Қандастар Ассамблея

Телжанов Қанапия

04.12.2012 14973
Телжанов Қанапия (Мұхамедханафия) Темірболатұлы (1927 ж. т., Шығыс Қазақстан обл. Уалиханов ауд.) – кескіндемеші, қазақ монументті кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, педагог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің (1963) және КСРО-ның (1978) халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының корр. мүшесі (1967), Халықар. Жоғары мектеп академиясының құрметті (1995) және ҚР ҰҒА-ның (2003) акад. Әкесі Т.Телжанов белгілі қоғам қайраткері. Суретшілік өнерге деген қабілет-икемі бойынан ерте байқалған Т. 1937 ж. КСРО Көркемсурет академиясы жанындағы дарынды жасөспірімдер көркемсурет мектебіне қабылданды. 1947 ж. Алматы көркемсурет уч-щесін (педагогы Л.П. Леонтьев), ал 1953 ж. Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербургтің) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері ин-тының кескіндеме ф-тін (акад. М.И. Авиловтың шеберханасы бойынша) бітірген. 1953 – 58 ж. Алматы театр-көркемсурет уч-щесінде ұстаз, 1964 – 68 ж. Қазақстан Суретшілер одағы Басқармасының төрағасы, КСРО Суретшілер одағы Басқармасының хатшысы әрі мүшесі (1964 – 86) болды. 1973 – 86 ж. Қазақтың көркемсурет галереясының (қазіргі ҚР Мемл. өнер музейі) директоры. 1978 жылдан Алматы мемл. театр-көркемсурет ин-тында пед. қызметпен айналысты: бейнелеу өнері (1978 – 93), одан кейін академ. кескіндеме (1993 – 2000, Қазақтың мемл. көркемсурет академиясында, 2000 жылдан – Қазақ ұлттық өнер академиясында) кафедраларының меңгерушісі; 1981 жылдан проф. Алғашқы көркем шағын жанрлық туындысы – «Жамал» картинасы (1955, Мәскеу, Третьяков гал.) арқылы одаққа танылды. Т. жеке басқа табынушылық кезеңінің қасіретіне («Yйде», 1965) алғашқылардың бірі болып қылқалам тартқан суреткер. Суретші кескіндемелік монументті картиналарымен қатар график. еңбектер ( «Венеция» графикалық топтамасы, 1961) жасаған. Әскери жанрдағы еңбектері үшін 1968 ж. М.Б. Греков атынд. күміс медальға ие болған. 1949 жылдан Т. шығармалары респ., бұрынғы ТМД елдерімен қатар халықар. көркемсурет көрмелерінде қойылған. Т-тың картиналары Қазақстанның (негізінен Алматы қ-ндағы ҚР Мемл. өнер музейінде), Ресейдің (Мәскеу қ-ндағы Третьяков гал-нда) мұражайларында және шетелдердегі жекеменшік галереялар қорында (АҚШ, Қытай, Жапония, т.б.) сақтаулы. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты. Ш. Уәлиханов атынд. сыйл. иегері (1967). «Отан», «Парасат», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған.  

Ұқсас материалдар