Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!»

04.12.2012 2218
  Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!» Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді. Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір жолына шолу жасап көрелік. Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Әрине, біраз тарихшылар, жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде хан болды дейді. Олай емес. Әбілмәмбет 1765 жылы қайтыс болды. Ол Түркістанның (Қалдан Сереннің қол астында 1743 жылдан), әрі Орта Орданың ханы болып есептелді. Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады. Шындығында басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай жазбаларында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқандай құжатқа сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық арасындағы әңгімеге сүйенді. Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы Мәскеу мұрағатынан табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа жүгінейік. Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді десе, екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды дейді. Ал оның тұтқыннан шығуы туралы да екі түрлі жорамал айтады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген генерал-губернатор Неплюевтің хатынан кейін босатты десе, екіншілері қазақтың би-батырлары талап етіп босатып алды дейді. Мен танысқан хаттарға сүйеніп, Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды деймін. Ең бастысы, Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп - шын мәнінде оған арашашы болған беделді би-старшындар. Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті. 1742 жылы 18 мамырдағы Гладышевтің хабарында былай делініпті: «Қырғыз-қайсақтар әңгімелерінде Ақшораның жоңғарларға келгенін айтып отырды. Қырғыз-қайсақтың иесі Абылай сұлтанды жоңғарлардың қожасы Қалдан Серен тұтқында ұстап, оның аяқ-қолына кісен салыпты. Ақшора келген соң кісендерді алып, Ақшораның адамдарын кісендепті. Ақшора кеткеннен кейін Абылайдың аяқ қолындағы кісендерді алып тастап, Абылайдың інісін қырғыз-қайсақ еліне қайтарды. Ақшораны қалмақтың үш адамымен жіберді. Егер де 10 отбасын және Қарасақалды әкеліп берсе, сонда ғана жоңғарлықтар тұтқындарды қайтарамыз» дейді. Ақшора және үш қалмақ қырғыз-қайсақтардан әлі қайтып келмеді». 1744 жылғы 23 қаңтардағы Кирилловтың хатында: «...Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды. Онымен бірге Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл табысты. Осы жылғы күзде оларды (30 қыркүйекте) өз елдеріне жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да қайтарылды. Өз ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда қоңтайшыларда көп адамдар шешек ауруымен ауырып, қайтыс болды. Қалдан Серен қайсақтармен бейбітшілікте». Жоңғарлардың тұтқынынан келгеннен соң Абылайдың абыройы тіпті жоғары дәрежеге көтерілді. Енді үш орданың хандары, билері де онымен санасты. Ол Ресейден қол үзген жоқ. Бірақ губернаторларға бас иген емес. Оларды өзінен ара қашықтықта ұстады. Абылай хан Орынборға 1740 жылы барғаннан кейін губернаторлардың оған өздеріне келіп кетуін сұраған бірнеше шақыруларын қабылдамады. Кейбір тарихшылар Абылайдың тұтқыннан келуі оны Ресейге байлады, оған міндетті болды дегендей ой білдіреді. Жоқ. Олай емес. Ресейге тәуелді болған жоқ. Міне, осындай хаттың бірін 1745 жылы 16 сәуірде Орынбордан губернатор, құпия кеңесші Иван Неплюев Абылай сұлтанға жіберіпті: «...Біз сізден көптен хабар ала алған жоқпыз, көп уақыт өткендігі себепті сізден өткен кездер туралы хабарларды естігеніміз дұрыс болар еді. Сіздің және қол астыңыздағылардың бір белгісі болсын. Егер мүмкіндігіңіз болса, уақыт тауып, сіз маған келсеңіз, маған ұнаған болар еді. Мен осы алдағы күзге дейін басқа жаққа баруыма байланысты орнымда болмауым мүмкін. Екеуміз кездесіп, бетпе-бет әңгімелесіп көп жағдайларға кеңескеніміз дұрыс болар еді. ...Сіздің қойған талабыңызға байланысты Сібір жағында ұсталған адамдарыңыз бен малдарыңыздың біразы қайтарылды. Басқасына ол генерал күш салып көмектесемін деп сенім білдірді», депті. 1745 жылы 7 мамырда жүзбасы Яков Ерофеев арқылы полковник Павлуцкийге Абылай хан мынадай хат жіберіпті: «Сіздің маған жіберген хатыңыздан естіп отырмын: «Бізге денсаушылық тілей отырып, біздің қол астымызда жаулап алды деген жылқылар және тұтқындар бар депсіз». Ондай жағдай болған жоқ. Тұтқында ешкім жоқ. Егер ондай болса, онда қандай одақтастық болады. Өткен жылы сіздің адамдар 42 адамды тұтқынға алды. 24 адам, 1300 жылқыны, 13 байдың үй-мүліктерінен 382 жылқыны бізге қайтарды. Енді 918-і сіздерде қалды». Бұл хаттағы: «Онда қандай одақтастық болады», деген сөзге көңіл бөлу керек. Ол - Абылай Ресейге берген сертін одақтастық деп түсінетіні.   1760 жылы 16 сәуірде Орынбор губерниясының кеңсесінен құпия экспедиция арқылы Орынбор гарнизонының жаяу әскер полкының поручигі, князь Иван Ораков, тілмаш Яков Гуляев Абылайды іздеп, бес күн жүріп старшын Байжігіттің ауылына келеді. Абылай осы жерден 3-4 шақырым жерде қоныстанған екен. Көкшетауға, Әулие Петр қамалына жазда бармақшы. Ораков пен Гуляев әдептілік, сыпайылық көрсетіп, Абылай сұлтанды тағы да Орынборға, тіпті болмаса Троицкіге келуді қиылып сұрайды. Оған Абылай: «Қашқария қырғыздары Айходжа және Күнходжа Жаркент қалаларына шабуыл дайындап жатыр. Бұл жердегі халықтар Ташкент, Түркістан, Бұқараға көпестер және таможнялықтармен еріп көшіп жатыр. Ол жерге көмек көрсетуіміз қажет. Сол себепті Орынборға баруға уақытым жоқ», деп жауап беріпті. Абылай осылайша үш (Ресей, Жоңғар, Қытай) алып мемлекеттердің ортасында дипломатиялық шеберлікпен Қазақ елінің бостандығын сақтай білді. Қазақ халқының аса көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев «Батыр Баянда» Абылайдың саясаткерлігін былай суреттепті: «Алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ.   Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.   Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау   Сол кезде елге қорған болған Абылай,   Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап».   1759 жылы (қор 122, «Қырғыз-қайсақ ісі», тізім 1, іс 3) Орынбордың губернаторы, құпия кеңесші Давыдовқа және генерал-майор Тевкелевке, Сібір губернаторындағы әскери қолбасшы Брегадир Фрауендорфқа император ханымның канцлері граф Воронцовтың жолдаған хатында Абылай ханның өміріндегі тағы бір қырлар ашып беріліпті.   