сүйіспендікке бөленуінің себебі неде? — деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа берілетін түсінік пен жауап бірнешеу. Бірақ басқа анықтауларды келтіруден бұрын, ұлы қытай халқының бір халықтық даналық сөзін Абайға хастай айта кетуді орынды көрдік. "Ақылды ара семген гүлден нәр алмайды" — дейді екен қытай халқы. Адал жанды, дарынды ақын Абай да нәрді өз творчествосына шіріген, күні өткен шалшықтан алмай, бар әсерді, жүрегін тебіренткен ыстық сезімдерді, ойы мен арманын сарқылмастай қайнардан алды, өмірден алды, өмір үшін алды. Абайдың ұлылығы мен мәңгі жасайтындығының негізі — ақын искусствосындағы мызғымайтын, қуатты екі қасиет: халықтық пен өмірлік, былайша айтқанда, оның творчествосындағы халықтық пен реализм. Абайдың халықтығының ерекше қасиеті неде? Біздіңше, Абайдың халықтығы алдымен мынада, өзінің бүкіл идеялық ізденулерімен, өзінің бүкіл творчестволық қызметімен ол өз халқы тарихының, өз заманының алға сүйреген прогрестік дамуының негізгі арнасында болды және бүл жөнінен ол шексіз бай, алуан бейнелі болып келеді. Абай өз халқының рухани мүмкіншіліктерін іздеп табуда, халықтың терең қойнауында мүлгіп жатқан мүмкіндіктерді іздеп табуда халықтық болды, олар тек сол заманның, сол күндердің ағымдағы қажеттеріне ғана қызмет етіп қоймай, ұзақ уақыттан алыстағы тарихи болашақ үшін, көпке созылғандай игі қызмет етіп, бірден бірге арта түсетіндей роль атқаруы жөнінде де халықтық болды. Пушкиннің алатын орны жайындағы Белинскийдің анықтамалары, Совет Одағының басқа да туысқан халықтарының кемеңгер ұлдары Шевченко, Чавчавадзе, Абовян, Ахундов, Тоқай сияқты, Абайға дәл келеді. Белинский: "Пушкин қазіргі күн үшін жұмыс істей отырып, келешекті әзірлейтін және солай болған, сонда тек өткен кезге ғана тән болып қала алмайтын творчество данышпандарының, сондай ұлы тарихи тұлғалардың қатарынан орын алады" — деп жазады. Біз Абайдың халықтығының себебін оның аса құнды жеке шығармаларының халықтың ауыз әдебиеті үлгілерімен тақырыптас болуынан іздесек, оған дұрыс анықтама бере алмаймыз. Өткен кездің ұлы ақындары мұрасының халықтық болуының мәні мен дәрежесі бұлай анықталып, бұлай өлшенбейді. Шота Руставелидің халықтығына шығыстың халық ертегілерінің мотивін пайдалануын негізге ала анықтама берсек, терең қателескендік болар еді, бұл ғылымға қарсы шыққандық болар еді. Біз Низами мен Науаидің халықтығы олардың "Ләйлі — Мәжнүн" поэмасыңда арабтың халық аңызы мотивін пайдалануы болды деп айта алмаймыз. Мәселе мынада, қандай жазушының болса да халықтық жағының ең терең тарихи мәні халықтың рухани байлығының дамуы процесіндегі бағыт беруші рөлі болады. Солай болған соң мәселе, өз заманында оның өз халқының рухани мәдениетін қаншалықты алға бастырғанына, оны қаншалықты байытқанына байланысты болады. Ал біздің халықтарымыздың барлық классиктері, данышпан ұлдары, оның ішінде Абай да халық игілігін байыта отырып пайдаланды, дамыта отырып, творчестволық жағынан кемеліне келтіре отырып пайдаланды. Халықтық деректерді, мотивтерді, тіл көркемдігін халық ескерткіштерінде ұшырамайтын терең мәнділік, алдыңғы қатарлы идеялық мазмұн бере отырып байытты. Халықтық деректемелерге осылай қарау арқылы, яғни оларды творчестволық жолмен игеріп, дамыту арқылы ғана олар өздерінің жаңа тарихи дәуірлерінің алдыңғы қатарлы идеялары мен армандарын көркем етіп бейнелеп берудің ең жоғары дәрежесіне жете алды. Бұл жағынан қарағанда, бастапқы халықтық мотив пен, халықтық деректеме мен ұлы классиктің ақындық бейнелеуінің арасындағы қашықтық, шамамен алғанда, жертөле мен мәдениет сарайының арасындағы айырмадай болып шығады. Абай творчествосының негіздеріне мол суат болған халықтың ауыз әдебиеті мен Абайдың аса кәміл ақындық мәдениетпен ең биік шыңға көтерілген өлеңдерінің арасындағы қашықтықта, міне, осындай болып келеді. Алайда мұның алғашқы бастамасы - халықтық, ақынның мұрасы болып қалған толық құнды, жаңарған және дами түскен түрі де халықтық. Біздің Отанымыздың әдебиет пен искусствосының барлық салаларындағы барлық классиктерінің ең жақсы деген шығармалары сияқты, Абай творчествосы да өз халқының тарихын өте-мөте соны, жаңа құнды шығармалармен байытты, солай болған