Қандастар Ассамблея

Армандар (фильм)

04.12.2012 1869
Армандар — "Әлем архитектураларының ұлы туындылары бойынша оқиғалар" сериясына жататын деректі фильм. Көріністер түсіру үшін ВВС телекомпаниясының түсіру тобы Астанада (2007) болды. Аталмыш телебағдарлама дүниежүзі бойынша көрермендердің рекордтық санына қол жеткізген "Әлемнің 80 қазынасы" деп аталатын танымал хабарлар топтамасының жалғасы болып табылады. Тек Бірлескен Корольдіктердің өзінде ғана оны күн сайын 5 млн. телекөрермен тамашалайды. Фильмде архитектуралар тарихын зерттеуші белгілі ғалым Ден Круйшнер әлемнің аса манызды деген қалаларына саяхаттар жасайды, олардың пайда болу тарихымен таныстырып, ғимараттардың және монументтердің авторларымен әңгімелер өткізеді. Ден Круйшнер мырза Нью-Йорктегі Рокфеллер орталығы, Үндістандағы Тәж-Махал мавзолейі, Сиднейдегі Опера үйі, Ресейдегі Қысқы сарай, Ұлы Қытай қорғаны және Мысыр пирамидалары тәрізді қазіргі заманғы және тарихи архитектуралық ғимараттарды таспаға түсіріп, көпшілік назарына ұсынбақ ниетте. Фильмге британдық белгілі деректі фильмдер шебері Джон Мадлен продюсер болмақ. Телебағдарлама 2009 жылы ВВС телекомпаниясы арқылы көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Британ телекөрермендерінің батасын алғаннан кейін фильм испан, француз, неміс тілдеріне аударылып, әлемдегі жетекші телеарналар арқылы таратылмақ. Сегіз сериядан тұратын деректі телебағдарламаның "Армандар" деп аталатын сериясының бір бөлігін Қазақстанның жаңа елордасы Астана қаласына арнау жоспарланған. Онда Ден Круйшнер мырза Астананың символы "Бәйтерек", сондай-ақ, "Ақорда", "Бейбітшілік пен келісім сарайы", "Транспорт тауәр", "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының ғимараты, ең биік тұрғын үй кешені "Астана Салтанаты" сияқты қазіргі заманғы архитектуралық ғимараттар туралы әңгімелейтін болады. "Ақорда" және "Бейбітшілік пен келісім сарайы" ғимараттарынан өзге нысандар сыртынан, тікұшак үстінен түсірілмек. Сонымен бірге, алдағы уақыттары бой көтеретін "Хан Шатыры", "Батығай жабық қала" тәрізді болашақ жобалар мен "Бурабай" шаңғы курорты және Астананың Бас жоспары да басты назарда болмақ. Сондай-ақ, жобаға және ВВС-дің түсіру тобының Елордаға келуіне "Деловой мир Астаны" басылымының кұрылтайшысы Айдос Қыдырма мырза ықпал етті және ол ВВС телеарнасынын Қазақстандағы жобаларының үйлестірушісі.  

Армандар — "Әлем архитектураларының ұлы туындылары бойынша оқиғалар" сериясына жататын деректі фильм.

Көріністер түсіру үшін ВВС телекомпаниясының түсіру тобы Астанада (2007) болды. Аталмыш телебағдарлама дүниежүзі бойынша көрермендердің рекордтық санына қол жеткізген "Әлемнің 80 қазынасы" деп аталатын танымал хабарлар топтамасының жалғасы болып табылады. Тек Бірлескен Корольдіктердің өзінде ғана оны күн сайын 5 млн. телекөрермен тамашалайды.

Фильмде архитектуралар тарихын зерттеуші белгілі ғалым Ден Круйшнер әлемнің аса манызды деген қалаларына саяхаттар жасайды, олардың пайда болу тарихымен таныстырып, ғимараттардың және монументтердің авторларымен әңгімелер өткізеді. Ден Круйшнер мырза Нью-Йорктегі Рокфеллер орталығы, Үндістандағы Тәж-Махал мавзолейі, Сиднейдегі Опера үйі, Ресейдегі Қысқы сарай, Ұлы Қытай қорғаны және Мысыр пирамидалары тәрізді қазіргі заманғы және тарихи архитектуралық ғимараттарды таспаға түсіріп, көпшілік назарына ұсынбақ ниетте. Фильмге британдық белгілі деректі фильмдер шебері Джон Мадлен продюсер болмақ. Телебағдарлама 2009 жылы ВВС телекомпаниясы арқылы көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Британ телекөрермендерінің батасын алғаннан кейін фильм испан, француз, неміс тілдеріне аударылып, әлемдегі жетекші телеарналар арқылы таратылмақ. Сегіз сериядан тұратын деректі телебағдарламаның "Армандар" деп аталатын сериясының бір бөлігін Қазақстанның жаңа елордасы Астана қаласына арнау жоспарланған. Онда Ден Круйшнер мырза Астананың символы "Бәйтерек", сондай-ақ, "Ақорда", "Бейбітшілік пен келісім сарайы", "Транспорт тауәр", "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының ғимараты, ең биік тұрғын үй кешені "Астана Салтанаты" сияқты қазіргі заманғы архитектуралық ғимараттар туралы әңгімелейтін болады.

"Ақорда" және "Бейбітшілік пен келісім сарайы" ғимараттарынан өзге нысандар сыртынан, тікұшак үстінен түсірілмек. Сонымен бірге, алдағы уақыттары бой көтеретін "Хан Шатыры", "Батығай жабық қала" тәрізді болашақ жобалар мен "Бурабай" шаңғы курорты және Астананың Бас жоспары да басты назарда болмақ. Сондай-ақ, жобаға және ВВС-дің түсіру тобының Елордаға келуіне "Деловой мир Астаны" басылымының кұрылтайшысы Айдос Қыдырма мырза ықпал етті және ол ВВС телеарнасынын Қазақстандағы жобаларының үйлестірушісі.