Онда Абылай ханның Ресейдің губернаторларына, тіпті ханымға, канцлерге де бас имейтіні хабарланған. Бірнеше рет өздеріне келіп жолығуын 1743 жылдан бері сұраса да бармағанын, оның үстіне олардың алдына өзінің талаптарын табанды түрде қойып, оның орындалуын міндеттегеніне көз жеткіземіз.   Хаттың 74-бетінде былай депті:   «...Сіз биылғы жылғы 15 наурыздағы хабарламаңызда тағы да ұсыныс жазыпсыз. Онда Абылай сұлтанды жақсырақ өзімізге тарту мақсатымен еркелетуді және Орынборда көбірек марапаттауды талап етіпсіз. Мұндай жалақы үшін ол одан әрі беріліп қызмет етуге міндетті. Оны жоғалтпас үшін, біздің жағымызды қолдауы үшін, тіпті болмаса ашық қарсы шықпаса да бүгінгі қытайлықтардың тырысып отырғанына беріліп кетпей, өз жағымызға шығару керек. Біздің жақтан да оны еркелетуіміз қажет. Онымен жеке хат жазысып тұрыңыздар. Ол өте пайдалы. Абылай сұлтанға император - ақ патша ханымның атынан биылғы 1759 жылдың басынан бастап жалақы төлеуі дұрыс. Орынбордың шет ел шығыны есебінен қырғыз-қайсақтардың Кіші Ордасының Нұралы ханының жалақысын азайтып, әрқайсысына 600 рубльден жалақы берілсін. Оларда реніш болмау үшін жылына 300 рубльден тағайындау керек. Оның үстіне 100 рубль басқа қырғыздарға берілмей, Абылай сұлтанның өзінің пайдалануына беріледі. Өйткені, бізге белгілі, ол өзінің 200 рублімен қырғыз-қайсақтың салты бойынша жергілікті старшындарымен бөліседі. Екінші, Абылай сұлтанның басқа ұсыныстарын алсақ, ол Ресейдің шекаралық командирлеріне өкпелі, сондай-ақ башқұрттарға және белгілі Ноян Шерендеге. Ол қырғыз-қайсақтардың жауы көп, жылқыларын алып кеткен. Сондай-ақ қасиетті шоқынуға барғандар туралы айтыпты, олардың басым көпшілігі өз еріктерімен шоқынуға барған жоқ.   Көкшетау қаласы Абылай Хан алаңы.   ...Абылай сұлтан қойған мәселелерді шешу және Ноян Шереннің ұстап отырған адамдарын, жылқыларын да қайтарып беру мүмкіндігіне сенемін. Абылай жанжал шығарады. Оның арызы бойынша Сібір командирлерін тыныштандыру керек.   Үшінші, Абылай сұлтан қойған мәселелерін шешу үшін қабылданған жарлықты нақты орындайық. Абылай сұлтан кейбір жағдайға сенбеуі мүмкін. Оның талаптары толығымен орындалған жоқ».   Міне, көріп отырсыздар Санкт-Петербургтен канцлер Воронцов Абылайдың талаптарын орындау қажеттігіне қатты көңіл бөлген. Бұл Абылай сұлтанның беделі жоғары екенін, өзін Ресейге бағыныштымын деп мойындамайтынын дәлелдейді.   Осы хаттың жалғасында және былай депті:   «...Абылай бүкіл Орта Ордада ең басты қожасы болып есептеледі, оның үстіне ол басқалардан гөрі әлдеқайда зерек (түсінгіш), әрі икемді (епті), оны нағыз хан жасау керек. Жергілікті халық Орта Орданың Әбілмәмбет ханның мысалындай жарлықсыз хан сайламасын. Оған қарсы тұру өте қиын. Өйткені, ісіне қарап әр жерде бүгінде Абылайды хан деп атайды».   Өздеріңіз байқап отырғандай, Абылайды халық әдейілеп сайламаса да оны «хан» деп есептейтіні құзыреттілерге де жеткен.   Абылай ханның ғажап дипломат екендігі қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін ерекше белгілі болды.   Жоңғарлардың ханы Қалдан Серен өлген соң оның балалары таққа таласып, бірін-бірі өлтірді. Ең соңында күңнен туған ұлы Лама Дорчжи қулық-сұмдық жолмен тақты басып алды. Оның Даваци, Амурсана атты інілері Абылай ханның ордасына қашып келді. Осы кезде Әбілмәмбет хан, атақты Малайсары билер Абылайға қысым жасап, ол екеуі Лама Дорчжиге қайтарып беруді талап етті. Бұл Абылай ханның ел басқарып жүргендегі өте ауыр кезеңі еді.   Ауыр сыннан шығу кезіндегі Абылайдың табандылығын, тапқырлығын, жігерлілігін көрсететін деректерді Санкт-Петербургтің орталық кітапханасынан алған В.В.Вельяминов-Зерновтың: «Тарихи хабарлама. Қырғыз-қайсақтар туралы және Әбілқайыр хан өлгеннен кейінгі Ресейдің Орта Азиямен қарым-қатынасы» атты кітабында жақсы көрсетілген. Онда былай деген: «Лама Дорчжи 1750 жылы мамыр айында өкіметті өз қолына басып алды. Бір інісін соқыр қылып, жер аударды. Бадемирдің бес ұлын тұншықтырып, өлтірді. Одан басқа да көптеген туыстарын сол әдіспен құртты.   Ұрыс-керіс және келіспеушіліктер тез арада оның сөзсіз құритындығының белгісі еді. Мемлекет үшке бөлінді. Бір бөлігі Лама Дорчжиге қалды. Екіншісі Қытайға көшті, үшіншісі Сібірге, Ертіс өзеніне қарай ығысты. Енді елдің иесі жауыздықтың жаңа түрін қолдануға көшті. Даваци ең жақын таққа таласатын ізбасар болғандықтан, оны бақталас деп есептеп тұншықтырып өлтірмекші болды. Оған мазасызданған Даваци өзінің жиендерімен, Амурсана мен Сібір шекарасына кетуді ойлады да Орта Орданың қырғыздарына қашып барды. Даваци екі адамын Абылай сұлтанға жіберді. Одан рұқсат талап етті. Осы жерде қалайын ба, жоқ басқа жаққа барайын ба?» - деді.Осы екі арада айлакер Абылай сақтық шарасын қолданып үлгерген болатын». Міне, Абылай осылай болмаса, Абылай бола ма?   1757 жылы Абылай 10 мың сарбазбен Қашқария жерінде (1,0 млн.қалмақтарды қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған торғауыттарды қырды (басқарған батырлар: Арғын - Атығай - Күлеке батыр - 2000 сарбазбен; Керей Мерген батыр - 2000 сарбазбен, Көкжал Барақ батыр (Найман) - 2000 сарбазбен; Абылай сұлтан - 2000 сарбазбен; Қаракерей Қабанбай батыр - 2000 сарбазбен), қалған қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай тұтқындап, қазақ жеріне құлдыққа таратты. 1760-1764 жылдар аралығында Қабанбай батырды Абылай сұлтан Зенгор жеріне бас қолбасшы етіп тағайындады. Қабанбай батыр Қаракерей наймандарды, Төлеңгіт Райымбек батыр (Албан Райымбекпен шатастырмайық) Уақ, Керейлерді Зенгор жеріне көшірді. Бұл тек қана Абылай сұлтанның талабымен іске асты (қор 1, тізбе 1, іс 88, 1760 жыл, Омбы мұрағаты).   1760 жылы 20 мамырда князь поручик Иван Ораков генерал-майор және Сібірдің шекаралық әскери бас командирі Иван Иовемарнға жазған хатында былай депті:   «19 ақпан күні Абылай сұлтанның төлеңгіт қырғызы Райымбек былай деді: «Өткен күзде Абылай сұлтан өз атынан мені Орданың Қаракерей Найман руына жіберді. Олар Звенигорск қамалының жанында Қарата атты жайлаудағы көштермен бірге жүр». Кейін қайтар кезде сол рудың бас старшыны Қабанбай Абылай сұлтанның атынан Райымбекке бұйрық береді. Ол Райымбекке өзінің ұлыстарын түгелімен алдағы жазда Зенгор хандығының жеріне көшуін, ондағы Зенгор ханы Қалдан Серен Урғаның тұрған жеріне барып тұруын бұйырды».   Абылай ханның батыл әрі ғажап қимылынан кейін Орск бағытының қолбасшысы, полковник Родестен генерал-майор Фонвейнмарнға 1760 жылы 22 қыркүйекте (№315) мынадай баянат келіпті:   «...20 шілдедегі хатты Абылайға оқып берген. Онда Зенгордан Тарбағатайға дейінгі жерлер Барабы татарларының жері, Уранхаевтардың қонысы деген. Абылай: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі», - деп жауап береді. Жер дауын шешу үшін Абылай өзі шілдеде барып қайтамын, содан кейін жауабын генерал-майорға жазамын дейді.   