соң бүкіл адамзат баласын жаңа асыл қазынамен байытты. Бұл асыл қазыналарды халықтың мұраланып қалатын себебі, мұндай адамдардың кәміл үлгілері халықтың рухани байлығының ең жоғары табысын бейнелейді, бұлар объективтік жағынан халықтың алдыңғы қатарлы мәдениетінің келешекте кеңінен гүлденуіне себепші болатын көрсеткіштер. Абайдың нағыз халықтық қайнардан нәр алып отыруының тамаша жағы, оның әрбір фактіні, әрбір мотивті, жанды құбылыстың титімдейінің өзін искусствоға, нағыз поэзияға айналдыра білуінде. Флобердің "ішінде поэзия жоқ материя атомы бол майды" — деген ойын Абай ақтап шықты. Ол оз заманының сүреңсіз шындығына өмірге қонымды, аса жоғары ақындықпен, сұрапыл сендіру күшімен баса-көктеп енді, оның бұраң негіздерін қиратуға тырысты, өз халқының алға ұмтылған прогресшіл дамуы жолындағы қайшылық, кедергі атаулының бәрін де әшкерелеуге, масқаралауға ұмтылды. Сондықтан да өзінің кейбір әрекеттері мен шығармаларында тікелей халықтық бола отырып, ол өзінің көптеген өлеңдерінде халықты қанаушыларды солар қанап отырған көпшіліктің көзқарасы тұрғысынан аяусыз әшкерелеп отырады. Ол бұлай еткенде халықтың ауыз әдебиеттік ділмарлығын, шешендігін, мақалдарын, бай теңеулерін, халықтық әзілдің әдістері мен құралдарын байыта, жаңарта отырып пайдаланады. Өзінің халық арасына кеңінен тараған, көптеген өлеңдерінде ол ауыл кедейлеріне, жалшыларына, қазақ әйелдеріне ара түседі, қарапайым адамдардың бейбіт жасампаз еңбегін надан әкелердің тағылық тәртіптері бұзуына қарсы шығады, өсіп келе жатқан жас ұрпақты жақтайды. Абайдың бұл аталып өткен тақырыптарға жазған өлеңдері мен қара сөздері (ғақдия) өте көп, бұларды ақын өзінің белсенді творчестволық ақындық қызметінің өн бойында бірдей жазып өтулі. Және бұл шығармалар ақынның тікелей халықтығының бейнелерін сөзсіз сипаттап береді. Оларды халық тілінде жаза отырып, Абай ол тілді халықтың алдыңғы қатарлы ойы мен арманын мейлінше өткір, терең, дәлді және нәзік түрде айтып жеткізе алатындай етіп байытып, дамыта түсті. Бұл мәнде өзінің көптеген шығармаларында ақын тарихи жаңалығы және мәнділігі жағынан халық жыршылары айтып бере алмайтын және айтып беруі мүмкін емес, бірақ халық көпшілігінің санасында тереңде, көмескі болса да көрініп қалып жүрген көп нәрселерді айтып берді. Халықтың әлі ұғынып жетпеген, стихиялық армандарына саналы бейне бере отырып, бұл үшін сол кездегі орыс білімінің шыңына ұмтылған өзінің қолы жеткен бар табысын пайдалана отырып, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы халықтық маңызы бар құнды шығармалар берді, жалпы ұлттық асыл қазына жасады. Абай творчествосында бейнеленген Белинскийдің, Чернышевскийдің эстетикалық принциптері, оның табиғат, махаббат, поэзия, музыка туралы мәңгі жасайтын лирикалық өлеңдері, оның орасан зор, өз заманы үшін аса жоғары тарихи мәні бар Крыловтың, Пушкиннің, Лермонтовтың және басқаларының шығармаларын аударушы ретіндегі ағартушылық қызметі, оның адамгершіліктің маңызы мен ұлылығы туралы поэмалары — өз алдына бір бөлек қазына. Бұларда Абай халықтың мұңын, халықтың қаналудан құтылу құралдарын тікелей сөз қылмайды, бірақ дегенмен де Абай мұрасының бұл жағы терең халықтық болып келеді. Абайдың адамзат баласына тән ақындық мәдениеттің алдыңғы қатарлы элементтерін едәуір қамтитын бұл шығармалары қазақ әдебиетін ғасырлар бойына оқшау жатқан күйден, артта қалудан шығарды, қазақ мәдениетін жаңа, жоғары тарихи сатыға көтерді. Бұлар да халықтық, өйткені халықтың өзінен алған асыл қазынаны халықтың өзіне қажет нәрселермен, таяудағы тарихи болашақта халықтың өзі игеретін, туған халқының тарихи тағдырын жақсартуда онсыз мағына болмайтын нәрселермен байыта, шоқтығын көтере түсіп қайтарды. Абайдың халықтығы - оның өз халқының рухани зердесі болуында, халқы үшін ойлана, сезіне отырып алдындағы алысты көруінде, халқына тарихи болашағын көрсетіп беруінде. Сондықтан да тарихи фокустегідей, синтездегідей барлық аса маңызды деген, бүкілхалықтық нәрселер, халықтың алдыңғы қатарлы ақыл-ойын тебіренткен, тарихи проблемалық нәрселер Абай творчествосынан айқын көрінді. Октябрь революциясына дейін қазақ халқының тарихында еңбекші халықтың тағдырын, оның болашағын, "Қоғамның