Қандастар Ассамблея

Арғын

04.12.2012 21687
  Арғын — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша Орта жүз құрамына енеді. М.Тынышбаевтың айтуынша 20 ғ-дың басында 6 млн-ға жуықтаған қазақтар ішіндегі сан жағынан ең көбі де (890 мың адам) А-дар болған. Ежелгі қонысы — Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Балқаш көлінің солт-ндегі шөлейт өлке.  Арғындардың арғы тегін «Орхон-Енисей» ескерткіштеріндегі жазуларда кездесетін «ұлық-арғұн», 5 ғ-дағы Қытай жазбаларында ұшырасатын Гаугуй (алун) тайпаларымен, моңғол тіліндегі «он» деген сан есімді білдіретін «арғын» сөзімен байланыстыра қарастыратын да пікірлер бар. «Арғын» атауын көне түрік тіліндегі «батыс ғұн» дегеннен шықты дейтін де тұжырым бар. Орыс зерттеушісі Н.Аристов А-ды қытай жылнамаларында «башмыл» (орхон жазуларында «басмыл») деп атаған тайпалармен тікелей байланысы бар деген қорытынды жасайды. Көне түрік тілінде «аргун» сөзі «көп», «қалың» мағынасын білдірген. Демек, бұл тұжырымдар әуел баста «басмыл» кейіннен «арғын» деп аталған елдің кезінде қазақ шежіресінде «құрама» деп аталатын қауымдастыққа ұқсас, әртекті рулардың одақтастарынан құрылған қалың ел болғанын көрсетеді. Қытайдың Таң патшалығы дәуіріндегі жылнамалардың бірінде қарлұқтардың бір ұлысы Сопы аталса керек. Осы «сопы» сөзі қазақ рулары ішінде тек А. құрамына кіретін Мейрам сопы, Ақ сопы, Қарасопы, Сарысопы сияқты рулар аттарында ғана сақталған. Демек Түрік қағанаты кезінде Алтай таулары мен Аргун өз-нің арасында көп рулы басмыл тайпасының, кейіннен Тарбағатай, Алакөл, Іле маңын, соңғы ғасырларда Сарыарқа төскейін мекендеген қалың А-ның ата-тегі осы сопылардан таралуы да мүмкін. Қазақ шежіресінде А-дар Бәйбіше арғын, Тоқал арғын болып екіге бөлінеді. Ергүл бәйбішеден өсіп-өнген А-ға жататын рулар бірлестігі «Бес Мейрам» аталады. Олар Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (Қозған), Шегендік (Қоқсал) және Қаракесек (Болатқожа). «Абылай аспас арқаның сары белі, Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі» деп өлеңде айтылатындай А-ның ең күштісі осы Бес Мейрам бірлестігі. Бұлар Ақмола, Баянауыл және Қарқаралы өңірін мекен еткен. Тоқал арғынға жататындар Момын ананың атына байланысты, «Жеті Момын» атанады: Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл, Атығай, Сарыжетім, Шақшақ. Бұлар 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында Көкшетау, Ерейментау, Ертіс, Шыңғыстау және Торғай өңірін мекен еткен. «Жауған қардай, шөккен нардай» Қанжығалы Бөгенбай сияқты қаһарманды, Абай сияқты кемеңгер ақынды берген осы Жеті Момын елі. А. тайпасының ұраны — «Ақжол», таңбасы — «көзтаңба».

 

Арғын — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша Орта жүз құрамына енеді. М.Тынышбаевтың айтуынша 20 ғ-дың басында 6 млн-ға жуықтаған қазақтар ішіндегі сан жағынан ең көбі де (890 мың адам) А-дар болған. Ежелгі қонысы — Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Балқаш көлінің солт-ндегі шөлейт өлке.  Арғындардың арғы тегін «Орхон-Енисей» ескерткіштеріндегі жазуларда кездесетін «ұлық-арғұн», 5 ғ-дағы Қытай жазбаларында ұшырасатын Гаугуй (алун) тайпаларымен, моңғол тіліндегі «он» деген сан есімді білдіретін «арғын» сөзімен байланыстыра қарастыратын да пікірлер бар. «Арғын» атауын көне түрік тіліндегі «батыс ғұн» дегеннен шықты дейтін де тұжырым бар. Орыс зерттеушісі Н.Аристов А-ды қытай жылнамаларында «башмыл» (орхон жазуларында «басмыл») деп атаған тайпалармен тікелей байланысы бар деген қорытынды жасайды.

Көне түрік тілінде «аргун» сөзі «көп», «қалың» мағынасын білдірген. Демек, бұл тұжырымдар әуел баста «басмыл» кейіннен «арғын» деп аталған елдің кезінде қазақ шежіресінде «құрама» деп аталатын қауымдастыққа ұқсас, әртекті рулардың одақтастарынан құрылған қалың ел болғанын көрсетеді. Қытайдың Таң патшалығы дәуіріндегі жылнамалардың бірінде қарлұқтардың бір ұлысы Сопы аталса керек. Осы «сопы» сөзі қазақ рулары ішінде тек А. құрамына кіретін Мейрам сопы, Ақ сопы, Қарасопы, Сарысопы сияқты рулар аттарында ғана сақталған. Демек Түрік қағанаты кезінде Алтай таулары мен Аргун өз-нің арасында көп рулы басмыл тайпасының, кейіннен Тарбағатай, Алакөл, Іле маңын, соңғы ғасырларда Сарыарқа төскейін мекендеген қалың А-ның ата-тегі осы сопылардан таралуы да мүмкін. Қазақ шежіресінде А-дар Бәйбіше арғын, Тоқал арғын болып екіге бөлінеді. Ергүл бәйбішеден өсіп-өнген А-ға жататын рулар бірлестігі «Бес Мейрам» аталады. Олар Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (Қозған), Шегендік (Қоқсал) және Қаракесек (Болатқожа).

«Абылай аспас арқаның сары белі, Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі» деп өлеңде айтылатындай А-ның ең күштісі осы Бес Мейрам бірлестігі. Бұлар Ақмола, Баянауыл және Қарқаралы өңірін мекен еткен. Тоқал арғынға жататындар Момын ананың атына байланысты, «Жеті Момын» атанады: Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл, Атығай, Сарыжетім, Шақшақ. Бұлар 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында Көкшетау, Ерейментау, Ертіс, Шыңғыстау және Торғай өңірін мекен еткен. «Жауған қардай, шөккен нардай» Қанжығалы Бөгенбай сияқты қаһарманды, Абай сияқты кемеңгер ақынды берген осы Жеті Момын елі.

А. тайпасының ұраны — «Ақжол», таңбасы — «көзтаңба».