Поручик Гуляев Абылаймен кездескені туралы жоғарыдағы хатын былай жалғапты:   ... «Абылай мені 22-сі күні жібермекші болды. Мен жердің алыстығына байланысты өтірік ауырған болып, бармай қалдым. Қытайдың елшісі келе жатқанын да естідім. Абылай: «Олармен таяу арада кездесе алмаймын. Уақытым жоқ», - депті. Аз уақыт өткен соң, 23-і күні Қытай елшісі Абылайдың ордасына 30 адаммен келді. Олар Абылайға кісі жіберіп, бүгін кездесуді талап етеді. Абылайдан сескеніп, басқа қырғыздар да (қазақ - Б.Н.) кездескілері келмепті. Қытайлықтар қырғыздардың аудармашысына риза болмай, хатты бермей, тек ауызша ғана өз талабын айтады. Абылай мен Жолбарыс сұлтан парсы тілі араласқан қалмақ тілінде жазылған хатты түсінбейді. «Қырғыздар уранхай және торғауыттардың жерлерін басып алған. Олардың тұтқындағы адамдары мен малдарын қайтарып беруге уәде беріңдер», - депті қытайлықтар хатында. Егер қайтармасаңдар, әскер жіберемін деп қорқытыпты. Олар Абылайды сыйлағандықтан ғана жіберген жоқпыз деді.   Міне, осындай жүздеген хаттар мұрағаттарда жатыр. Бұл сол заманның дипломатиясы. 1738-1781 жылдар арасында Қызылжар, Көкшетау, Кереку, Зайсан, Семей, Өскемен, тағы басқа да солтүстік, шығыс шекараларын қорғап, еліміздің бүгінгі күнге жетуін қамтамасыз етіп, оңтүстікте Төле би, Шапырашты Наурызбайдың сарбаздарымен қарым-қатынаста болып, оларға да қорған бола білгендігін дәлелдейтін хаттар бар.   Абылай бастап барған жорықтар туралы да құжаттар жеткілікті. Әбілқайыр тірі тұрған кезінде Абылаймен қарым-қатынас жасаған. Әбілқайырды өлтіргенде оның балаларын аман алып қалған Абылай сұлтан. Ол туралы Әбілқайырдың зайыбы Бопай ханымның канцлерге, генерал-губернаторға жазған хаттарында: «Абылай сұлтанға көп рахмет. Балаларымды ажалдан құтқарды», депті.   Абылай хан айтқандарына көнбеген соң Сібірдің губернаторы Саймоновтың Сыртқы істер мемлекеттік коллегиясына 1763 жылы 5 ақпанда, сондай-ақ 1764 жылы генерал-майор Фонфрауендорфтың жазған хаттарында Абылай сұлтанның абыройын төгіп, жамандап канцлерге жазыпты. Онда: «Абылай сұлтан бірде-бір руды басқармаған, халықтың арасында абыройы жоқ», деп, екіншісі «қытайларға жалтақтық жасады» депті. Осы хаттарды оқыған бірен-саран «тарихшы-жазушыларымыз» Абылай хан туралы алыпқашпа әңгіме айтып жүр...   Абылай ханның Ресейге тәуелді болмай, олармен тең дәрежедегі одақтас мемлекеттің ханымын дегенін дәлелдейтін тағы да генерал-поручик Иван Деколонгке, одан кейін генерал-поручик және губернатор Иван Реннедорфке жазған (1772 жылы 19 қыркүйекте) хатын мысалға келтірейік:   «...Генерал мырза, сізге айтарым, біздің Орда сіздің Ресейдей емес, өте шашыраңқы жатыр. Ұрыларды, бұзықтарды табу, ұстау тез арада қолдан келмейді. Жеріміз өте үлкен. Сол себепті кімнің қайда көшіп жүргенін білу мүмкін емес.   Қытайдың Богдо ханына мен өз талабымды айтып былай дедім: «Қандай күші бар мемлекет болса да егер бізге қарсы шықса немесе дөрекілік білдірсе, онда біз оларға қарсы тұра аламыз». Егер де Қытайдан көмек сұрай қалсақ, ол ешуақытта көмек беруге дайын еместігін білдірді.   Осыған байланысты, егер де бізге біреулер көз алартып, соғыс ашу қаупі бола қалса, онда сіз бізге әскери көмек беруге дайынсыз ба? Осы туралы императорға жеткізіп, маған жауабын хабарласаңыз.   Генерал мырза, сізден маған 1000 немесе 500, болмаса 300 әскери адамдарды уақытша беруіңізді сұраймын. Ол біздің ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап, тыю үшін керек.   Ұрыларды ұстап, жазаласақ, онда олар сіздерге де, біздерге де жаманшылық жасай алмауы тиіс. Екі генералитет келісімге келуіміз керек (Байқадыңыз ба? Екі мемлекеттің генералитеті деген мағынада - Б.Н.).   Мен сіздің әскерді алысқа апармаймын. Бес күн ұрылармен бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның біреуін жіберемін. Содан кейін оларды қару-жарақтарымен, киімдерімен өз елдеріне апарып саламыз. Бұл мәселені императорға жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой (Өз күшімізбен орындау мүмкін болмады. Қайда барса да қазақ «қарын бөле» болып шығады дегенді аңғартқан сияқты - Б.Н.). Әскер берсеңіздер де, бермесеңіздер де маған хабар беріңіздер. Соңында сізге көп жыл денсаушылық тілеуші - Абылай хан. Сенімді болу үшін өз мөріммен растаймын».   Елде тәртіп орнатпаса, старшындардың өзара бейбіт өмір сүрулері мүмкін еместігін Абылай хан түсінді.   Абылай ханға Ресейдің канцлері, Орынбор және Сібір губернаторлары сенімсіздік білдіріп, үнемі оның ордасына жансыздарын жіберіп, бақылап отырған. Оның дәлелі ретінде 1760 жылы қаңтар айының 20-сы күні Омбыдан Брегадир Фонфрауендорфтан полковник Лестокқа жіберілген хатпен таныссақ, көп құпияға қанық боларымыз анық.   «Құпия хат.   Қырғыз-қайсақтың жерінде мына жағдайларды барлап білу қажет:   1. Олардың жасырын әскерлері қай жерлерде орналасқан, қандай мекенде, саны қанша, Ресей жерінен қашықтығы қанша?   2. Оның тұрақты әскері бар ма? Қанша, қай жерде? Оның бас старшындары кім?   3. Абылай сұлтанның негізгі мақсаты не? Негізгі басшылары кім? Менің жіберген хатыма жауап болмады. Ол хат кімнің қолына берілген?   4. Ресейге шабуыл жасайтын әскерлері бар ма? Шабуыл жасау ойлары бар ма? Егер болса, не үшін?   5. Қытайды жақтайтын қырғыз-қайсақтар немесе басқа халықтар бар ма? Қанша?   6. Қырғыздардың басқадай бөтен ойлары бар ма? Көрші елдермен қарым-қатынастары бар ма? Соғыс қаупі туып тұрған жерлері жоқ па?   7. Бұқара, Қашғар, Жәркент, Ташкент, Түркістан, тағы басқа да жерлермен ұрыс-керістері бар ма? Олар өзара тату болса, тез арада олармен ымыраласуға ниеттері бар ма?   8. Жазда Абылай сұлтан сырт жаққа, Көкшетау жағына көшіп бармақшы. Ол қайда барады, әрі қарай басқа жерге бармай ма?   9. Батырларды сыртынан бақылау керек.   10. Қабылан сұлтан Орынбордан жіберілген аудармашы Гуляевты қысымға алыпты. Ресей туралы ойын білу керек. Олардың қулықтарын ешкім байқамады ма? Абылай сұлтан, Күлсары батыр, тағы басқаларды бақылауды өте құпия түрде жүргізу керек».   Міне, жоғарыдағы тапсырманы оқыған адам Абылай ханның ресейліктердің айдауымен жүрген адам еместігіне көзі жетеді. Абылай ханның билік жүргізу жүгі аса ауыр болғанын байқайды.   Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кішігірім жауларды есепке алмағанда үш алыппен (Ресей, Жоңғар, Қытай) ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, терең ойшылдықты тілейді. Бір сөзбен айтқанда, ақылды дипломат болу керек.  