қан соқталы жораларын" Абайдай ойлаған, қан жұта қамын жеген ешкім де болған жоқ. Ол Белинский айтқандай талант болды. "Бүкіл қоғамның тереңде жатқан ойының, мүмкін әлі де болса өзіне де көмескі армандарының органы болды. Екінші сөзбен айтқанда: ақын жеке-дара, әлдеқалай нәрсені бейнелемей, жалпыға ортақ, қажет нәрсені, бүкіл өз заманына колорит және мән беретін нәрсені бейнелеуі керек". Міне, Абайдың халықтығының тұтас алғандағы мәнін бейнелеп беретіндер осылар, Абай мұрасының басқа да осылар сияқты көптеген елеулі бейнелері бар. Алайда Абайдың халықтығына берілген бұл анықтама Абай мұрасы таптық табиғатта деген ұғымға қайшы келе ме? Жоқ, қайта керісінше, біз көрсетіп өткен Абай творчествосының халықтығы, Абай заманының таптық қоғамының жағдайларында, Абай мұрасының алдыңғы қатарлы демократиялық мәдениетке қосылатынын мейлінше толық анықтап береді, олай болса, еңбекші халық бұқарасының мәдениетіне қосылғаны, былайша айтқанда, тарихи болашаққа ие еңбекші шаруалардың мәдениетіне қосылғаны. Сондықтан Абайдың халықтығы деген ұғымды біз оның мұрасының бүкіл табиғаты таптық деген ұғыммен тікелей диалектикалық біртұтас байланыста түсінеміз. Екінші мәселе, әсіресе республика жазушыларының съезі күндеріндегі өте-мөте актуальды мәселе — Абайдың реализмі туралы. Бұлай дегенде, ақынның көптеген тақырыптарға: болыс-билер, жебір байлар, сахара күресінің билеп-төстеушілері — рубасылар, молдалар, надан, бірақ өткен кездің тағылық ғұрыптарын ұстануда көндей құрысқан қатал әкелер туралы, парақор, сатылғыш чиновниктер, жалақорлар мен жатып ішер жалқаулар, тағысын-тағылар туралы жазған өлеңдері сахара өмірінің ең күрделі деген құбылыстарын мейлінше қамтығанын, оның бер жағында, бұларды поэзияда қамтығанын, өткен шақтың әлеуметтік шындығының терең тамырларын сыншылдықпен, өте айқын ашып бергенін көрсетеді. Бұл шындықты суреттеп көрсету әдістерінде қазақ әдебиетінде принцип жағынан жаңа сапа пайда болды. Біз халық көпшілігін хандардың езуіне белсене қарсы шыққан Махамбет поэзиясында да реализм болғанын білеміз, бірақ Абай реализмі басқаша реализм болды, бұл нағыз искусствоның, жоғары искусствоның сапалық негізі болды. Абай творчествосында шындық пен идеялық терең байланыс сендірерліктей өте айқын болып келеді. Сөйтіп, бұл Абай реализмінің өзіне тән сипатын құрайды. Абай шығармаларының өзі суреттеп отырған шындықтың, негізінен алғанда, өзін қоршаған қоғамдық өмірдің барлық күнә-сұмдығы мен дерт-сырқатының бәрін бірдей өте батыл шындықпен, ашу кернеген ызамен әшкерелеп отыратындығы адам таңғалғандай күшті. Абайдың тұрмыстың шірік-сарсықтарын, қоғамдық зәбір-жапаны, надандықты, қулық-сұмдықты мейлінше тілдеген өлеңдерін оқығанда В.И. Ленин "...жалынды протестант, өлтіре әшкерелеуші, ұлы сыншы" деп сипаттаған Л.Н. Толстой реализмі есіңе түседі. Абайдың мұрасындағы айқын белгілер, мысалы, қазақтардың XIX ғасырдың екінші жартысындағы "қоғамдық өмірін" кеңінен, нақты түрде, жан-жақты алып, сын көзімен қарай суреттеуі Абай реализмі сыншыл реализм екенін көрсетеді. Мұндай фактінің қазақ жеріндегі тарихи алғышарттары Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастардың ене бастауы, өлкедегі өндіргіш күштердің жаңа дамуы (қалаларда, өнеркәсіп ошақтарында), халықтың тұрмысына жаңа, отырықшы еңбектің шарттарының ене бастауы, сауда-өнеркәсіптік қаланың ауыл мен деревняны қамтуының күшейе түсуі және осы құбылыстарға байланысты өткен ғасырдың ақырында, қазақ қоғамындағы реформадан кейінгі шындықтың жалпы фонасында таптық жіктелу мен таптық антагонизмнің күшейе түсуі болды. Қазақ әдебиетінің тарихында XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі алдыңғы қатарлы қазақ қоғамының үздік шыққан өкілінің творчествосында сыншыл реализмнің туып, дами түсуінің идеологиялық және тарихи алғышарттары, міне, осылар болды. Абай шығармасының дені өлең, бірақ өз тұсындағы қазақ шындығының суреттері оның шығармаларында кеңінен алынған әлеуметтік-экономикалық сипатта өте толық, бәрін бірдей қамтитын жан-жақты болып беріледі, өз заманының өте айқын айнасы болып шығады. Оның өлеңдері, поэмалары, қара сөздері өзіне тұстас қоғам өмірін, қоғамның барлық