Қандастар Ассамблея

Арктика

04.12.2012 4186
  Арктика — Еуразия және Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік мұзды мұхитты аралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік полюс аймағы. Грек тілінде arktіkos солтүстік деген мағынаны білдіреді. Ол сондай-ақ Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың іргелес бөліктерін де қамтиды. Ауданы 27 млн. км2, оның 15 млн. км2-і мұхит суы. Арктиканың құрамына Ресей Федерациясының Мурманск, Архангельск, Түмен облыстары, Красноярск өлкесі, Саха (Якутия) Республикасы, Магадан облысының солтүстік аудандары, Канаданың Юкон, Солтүстік-батыс Квебек, Ньюфауленд аймақтары, АҚШ-тың Аляска түбегінің солтүстігі, Данияның Гренландия аралы, Норвегияның Шпицберген аралдары бөліктері енеді. Аралдардың солтүстігін арктикалық шөлдер, оңтүстігі мен құрлық жағалауларын тундра белдемі алып жатыр. Арктикада тұрғын халық сирек орналасқан. Арктика негізінен ежелгі кристалды қалқандар мен платформалардан қатпарлы құрылымдардан (палеозойлық, мезозойлық, альпілік) тұрады. Үштік дәуірде жүрген төмен түсу процестері нәтижесінде Солтүстік мұзды мұхиттың басты қазан шұңқырлары қалыптасқан. Төрттік дәуірде жанартаулық және мұздану процестері жүрген. Арктиканың еуразиялық бөлігінде ойпатты жазықтар көп ұшырасады. Таулы бөліктері Бырранга, Орал тауының солтүстігінен тұрады. Америкалық бөлігінде аласа төбелі таулы үстірттер (200 – 400 м) мол. Арктикадағы барлық аралдар құрлықтық типке жатады және олардағы жер бедері таулы болып келеді. Арктиканың ең биік бөлігі – Гренландия ауданының шығысындағы Гуньберн тауы (3700 м), судағы ең терең жері 5220 м, ең ірі су асты жотасы – Канада – Сібір және Гренландия – Еуропа қазаншұңқырлары аралығындағы Ломоносов жотасы. Кен байлықтарынан тас және қоңыр көмір, лигнит, ас тұзы, түсті және сирек металдар, сонымен қатар оптикалық шикізат кездеседі. Климатының негізгі ерекшелігі – жыл бойы төмен температураның басым болуы. Қаңтар айының температурасы Атлант маңы секторының оңтүстігінде –30С, орталық бөлігінде –40ӘС, шілдеде оңтүстікте 10ӘС, орталығында 0ӘС. Жаз бен күзде циклондық әрекет байқалады. Оңтүстігінде күшті желдер (жылдамдығы 15 м/с) жиі соғады. Ауаның ылғалдылығы төмен, жауын-шашын төменгі ендіктерден келетін ауа массасының ықпалынан жауады: Оның жылына орталық бөлікте 75 – 100 мм, оңтүстігінде 300 – 400 мм шамасында қар күйінде ылғал түседі. Күндерін көбіне тұман басып, бұлт торлап тұрады. Құрлықтың бөлігін көптеген өзендер кесіп өтеді. Олар 8 – 10 ай бойы қатып жатады. Ірі өзендері: Лена, Индигирка, Маккензи. Тундра белдемінде көлдер көп. Ірісі – Таймыр көлі. Қатаң климат әсерінен  мұхит суларының температурасы төмен болып келеді. Жоғарғы қабаттың (100 – 250 м-ге дейін) температурасы жыл бойы –10ӘС. Суының тұздылығы 30‰. Арктиканың сулы бөлігінің көпшілігін жыл бойы қалқыма мұздар жабады (қыста 11 млн. км2, жазда 8 млн. км2). Мұздың қалыңдығы 0,8 – 25 м-ге жетеді. Арктика аралдарының көпшілігін жалпы ауданы 2 млн. км2 болатын қалың мұздықтар жапқан. Өсімдіктер аз. Солтүстігінде қына, оңтүстігінде ярусты өсімдіктер өседі. Планктонның түрлері күшті дамыған. Жануарлардан ірі сүтқоректілер (ақ аю, морж, итбалық), құстар (мамыққаз, үйректер) мекендейді. Балықтарының (майшабақ, пикша, табан) кәсіптік маңызы зор. Арктиканы игеруде Солтүстік теңіз жолы үлкен рөл атқарады.