 

Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!»
Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.
Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір жолына шолу жасап көрелік.
Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Әрине, біраз тарихшылар, жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде хан болды дейді. Олай емес. Әбілмәмбет 1765 жылы қайтыс болды. Ол Түркістанның (Қалдан Сереннің қол астында 1743 жылдан), әрі Орта Орданың ханы болып есептелді. Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады. Шындығында басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай жазбаларында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқандай құжатқа сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық арасындағы әңгімеге сүйенді.
Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы Мәскеу мұрағатынан табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа жүгінейік.
Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді десе, екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды дейді.
Ал оның тұтқыннан шығуы туралы да екі түрлі жорамал айтады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген генерал-губернатор Неплюевтің хатынан кейін босатты десе, екіншілері қазақтың би-батырлары талап етіп босатып алды дейді.
Мен танысқан хаттарға сүйеніп, Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды деймін. Ең бастысы, Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп - шын мәнінде оған арашашы болған беделді би-старшындар. Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті.
1742 жылы 18 мамырдағы Гладышевтің хабарында былай делініпті:
«Қырғыз-қайсақтар әңгімелерінде Ақшораның жоңғарларға келгенін айтып отырды. Қырғыз-қайсақтың иесі Абылай сұлтанды жоңғарлардың қожасы Қалдан Серен тұтқында ұстап, оның аяқ-қолына кісен салыпты. Ақшора келген соң кісендерді алып, Ақшораның адамдарын кісендепті. Ақшора кеткеннен кейін Абылайдың аяқ қолындағы кісендерді алып тастап, Абылайдың інісін қырғыз-қайсақ еліне қайтарды. Ақшораны қалмақтың үш адамымен жіберді. Егер де 10 отбасын және Қарасақалды әкеліп берсе, сонда ғана жоңғарлықтар тұтқындарды қайтарамыз» дейді. Ақшора және үш қалмақ қырғыз-қайсақтардан әлі қайтып келмеді».
1744 жылғы 23 қаңтардағы Кирилловтың хатында:
«...Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды. Онымен бірге Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл табысты. Осы жылғы күзде оларды (30 қыркүйекте) өз елдеріне жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да қайтарылды. Өз ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда қоңтайшыларда көп адамдар шешек ауруымен ауырып, қайтыс болды. Қалдан Серен қайсақтармен бейбітшілікте».
Жоңғарлардың тұтқынынан келгеннен соң Абылайдың абыройы тіпті жоғары дәрежеге көтерілді. Енді үш орданың хандары, билері де онымен санасты. Ол Ресейден қол үзген жоқ. Бірақ губернаторларға бас иген емес. Оларды өзінен ара қашықтықта ұстады.
Абылай хан Орынборға 1740 жылы барғаннан кейін губернаторлардың оған өздеріне келіп кетуін сұраған бірнеше шақыруларын қабылдамады. Кейбір тарихшылар Абылайдың тұтқыннан келуі оны Ресейге байлады, оған міндетті болды дегендей ой білдіреді. Жоқ. Олай емес. Ресейге тәуелді болған жоқ.
Міне, осындай хаттың бірін 1745 жылы 16 сәуірде Орынбордан губернатор, құпия кеңесші Иван Неплюев Абылай сұлтанға жіберіпті:
«...Біз сізден көптен хабар ала алған жоқпыз, көп уақыт өткендігі себепті сізден өткен кездер туралы хабарларды естігеніміз дұрыс болар еді. Сіздің және қол астыңыздағылардың бір белгісі болсын. Егер мүмкіндігіңіз болса, уақыт тауып, сіз маған келсеңіз, маған ұнаған болар еді. Мен осы алдағы күзге дейін басқа жаққа баруыма байланысты орнымда болмауым мүмкін. Екеуміз кездесіп, бетпе-бет әңгімелесіп көп жағдайларға кеңескеніміз дұрыс болар еді.
...Сіздің қойған талабыңызға байланысты Сібір жағында ұсталған адамдарыңыз бен малдарыңыздың біразы қайтарылды. Басқасына ол генерал күш салып көмектесемін деп сенім білдірді», депті.
1745 жылы 7 мамырда жүзбасы Яков Ерофеев арқылы полковник Павлуцкийге Абылай хан мынадай хат жіберіпті:
«Сіздің маған жіберген хатыңыздан естіп отырмын: «Бізге денсаушылық тілей отырып, біздің қол астымызда жаулап алды деген жылқылар және тұтқындар бар депсіз». Ондай жағдай болған жоқ. Тұтқында ешкім жоқ. Егер ондай болса, онда қандай одақтастық болады. Өткен жылы сіздің адамдар 42 адамды тұтқынға алды. 24 адам, 1300 жылқыны, 13 байдың үй-мүліктерінен 382 жылқыны бізге қайтарды. Енді 918-і сіздерде қалды».
Бұл хаттағы: «Онда қандай одақтастық болады», деген сөзге көңіл бөлу керек. Ол - Абылай Ресейге берген сертін одақтастық деп түсінетіні.
 