жіктерін, кәрі-жасын толық сарқа қамтыған, әрқилы күйде қамтыған жан-жақты энциклопедия болып келеді. Мәселенің түйіні мынада, барлық көргенін, сезгенін, ой жүгіртіп, танып-білгенін Абай өз творчествосында нағыз реализм стилінде, яғни терең талдау жасай отырып, сын көзімен қарай бейнелеп берді. Абайды тұтас оқып шыққанда қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, праволық, семьялық және қоғамдық халі туралы, сол сияқты тарихи мәдениеттік, моральдық күйі туралы тамаша айқын, жан-жақты және дәлді түсінік алуға болады. Абай мұрасы терең реалистік және алдыңғы қатарлы бола отырып, сол сыншыл реализм аумағында алдыңғы қатарлы идеялы болуымен көзге түсетін үлкен искусство болғаны даусыз. Сонымен, біз көрсетіп өткен екі үздік қасиетті, атап айтқанда, халықтық пен өмірлі қасиеттер, яғни реалистік шыншылдық қазақ халқының рухани мәдениетінің бүкіл тарихындағы Абай творчествосының бүкіл жаңашыл және ұлы мәнін ерекше анықтап береді. Бүкіл творчествосының бұл ең басты, анықтаушы белгілерін, өзін қазіргі тарихи мәніне ие еткен белгілерді, Абай орыстың классиктік әдебиетінің алдыңғы қатарлы халықтық-демократиялық ұлы дәстүрлерінен алды, соған борышты. Абайдың эстетикалық көзкарастарының дамуынан Пушкин мен Лермонтов орасан зор орын алды. Өзінің онан арғы творчестволық эволюциясында Абай халық көпшілігінінің асыл ойы мен арманын жырлаушы ретіндегі ақынның ерекше қызметі мен борышы туралы Белинский мен Чернышевскийдің эстетикалық канондарын терең қабылдады. Чернышевскийдің искусство шығармаларында өмірді түсіндіріп беретін және өмір құбылыстарына үкім шығаратын маңыз болады деген бір ғана он жетінші тезисі қазақ классигінің өмір көзқарасының көп жақтарын анықтап берді. Біз Абайдың эстетикасында, дүниені түсінуінде және дүниеге көзқарасында Белинскийдің, Герценнің, Чернышевский мен Добролюбовтың көзқарастарымен айқын және терең байланыс бар екенін көреміз. Бұлар тұтас ғылыми талдау жасау үшін өте зор және игі объект деуге болады. Және біз бұл қымбат бейнелерді Абай атына үлкен алғыс айта отырып еске түсіреміз, өйткені Абай бұл сияқты шипалы қайнарға соншалық шексіз сеніммен, ентелеп сүюмен мойын бұрды, жатсынудың, керенаулықтың, фанатизмнің ғасырында мұның өзі өте сирек кездесетін, аса құнды жаңалық болды. Абайдың орыс әдебиеті мен қоғамдық ойының таңдаулы деген дәстүрлеріне осыншалықты дәйектілікпен, біржолата берілу фактісінен орыс әдебиетінің барлық халықтарға, әсіресе Россияның қаналушы халықтарына сергектік достықпен, көңіл бөле қарайтын, ұлы гуманистік, өзіне тарту күші шешуші орын алады. Добролюбов айтқан ойды: "Нағыз патриотизм, адамзат баласына деген адал сүйіспендіктің жарыққа шығуы ретінде, жеке халықтарға жирене қараумен сыйыса алмайды" деушілікті орыс халқының кемеңгер ұлдарының тек бір ұрпағы ғана қайталап қойған жоқ. Совет жазушысы А.Н. Толстойдың: "Алдыңғы қатарлы орыс әдебиеті Россияны мекендеуші халықтарға менсінбей қарау дегенді еш уақытта білген емес. Онда кейбір Европа халықтарының әдебиетіне тән отарлық ағын, отарлық мотивтер ешуақытта болған емес" деген сөздері әбден әділеттік еді. Орыс әдебиеті мен қоғамдық ойының, міне, осы игі ниетті, тарихи миссиясы өздерінің барлық жақсы дәстүрлерімен, XIX ғасырдың бүкіл өн бойында, Россияның езілген халықтарының арасынан шыққан Абай сияқты классиктің ақындық және қоғамдық бейнесінің үздік жаңа сапада дамуын, қалыптасуын тұжырымдай берді. Ақынның соңғы кезеңдегі творчестволық және қоғамдық өмірінің барлық фактілері ақынның өз заманының реакцияшыл-консервативті күштерінен соншалық алыс, жат және оған берілместей бекем болғанын, оның есесіне өксігі күшті, өгей заманда өзінің есіз қалған, бақытсыз халқына деген жарық сәулеге көрсетер жолды таңдап алуда мейлінше дәйекті, болаттай қажырлы ұлы болғанын дәлелдейді. Бұл біздің бақытты ұрпағымыз үшін Абайдың ұлы есімін, қазақ халқының мәңгі өшпес даңқы мен мақтанышы болып отырған, жақында, қымбатты оқушыларымыз, Косая гора металлургия заводы коллективі жазғандай, мейлінше жақын туыс, бауыр болған есімді, өзінің соншалықты сүреңсіз тарихи алысынан совет халқына соншалықты жақын болып отырған Абай есімін асыл, қымбат ете түседі. Мұхтар Әуезов

