Қандастар Ассамблея

Тастауық

04.12.2012 7754
Тастауық. Жас кезінде көне музыкалық аспап тастауықта ойнаған қарияларды да кездестірген едік. Бұл аспапты да үскірік сияқты саздан жасаған. Берік болуы үшін сазға жылқы қылын немесе жүн қосқан. Оның қалай жасалатынын өз көздерімен көрген адамдар бізге мүның бәрін әңгімелеп айтып берді, суреттерін сызып көрсетті, ойнаут тәсілдерін де айтты. Осы мәліметтерге сүйене отырып тастауық аспабын жасадық. Біз тастауық жайында көптеген деректерді Қазақстанның батыс аудандарынан жинадық, өйткені бұл жақта ол 1940 жылдарға дейін қолданылып келіпті. Шеберлер саздан және тастан жасаған аспаптар үш немесе төрт ойықты болып келген. Бүрын ойнағандардың айтуына қарағанда әк тастан жасалынған тастауықтың даусы күштірек болатын көрінеді. К,азақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері С. Андарбаев үш ойықты осындай аспап жайында әңгімелеп берген еді, аулында оны — үшпелек деп атапты. Гурьев облысында тастауықты өз көздерімен көрген адамдарды көп кездестірдік. Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптары оркестрінің солисі Өтепберген Хамзиннен тастауықтың суретін жэне ол жайында толық мәлімет алдық. Ол өзі де бала күнінде төрт ойықты тастауық жасап алып сонымен талай ойнаған екен. Мәліметтерге қарағанда үш және төрт ойықты тастауықтар неғүрлым көп тарапты. Саз сырнай мен үскіріктен тастауықтың түрі мүлде өзгеше тауыққа немесе балапанға үқсайды. Бұл аспаптардың бір-біріне үқсастығы дыбыс алу және ойнау тәсілдерінде. Осы сияқты аспаптарға қарағанда олар дыбыс алу әдісінде едәуір өзгеше болып келеді. Окарина тектес аспаптарды музыканттар көкек, тау-құдірет сияқты құстардың, сондай-ақ аңдардың даусына салып ойнаған. Олармен халық әндерін де орындайтын болған. Негізінен балалар, бақташылар пайдаланған Тастауық туралы толық түсінік алған соң, біз оның анағұрлым жаңа, жетілдірілген түрін жасауға кірістік. Жасау әдісінің саз сырнай мен үскірікке қолданылған қалпын сақтадық. Яғни ең алдымен ағаштан қалып жасадық. Оның көлемін: ұзындығы —108 мм, шанағының жуан бөлігінің орта түсының ені —42 мм, түпкі бөлігінің диаметрі —18 мм, басының диаметрі —16 мм. Қалыптың көлемі шанақтың ішкі көлемін көрсетеді. Бүл тастауық- тың негізгі тоны — бірінші октаваның си-бемоль нотасы. Дыбыс қатары әрбір ойнау ойығының диаметріне байланысты. Ойнау ойықтарының диаметрлері: біріншісі —2 мм, екіншісі—3 мм, үшіншісі—47гмм, төртіншісі—3 мм, бесіншісі —44 мм. Дыбыс алынатын ойықтың диаметрі — 8 мм. Бес ойықты аспаптың, дыбыс қатары мынадай: бірінші октаваның си-бемоль, до, екінші октаваның до, рег ми-бемоль, фа, соль, ля-бемоль және ля ноталары. Диапазоны септима бірінші октаваның си-бемоль, екінші октаваның ля ноталары. Жоғарғы регистрдің дыбыстары бірнеше ойықты бір мезгілде ашқанда алынады. Мысалы үшінші, төртінші ойықтар екінші октаваның фа нотасы; үшінші, төртінші, бесінші ойықтар—соль; үшінші, төртінші,бесінші, екінші ойықтар — ля-бемоль; ал егер бес ойықты түгел ашса — ля дыбысы алынады. Тастауықты күйге келтіргенде төменгі регистрдегі төрт ойықтың үні таза болуының маңызы зор, себебі содан ғана жоғарғы регистрде дауыс жоғарылығы айқын болып шығады. Дауысты жоғарылату не төмендету үшін түрлі әдіс қолдануға болады. Ерін бүлшық еттерін босаңсытқан және ауа толқынын азайтқан шақта дауыс төмендейді. Дауысты төмендетудің тағы бір әдісі — ашық ойыққа саусақты жақындату. Ал дауысты жоғарылату үшін басқа бір ойықты ашу әдісін қолданған жөн. Дауыс тербелісі диафрагманың, сондай-ақ аспапты, өзін тербелте үстаудың көмегімен орындалады. Егер тербеліс сиретілсе төменгі регистрдегі дыбыстар әуезді, созыңқы шығады. Тастауықтың өзгеше тембрі, ашық та жағымды үні бар. Оны қазіргі көркемөнерпаздар коллективтерінег сондай-ақ жеке орындауда ойдағыдай қолдануға болады. Саздан жасалған аспаптардың табылуы халқымыздың көне музыка аспаптарының түрлері өте бай болғандығын дәлелдей түседі. Бүл музыкалық аспаптардың халқымыздың бүгінгі өсіп келе жатқан мәдениетін байытуға септігін тигізетіні сөзсіз.  