1760 жылы 16 сәуірде Орынбор губерниясының кеңсесінен құпия экспедиция арқылы Орынбор гарнизонының жаяу әскер полкының поручигі, князь Иван Ораков, тілмаш Яков Гуляев Абылайды іздеп, бес күн жүріп старшын Байжігіттің ауылына келеді. Абылай осы жерден 3-4 шақырым жерде қоныстанған екен. Көкшетауға, Әулие Петр қамалына жазда бармақшы.
Ораков пен Гуляев әдептілік, сыпайылық көрсетіп, Абылай сұлтанды тағы да Орынборға, тіпті болмаса Троицкіге келуді қиылып сұрайды. Оған Абылай: «Қашқария қырғыздары Айходжа және Күнходжа Жаркент қалаларына шабуыл дайындап жатыр. Бұл жердегі халықтар Ташкент, Түркістан, Бұқараға көпестер және таможнялықтармен еріп көшіп жатыр. Ол жерге көмек көрсетуіміз қажет. Сол себепті Орынборға баруға уақытым жоқ», деп жауап беріпті.
Абылай осылайша үш (Ресей, Жоңғар, Қытай) алып мемлекеттердің ортасында дипломатиялық шеберлікпен Қазақ елінің бостандығын сақтай білді.
Қазақ халқының аса көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев «Батыр Баянда» Абылайдың саясаткерлігін былай суреттепті:
«Алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ.
 