Абайдың халықтығы мен

реализмі туралы

Ақынның өмірлік жолдасының, мұңдасы өлең-жырдың пернесі үзілгеніне елу жыл толды. Сол бір естен кетпес, мұңды жазда елсіз-күнсіз Жидебай жазығында, көзге әрең ілінетін шағын төбенің үстінде, жұпыны ғана жас қабір пайда болды. Ол мұнда даланың ақын ұлына қойылған жалғыз белгі еді.

Біздің көз алдымызға тарихи даталардың: жиырма жылдықтың, отыз жылдықтың, қырық жылдықтың және ақынды еске түсірудің қазіргі елу жылдығының елестері келеді... Мұның өзі өз елінің ар-намысы, атақ-даңқы, мақтанышы болып отырған Абайға деген сүйіспеншіліктің, ардақтаудың күшейе түскендігінің белгісі, соның шұғыла нұры болып отыр.

Қазірде Абай даңқы алдында ұлы орыс халқының және Совет Одағының басқа да туысқан халықтарының жазушылары мен ақындары аса қадірмен шын жүректен, құрмет ете, туыс көре бас иеді.

Адамзат баласы жасаған барлық рухани байлықтардың ең толық праволы мұрагері біздің халықтарымыз ақынның атын ардақтай еске түсіріп қана қоймайды, оның өмірі мен творчествосын зерттеп біледі, оның елден ерек тағдырын, қатал заманда, сүреңсіз кезеңде күресіп өткенін де біледі. Социализм мемлекетінде орнап отырған бақытты дәстүр бойынша, Коммунистік партия мен Совет үкіметінің, біздің барлық халықтарымыздың өткен өміріндегі аса құнды дегеннің бәріне қамқорлық көрсете, сүйіспендікпен қарайтын дәстүрі бойынша, елімізде Абай творчествосы көп тілдерде насихатталып келеді.

Мұраларды, жеке адамдардың есімін сөздің толық тарихтық мағынасында бүкіл халық болып кеңінен құрметтеу біздің социалистік мәдениетіміздің дамыған жылдарында көрінді. Тарихи процесс біртіндеп қалыптаса берді, мұның өзі, уақыт пен игі заманның алмасты ажарлай түсуі сияқты, ұлы зергердің шебер қолымен бриллиантты жүз құлпыртып, нұр жайнатып қырлауы дерлік.

Біздің кезімізде Абай есімінің мұншалықты бүкіл халықтық сүйіспендікке бөленуінің себебі неде? — деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа берілетін түсінік пен жауап бірнешеу. Бірақ басқа анықтауларды келтіруден бұрын, ұлы қытай халқының бір халықтық даналық сөзін Абайға хастай айта кетуді орынды көрдік. "Ақылды ара семген гүлден нәр алмайды" — дейді екен қытай халқы. Адал жанды, дарынды ақын Абай да нәрді өз творчествосына шіріген, күні өткен шалшықтан алмай, бар әсерді, жүрегін тебіренткен ыстық сезімдерді, ойы мен арманын сарқылмастай қайнардан алды, өмірден алды, өмір үшін алды.

Абайдың ұлылығы мен мәңгі жасайтындығының негізі — ақын искусствосындағы мызғымайтын, қуатты екі қасиет: халықтық пен өмірлік, былайша айтқанда, оның творчествосындағы халықтық пен реализм.

Абайдың халықтығының ерекше қасиеті неде? Біздіңше, Абайдың халықтығы алдымен мынада, өзінің бүкіл идеялық ізденулерімен, өзінің бүкіл творчестволық қызметімен ол өз халқы тарихының, өз заманының алға сүйреген прогрестік дамуының негізгі арнасында болды және бүл жөнінен ол шексіз бай, алуан бейнелі болып келеді.

Абай өз халқының рухани мүмкіншіліктерін іздеп табуда, халықтың терең қойнауында мүлгіп жатқан мүмкіндіктерді іздеп табуда халықтық болды, олар тек сол заманның, сол күндердің ағымдағы қажеттеріне ғана қызмет етіп қоймай, ұзақ уақыттан алыстағы тарихи болашақ үшін, көпке созылғандай игі қызмет етіп, бірден бірге арта түсетіндей роль атқаруы жөнінде де халықтық болды. Пушкиннің алатын орны жайындағы Белинскийдің анықтамалары, Совет Одағының басқа да туысқан халықтарының кемеңгер ұлдары Шевченко, Чавчавадзе, Абовян, Ахундов, Тоқай сияқты, Абайға дәл келеді. Белинский: "Пушкин қазіргі күн үшін жұмыс істей отырып, келешекті әзірлейтін және солай болған, сонда тек өткен кезге ғана тән болып қала алмайтын творчество данышпандарының, сондай ұлы тарихи тұлғалардың қатарынан орын алады" — деп жазады. Біз Абайдың халықтығының себебін оның аса құнды жеке шығармаларының халықтың ауыз әдебиеті үлгілерімен тақырыптас болуынан іздесек, оған дұрыс анықтама бере алмаймыз. Өткен кездің ұлы ақындары мұрасының халықтық болуының мәні мен дәрежесі бұлай анықталып, бұлай өлшенбейді.

Шота Руставелидің халықтығына шығыстың халық ертегілерінің мотивін пайдалануын негізге ала анықтама берсек, терең қателескендік болар еді, бұл ғылымға қарсы шыққандық болар еді. Біз Низами мен Науаидің халықтығы олардың "Ләйлі — Мәжнүн" поэмасыңда арабтың халық аңызы мотивін пайдалануы болды деп айта алмаймыз.

Мәселе мынада, қандай жазушының болса да халықтық жағының ең терең тарихи мәні халықтың рухани байлығының дамуы процесіндегі бағыт беруші рөлі болады. Солай болған соң мәселе, өз заманында оның өз халқының рухани мәдениетін қаншалықты алға бастырғанына, оны қаншалықты байытқанына байланысты болады. Ал біздің халықтарымыздың барлық классиктері, данышпан ұлдары, оның ішінде Абай да халық игілігін байыта отырып пайдаланды, дамыта отырып, творчестволық жағынан кемеліне келтіре отырып пайдаланды. Халықтық деректерді, мотивтерді, тіл көркемдігін халық ескерткіштерінде ұшырамайтын терең мәнділік, алдыңғы қатарлы идеялық мазмұн бере отырып байытты. Халықтық деректемелерге осылай қарау арқылы, яғни оларды творчестволық жолмен игеріп, дамыту арқылы ғана олар өздерінің жаңа тарихи дәуірлерінің алдыңғы қатарлы идеялары мен армандарын көркем етіп бейнелеп берудің ең жоғары дәрежесіне жете алды. Бұл жағынан қарағанда, бастапқы халықтық мотив пен, халықтық деректеме мен ұлы классиктің ақындық бейнелеуінің арасындағы қашықтық, шамамен алғанда, жертөле мен мәдениет сарайының арасындағы айырмадай болып шығады.

