Қандастар Ассамблея

БУРАБАЙ

04.12.2012 5526
  «БУРАБАЙ» — мемл. ұлттық табиғи саябақ. 2000 ж. 12 тамызында ҚР Үкіметінің №1246 Қаулысы бойынша Бурабай және Еңбекшілдер аудандарының жерінде құрылған. Жалпы аум. 83511 га-ды құрайды. Ұлттық саябақ табиғаты қорғауға алынған мемл. мекеме, респ. маңызы бар ерекше қорғауға алынатын табиғи аумақ жүйесіне енгізілген және ҚР Президенті Басқармасының құзырында. Саябақ Шучье-Бурабай курортты аймағында орналасқан. Құрамына 7 орман мекемелері кіреді: Ақылбай, Бурабай, Қотыркөл, Золотобор, Мирное, Бармашын және Приозерное. Қарағайлы орманның ірі көлдермен бірегей үйлесімділігі ландшафтың жоғары эстетик. құндылығымен қатар, аумақтың бай рекреациялық және бальнеол. қуатын да қамтамасыз етеді. Фитоцидтермен байытылған таза тау ауасы мен ірі көрікті көлдер, әртүрлі гидроминералды бұлақтар, шұбат пен қымыз тәрізді шипалы сусындар шығаратын өндіріс орны, көлік коммуникациясының қолайлы жерде орналасуы, бірегей ландшафт көрсеткіштері, т.б. қарап, саябақ аумағын курорттық мәні жоғары категорияға жатқызуға болады. «Б.» табиғи саябағында 750-ге тарта әртүрлі далалық, шалғындық, шөл далада, орманда, батпақта өсетін өсімдіктер өседі, оның 100-ге жуығы (сібір балдырған, итбүлдірген, сібір сарыгүлі, батпақ қалтагүлі, батпақ мүкжидегі, кәдімгі арша, кәдімгі қыранот, тас қарақаты, қаражидек, мамыр сүйсіні, т.б.) қорғауға алынған. 10 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген: көктем жанаргүлі, батпақ қазанағы, кәдімгі және ірі гүлді шолпанкебіс, бұғы мүгі, ақ тұңғиық, жабысқақ қандыағаш, домалақ жапырақты шықшылдақ, т.б. Саябақ өсімдіктері Көкшетау қыратының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Оның айналасына қарағанда біршама көтеріңкі болуы, жон, белес, қырқалармен қатты тілімденуі және айналасындағы аумаққа қарағанда жауын-шашынның біршама көп түсуі (300 — 350 мм) дала белдеміндегі орман ландшафтын айқындайды. Мұндағы орман алқабының 65%-ын қарағай және 31%-ын қайың алып жатыр. 3%-ы көктерек, қалған пайызына шегіршін, үйеңкі, терек, ақ қараған, долана, шие, алма ағаштары, ұшқат, шетен, тобылғы, мойыл, т.б. өскен. Далалық, орман және шалғындық шөптесіндер қалыптасқан. Дәрілік өсімдіктерден: қара меңдуана, дәрілік шүйгіншөп, көктем жанаргүлі, бақбақ, орал қызыл миясы, мыңжапырақ, кәдімгі жебіршөп, итошаған, итмұрын, т.б. бар. Орман мамандарының айтуы бойынша саябақта саңырауқұлақтың 100-ге тарта түрі өседі, оларды қарағайлы орманнан да, қайың мен көктерек шоқ ормандарынан да, аралас орманнан да кездестіруге болады.  Саябақта омыртқалылардың 305 түрі (Қазақстанда кездесетін омыртқалылардың 36%-ы) мекендейді. Олар саябақтың геогр. орналасу ерекшелігі мен ландшафтық әртүрлілігіне байланысты әркелкі таралған. Тайгалық ақ қоян, сілеусін, орман сусары, тоқалтіс, т.б., шөлейтті аймақтарды тіршілік ететін үлкен қосаяқ, қарсақ, дала күзені, суыр, сарышұнақ, т.б. мекендейді. Сүтқоректілердің 34 түрі бар, оның ішінде орман сусары Қызыл кітапқа енгізілген. Құстардың 96 түрі ұя салады, оның 21-і отырықшы, 11-і қыстайтын, 25-і жылы жаққа ұшып кететін құстар. Қызыл кітапқа бүркіт, ақсұңқар, дала қыраны, аққұйрық субүркіт, сұр тырна, үкі, қарабас өгізшағала, шүйілгіш кептер енгізілген. Сүңгуір үйрек, құладын, аққұйрық субүркіт, дала күйкентайы т.