Қандастар Ассамблея

Бұланды ауданы

04.12.2012 4276
  БҰЛАНДЫ АУДАНЫ — облыстың солт-ндегі әкімш. аудан. Солт-нде Бурабай, солт.-шығысында Еңбекшілдер, шығысында Ақкөл, оңт-нде Астрахан, оңт.-батысында Атбасар, батысында Сандықтау аудандарымен шектеседі. 1935 ж. Қарағанды обл. Щучинск ауд-ның аумағы екіге бөлініп, орт. Вознесенка а. болатын Макинск ауд. құрылған. 1936 ж. 29 шілдеде Солт. Қазақстан обл-ның, 1939 ж. 14 қазанда Ақмола обл-ның қарамағына берілді. 1957 ж. аудан орталығы Вознесенка а-нан Макинск қ-на көшірілді. 1963 ж. қаңтар айында аудан таратылып, 1964 ж. қайта қалпына келтірілді. 1997 ж. 14-қарашадан бастап Бұланды ауд. болып аталады. Аудан орт. — Макинск қ., 1914 ж. ауыл болып негізі қаланып, 1945 ж. ауд. бағыныстағы қала мәртебесі берілді. Әкімш.-аумақтық құрылымы 1 қаладан, 11 а-дық округке біріккен 36 ауылдан тұрады. Жер аум. 5,4 мың км2, тұрғыны 37,1 мың адам, оның ішінде Макинск қ-нда 17,8 мың адам (2008). Оның ішінде 35,4% қазақтар, 46,1% орыстар, 20,5% басқа ұлт өкілдері. Халқының тығызд. 1 км2-ге 7,3 адамнан келеді. Орманды дала мен дала белдемінде орналасқан аудан жерінің көпшілігін Көкшетау қыратының оңт. өңірі алып жатыр (абс. биікт. 300 — 500 м). Жер бедері Есіл өз-нің аңғарына қарай еңістеу келген, ұсақ шоқылы, белесті жазық. Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз, жазы біршама ыстық әрі құрғақ. Ауаның көп жылдық орташа темп-расы қаңтарда –17єС, шілдеде 20єС, жылдық жауын-шашын мөлш. 350 — 400 мм. Топырақ жамылғысында қара, қызыл қоңыр топырақ басым. Қызғылт селеу, бетеге, жусан, өлеңшөп, тобылғы, т.б., өзен жайылмалары мен көл жағалауында қамыс, астық тұқымдасты қалың шалғын, ұсақ шоқыларында шоқ қарағай, қайың, терек, түрлі бұта өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, аламан, ормандарында саңырау құр, құр, көлдерінде су құстары мекендейді. Аумағының шамамен 35 мың га жерін орман алып жатыр. Аудан жерінен Аршалы өз. және оның салалары Қоңыр, Жолболды, Қайрақты өзендері ағып өтеді. Үлкен көлдері: Шошқалы, Алакөл, Байтөбет, Шортанды, Жарлыкөл, Қызылмола. Жалпы аумағы 1975 га-ға жететін 24 су қоймасы бар, оның екеуі тоған, біреуі бөгет. Ауданда кесектас өндіретін «Булаев тас карьері» ЖШС-і, станоктарға, машиналарға, а.ш. машиналарының жылжымалы құрамаларына арналған бөлшектер шығаратын «Макинск мех.-құйма зауыты» ЖШС, пенобетон шығаратын «Макин» ЖШС, тұрмыстық қызмет көрсету комб., типография, машина сынау ст., агроөнеркәсіптік және арнаулы шаруашылық бірлестіктері бар. Бұрынғы әртүрлі салада мамандандырылған кеңшар, ұжымшар, агробірлестіктер негізінде ауданда астық, картоп егетін, сүтті, етті-сүтті ірі қара мал, шошқа, жылқы өсіретін өндірістік кооперативтер, акцион. қоғамдар, шаруа қожалықтары құрылған. А.ш. жерінің аум. 485 мың га (1998), оның ішіндегі егіндік жер 62,5%, жайылымдық 36,1%, шабындық 1,4%. Егін ш-ның басты бағыттары: астық, көкөніс, картоп, жемшөп өсіру. Мал шаруашылығымен айналысатын 85 заңды тұлға, 1417 жеке кәсіпкер, 141 фермерлік шаруашылық тіркелген. Ауданда 14 клуб, 30 кітапхана, 40-тан астам жалпы білім беретін мектептер (екеуі мектеп-бала бақша), муз. мектеп, балабақшалар, кәсіптік-тех. уч-ще, 30 тарихи ескерткіш, 5 монумент бар. Денсаулық сақтау мекемелерінен ауд. аурухана, емхана, 8 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, жедел жәрдем ст., 3 фельдш.-акуш., 24 фельдш. пункттер халыққа қызмет көрсетеді. Балалар шығармашылығы үйінің жанынан құрылған «Бұланды ауданының тарихы» музейі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, шаңғы базасы, спорт алаңдары бар. Қазақ тілінде «Бұланды таңы» және орыс тілінде «Вести Буланды» қоғамдық-саяси газеттері жарық көреді. 2005 ж. атақты балуан, композитор Балуан Шолаққа арнап мемориалдық кешен орнатылды. Аудан жері арқылы 343,7 км автомоб. жолы өтеді, оның 31 км респ., 110 км обл., 202,7 км ауд. маңызы бар. Алматы — Астана — Петропавл т. ж. және Астана — Көкшетау автомоб. жолы өтеді.   