Абай творчествосының негіздеріне мол суат болған халықтың ауыз әдебиеті мен Абайдың аса кәміл ақындық мәдениетпен ең биік шыңға көтерілген өлеңдерінің арасындағы қашықтықта, міне, осындай болып келеді. Алайда мұның алғашқы бастамасы - халықтық, ақынның мұрасы болып қалған толық құнды, жаңарған және дами түскен түрі де халықтық. Біздің Отанымыздың әдебиет пен искусствосының барлық салаларындағы барлық классиктерінің ең жақсы деген шығармалары сияқты, Абай творчествосы да өз халқының тарихын өте-мөте соны, жаңа құнды шығармалармен байытты, солай болған соң бүкіл адамзат баласын жаңа асыл қазынамен байытты. Бұл асыл қазыналарды халықтың мұраланып қалатын себебі, мұндай адамдардың кәміл үлгілері халықтың рухани байлығының ең жоғары табысын бейнелейді, бұлар объективтік жағынан халықтың алдыңғы қатарлы мәдениетінің келешекте кеңінен гүлденуіне себепші болатын көрсеткіштер.

Абайдың нағыз халықтық қайнардан нәр алып отыруының тамаша жағы, оның әрбір фактіні, әрбір мотивті, жанды құбылыстың титімдейінің өзін искусствоға, нағыз поэзияға айналдыра білуінде.

Флобердің "ішінде поэзия жоқ материя атомы бол майды" — деген ойын Абай ақтап шықты.

Ол оз заманының сүреңсіз шындығына өмірге қонымды, аса жоғары ақындықпен, сұрапыл сендіру күшімен баса-көктеп енді, оның бұраң негіздерін қиратуға тырысты, өз халқының алға ұмтылған прогресшіл дамуы жолындағы қайшылық, кедергі атаулының бәрін де әшкерелеуге, масқаралауға ұмтылды.

Сондықтан да өзінің кейбір әрекеттері мен шығармаларында тікелей халықтық бола отырып, ол өзінің көптеген өлеңдерінде халықты қанаушыларды солар қанап отырған көпшіліктің көзқарасы тұрғысынан аяусыз әшкерелеп отырады. Ол бұлай еткенде халықтың ауыз әдебиеттік ділмарлығын, шешендігін, мақалдарын, бай теңеулерін, халықтық әзілдің әдістері мен құралдарын байыта, жаңарта отырып пайдаланады. Өзінің халық арасына кеңінен тараған, көптеген өлеңдерінде ол ауыл кедейлеріне, жалшыларына, қазақ әйелдеріне ара түседі, қарапайым адамдардың бейбіт жасампаз еңбегін надан әкелердің тағылық тәртіптері бұзуына қарсы шығады, өсіп келе жатқан жас ұрпақты жақтайды. Абайдың бұл аталып өткен тақырыптарға жазған өлеңдері мен қара сөздері (ғақдия) өте көп, бұларды ақын өзінің белсенді творчестволық ақындық қызметінің өн бойында бірдей жазып өтулі. Және бұл шығармалар ақынның тікелей халықтығының бейнелерін сөзсіз сипаттап береді. Оларды халық тілінде жаза отырып, Абай ол тілді халықтың алдыңғы қатарлы ойы мен арманын мейлінше өткір, терең, дәлді және нәзік түрде айтып жеткізе алатындай етіп байытып, дамыта түсті. Бұл мәнде өзінің көптеген шығармаларында ақын тарихи жаңалығы және мәнділігі жағынан халық жыршылары айтып бере алмайтын және айтып беруі мүмкін емес, бірақ халық көпшілігінің санасында тереңде, көмескі болса да көрініп қалып жүрген көп нәрселерді айтып берді.

Халықтың әлі ұғынып жетпеген, стихиялық армандарына саналы бейне бере отырып, бұл үшін сол кездегі орыс білімінің шыңына ұмтылған өзінің қолы жеткен бар табысын пайдалана отырып, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы халықтық маңызы бар құнды шығармалар берді, жалпы ұлттық асыл қазына жасады.

Абай творчествосында бейнеленген Белинскийдің, Чернышевскийдің эстетикалық принциптері, оның табиғат, махаббат, поэзия, музыка туралы мәңгі жасайтын лирикалық өлеңдері, оның орасан зор, өз заманы үшін аса жоғары тарихи мәні бар Крыловтың, Пушкиннің, Лермонтовтың және басқаларының шығармаларын аударушы ретіндегі ағартушылық қызметі, оның адамгершіліктің маңызы мен ұлылығы туралы поэмалары — өз алдына бір бөлек қазына.

Бұларда Абай халықтың мұңын, халықтың қаналудан құтылу құралдарын тікелей сөз қылмайды, бірақ дегенмен де Абай мұрасының бұл жағы терең халықтық болып келеді.

Абайдың адамзат баласына тән ақындық мәдениеттің алдыңғы қатарлы элементтерін едәуір қамтитын бұл шығармалары қазақ әдебиетін ғасырлар бойына оқшау жатқан күйден, артта қалудан шығарды, қазақ мәдениетін жаңа, жоғары тарихи сатыға көтерді. Бұлар да халықтық, өйткені халықтың өзінен алған асыл қазынаны халықтың өзіне қажет нәрселермен, таяудағы тарихи болашақта халықтың өзі игеретін, туған халқының тарихи тағдырын жақсартуда онсыз мағына болмайтын нәрселермен байыта, шоқтығын көтере түсіп қайтарды. Абайдың халықтығы - оның өз халқының рухани зердесі болуында, халқы үшін ойлана, сезіне отырып алдындағы алысты көруінде, халқына тарихи болашағын көрсетіп беруінде.