Тастауық. Жас кезінде көне музыкалық аспап тастауықта ойнаған қарияларды да кездестірген едік. Бұл аспапты да үскірік сияқты саздан жасаған. Берік болуы үшін сазға жылқы қылын немесе жүн қосқан. Оның қалай жасалатынын өз көздерімен көрген адамдар бізге мүның бәрін әңгімелеп айтып берді, суреттерін сызып көрсетті, ойнаут тәсілдерін де айтты. Осы мәліметтерге сүйене отырып тастауық аспабын жасадық.

Біз тастауық жайында көптеген деректерді Қазақстанның батыс аудандарынан жинадық, өйткені бұл жақта ол 1940 жылдарға дейін қолданылып келіпті. Шеберлер саздан және тастан жасаған аспаптар үш немесе төрт ойықты болып келген. Бүрын ойнағандардың айтуына қарағанда әк тастан жасалынған тастауықтың даусы күштірек болатын көрінеді. К,азақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері С. Андарбаев үш ойықты осындай аспап жайында әңгімелеп берген еді, аулында оны — үшпелек деп атапты.

Гурьев облысында тастауықты өз көздерімен көрген адамдарды көп кездестірдік. Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптары оркестрінің солисі Өтепберген Хамзиннен тастауықтың суретін жэне ол жайында толық мәлімет алдық. Ол өзі де бала күнінде төрт ойықты тастауық жасап алып сонымен талай ойнаған екен. Мәліметтерге қарағанда үш және төрт ойықты тастауықтар неғүрлым көп тарапты.

Саз сырнай мен үскіріктен тастауықтың түрі мүлде өзгеше тауыққа немесе балапанға үқсайды. Бұл аспаптардың бір-біріне үқсастығы дыбыс алу және ойнау тәсілдерінде. Осы сияқты аспаптарға қарағанда олар дыбыс алу әдісінде едәуір өзгеше болып келеді.

Окарина тектес аспаптарды музыканттар көкек, тау-құдірет сияқты құстардың, сондай-ақ аңдардың даусына салып ойнаған. Олармен халық әндерін де орындайтын болған.

Негізінен балалар, бақташылар пайдаланған

Тастауық туралы толық түсінік алған соң, біз оның анағұрлым жаңа, жетілдірілген түрін жасауға кірістік. Жасау әдісінің саз сырнай мен үскірікке қолданылған қалпын сақтадық. Яғни ең алдымен ағаштан қалып жасадық. Оның көлемін: ұзындығы —108 мм, шанағының жуан бөлігінің орта түсының ені —42 мм, түпкі бөлігінің диаметрі —18 мм, басының диаметрі —16 мм. Қалыптың көлемі шанақтың ішкі көлемін көрсетеді. Бүл тастауық- тың негізгі тоны — бірінші октаваның си-бемоль нотасы. Дыбыс қатары әрбір ойнау ойығының диаметріне байланысты.

Ойнау ойықтарының диаметрлері: біріншісі —2 мм, екіншісі—3 мм, үшіншісі—47гмм, төртіншісі—3 мм, бесіншісі —44 мм. Дыбыс алынатын ойықтың диаметрі — 8 мм. Бес ойықты аспаптың, дыбыс қатары мынадай: бірінші октаваның си-бемоль, до, екінші октаваның до, рег ми-бемоль, фа, соль, ля-бемоль және ля ноталары. Диапазоны септима бірінші октаваның си-бемоль, екінші октаваның ля ноталары. Жоғарғы регистрдің дыбыстары бірнеше ойықты бір мезгілде ашқанда алынады. Мысалы үшінші, төртінші ойықтар екінші октаваның фа нотасы; үшінші, төртінші, бесінші ойықтар—соль; үшінші, төртінші,бесінші, екінші ойықтар — ля-бемоль; ал егер бес ойықты түгел ашса — ля дыбысы алынады.

Тастауықты күйге келтіргенде төменгі регистрдегі төрт ойықтың үні таза болуының маңызы зор, себебі содан ғана жоғарғы регистрде дауыс жоғарылығы айқын болып шығады.
Дауысты жоғарылату не төмендету үшін түрлі әдіс қолдануға болады. Ерін бүлшық еттерін босаңсытқан және ауа толқынын азайтқан шақта дауыс төмендейді. Дауысты төмендетудің тағы бір әдісі — ашық ойыққа саусақты жақындату. Ал дауысты жоғарылату үшін басқа бір ойықты ашу әдісін қолданған жөн.

Дауыс тербелісі диафрагманың, сондай-ақ аспапты, өзін тербелте үстаудың көмегімен орындалады. Егер тербеліс сиретілсе төменгі регистрдегі дыбыстар әуезді, созыңқы шығады.

Тастауықтың өзгеше тембрі, ашық та жағымды үні бар. Оны қазіргі көркемөнерпаздар коллективтерінег сондай-ақ жеке орындауда ойдағыдай қолдануға болады.
Саздан жасалған аспаптардың табылуы халқымыздың көне музыка аспаптарының түрлері өте бай болғандығын дәлелдей түседі. Бүл музыкалық аспаптардың халқымыздың бүгінгі өсіп келе жатқан мәдениетін байытуға септігін тигізетіні сөзсіз.
 

Ұқсас материалдар