 

Арктика — Еуразия және Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік мұзды мұхитты аралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік полюс аймағы. Грек тілінде arktіkos солтүстік деген мағынаны білдіреді. Ол сондай-ақ Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың іргелес бөліктерін де қамтиды. Ауданы 27 млн. км2, оның 15 млн. км2-і мұхит суы. Арктиканың құрамына Ресей Федерациясының Мурманск, Архангельск, Түмен облыстары, Красноярск өлкесі, Саха (Якутия) Республикасы, Магадан облысының солтүстік аудандары, Канаданың Юкон, Солтүстік-батыс Квебек, Ньюфауленд аймақтары, АҚШ-тың Аляска түбегінің солтүстігі, Данияның Гренландия аралы, Норвегияның Шпицберген аралдары бөліктері енеді. Аралдардың солтүстігін арктикалық шөлдер, оңтүстігі мен құрлық жағалауларын тундра белдемі алып жатыр. Арктикада тұрғын халық сирек орналасқан.

Арктика негізінен ежелгі кристалды қалқандар мен платформалардан қатпарлы құрылымдардан (палеозойлық, мезозойлық, альпілік) тұрады. Үштік дәуірде жүрген төмен түсу процестері нәтижесінде Солтүстік мұзды мұхиттың басты қазан шұңқырлары қалыптасқан. Төрттік дәуірде жанартаулық және мұздану процестері жүрген.

Арктиканың еуразиялық бөлігінде ойпатты жазықтар көп ұшырасады. Таулы бөліктері Бырранга, Орал тауының солтүстігінен тұрады. Америкалық бөлігінде аласа төбелі таулы үстірттер (200 – 400 м) мол. Арктикадағы барлық аралдар құрлықтық типке жатады және олардағы жер бедері таулы болып келеді. Арктиканың ең биік бөлігі – Гренландия ауданының шығысындағы Гуньберн тауы (3700 м), судағы ең терең жері 5220 м, ең ірі су асты жотасы – Канада – Сібір және Гренландия – Еуропа қазаншұңқырлары аралығындағы Ломоносов жотасы. Кен байлықтарынан тас және қоңыр көмір, лигнит, ас тұзы, түсті және сирек металдар, сонымен қатар оптикалық шикізат кездеседі. Климатының негізгі ерекшелігі – жыл бойы төмен температураның басым болуы. Қаңтар айының температурасы Атлант маңы секторының оңтүстігінде –30С, орталық бөлігінде –40ӘС, шілдеде оңтүстікте 10ӘС, орталығында 0ӘС. Жаз бен күзде циклондық әрекет байқалады. Оңтүстігінде күшті желдер (жылдамдығы 15 м/с) жиі соғады. Ауаның ылғалдылығы төмен, жауын-шашын төменгі ендіктерден келетін ауа массасының ықпалынан жауады: Оның жылына орталық бөлікте 75 – 100 мм, оңтүстігінде 300 – 400 мм шамасында қар күйінде ылғал түседі. Күндерін көбіне тұман басып, бұлт торлап тұрады. Құрлықтың бөлігін көптеген өзендер кесіп өтеді. Олар 8 – 10 ай бойы қатып жатады. Ірі өзендері: Лена, Индигирка, Маккензи. Тундра белдемінде көлдер көп. Ірісі – Таймыр көлі. Қатаң климат әсерінен  мұхит суларының температурасы төмен болып келеді. Жоғарғы қабаттың (100 – 250 м-ге дейін) температурасы жыл бойы –10ӘС. Суының тұздылығы 30‰. Арктиканың сулы бөлігінің көпшілігін жыл бойы қалқыма мұздар жабады (қыста 11 млн. км2, жазда 8 млн. км2). Мұздың қалыңдығы 0,8 – 25 м-ге жетеді. Арктика аралдарының көпшілігін жалпы ауданы 2 млн. км2 болатын қалың мұздықтар жапқан. Өсімдіктер аз. Солтүстігінде қына, оңтүстігінде ярусты өсімдіктер өседі. Планктонның түрлері күшті дамыған. Жануарлардан ірі сүтқоректілер (ақ аю, морж, итбалық), құстар (мамыққаз, үйректер) мекендейді. Балықтарының (майшабақ, пикша, табан) кәсіптік маңызы зор. Арктиканы игеруде Солтүстік теңіз жолы үлкен рөл атқарады.

Ұқсас материалдар