Сондықтан да тарихи фокустегідей, синтездегідей барлық аса маңызды деген, бүкілхалықтық нәрселер, халықтың алдыңғы қатарлы ақыл-ойын тебіренткен, тарихи проблемалық нәрселер Абай творчествосынан айқын көрінді. Октябрь революциясына дейін қазақ халқының тарихында еңбекші халықтың тағдырын, оның болашағын, "Қоғамның қан соқталы жораларын" Абайдай ойлаған, қан жұта қамын жеген ешкім де болған жоқ. Ол Белинский айтқандай талант болды. "Бүкіл қоғамның тереңде жатқан ойының, мүмкін әлі де болса өзіне де көмескі армандарының органы болды. Екінші сөзбен айтқанда: ақын жеке-дара, әлдеқалай нәрсені бейнелемей, жалпыға ортақ, қажет нәрсені, бүкіл өз заманына колорит және мән беретін нәрсені бейнелеуі керек".

Міне, Абайдың халықтығының тұтас алғандағы мәнін бейнелеп беретіндер осылар, Абай мұрасының басқа да осылар сияқты көптеген елеулі бейнелері бар. Алайда Абайдың халықтығына берілген бұл анықтама Абай мұрасы таптық табиғатта деген ұғымға қайшы келе ме? Жоқ, қайта керісінше, біз көрсетіп өткен Абай творчествосының халықтығы, Абай заманының таптық қоғамының жағдайларында, Абай мұрасының алдыңғы қатарлы демократиялық мәдениетке қосылатынын мейлінше толық анықтап береді, олай болса, еңбекші халық бұқарасының мәдениетіне қосылғаны, былайша айтқанда, тарихи болашаққа ие еңбекші шаруалардың мәдениетіне қосылғаны. Сондықтан Абайдың халықтығы деген ұғымды біз оның мұрасының бүкіл табиғаты таптық деген ұғыммен тікелей диалектикалық біртұтас байланыста түсінеміз.

Екінші мәселе, әсіресе республика жазушыларының съезі күндеріндегі өте-мөте актуальды мәселе — Абайдың реализмі туралы. Бұлай дегенде, ақынның көптеген тақырыптарға: болыс-билер, жебір байлар, сахара күресінің билеп-төстеушілері — рубасылар, молдалар, надан, бірақ өткен кездің тағылық ғұрыптарын ұстануда көндей құрысқан қатал әкелер туралы, парақор, сатылғыш чиновниктер, жалақорлар мен жатып ішер жалқаулар, тағысын-тағылар туралы жазған өлеңдері сахара өмірінің ең күрделі деген құбылыстарын мейлінше қамтығанын, оның бер жағында, бұларды поэзияда қамтығанын, өткен шақтың әлеуметтік шындығының терең тамырларын сыншылдықпен, өте айқын ашып бергенін көрсетеді.

Бұл шындықты суреттеп көрсету әдістерінде қазақ әдебиетінде принцип жағынан жаңа сапа пайда болды. Біз халық көпшілігін хандардың езуіне белсене қарсы шыққан Махамбет поэзиясында да реализм болғанын білеміз, бірақ Абай реализмі басқаша реализм болды, бұл нағыз искусствоның, жоғары искусствоның сапалық негізі болды.

Абай творчествосында шындық пен идеялық терең байланыс сендірерліктей өте айқын болып келеді. Сөйтіп, бұл Абай реализмінің өзіне тән сипатын құрайды. Абай шығармаларының өзі суреттеп отырған шындықтың, негізінен алғанда, өзін қоршаған қоғамдық өмірдің барлық күнә-сұмдығы мен дерт-сырқатының бәрін бірдей өте батыл шындықпен, ашу кернеген ызамен әшкерелеп отыратындығы адам таңғалғандай күшті. Абайдың тұрмыстың шірік-сарсықтарын, қоғамдық зәбір-жапаны, надандықты, қулық-сұмдықты мейлінше тілдеген өлеңдерін оқығанда В.И. Ленин "...жалынды протестант, өлтіре әшкерелеуші, ұлы сыншы" деп сипаттаған Л.Н. Толстой реализмі есіңе түседі.

Абайдың мұрасындағы айқын белгілер, мысалы, қазақтардың XIX ғасырдың екінші жартысындағы "қоғамдық өмірін" кеңінен, нақты түрде, жан-жақты алып, сын көзімен қарай суреттеуі Абай реализмі сыншыл реализм екенін көрсетеді. Мұндай фактінің қазақ жеріндегі тарихи алғышарттары Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастардың ене бастауы, өлкедегі өндіргіш күштердің жаңа дамуы (қалаларда, өнеркәсіп ошақтарында), халықтың тұрмысына жаңа, отырықшы еңбектің шарттарының ене бастауы, сауда-өнеркәсіптік қаланың ауыл мен деревняны қамтуының күшейе түсуі және осы құбылыстарға байланысты өткен ғасырдың ақырында, қазақ қоғамындағы реформадан кейінгі шындықтың жалпы фонасында таптық жіктелу мен таптық антагонизмнің күшейе түсуі болды. Қазақ әдебиетінің тарихында XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі алдыңғы қатарлы қазақ қоғамының үздік шыққан өкілінің творчествосында сыншыл реализмнің туып, дами түсуінің идеологиялық және тарихи алғышарттары, міне, осылар болды.