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
 
Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау
 
Сол кезде елге қорған болған Абылай,
 
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап».
 
1759 жылы (қор 122, «Қырғыз-қайсақ ісі», тізім 1, іс 3) Орынбордың губернаторы, құпия кеңесші Давыдовқа және генерал-майор Тевкелевке, Сібір губернаторындағы әскери қолбасшы Брегадир Фрауендорфқа император ханымның канцлері граф Воронцовтың жолдаған хатында Абылай ханның өміріндегі тағы бір қырлар ашып беріліпті.
 
Онда Абылай ханның Ресейдің губернаторларына, тіпті ханымға, канцлерге де бас имейтіні хабарланған. Бірнеше рет өздеріне келіп жолығуын 1743 жылдан бері сұраса да бармағанын, оның үстіне олардың алдына өзінің талаптарын табанды түрде қойып, оның орындалуын міндеттегеніне көз жеткіземіз.
 
Хаттың 74-бетінде былай депті:
 
«...Сіз биылғы жылғы 15 наурыздағы хабарламаңызда тағы да ұсыныс жазыпсыз. Онда Абылай сұлтанды жақсырақ өзімізге тарту мақсатымен еркелетуді және Орынборда көбірек марапаттауды талап етіпсіз. Мұндай жалақы үшін ол одан әрі беріліп қызмет етуге міндетті. Оны жоғалтпас үшін, біздің жағымызды қолдауы үшін, тіпті болмаса ашық қарсы шықпаса да бүгінгі қытайлықтардың тырысып отырғанына беріліп кетпей, өз жағымызға шығару керек. Біздің жақтан да оны еркелетуіміз қажет. Онымен жеке хат жазысып тұрыңыздар. Ол өте пайдалы. Абылай сұлтанға император - ақ патша ханымның атынан биылғы 1759 жылдың басынан бастап жалақы төлеуі дұрыс. Орынбордың шет ел шығыны есебінен қырғыз-қайсақтардың Кіші Ордасының Нұралы ханының жалақысын азайтып, әрқайсысына 600 рубльден жалақы берілсін. Оларда реніш болмау үшін жылына 300 рубльден тағайындау керек. Оның үстіне 100 рубль басқа қырғыздарға берілмей, Абылай сұлтанның өзінің пайдалануына беріледі. Өйткені, бізге белгілі, ол өзінің 200 рублімен қырғыз-қайсақтың салты бойынша жергілікті старшындарымен бөліседі. Екінші, Абылай сұлтанның басқа ұсыныстарын алсақ, ол Ресейдің шекаралық командирлеріне өкпелі, сондай-ақ башқұрттарға және белгілі Ноян Шерендеге. Ол қырғыз-қайсақтардың жауы көп, жылқыларын алып кеткен. Сондай-ақ қасиетті шоқынуға барғандар туралы айтыпты, олардың басым көпшілігі өз еріктерімен шоқынуға барған жоқ.
 
Көкшетау қаласы Абылай Хан алаңы.
 
...Абылай сұлтан қойған мәселелерді шешу және Ноян Шереннің ұстап отырған адамдарын, жылқыларын да қайтарып беру мүмкіндігіне сенемін. Абылай жанжал шығарады. Оның арызы бойынша Сібір командирлерін тыныштандыру керек.
 
Үшінші, Абылай сұлтан қойған мәселелерін шешу үшін қабылданған жарлықты нақты орындайық. Абылай сұлтан кейбір жағдайға сенбеуі мүмкін. Оның талаптары толығымен орындалған жоқ».
 
Міне, көріп отырсыздар Санкт-Петербургтен канцлер Воронцов Абылайдың талаптарын орындау қажеттігіне қатты көңіл бөлген. Бұл Абылай сұлтанның беделі жоғары екенін, өзін Ресейге бағыныштымын деп мойындамайтынын дәлелдейді.
 
Осы хаттың жалғасында және былай депті:
 
«...Абылай бүкіл Орта Ордада ең басты қожасы болып есептеледі, оның үстіне ол басқалардан гөрі әлдеқайда зерек (түсінгіш), әрі икемді (епті), оны нағыз хан жасау керек. Жергілікті халық Орта Орданың Әбілмәмбет ханның мысалындай жарлықсыз хан сайламасын. Оған қарсы тұру өте қиын. Өйткені, ісіне қарап әр жерде бүгінде Абылайды хан деп атайды».
 
Өздеріңіз байқап отырғандай, Абылайды халық әдейілеп сайламаса да оны «хан» деп есептейтіні құзыреттілерге де жеткен.
 
Абылай ханның ғажап дипломат екендігі қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін ерекше белгілі болды.
 
Жоңғарлардың ханы Қалдан Серен өлген соң оның балалары таққа таласып, бірін-бірі өлтірді. Ең соңында күңнен туған ұлы Лама Дорчжи қулық-сұмдық жолмен тақты басып алды. Оның Даваци, Амурсана атты інілері Абылай ханның ордасына қашып келді. Осы кезде Әбілмәмбет хан, атақты Малайсары билер Абылайға қысым жасап, ол екеуі Лама Дорчжиге қайтарып беруді талап етті. Бұл Абылай ханның ел басқарып жүргендегі өте ауыр кезеңі еді.
 
Ауыр сыннан шығу кезіндегі Абылайдың табандылығын, тапқырлығын, жігерлілігін көрсететін деректерді Санкт-Петербургтің орталық кітапханасынан алған В.В.Вельяминов-Зерновтың: «Тарихи хабарлама. Қырғыз-қайсақтар туралы және Әбілқайыр хан өлгеннен кейінгі Ресейдің Орта Азиямен қарым-қатынасы» атты кітабында жақсы көрсетілген. Онда былай деген: «Лама Дорчжи 1750 жылы мамыр айында өкіметті өз қолына басып алды. Бір інісін соқыр қылып, жер аударды. Бадемирдің бес ұлын тұншықтырып, өлтірді. Одан басқа да көптеген туыстарын сол әдіспен құртты.
 
