Қандастар Ассамблея

Карикатура

04.12.2012 3949
КАРИКАТУРА (итал. carіcatura, carіcare – ұлғайту, әсіре бейнелеу) – өмірдегі жағымсыз құбылыстарды, жеке адамдардың бойындағы кемшіліктерді әшкерелеу мақсатында әзіл-оспақ, сын-сықақ, әжуа-мазақ, шарж, гротеск құралдарын қолданатын көркем бейнелеу тәсілі, бейнелеу өнерінің (негізінен, графика) жанры. К. жеке адамдардың не өмірдің көлеңкелі жақтарын, кереғарлық пен кертартпалықты шарж бен гротеск арқылы типтендіріп, аяусыз сынап-мінеуге құрылады. Сатиралық К-да адамдардың қоғамға зиянын тигізетін кеселді кемшіліктерін ыза-кекпен жирене отырып әшкерелейді. Ал юмористикалық К-да кейбір адамдардың жекелеген мінезін зілсіз әжуә ету басты мақсат болады. Бір адамның К-лық портреті шарж деп аталады. Онда әлгі адамның мінезін ашып беретін белгілі бір сипаты әдейі әсерленіп суреттеледі. К. ежелгі дәуірлерден белгілі, оның көне үлгілерін Ежелгі Мысыр өнерінен табуға болады (мыс., “Қаз қорыған мысық”). Кейінгі орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірі өнерінде де К-лық үлгілер қолданылған. К. (қатырмада, кейін газет-журналдарда) әлеум. күрес пен ұлт-азаттық қозғалыстар (Реформация, 18 ғ-дың аяғындағы Француз революциясы, 1812 жылғы Отан соғысы, 1830 және 1848 – 49 жылдардағы Еуропа елдеріндегі төңкерістер, Париж коммунасы, 1905 – 07 жылдардағы Ресейдегі толқулар, т.б.) кезінде идеол. қару ретінде қолданылды. Сонымен бірге, К. өз заманындағы өнердің идеялық-көркемдік стилін білдіреді: классицизм принциптері 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дағы көптеген К-лардан байқалса, 19 – 20 ғ-лардағы журналдық К-лардан “модерн” стилінің, 1910 – 20 жылдардағы К-дан экспрессионизмнің әсері байқалды. Қоғамдық өзекті мәселелерге батыл барумен К. өнердің басқа түрлеріне бағыт-бағдар жасап береді. 18 ғ-дың 1-жартысынан бері қарай К. (У.Хогарт, т.б.) жүйелі дами бастады. 18 ғ-дың 2-жартысы мен 19 ғ-да Дж.Гилрей, Ф.Гойя, О.Домье, т.б. К-ның дамуына үлкен ықпал етті. Ресейде карикатурашы-суретшілер 1905 жылғы төңкеріс тұсында көбейе түсті (М.А. Врубель, Б.М. Кустодиев, В.А. Серов, т.б.) 1920 – 30 ж. сатиралық журналдардың ашылуына байланысты уытты қыл қалам шеберлерінің (И.А. Малютин, Ю.А. Ганф, Б.Е. Ефимов, Б.И. Пророков, т.б.) есімдері кеңінен танылды. К. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941 – 45) фашист басқыншыларына қарсы күресте халықты патриоттық рухта тәрбиелеуде ерекше рөл атқарған өнер түріне айналды. Соғыстан кейінгі жылдары К. тақырыбының аясы кеңи түсті: халықар. және ішкі жағдайда, күнделікті өмір-тұрмыста кездесетін кейбір келеңсіз жайларды өткір сынға алған елеулі туындылар өмірге келді. Қазақ халқының К. өнері Ш.Уәлихановтан басталады. Оның көптеген графикалық суреттері уытты әзілге, қуақы-күлкіге арналған (“Салпаң мұртты қарт”, “Балдан кейін”, “Қоғалдай мен Тоғолдай”, т.б.). Қазақстанда К., негізінен, 1920 – 30 жылдары (В.И. Антощенко-Оленев, Ә.Ысмайылов, Қ.Қожықов, Б.А. Чекалин, т.б.) қалыптасты. 1956 ж. респ. “Ара” – “Шмель” сатиралық журналының шығуына байланысты, қазақтың ұлттық әзіл-оспағы мен уытты шешендігін негіз еткен карикатурашылар (А.Р. Ахметов, П.Бейсенов, Н.М. Казанцев, Е.Қалиасқаров, Ж.Қанапиянов, А.И. Латинин, т.б.) өсіп жетілді. Қанапиянов “Сатира бейбітшілік жолындағы күресте” атты халықар. көрмеге бірнеше рет (1976, 1979, 1980, 1983) қатысып, “Американша көмек” (1980) К-сы үшін медальмен марапатталды. 1983 ж. оның “Бейбітшілік үшін күрес” деген К-лар альбомы жарық көрді. Қоғамдық өміріміздегі барлық жетістік пен кемшілікке үн қосатын К. суретшілерінің әр алуан тақырыпта көрмелері өткізілді. Соның бірі – 1988 ж. Алматыда “Огни Алатау” газеті мен Қазақстан Мәдениет мин. ұйымдастырған бүкілодақтық “Карикатура – қайта құру қаруы” атты көрме. Оған 250 көркем туынды қойылды. Суретшілер бюрократтық іс-әрекеттерді, парақорлықты, тамыр-таныстықты және тоқырау кезеңінің басқа да жағымсыз құбылыстарын батыл сынға алды.  Ә. Төлебиев  

