Қандастар Ассамблея

Әйелдердің сәндік әрлеуіш заттары

04.12.2012 4818
Әйелдердің сәндік әрлеуіш заттары. Қазақ әйелдерінің сәндік мақсатта қолданатын әрлеуіш заттары мен тұтыныс бұйымдарының жиынтығы. Байырғы ортада қазақ қыз-келіншектері сәндену, әдемілену үшін опа, далап, қына, әтір, еңлік, сүрме сияқты әрлеуіш заттарын пайдаланған және оларды әртүрлі жолдармен жасап, күнделікті тұрмыста қолданған. Кейбір деректер бойынша ертеде қазақ әйелдері бидай мен күріш ұнтағынан опа жасап, беттерін әрлеген, қынамен тырнағын бояған, қатық жағып, шашқа оң кіргізген, осма жағып қасын карайтқан, сондай-ақ, ләйлік деген қызыл мақта сатып алып, бояуын шығарып, бетінің ұшын қызартқан, сүрмені үгітіп қабаққа жаккан. Алайда кейбір әрлеуіш заттарын Ташкент, Бұқарадан келген саудагерлерден қолма-қол ақшаға немесе айырбас саудамен алып отырған. Орыс деректері бойынша қазақ әйелдері мынадай табиғи әрлеуіш заттарын тұтынған: оспа, опа, далап, еңлік, қына, сүрме т.б. және олардың ел арасында таралған халықтық атауы - опа-далап. Осы тақырыпта жарияланған мақаласында И.Краузе (1873 ж.) оның жергілікті өсімдіктерден алынатындығын айтқан, ал кейбірін Орта Азиялық елдерден әкелетіндігін жазады. Сондай-ақ, олардың қалыптасқан тұрақты бағасы жоқ, себебі бұл өңірдегі әйелдердің көбіне қажетті опа-далапты өздері дайындап алатындығымен байланысты. Бакта өсетін кара түсті оспаны алып, оның бояуымен қасын бояған. Қыз- келіншектер оспаның жаңа жапырақтарын алып, қысып сөлін шығарып, шыққан сөлге май қосып дайындаған. Сондай-ақ, оспаны барлық жастағы әйелдер пайдаланған. Ал сүрме өсімдігінің ұнтағынап жасалған қара түсті бояуды ертеде қыздар мен келіншектер қас пен кірпігін бояуға қолданған. Сүрмені қыз- келіншектер саудагерлерден алатын болған. Қазақ қыз-келіншектерінің арасында кеңінен тараған сәндік заттың бірі - еңлік. Табиғи бояу беретін еңлік өсімдігі тау жоталарында, қырат-кырқаларда, тастақ, тақырда өседі, оның тамырын қазып алып, қабығын ашып суға шылағанда қызыл бояу шығады. Әйелдер оны бет ұшына жағу арқылы әдемілікті, сұлулықты паш еткен. Мұндай бояуды қыздар сен үшін еріндеріне жақса, ер азаматтар далада аңызақ жел өтінде беттері жарылмасын деген мақсатта бетке жакқан. Байырғы ортада қыздардың ерні қызыл болса «еңлік жегенсің бе?» деп әзілдеген. Қазақ әйелдері қынаны тырнақтарын бояу үшін пайдаланған, алдымен қына жапырақтары мен тамырын суға салып, бояу жасайды да, содан кейін тырнағына жағады. Бірнеше сағаттан кейін тырнақтары сары қызыл түсті өңге боялған. Бұлай пайдалану бір жағынан сәндік үшін болса, екінші жағынан тырнақтың сынбауына көмектеседі. Ертеде қазақ әйелдері шашты нығайту үшін қатықты қолданған, себебі қатықпен жуылған шаш қалың әрі ұзын, жұмсақ болады екен. Байырғы ортада еркектер мен әйелдер қалампыр гүлінен жасалған ұнтаққа хош иісті өсімдік жапырақтарын қосу арқылы әтір жасаған. Сонымен қатар мұндай хош иісті ұнтақты әйелдер сандықтағы киімдерінің арасына да салған.  

