Қандастар Ассамблея

Теория

04.12.2012 3704
Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Теорияның кең көлемді теориялық материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталған сипаттамалы немесе логикаға негізделген дедуктивті түрлері бар. Логикалық көзқарас тұрғысынан Теория өзара байланыстағы гипотетикалық-дедуктивтік жүйені құрайды. Кез келген теориялық қорытынды негізгі тұжырымнан (аксиома, анықтама, қағида) тұрады немесе бірнеше ой-тұжырымдардың логикенті қорытындысы (теорема, нәтиже) болып табылады. Эпистемологиялық мәнде Теория үнемі дамып, өзгеріп отыратын білімдер жүйесі. Қазіргі ғылым методологиясы Теорияның негізгі төрт құрамдас бөлігін айқындайды:  1. Теорияның теориялық тұрғыдан түсіндірілуге тиісті тәжірибелік нәтижелері мен деректік жиынтығынан тұратын эмпирикалық негізі;  2. Әр алуан жалпы заңдылықтар мен қағидаттардан тұратын теориялық негізі;  3. Белгілі бір логикалық және методологиялық реттегіштер;  4. Дәлелдерден, қорытындылардың жиынтығынан тұратын негізгі теориялық жүйе. Теория практикалық іс-әрекетті, тәжірибені қорытып, оны жаңа жағдайда ғана қолданбай, ол тәжірибе нәтижелерін шығармашылық тұрғыдан өзгерту арқылы практиканың алдына жаңа талаптар қойып, оның өрісін кеңейте түседі. Ғылыми-техникалық төңкеріс заманында Теорияның практикаға қатысты ғылыми-өндірістік маңызы айқын көрінеді. Сондықтан практика Теорияның ақиқаттылығын дәлелдеумен қатар, оны дамытып, жетілдірудің негізі.   Газдардың кинетикалық теориясы. Тексерудің қарапайым түрі – тікелей тәжірибе арқылы тексеру. Бірақ теорияны көп жағдайда тікелей тәжірибемен тексеру мүмкін емес (масалы, Жердегі өмірдің пайда болуы), немесе бұндай тексеру өте қиын, не қымбат (макроэкономикалық және әлеуметтік теориялар), сондықтан теориялар болжаулық қабілетінің барлығын пайдалану арқылы – яғни алдында белгісіз немесе байқалмаған нәрселерді, оқиғаларды шығарса, ал ұқыптап бақылағанда бұл нәрселер немесе оқиғалар табылып жатса, онда бұл қабілеттің бар болғаны. Жалпылағанда, ғылым мақсаты – болашақты болжау; бақылау (аналитикалық) мағынасы – біз әсер ете алмайтын оқиғалар желісін сипаттаумен қатар синтетикалық, бізге керек болашақты технология арқылы жасау, мағынасын да қамтиды. Басқаша айтқанда, теория мәні жанама белгілерді бір-бірімен байланыстыру мен өткен шаққа баға беріп, белгілі шарттар орындалғандағы болашақта болатын оқиғаларды көрсетуінде жатыр. Теория (Theory) - білім саласындағы негізгі идеялар жүйесі. Автоматтар теориясы (Теория авто-матов; automata theory) — автоматты құрылғылардың жасалу, жұмыс істеу және қолдану принциптерін зерттейтін ғылым. Алгоритмдер теориясы (Теория алгоритмов; algorithm theory) — алгоритмдердің жалпы қасиеттерін зерттейтін математика ғылымының бір тарауы. Алгоритмдер теориясының екі тармағын атап өтуге болады. Біріншісі — математиканы конструктивті негіздестіруді және алгоритмдік шешілмеушілік феноменін зерттейтін логикалық теория. Екіншісі — алгоритмдердің өзін, олардың құрылымын, эквиваленттік түрлендіру әдістерін, тиімділікті бағалау тәсілдерін және құру әдістерін зерттейтін алгоритмдердің аналитикалық теориясы. Ақпарат теориясы (Теория информации; information theory) — ақпаратты классификациялау, сақтау, алмастыру, шығару тәсілдерін сипаттау және оларды бағалау жұмыстарымен айналысатын кибернетиканың бір саласы.  

Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Теорияның кең көлемді теориялық материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталған сипаттамалы немесе логикаға негізделген дедуктивті түрлері бар. Логикалық көзқарас тұрғысынан Теория өзара байланыстағы гипотетикалық-дедуктивтік жүйені құрайды. Кез келген теориялық қорытынды негізгі тұжырымнан (аксиома, анықтама, қағида) тұрады немесе бірнеше ой-тұжырымдардың логикенті қорытындысы (теорема, нәтиже) болып табылады. Эпистемологиялық мәнде Теория үнемі дамып, өзгеріп отыратын білімдер жүйесі. Қазіргі ғылым методологиясы Теорияның негізгі төрт құрамдас бөлігін айқындайды:

 1. Теорияның теориялық тұрғыдан түсіндірілуге тиісті тәжірибелік нәтижелері мен деректік жиынтығынан тұратын эмпирикалық негізі;
 2. Әр алуан жалпы заңдылықтар мен қағидаттардан тұратын теориялық негізі;
 3. Белгілі бір логикалық және методологиялық реттегіштер;
 4. Дәлелдерден, қорытындылардың жиынтығынан тұратын негізгі теориялық жүйе.


Теория практикалық іс-әрекетті, тәжірибені қорытып, оны жаңа жағдайда ғана қолданбай, ол тәжірибе нәтижелерін шығармашылық тұрғыдан өзгерту арқылы практиканың алдына жаңа талаптар қойып, оның өрісін кеңейте түседі. Ғылыми-техникалық төңкеріс заманында Теорияның практикаға қатысты ғылыми-өндірістік маңызы айқын көрінеді. Сондықтан практика Теорияның ақиқаттылығын дәлелдеумен қатар, оны дамытып, жетілдірудің негізі.
 
Газдардың кинетикалық теориясы.

Тексерудің қарапайым түрі – тікелей тәжірибе арқылы тексеру. Бірақ теорияны көп жағдайда тікелей тәжірибемен тексеру мүмкін емес (масалы, Жердегі өмірдің пайда болуы), немесе бұндай тексеру өте қиын, не қымбат (макроэкономикалық және әлеуметтік теориялар), сондықтан теориялар болжаулық қабілетінің барлығын пайдалану арқылы – яғни алдында белгісіз немесе байқалмаған нәрселерді, оқиғаларды шығарса, ал ұқыптап бақылағанда бұл нәрселер немесе оқиғалар табылып жатса, онда бұл қабілеттің бар болғаны.

Жалпылағанда, ғылым мақсаты – болашақты болжау; бақылау (аналитикалық) мағынасы – біз әсер ете алмайтын оқиғалар желісін сипаттаумен қатар синтетикалық, бізге керек болашақты технология арқылы жасау, мағынасын да қамтиды.

Басқаша айтқанда, теория мәні жанама белгілерді бір-бірімен байланыстыру мен өткен шаққа баға беріп, белгілі шарттар орындалғандағы болашақта болатын оқиғаларды көрсетуінде жатыр.

Теория (Theory) - білім саласындағы негізгі идеялар жүйесі. Автоматтар теориясы (Теория авто-матов; automata theory) — автоматты құрылғылардың жасалу, жұмыс істеу және қолдану принциптерін зерттейтін ғылым. Алгоритмдер теориясы (Теория алгоритмов; algorithm theory) — алгоритмдердің жалпы қасиеттерін зерттейтін математика ғылымының бір тарауы. Алгоритмдер теориясының екі тармағын атап өтуге болады. Біріншісі — математиканы конструктивті негіздестіруді және алгоритмдік шешілмеушілік феноменін зерттейтін логикалық теория. Екіншісі — алгоритмдердің өзін, олардың құрылымын, эквиваленттік түрлендіру әдістерін, тиімділікті бағалау тәсілдерін және құру әдістерін зерттейтін алгоритмдердің аналитикалық теориясы. Ақпарат теориясы (Теория информации; information theory) — ақпаратты классификациялау, сақтау, алмастыру, шығару тәсілдерін сипаттау және оларды бағалау жұмыстарымен айналысатын кибернетиканың бір саласы.
 

Ұқсас материалдар