Қандастар Ассамблея

Әйелдердің қоғамдағы орны

04.12.2012 7894
  Әйелдердің қоғамдағы орны. Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін өнер-білім саласында, сондай-ақ, қоғам кайраткерлері ретінде көрсетіп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі болды. Қазақы ортада каракан бастан гөрі отбасылық мүдденің жоғары тұруы әйелдердің қоғамдық-әлеуметтік белсенділігіне кедергі болған жоқ: өнер саласында атағы жалпақ жұртқа жайылған белгілі әншілер, ақындар, майталман күйшілер болды. Тарихта болған Болған ана, Домалақ ана, Дарабоз ана,Қарқабат ана, Қызай ана, Найман ана, Ұлпан аналар - рулы елдің бүтіндігіне қызмет еткен қайраткер тұлғалар болса, Қарқабат, Абақ, Қызай т.б. аналар рулы елдің ұранына айналып (Е.Мүсірепов), сол рудың атына негіз болды. Бәйдібек биге тұрмыска шыққан Нұрила өзінің әдептілігі, ізеттілігі, даналығымен ерекше көзге түсіп ел анасы аталған. Қара Хайдар деген кісі оны «Диһнат мама» (парсы сөзі, қазақ тілінде Әулие ана дегенді білдіреді) деп атапты. Уақыт өте келе «Диһнат мама» дыбыс әсерісіне ұшырап «Домалақ ана» деп аталып кеткен. Ру-тайпа бірлігін, ел тұтастығын сақтаған Баршын атымен Сыр бойындағы қала Барышкент (Қыз қала) деп аталған; Сарысу бойында Болған ана, Белең ана, Жұбан аналарға күмбез орнатылған (Ә.Марғұлан). Әйелдердің пірісі Бибі Бәтима мен Бибі Зухраны баланы сылағанда, жаңа іс бастағанда, пір тұтып солардың атымен бастаған. Мәселен, баланы төмендегідей ғұрыптық жырды айтып барып майлап сылаған: Тәу, тәу, тәу Сыламақ менен Мықты болмақ сенен Менің қолым емес Бибі Бәтима, Бибі Зухра қолы, Ұмай ана, Қамбар ана қолы Тастай қып Темірдей қыл Дерт үйге кірмесін. Балаға тимесін, Өс, өс, өс. Дәстүрлі дала мәдениетінде әулие-әнбиелерге сыйынып, пір тұту, дұға, құран бағыштау сияқты наным- сенімнен туған ғұрыптық дәстүрлері әлі де болса көрініс табуда. Қазақтың байырғы нанымы бойынша әйелдердің пірі жыр жолдарында да кездеседі. Мәселен: Алпыста анам аналық Бибі Бәтимаға тапсырдым Шырағым сені Қарлығаш Қарашаш ханымға тапсырдым. (Қобыланды батыр) Сонымен бірге қазақ даласында әскер басқару, қол жию, майданда қан төгу қазақ қыздарының бойына біткен қасиет болса керек. Отаршылдық дәуірде Көктемір деген лақап атқа ие болған Сапар қол бастады. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа Кенесарының қарындасы Сәмеке ханнық жары Бопай өзінің 6 ұлын ертіп барып қосылады. Оның қозғалыс кезінде 600 адамдық жасақты басқарып, Аманқарағай дуанына шабуыл жасаған. Азамат соғысында Айғыз Көшкімбайқызы Аякөз шебінде соғысып, Колчак әскері қолынан қаза тапты. Сондай-ақ, ақылды әйелдің тоқтамды сөзіне ерлер де тоқтаған. «Айман-Шолпан» оқиғасында Айманның ғашығы Әлібектің Көтібардың елін шауып, араз болғандығы аян. Кейін Айманның: «екеуің екі елдің батырысыңдар, ер шекіспей бекіспейді, бір-біріңе шаққан малдарыңды қайтарып, енді дос болыңдар», - деген сөзіне тоқтап, Көтібар Айманды Әлібекке өз қызындай ұзатып салып, той жасап берген. Байырғы қазақ қоғамында қазақ әйелінің әлеуметтік еркіндігі де болды. Қазақ әйелдері ұзын жең, кең етекті көйлек киіп денелерін жасырғанымен, бет-жүзін ашық ұстаған. «Қазақ әйелі», «қазақ қызы» деген ұғымның мазмұны қазақы болмыс, қазақы тұрмыстың көрінісі, ежел- ден қалыптасқан салт-дәстүрі т.б жайттарды қамтиды.  

