Қандастар Ассамблея

Бурабай ауданы

04.12.2012 4697
  БУРАБАЙ АУДАНЫ — облыстың солт-ндегі әкімш. аудан. Солт-нде Солт. Қазақстан обл-мен, шығысында Еңбекшілдер, оңт-нде Бұланды, оңт.-батысында Сандықтау, батысында Зеренді аудандарымен шектеседі. 1928 ж. Щучинск ауд. болып құрылған. 1997 ж. 2 мамырда Ақмола обл-ның құрамына кірді. 2009 ж. 13-тамызында обл. әкімшілік пен мәслихаттың шешімімен Б. а. болып өзгертілді. Әкімш. орт. — Щучинск қ., іргесі 1850 ж. қаланған. Облыс орт. — Көкшетау қ-нан оңт.-шығысқа қарай 75 км, Шортанды к-нің оңт. жағалауына жақын жерде орналасқан. Әкімш.-аумақтық бөлінісі 1 қалалық округтен, 11 округке біріккен 55 елді мекеннен тұрады. 1726 — 28 ж. іргесі қаланған, бұрыннан келе жатқан Кіндік қарағай, Үлгі алған, Ынталы, Қарағай а-дары бар. Тұрғыны 79,0 мың адам (2008), оның ішінде 43,1 мың адам қалада, 35,9 мыңы ауылды жерлерде тұрады. Этн. құрамының 38,3%-ын қазақтар, 47,9%-ын орыстар, 13,8%-ын басқа ұлт өкілдері құрайды. Рельефі алуан түрлі. Ауданның солт. бөлігі құрғақ, белесті жазық дала, оңт., шығыс және батыс бөліктері ұсақ шоқылы орманды дала болып келеді. Орт. бөлігінде терек, тал, бұталар, кейбір жерлерінде қалың қарағай мен қайың шоқтары өскен. Ауданның орта тұсында оңт-тен солт-ке қарай доғаша иіліп Көкшетау тауы жатыр. Ең биік жері — Көкше шоқысы (947 м). Климаты континенттік, қысы ұзақ әрі суық, жазы ыстық әрі қысқа. Мұнда қыс 5,5 айға созылады, ең суық ай — қаңтар, орташа темп-ра −17,6 017ӘС, −30ӘС-қа дейін төмендейді, кейбір кездері −45 — 50ӘС-қа жетеді. Шілде айындағы темп-ра 19,5ӘС, 24 — 26ӘС-қа дейін көтеріледі. Жыл мезгілдеріне қарай әр түрлі бағытта, бірдей жылдамдықпен желдер соғады. Үлкен және кішігірім көлге бай. Оның ішінде үлкендері: Үлкен және Кіші Шабақты, Бурабай, Қараүңгір, Қотыркөл, Тұр, Шортанды, т.б. 80-ге тарта тұрақты және уақытша болатын суқоймалары бар. Аудан жерімен Аршалы, Қайрақты, Кенашы, Қылшықты өзендері, Жанасай, Сарымсақты жылғалары ағып өтеді. Жерінің аум. 6,0 мың км2. Оның 76,9%-ы а.ш-на пайдаланылады. 15,7%-ы орман, 35,2%-ы егістік, 3,5%-ы тыңайған жер, 0,7%-ы пішендік жер, 37,3%-ы жайылым, 0,02%-ы бау-бақша. А.ш-нда 370 агробірлестіктер жұмыс істейді, оның 331-і шаруа қожалықтары, 39-ы ЖШС-тер. Негізінен астық өсірумен айналысады. Мал шаруашылығында ет және сүт бағытындағы малдар өсіріледі. 92 өндірістік өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Металл өңдеу және машина жасау, қайта өңдейтін және тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар, жүк тиейтін локомотивтер мен вагондар жөндейтін кәсіпорындардан «Бурабай вагонжөндеу депосы» және «Азия энергопроектмонтаж» ЖШС-тері бар. «Щучинск қалалық сүт зауыты» ЖШС-не қарасты «АТАМЕКЕN NORAІNІ» (2007) ЖШС-і жұмыс істейді. «Қазақжолқұрылыс» ЖШС, Кенесары а-нда асфальтты-бетон з-ты, жылу ұстағыш материалдар шығаратын «Достар» ЖШС-і, электр энергиясын, газ бен суды өндіретін және тарататын кәсіпорындар, тігін өнеркәсібі, жиһаз жасайтын өндіріс орны іске қосылған. Ет өнімдерін өңдейтін кешеннің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2007 ж. қаптайтын керамик. плиткалар мен қалауға арналған кірпіштер шығаратын «Алтор Құрылысинвест» ЖШС з-тының құрылысы басталды. 5564 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген (2008), оның 480-і заңды, 5084 физ. тұлға. Ауданда 49 мектеп, 3 бала бақша, 3 аурухана, 11 отбасылық емхана, 35 фельдш.-акуш. пункт, жедел жәрдем ст., 5 мәдениет үйі, 2 мұражай, 36 кітапхана, 1 стадион, 24 футбол, 35 волейбол және баскетбол алаңдары бар. Қазақ тілінде «Бурабай», орыс тілінде «Луч» ауд. газеттері шығып тұрады. Аудан жері арқылы Астана — Бурабай — Көкшетау т.ж., Степняк — Көкшетау, Щучинск — Макинск, Щучинск — Көкшетау автомоб. жолдары өтеді. Автомоб. жолының ұз. 676 км, оның ішінде 171 км респ., 159 км обл. маңызы бар жолдар.  

Ұқсас материалдар