б. Халықар. табиғат қорғау Одағының тізіміне тіркелген. Ақ және сұр шіл, үлкен ақ тоқылдақ, қанатты жырқыш құстардан — қара кезқұйрық, бөктергі, сонымен қатар түнде ұшатын үкі, жапалақ, байғыз; кішкентай құстардан сарғалдақ, сарышымшық, қаратамақ торғайдың үш түрі, сандуғаш, т.б. кездеседі. Жәндіктердің 200 түрі, соның ішінде көбелектердің ерекше көз тартарлық әдемі түрлері (махаон, аполлон, көккөбелек, т.б.), өрмекшітәрізділердің де бірнеше түрлері бар. Көлдерінде алабұға, мөңке, шабақ, шортан, акқайран, сонымен қатар тұқы балық, табан, көксерке, сазан, ақсаха, т.б. балықтар мекендейді. 2002 жылдан бастап саябақ басшылығының қолдауымен су қоймаларына бағалы балық тұқымдарының уылдырықтарын қолдан шашу жұмыстары жүргізіліп келеді. 2007 ж. су қоймаларына ақсаха балығының 18,1 млн. уылдырығы жіберілді. Саябақ басшылары жергілікті тұрғындардың толыққанды және дұрыс сауығып-демалуымен қатар, ихтиофаунаның жаңаруы мен су қоймаларының аэрациясына көп үлес қосатын әуесқой балық аулаушылықты дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Флора мен фаунаға адам баласының тигізетін әсері мол болғандықтан, өте сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар сақталып, қалпына келтіруге бағытталған арнайы белдеулерде ұсталып, ерекше қорғауға алынған.  Адамдар көбіне саябаққа табиғат аясында демалып-сауығу, ем қабылдау үшін келеді. Саябаққа негізінен Қазақстанның тұрғындарымен қатар Ресейдің Оңт. Орал және Бат. Сібір аймақтарының тұрғындары келеді. Қазақстанның астанасы Астана қ-на ауысқаннан бері саябақта ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді (демалыс күндері) демалушылар көбейді, жыл бойына (қысқы мезгілде де) демалушылар саны өсіп келеді. Астана мегаполисінің одан әрі дамуына және халықтың тұрмыс жағдайының өсуіне қарай саябақ аймағына келушілер күннен күнге көбейе түсетіні анық. Саябақ құрылымын дамытуға бағытталған Бас жоспар бойынша «Табиғат мұражайы» аймағында «Визит орталықтың», Абылай хан алаңында Абылай мұражайының, туристік ойын-сауық және спорттық-сауықтыру орталықтарының, этногр. ауылдың, т.б. нысандардың құрылысы жүргізілуде.  

 

«БУРАБАЙ» — мемл. ұлттық табиғи саябақ. 2000 ж. 12 тамызында ҚР Үкіметінің №1246 Қаулысы бойынша Бурабай және Еңбекшілдер аудандарының жерінде құрылған. Жалпы аум. 83511 га-ды құрайды. Ұлттық саябақ табиғаты қорғауға алынған мемл. мекеме, респ. маңызы бар ерекше қорғауға алынатын табиғи аумақ жүйесіне енгізілген және ҚР Президенті Басқармасының құзырында. Саябақ Шучье-Бурабай курортты аймағында орналасқан. Құрамына 7 орман мекемелері кіреді: Ақылбай, Бурабай, Қотыркөл, Золотобор, Мирное, Бармашын және Приозерное. Қарағайлы орманның ірі көлдермен бірегей үйлесімділігі ландшафтың жоғары эстетик. құндылығымен қатар, аумақтың бай рекреациялық және бальнеол. қуатын да қамтамасыз етеді. Фитоцидтермен байытылған таза тау ауасы мен ірі көрікті көлдер, әртүрлі гидроминералды бұлақтар, шұбат пен қымыз тәрізді шипалы сусындар шығаратын өндіріс орны, көлік коммуникациясының қолайлы жерде орналасуы, бірегей ландшафт көрсеткіштері, т.б. қарап, саябақ аумағын курорттық мәні жоғары категорияға жатқызуға болады.