 

Әйелдердің қоғамдағы орны. Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін өнер-білім саласында, сондай-ақ, қоғам кайраткерлері ретінде көрсетіп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі болды. Қазақы ортада каракан бастан гөрі отбасылық мүдденің жоғары тұруы әйелдердің қоғамдық-әлеуметтік белсенділігіне кедергі болған жоқ: өнер саласында атағы жалпақ жұртқа жайылған белгілі әншілер, ақындар, майталман күйшілер болды. Тарихта болған Болған ана, Домалақ ана, Дарабоз ана,Қарқабат ана, Қызай ана, Найман ана, Ұлпан аналар - рулы елдің бүтіндігіне қызмет еткен қайраткер тұлғалар болса, Қарқабат, Абақ, Қызай т.б. аналар рулы елдің ұранына айналып (Е.Мүсірепов), сол рудың атына негіз болды.

Бәйдібек биге тұрмыска шыққан Нұрила өзінің әдептілігі, ізеттілігі, даналығымен ерекше көзге түсіп ел анасы аталған. Қара Хайдар деген кісі оны «Диһнат мама» (парсы сөзі, қазақ тілінде Әулие ана дегенді білдіреді) деп атапты. Уақыт өте келе «Диһнат мама» дыбыс әсерісіне ұшырап «Домалақ ана» деп аталып кеткен. Ру-тайпа бірлігін, ел тұтастығын сақтаған Баршын атымен Сыр бойындағы қала Барышкент (Қыз қала) деп аталған; Сарысу бойында Болған ана, Белең ана, Жұбан аналарға күмбез орнатылған (Ә.Марғұлан).

Әйелдердің пірісі Бибі Бәтима мен Бибі Зухраны баланы сылағанда, жаңа іс бастағанда, пір тұтып солардың атымен бастаған. Мәселен, баланы төмендегідей ғұрыптық жырды айтып барып майлап сылаған: Тәу, тәу, тәу Сыламақ менен Мықты болмақ сенен Менің қолым емес Бибі Бәтима, Бибі Зухра қолы, Ұмай ана, Қамбар ана қолы Тастай қып Темірдей қыл Дерт үйге кірмесін. Балаға тимесін, Өс, өс, өс.

Дәстүрлі дала мәдениетінде әулие-әнбиелерге сыйынып, пір тұту, дұға, құран бағыштау сияқты наным- сенімнен туған ғұрыптық дәстүрлері әлі де болса көрініс табуда. Қазақтың байырғы нанымы бойынша әйелдердің пірі жыр жолдарында да кездеседі. Мәселен:

Алпыста анам аналық Бибі Бәтимаға тапсырдым
Шырағым сені Қарлығаш Қарашаш ханымға тапсырдым.

(Қобыланды батыр)

Сонымен бірге қазақ даласында әскер басқару, қол жию, майданда қан төгу қазақ қыздарының бойына біткен қасиет болса керек. Отаршылдық дәуірде Көктемір деген лақап атқа ие болған Сапар қол бастады. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа Кенесарының қарындасы Сәмеке ханнық жары Бопай өзінің 6 ұлын ертіп барып қосылады. Оның қозғалыс кезінде 600 адамдық жасақты басқарып, Аманқарағай дуанына шабуыл жасаған. Азамат соғысында Айғыз Көшкімбайқызы Аякөз шебінде соғысып, Колчак әскері қолынан қаза тапты.

Сондай-ақ, ақылды әйелдің тоқтамды сөзіне ерлер де тоқтаған. «Айман-Шолпан» оқиғасында Айманның ғашығы Әлібектің Көтібардың елін шауып, араз болғандығы аян. Кейін Айманның: «екеуің екі елдің батырысыңдар, ер шекіспей бекіспейді, бір-біріңе шаққан малдарыңды қайтарып, енді дос болыңдар», - деген сөзіне тоқтап, Көтібар Айманды Әлібекке өз қызындай ұзатып салып, той жасап берген. Байырғы қазақ қоғамында қазақ әйелінің әлеуметтік еркіндігі де болды. Қазақ әйелдері ұзын жең, кең етекті көйлек киіп денелерін жасырғанымен, бет-жүзін ашық ұстаған. «Қазақ әйелі», «қазақ қызы» деген ұғымның мазмұны қазақы болмыс, қазақы тұрмыстың көрінісі, ежел- ден қалыптасқан салт-дәстүрі т.б жайттарды қамтиды.

 

Ұқсас материалдар