Ұрыс-керіс және келіспеушіліктер тез арада оның сөзсіз құритындығының белгісі еді. Мемлекет үшке бөлінді. Бір бөлігі Лама Дорчжиге қалды. Екіншісі Қытайға көшті, үшіншісі Сібірге, Ертіс өзеніне қарай ығысты. Енді елдің иесі жауыздықтың жаңа түрін қолдануға көшті. Даваци ең жақын таққа таласатын ізбасар болғандықтан, оны бақталас деп есептеп тұншықтырып өлтірмекші болды. Оған мазасызданған Даваци өзінің жиендерімен, Амурсана мен Сібір шекарасына кетуді ойлады да Орта Орданың қырғыздарына қашып барды. Даваци екі адамын Абылай сұлтанға жіберді. Одан рұқсат талап етті. Осы жерде қалайын ба, жоқ басқа жаққа барайын ба?» - деді.Осы екі арада айлакер Абылай сақтық шарасын қолданып үлгерген болатын». Міне, Абылай осылай болмаса, Абылай бола ма?
 
1757 жылы Абылай 10 мың сарбазбен Қашқария жерінде (1,0 млн.қалмақтарды қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған торғауыттарды қырды (басқарған батырлар: Арғын - Атығай - Күлеке батыр - 2000 сарбазбен; Керей Мерген батыр - 2000 сарбазбен, Көкжал Барақ батыр (Найман) - 2000 сарбазбен; Абылай сұлтан - 2000 сарбазбен; Қаракерей Қабанбай батыр - 2000 сарбазбен), қалған қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай тұтқындап, қазақ жеріне құлдыққа таратты. 1760-1764 жылдар аралығында Қабанбай батырды Абылай сұлтан Зенгор жеріне бас қолбасшы етіп тағайындады. Қабанбай батыр Қаракерей наймандарды, Төлеңгіт Райымбек батыр (Албан Райымбекпен шатастырмайық) Уақ, Керейлерді Зенгор жеріне көшірді. Бұл тек қана Абылай сұлтанның талабымен іске асты (қор 1, тізбе 1, іс 88, 1760 жыл, Омбы мұрағаты).
 
1760 жылы 20 мамырда князь поручик Иван Ораков генерал-майор және Сібірдің шекаралық әскери бас командирі Иван Иовемарнға жазған хатында былай депті:
 
«19 ақпан күні Абылай сұлтанның төлеңгіт қырғызы Райымбек былай деді: «Өткен күзде Абылай сұлтан өз атынан мені Орданың Қаракерей Найман руына жіберді. Олар Звенигорск қамалының жанында Қарата атты жайлаудағы көштермен бірге жүр». Кейін қайтар кезде сол рудың бас старшыны Қабанбай Абылай сұлтанның атынан Райымбекке бұйрық береді. Ол Райымбекке өзінің ұлыстарын түгелімен алдағы жазда Зенгор хандығының жеріне көшуін, ондағы Зенгор ханы Қалдан Серен Урғаның тұрған жеріне барып тұруын бұйырды».
 
Абылай ханның батыл әрі ғажап қимылынан кейін Орск бағытының қолбасшысы, полковник Родестен генерал-майор Фонвейнмарнға 1760 жылы 22 қыркүйекте (№315) мынадай баянат келіпті:
 
«...20 шілдедегі хатты Абылайға оқып берген. Онда Зенгордан Тарбағатайға дейінгі жерлер Барабы татарларының жері, Уранхаевтардың қонысы деген. Абылай: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі», - деп жауап береді. Жер дауын шешу үшін Абылай өзі шілдеде барып қайтамын, содан кейін жауабын генерал-майорға жазамын дейді.
 
Поручик Гуляев Абылаймен кездескені туралы жоғарыдағы хатын былай жалғапты:
 
... «Абылай мені 22-сі күні жібермекші болды. Мен жердің алыстығына байланысты өтірік ауырған болып, бармай қалдым. Қытайдың елшісі келе жатқанын да естідім. Абылай: «Олармен таяу арада кездесе алмаймын. Уақытым жоқ», - депті. Аз уақыт өткен соң, 23-і күні Қытай елшісі Абылайдың ордасына 30 адаммен келді. Олар Абылайға кісі жіберіп, бүгін кездесуді талап етеді. Абылайдан сескеніп, басқа қырғыздар да (қазақ - Б.Н.) кездескілері келмепті. Қытайлықтар қырғыздардың аудармашысына риза болмай, хатты бермей, тек ауызша ғана өз талабын айтады. Абылай мен Жолбарыс сұлтан парсы тілі араласқан қалмақ тілінде жазылған хатты түсінбейді. «Қырғыздар уранхай және торғауыттардың жерлерін басып алған. Олардың тұтқындағы адамдары мен малдарын қайтарып беруге уәде беріңдер», - депті қытайлықтар хатында. Егер қайтармасаңдар, әскер жіберемін деп қорқытыпты. Олар Абылайды сыйлағандықтан ғана жіберген жоқпыз деді.
 
Міне, осындай жүздеген хаттар мұрағаттарда жатыр. Бұл сол заманның дипломатиясы. 1738-1781 жылдар арасында Қызылжар, Көкшетау, Кереку, Зайсан, Семей, Өскемен, тағы басқа да солтүстік, шығыс шекараларын қорғап, еліміздің бүгінгі күнге жетуін қамтамасыз етіп, оңтүстікте Төле би, Шапырашты Наурызбайдың сарбаздарымен қарым-қатынаста болып, оларға да қорған бола білгендігін дәлелдейтін хаттар бар.
 
Абылай бастап барған жорықтар туралы да құжаттар жеткілікті. Әбілқайыр тірі тұрған кезінде Абылаймен қарым-қатынас жасаған. Әбілқайырды өлтіргенде оның балаларын аман алып қалған Абылай сұлтан. Ол туралы Әбілқайырдың зайыбы Бопай ханымның канцлерге, генерал-губернаторға жазған хаттарында: «Абылай сұлтанға көп рахмет. Балаларымды ажалдан құтқарды», депті.
 