«Б.» табиғи саябағында 750-ге тарта әртүрлі далалық, шалғындық, шөл далада, орманда, батпақта өсетін өсімдіктер өседі, оның 100-ге жуығы (сібір балдырған, итбүлдірген, сібір сарыгүлі, батпақ қалтагүлі, батпақ мүкжидегі, кәдімгі арша, кәдімгі қыранот, тас қарақаты, қаражидек, мамыр сүйсіні, т.б.) қорғауға алынған. 10 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген: көктем жанаргүлі, батпақ қазанағы, кәдімгі және ірі гүлді шолпанкебіс, бұғы мүгі, ақ тұңғиық, жабысқақ қандыағаш, домалақ жапырақты шықшылдақ, т.б. Саябақ өсімдіктері Көкшетау қыратының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Оның айналасына қарағанда біршама көтеріңкі болуы, жон, белес, қырқалармен қатты тілімденуі және айналасындағы аумаққа қарағанда жауын-шашынның біршама көп түсуі (300 — 350 мм) дала белдеміндегі орман ландшафтын айқындайды. Мұндағы орман алқабының 65%-ын қарағай және 31%-ын қайың алып жатыр. 3%-ы көктерек, қалған пайызына шегіршін, үйеңкі, терек, ақ қараған, долана, шие, алма ағаштары, ұшқат, шетен, тобылғы, мойыл, т.б. өскен. Далалық, орман және шалғындық шөптесіндер қалыптасқан. Дәрілік өсімдіктерден: қара меңдуана, дәрілік шүйгіншөп, көктем жанаргүлі, бақбақ, орал қызыл миясы, мыңжапырақ, кәдімгі жебіршөп, итошаған, итмұрын, т.б. бар. Орман мамандарының айтуы бойынша саябақта саңырауқұлақтың 100-ге тарта түрі өседі, оларды қарағайлы орманнан да, қайың мен көктерек шоқ ормандарынан да, аралас орманнан да кездестіруге болады. 
Саябақта омыртқалылардың 305 түрі (Қазақстанда кездесетін омыртқалылардың 36%-ы) мекендейді. Олар саябақтың геогр. орналасу ерекшелігі мен ландшафтық әртүрлілігіне байланысты әркелкі таралған. Тайгалық ақ қоян, сілеусін, орман сусары, тоқалтіс, т.б., шөлейтті аймақтарды тіршілік ететін үлкен қосаяқ, қарсақ, дала күзені, суыр, сарышұнақ, т.б. мекендейді. Сүтқоректілердің 34 түрі бар, оның ішінде орман сусары Қызыл кітапқа енгізілген. Құстардың 96 түрі ұя салады, оның 21-і отырықшы, 11-і қыстайтын, 25-і жылы жаққа ұшып кететін құстар. Қызыл кітапқа бүркіт, ақсұңқар, дала қыраны, аққұйрық субүркіт, сұр тырна, үкі, қарабас өгізшағала, шүйілгіш кептер енгізілген. Сүңгуір үйрек, құладын, аққұйрық субүркіт, дала күйкентайы т.б. Халықар. табиғат қорғау Одағының тізіміне тіркелген. Ақ және сұр шіл, үлкен ақ тоқылдақ, қанатты жырқыш құстардан — қара кезқұйрық, бөктергі, сонымен қатар түнде ұшатын үкі, жапалақ, байғыз; кішкентай құстардан сарғалдақ, сарышымшық, қаратамақ торғайдың үш түрі, сандуғаш, т.б. кездеседі. Жәндіктердің 200 түрі, соның ішінде көбелектердің ерекше көз тартарлық әдемі түрлері (махаон, аполлон, көккөбелек, т.б.), өрмекшітәрізділердің де бірнеше түрлері бар.
Көлдерінде алабұға, мөңке, шабақ, шортан, акқайран, сонымен қатар тұқы балық, табан, көксерке, сазан, ақсаха, т.б. балықтар мекендейді. 2002 жылдан бастап саябақ басшылығының қолдауымен су қоймаларына бағалы балық тұқымдарының уылдырықтарын қолдан шашу жұмыстары жүргізіліп келеді. 2007 ж. су қоймаларына ақсаха балығының 18,1 млн. уылдырығы жіберілді. Саябақ басшылары жергілікті тұрғындардың толыққанды және дұрыс сауығып-демалуымен қатар, ихтиофаунаның жаңаруы мен су қоймаларының аэрациясына көп үлес қосатын әуесқой балық аулаушылықты дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Флора мен фаунаға адам баласының тигізетін әсері мол болғандықтан, өте сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар сақталып, қалпына келтіруге бағытталған арнайы белдеулерде ұсталып, ерекше қорғауға алынған. 
Адамдар көбіне саябаққа табиғат аясында демалып-сауығу, ем қабылдау үшін келеді. Саябаққа негізінен Қазақстанның тұрғындарымен қатар Ресейдің Оңт. Орал және Бат. Сібір аймақтарының тұрғындары келеді. Қазақстанның астанасы Астана қ-на ауысқаннан бері саябақта ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді (демалыс күндері) демалушылар көбейді, жыл бойына (қысқы мезгілде де) демалушылар саны өсіп келеді. Астана мегаполисінің одан әрі дамуына және халықтың тұрмыс жағдайының өсуіне қарай саябақ аймағына келушілер күннен күнге көбейе түсетіні анық. Саябақ құрылымын дамытуға бағытталған Бас жоспар бойынша «Табиғат мұражайы» аймағында «Визит орталықтың», Абылай хан алаңында Абылай мұражайының, туристік ойын-сауық және спорттық-сауықтыру орталықтарының, этногр. ауылдың, т.б. нысандардың құрылысы жүргізілуде.