Әйелдердің сәндік әрлеуіш заттары. Қазақ әйелдерінің сәндік мақсатта қолданатын әрлеуіш заттары мен тұтыныс бұйымдарының жиынтығы. Байырғы ортада қазақ қыз-келіншектері сәндену, әдемілену үшін опа, далап, қына, әтір, еңлік, сүрме сияқты әрлеуіш заттарын пайдаланған және оларды әртүрлі жолдармен жасап, күнделікті тұрмыста қолданған. Кейбір деректер бойынша ертеде қазақ әйелдері бидай мен күріш ұнтағынан опа жасап, беттерін әрлеген, қынамен тырнағын бояған, қатық жағып, шашқа оң кіргізген, осма жағып қасын карайтқан, сондай-ақ, ләйлік деген қызыл мақта сатып алып, бояуын шығарып, бетінің ұшын қызартқан, сүрмені үгітіп қабаққа жаккан. Алайда кейбір әрлеуіш заттарын Ташкент, Бұқарадан келген саудагерлерден қолма-қол ақшаға немесе айырбас саудамен алып отырған.
Орыс деректері бойынша қазақ әйелдері мынадай табиғи әрлеуіш заттарын тұтынған: оспа, опа, далап, еңлік, қына, сүрме т.б. және олардың ел арасында таралған халықтық атауы - опа-далап. Осы тақырыпта жарияланған мақаласында И.Краузе (1873 ж.) оның жергілікті өсімдіктерден алынатындығын айтқан, ал кейбірін Орта Азиялық елдерден әкелетіндігін жазады. Сондай-ақ, олардың қалыптасқан тұрақты бағасы жоқ, себебі бұл өңірдегі әйелдердің көбіне қажетті опа-далапты өздері дайындап алатындығымен байланысты. Бакта өсетін кара түсті оспаны алып, оның бояуымен қасын бояған. Қыз- келіншектер оспаның жаңа жапырақтарын алып, қысып сөлін шығарып, шыққан сөлге май қосып дайындаған. Сондай-ақ, оспаны барлық жастағы әйелдер пайдаланған. Ал сүрме өсімдігінің ұнтағынап жасалған қара түсті бояуды ертеде қыздар мен келіншектер қас пен кірпігін бояуға қолданған. Сүрмені қыз- келіншектер саудагерлерден алатын болған. Қазақ қыз-келіншектерінің арасында кеңінен тараған сәндік заттың бірі - еңлік. Табиғи бояу беретін еңлік өсімдігі тау жоталарында, қырат-кырқаларда, тастақ, тақырда өседі, оның тамырын қазып алып, қабығын ашып суға шылағанда қызыл бояу шығады. Әйелдер оны бет ұшына жағу арқылы әдемілікті, сұлулықты паш еткен. Мұндай бояуды қыздар сен үшін еріндеріне жақса, ер азаматтар далада аңызақ жел өтінде беттері жарылмасын деген мақсатта бетке жакқан. Байырғы ортада қыздардың ерні қызыл болса «еңлік жегенсің бе?» деп әзілдеген. Қазақ әйелдері қынаны тырнақтарын бояу үшін пайдаланған, алдымен қына жапырақтары мен тамырын суға салып, бояу жасайды да, содан кейін тырнағына жағады. Бірнеше сағаттан кейін тырнақтары сары қызыл түсті өңге боялған. Бұлай пайдалану бір жағынан сәндік үшін болса, екінші жағынан тырнақтың сынбауына көмектеседі. Ертеде қазақ әйелдері шашты нығайту үшін қатықты қолданған, себебі қатықпен жуылған шаш қалың әрі ұзын, жұмсақ болады екен. Байырғы ортада еркектер мен әйелдер қалампыр гүлінен жасалған ұнтаққа хош иісті өсімдік жапырақтарын қосу арқылы әтір жасаған. Сонымен қатар мұндай хош иісті ұнтақты әйелдер сандықтағы киімдерінің арасына да салған.