Қандастар Ассамблея

Қаражал

04.12.2012 4421
Қаражал - қала (1963 жылдан), Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағының орталығы. Жаңаарқа ауданында. Атасу аңғарының сол жағында. Жезқазған қаласының шығысында 200 км. Іргесі 1939-1940 жылдарда кен рудасын игеруге байланысты қаланған. 1950 жыдлан жұмысшы поселкесі. Халқы 30 мыңнан астам (2005). Экономикасының негізін кен өндіру өнеркәсібі құрайды: Қарағанды металлургия комбинатының шикізат базасы, Атасу рудалы ауданының кен басқармасы осында. Қаланың салынуы мен дамуы Атасу марганец кендерінің игерілуімен тығыз байланысты. 1942 ж. Қ-да Атасу геол. барлау эқспедициясы құрылды. 1956 ж. Қарағандыға Атасу кені тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді. Қ-да кеншілер мәдениет үйі, кинотеатр, бірнеше мектеп, кәсіптіктехникалық училище, аурухана, емхана, стадион т. б. мөдениағарту орындары бар. Қала маңында жоғары сапалы радонды бүлақтар жиі орналасқан. Қала 1963 жылы құрылды. Қала аумағы 12,3 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 19,0 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ бар. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 4 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 2,7 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 10,5 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,05 мың га - егістік алқаптар. Бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағының алдын ала қорытындылары бойынша Қаражал-Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қала. Жаңаарқа ауданының аумағында, Қарағанды-Жезқазған-Қарсақпай теміржолының Атасу-Қаражал тармағындағы темір жол стансасы.. Облыс орталығы Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 320 км. жерде. Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде, боз жусан, сасыр аралас бетеге, қылқан боз, т.б.шөптесіндер өскен сортаңды сұр, қиыршық топырақты қуаң далада орналасқан. Қаланың іргесі 1939-40 жылдарда темір-марганец кенін игеруге байланысты қаланған. 1950 жылдан кент, 1963 жылдан қала.1942 жылдан Қаражалда Атасу геологиялық барлау экспедициясы құрылды..1956 жылы Қарағандыға Атасу кені тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді. Қаланы құрушы кәсіпорындар болып - « Жайрем кен-байыту комбинаты» ААҚ және «Атасу-кен» ААҚ табылады. Қаланың инфрақұрылымында 2 бала бақша, 7 мектеп, қалалық аурухана мен емхана, 9 дәрігерлік амбулатория , 5 кітапхана, кеншілер мәдениет сарайы, кинотеатр, стадион т.б жұмыс істейді. Қала маңында жоғары сапалы радонды бұлақтар мен шипалы балшық қоры бар.  

Қаражал - қала (1963 жылдан), Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағының орталығы. Жаңаарқа ауданында. Атасу аңғарының сол жағында. Жезқазған қаласының шығысында 200 км. Іргесі 1939-1940 жылдарда кен рудасын игеруге байланысты қаланған. 1950 жыдлан жұмысшы поселкесі. Халқы 30 мыңнан астам (2005). Экономикасының негізін кен өндіру өнеркәсібі құрайды: Қарағанды металлургия комбинатының шикізат базасы, Атасу рудалы ауданының кен басқармасы осында. Қаланың салынуы мен дамуы Атасу марганец кендерінің игерілуімен тығыз байланысты. 1942 ж. Қ-да Атасу геол. барлау эқспедициясы құрылды. 1956 ж. Қарағандыға Атасу кені тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді. Қ-да кеншілер мәдениет үйі, кинотеатр, бірнеше мектеп, кәсіптіктехникалық училище, аурухана, емхана, стадион т. б. мөдениағарту орындары бар. Қала маңында жоғары сапалы радонды бүлақтар жиі орналасқан.

Қала 1963 жылы құрылды. Қала аумағы 12,3 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 19,0 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ бар.
2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 4 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 2,7 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 10,5 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,05 мың га - егістік алқаптар.
Бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағының алдын ала қорытындылары бойынша Қаражал-Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қала. Жаңаарқа ауданының аумағында, Қарағанды-Жезқазған-Қарсақпай теміржолының Атасу-Қаражал тармағындағы темір жол стансасы.. Облыс орталығы Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 320 км. жерде. Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде, боз жусан, сасыр аралас бетеге, қылқан боз, т.б.шөптесіндер өскен сортаңды сұр, қиыршық топырақты қуаң далада орналасқан. Қаланың іргесі 1939-40 жылдарда темір-марганец кенін игеруге байланысты қаланған. 1950 жылдан кент, 1963 жылдан қала.1942 жылдан Қаражалда Атасу геологиялық барлау экспедициясы құрылды..1956 жылы Қарағандыға Атасу кені тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді. Қаланы құрушы кәсіпорындар болып - « Жайрем кен-байыту комбинаты» ААҚ және «Атасу-кен» ААҚ табылады. Қаланың инфрақұрылымында 2 бала бақша, 7 мектеп, қалалық аурухана мен емхана, 9 дәрігерлік амбулатория , 5 кітапхана, кеншілер мәдениет сарайы, кинотеатр, стадион т.б жұмыс істейді. Қала маңында жоғары сапалы радонды бұлақтар мен шипалы балшық қоры бар.
 

Ұқсас материалдар