Абай шығармасының дені өлең, бірақ өз тұсындағы қазақ шындығының суреттері оның шығармаларында кеңінен алынған әлеуметтік-экономикалық сипатта өте толық, бәрін бірдей қамтитын жан-жақты болып беріледі, өз заманының өте айқын айнасы болып шығады. Оның өлеңдері, поэмалары, қара сөздері өзіне тұстас қоғам өмірін, қоғамның барлық жіктерін, кәрі-жасын толық сарқа қамтыған, әрқилы күйде қамтыған жан-жақты энциклопедия болып келеді.

Мәселенің түйіні мынада, барлық көргенін, сезгенін, ой жүгіртіп, танып-білгенін Абай өз творчествосында нағыз реализм стилінде, яғни терең талдау жасай отырып, сын көзімен қарай бейнелеп берді.

Абайды тұтас оқып шыққанда қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, праволық, семьялық және қоғамдық халі туралы, сол сияқты тарихи мәдениеттік, моральдық күйі туралы тамаша айқын, жан-жақты және дәлді түсінік алуға болады.

Абай мұрасы терең реалистік және алдыңғы қатарлы бола отырып, сол сыншыл реализм аумағында алдыңғы қатарлы идеялы болуымен көзге түсетін үлкен искусство болғаны даусыз.

Сонымен, біз көрсетіп өткен екі үздік қасиетті, атап айтқанда, халықтық пен өмірлі қасиеттер, яғни реалистік шыншылдық қазақ халқының рухани мәдениетінің бүкіл тарихындағы Абай творчествосының бүкіл жаңашыл және ұлы мәнін ерекше анықтап береді.

Бүкіл творчествосының бұл ең басты, анықтаушы белгілерін, өзін қазіргі тарихи мәніне ие еткен белгілерді, Абай орыстың классиктік әдебиетінің алдыңғы қатарлы халықтық-демократиялық ұлы дәстүрлерінен алды, соған борышты.

Абайдың эстетикалық көзкарастарының дамуынан Пушкин мен Лермонтов орасан зор орын алды. Өзінің онан арғы творчестволық эволюциясында Абай халық көпшілігінінің асыл ойы мен арманын жырлаушы ретіндегі ақынның ерекше қызметі мен борышы туралы Белинский мен Чернышевскийдің эстетикалық канондарын терең қабылдады. Чернышевскийдің искусство шығармаларында өмірді түсіндіріп беретін және өмір құбылыстарына үкім шығаратын маңыз болады деген бір ғана он жетінші тезисі қазақ классигінің өмір көзқарасының көп жақтарын анықтап берді.

Біз Абайдың эстетикасында, дүниені түсінуінде және дүниеге көзқарасында Белинскийдің, Герценнің, Чернышевский мен Добролюбовтың көзқарастарымен айқын және терең байланыс бар екенін көреміз. Бұлар тұтас ғылыми талдау жасау үшін өте зор және игі объект деуге болады. Және біз бұл қымбат бейнелерді Абай атына үлкен алғыс айта отырып еске түсіреміз, өйткені Абай бұл сияқты шипалы қайнарға соншалық шексіз сеніммен, ентелеп сүюмен мойын бұрды, жатсынудың, керенаулықтың, фанатизмнің ғасырында мұның өзі өте сирек кездесетін, аса құнды жаңалық болды. Абайдың орыс әдебиеті мен қоғамдық ойының таңдаулы деген дәстүрлеріне осыншалықты дәйектілікпен, біржолата берілу фактісінен орыс әдебиетінің барлық халықтарға, әсіресе Россияның қаналушы халықтарына сергектік достықпен, көңіл бөле қарайтын, ұлы гуманистік, өзіне тарту күші шешуші орын алады.

Добролюбов айтқан ойды: "Нағыз патриотизм, адамзат баласына деген адал сүйіспендіктің жарыққа шығуы ретінде, жеке халықтарға жирене қараумен сыйыса алмайды" деушілікті орыс халқының кемеңгер ұлдарының тек бір ұрпағы ғана қайталап қойған жоқ. Совет жазушысы А.Н. Толстойдың: "Алдыңғы қатарлы орыс әдебиеті Россияны мекендеуші халықтарға менсінбей қарау дегенді еш уақытта білген емес. Онда кейбір Европа халықтарының әдебиетіне тән отарлық ағын, отарлық мотивтер ешуақытта болған емес" деген сөздері әбден әділеттік еді.

Орыс әдебиеті мен қоғамдық ойының, міне, осы игі ниетті, тарихи миссиясы өздерінің барлық жақсы дәстүрлерімен, XIX ғасырдың бүкіл өн бойында, Россияның езілген халықтарының арасынан шыққан Абай сияқты классиктің ақындық және қоғамдық бейнесінің үздік жаңа сапада дамуын, қалыптасуын тұжырымдай берді.

Ақынның соңғы кезеңдегі творчестволық және қоғамдық өмірінің барлық фактілері ақынның өз заманының реакцияшыл-консервативті күштерінен соншалық алыс, жат және оған берілместей бекем болғанын, оның есесіне өксігі күшті, өгей заманда өзінің есіз қалған, бақытсыз халқына деген жарық сәулеге көрсетер жолды таңдап алуда мейлінше дәйекті, болаттай қажырлы ұлы болғанын дәлелдейді.

Бұл біздің бақытты ұрпағымыз үшін Абайдың ұлы есімін, қазақ халқының мәңгі өшпес даңқы мен мақтанышы болып отырған, жақында, қымбатты оқушыларымыз, Косая гора металлургия заводы коллективі жазғандай, мейлінше жақын туыс, бауыр болған есімді, өзінің соншалықты сүреңсіз тарихи алысынан совет халқына соншалықты жақын болып отырған Абай есімін асыл, қымбат ете түседі.

Мұхтар Әуезов

Ұқсас материалдар