КАРИКАТУРА (итал. carіcatura, carіcare – ұлғайту, әсіре бейнелеу) – өмірдегі жағымсыз құбылыстарды, жеке адамдардың бойындағы кемшіліктерді әшкерелеу мақсатында әзіл-оспақ, сын-сықақ, әжуа-мазақ, шарж, гротеск құралдарын қолданатын көркем бейнелеу тәсілі, бейнелеу өнерінің (негізінен, графика) жанры. К. жеке адамдардың не өмірдің көлеңкелі жақтарын, кереғарлық пен кертартпалықты шарж бен гротеск арқылы типтендіріп, аяусыз сынап-мінеуге құрылады. Сатиралық К-да адамдардың қоғамға зиянын тигізетін кеселді кемшіліктерін ыза-кекпен жирене отырып әшкерелейді. Ал юмористикалық К-да кейбір адамдардың жекелеген мінезін зілсіз әжуә ету басты мақсат болады. Бір адамның К-лық портреті шарж деп аталады. Онда әлгі адамның мінезін ашып беретін белгілі бір сипаты әдейі әсерленіп суреттеледі. К. ежелгі дәуірлерден белгілі, оның көне үлгілерін Ежелгі Мысыр өнерінен табуға болады (мыс., “Қаз қорыған мысық”). Кейінгі орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірі өнерінде де К-лық үлгілер қолданылған. К. (қатырмада, кейін газет-журналдарда) әлеум. күрес пен ұлт-азаттық қозғалыстар (Реформация, 18 ғ-дың аяғындағы Француз революциясы, 1812 жылғы Отан соғысы, 1830 және 1848 – 49 жылдардағы Еуропа елдеріндегі төңкерістер, Париж коммунасы, 1905 – 07 жылдардағы Ресейдегі толқулар, т.б.) кезінде идеол. қару ретінде қолданылды. Сонымен бірге, К. өз заманындағы өнердің идеялық-көркемдік стилін білдіреді: классицизм принциптері 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дағы көптеген К-лардан байқалса, 19 – 20 ғ-лардағы журналдық К-лардан “модерн” стилінің, 1910 – 20 жылдардағы К-дан экспрессионизмнің әсері байқалды. Қоғамдық өзекті мәселелерге батыл барумен К. өнердің басқа түрлеріне бағыт-бағдар жасап береді. 18 ғ-дың 1-жартысынан бері қарай К. (У.Хогарт, т.б.) жүйелі дами бастады. 18 ғ-дың 2-жартысы мен 19 ғ-да Дж.Гилрей, Ф.Гойя, О.Домье, т.б. К-ның дамуына үлкен ықпал етті. Ресейде карикатурашы-суретшілер 1905 жылғы төңкеріс тұсында көбейе түсті (М.А. Врубель, Б.М. Кустодиев, В.А. Серов, т.б.) 1920 – 30 ж. сатиралық журналдардың ашылуына байланысты уытты қыл қалам шеберлерінің (И.А. Малютин, Ю.А. Ганф, Б.Е. Ефимов, Б.И. Пророков, т.б.) есімдері кеңінен танылды. К. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941 – 45) фашист басқыншыларына қарсы күресте халықты патриоттық рухта тәрбиелеуде ерекше рөл атқарған өнер түріне айналды. Соғыстан кейінгі жылдары К. тақырыбының аясы кеңи түсті: халықар. және ішкі жағдайда, күнделікті өмір-тұрмыста кездесетін кейбір келеңсіз жайларды өткір сынға алған елеулі туындылар өмірге келді. Қазақ халқының К. өнері Ш.Уәлихановтан басталады. Оның көптеген графикалық суреттері уытты әзілге, қуақы-күлкіге арналған (“Салпаң мұртты қарт”, “Балдан кейін”, “Қоғалдай мен Тоғолдай”, т.б.). Қазақстанда К., негізінен, 1920 – 30 жылдары (В.И. Антощенко-Оленев, Ә.Ысмайылов, Қ.Қожықов, Б.А. Чекалин, т.б.) қалыптасты. 1956 ж. респ. “Ара” – “Шмель” сатиралық журналының шығуына байланысты, қазақтың ұлттық әзіл-оспағы мен уытты шешендігін негіз еткен карикатурашылар (А.Р. Ахметов, П.Бейсенов, Н.М. Казанцев, Е.Қалиасқаров, Ж.Қанапиянов, А.И. Латинин, т.б.) өсіп жетілді. Қанапиянов “Сатира бейбітшілік жолындағы күресте” атты халықар. көрмеге бірнеше рет (1976, 1979, 1980, 1983) қатысып, “Американша көмек” (1980) К-сы үшін медальмен марапатталды. 1983 ж. оның “Бейбітшілік үшін күрес” деген К-лар альбомы жарық көрді. Қоғамдық өміріміздегі барлық жетістік пен кемшілікке үн қосатын К. суретшілерінің әр алуан тақырыпта көрмелері өткізілді. Соның бірі – 1988 ж. Алматыда “Огни Алатау” газеті мен Қазақстан Мәдениет мин. ұйымдастырған бүкілодақтық “Карикатура – қайта құру қаруы” атты көрме. Оған 250 көркем туынды қойылды. Суретшілер бюрократтық іс-әрекеттерді, парақорлықты, тамыр-таныстықты және тоқырау кезеңінің басқа да жағымсыз құбылыстарын батыл сынға алды. 

Ә. Төлебиев
 

Ұқсас материалдар