Абылай хан айтқандарына көнбеген соң Сібірдің губернаторы Саймоновтың Сыртқы істер мемлекеттік коллегиясына 1763 жылы 5 ақпанда, сондай-ақ 1764 жылы генерал-майор Фонфрауендорфтың жазған хаттарында Абылай сұлтанның абыройын төгіп, жамандап канцлерге жазыпты. Онда: «Абылай сұлтан бірде-бір руды басқармаған, халықтың арасында абыройы жоқ», деп, екіншісі «қытайларға жалтақтық жасады» депті. Осы хаттарды оқыған бірен-саран «тарихшы-жазушыларымыз» Абылай хан туралы алыпқашпа әңгіме айтып жүр...
 
Абылай ханның Ресейге тәуелді болмай, олармен тең дәрежедегі одақтас мемлекеттің ханымын дегенін дәлелдейтін тағы да генерал-поручик Иван Деколонгке, одан кейін генерал-поручик және губернатор Иван Реннедорфке жазған (1772 жылы 19 қыркүйекте) хатын мысалға келтірейік:
 
«...Генерал мырза, сізге айтарым, біздің Орда сіздің Ресейдей емес, өте шашыраңқы жатыр. Ұрыларды, бұзықтарды табу, ұстау тез арада қолдан келмейді. Жеріміз өте үлкен. Сол себепті кімнің қайда көшіп жүргенін білу мүмкін емес.
 
Қытайдың Богдо ханына мен өз талабымды айтып былай дедім: «Қандай күші бар мемлекет болса да егер бізге қарсы шықса немесе дөрекілік білдірсе, онда біз оларға қарсы тұра аламыз». Егер де Қытайдан көмек сұрай қалсақ, ол ешуақытта көмек беруге дайын еместігін білдірді.
 
Осыған байланысты, егер де бізге біреулер көз алартып, соғыс ашу қаупі бола қалса, онда сіз бізге әскери көмек беруге дайынсыз ба? Осы туралы императорға жеткізіп, маған жауабын хабарласаңыз.
 
Генерал мырза, сізден маған 1000 немесе 500, болмаса 300 әскери адамдарды уақытша беруіңізді сұраймын. Ол біздің ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап, тыю үшін керек.
 
Ұрыларды ұстап, жазаласақ, онда олар сіздерге де, біздерге де жаманшылық жасай алмауы тиіс. Екі генералитет келісімге келуіміз керек (Байқадыңыз ба? Екі мемлекеттің генералитеті деген мағынада - Б.Н.).
 
Мен сіздің әскерді алысқа апармаймын. Бес күн ұрылармен бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның біреуін жіберемін. Содан кейін оларды қару-жарақтарымен, киімдерімен өз елдеріне апарып саламыз. Бұл мәселені императорға жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой (Өз күшімізбен орындау мүмкін болмады. Қайда барса да қазақ «қарын бөле» болып шығады дегенді аңғартқан сияқты - Б.Н.). Әскер берсеңіздер де, бермесеңіздер де маған хабар беріңіздер. Соңында сізге көп жыл денсаушылық тілеуші - Абылай хан. Сенімді болу үшін өз мөріммен растаймын».
 
Елде тәртіп орнатпаса, старшындардың өзара бейбіт өмір сүрулері мүмкін еместігін Абылай хан түсінді.
 
Абылай ханға Ресейдің канцлері, Орынбор және Сібір губернаторлары сенімсіздік білдіріп, үнемі оның ордасына жансыздарын жіберіп, бақылап отырған. Оның дәлелі ретінде 1760 жылы қаңтар айының 20-сы күні Омбыдан Брегадир Фонфрауендорфтан полковник Лестокқа жіберілген хатпен таныссақ, көп құпияға қанық боларымыз анық.
 
«Құпия хат.
 
Қырғыз-қайсақтың жерінде мына жағдайларды барлап білу қажет:
 
1. Олардың жасырын әскерлері қай жерлерде орналасқан, қандай мекенде, саны қанша, Ресей жерінен қашықтығы қанша?
 
2. Оның тұрақты әскері бар ма? Қанша, қай жерде? Оның бас старшындары кім?
 
3. Абылай сұлтанның негізгі мақсаты не? Негізгі басшылары кім? Менің жіберген хатыма жауап болмады. Ол хат кімнің қолына берілген?
 
4. Ресейге шабуыл жасайтын әскерлері бар ма? Шабуыл жасау ойлары бар ма? Егер болса, не үшін?
 
5. Қытайды жақтайтын қырғыз-қайсақтар немесе басқа халықтар бар ма? Қанша?
 
6. Қырғыздардың басқадай бөтен ойлары бар ма? Көрші елдермен қарым-қатынастары бар ма? Соғыс қаупі туып тұрған жерлері жоқ па?
 
7. Бұқара, Қашғар, Жәркент, Ташкент, Түркістан, тағы басқа да жерлермен ұрыс-керістері бар ма? Олар өзара тату болса, тез арада олармен ымыраласуға ниеттері бар ма?
 
8. Жазда Абылай сұлтан сырт жаққа, Көкшетау жағына көшіп бармақшы. Ол қайда барады, әрі қарай басқа жерге бармай ма?
 
9. Батырларды сыртынан бақылау керек.
 
10. Қабылан сұлтан Орынбордан жіберілген аудармашы Гуляевты қысымға алыпты. Ресей туралы ойын білу керек. Олардың қулықтарын ешкім байқамады ма? Абылай сұлтан, Күлсары батыр, тағы басқаларды бақылауды өте құпия түрде жүргізу керек».
 
Міне, жоғарыдағы тапсырманы оқыған адам Абылай ханның ресейліктердің айдауымен жүрген адам еместігіне көзі жетеді. Абылай ханның билік жүргізу жүгі аса ауыр болғанын байқайды.
 
Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кішігірім жауларды есепке алмағанда үш алыппен (Ресей, Жоңғар, Қытай) ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, терең ойшылдықты тілейді. Бір сөзбен айтқанда, ақылды дипломат болу керек.
 

Ұқсас материалдар