Қандастар Ассамблея

КСРО Ғылым Академиясының Орал мен Батыс Сібірдің, Қазақстанның қорларын елді қорғау мұқтажына жұмылд

04.12.2012 2846
КСРО Ғылым Академиясының Орал мен Батыс Сібірдің, Қазақстанның қорларын елді қорғау мұқтажына жұмылдыру жөніндегі комиссиясы   КСРО Ғылым Академиясының Орал мен Батыс Сібірдің, Қазақстанның қорларын елді қорғау мұқтажына жұмылдыру жөніндегі комиссиясы - (1942–1945), 2-дүниежүзілік соғыс жылдары КСРО-ның табиғи қорларын елдің қорғаныс мұқтажына тиімді пайдалануда ғалымдардың күштерін біріктіру үшін құрылды (1941–1942 жылдары КСРО ҒА-ның Орал қорларын жұмылдыру комиссиясы). Комиссия тамыз айында Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаласында құрылды, қыркүйекте Кеңес үкіметі мақұлдады.   Негізгі мақсаты – Оралды Кеңес Одағының негізгі қорғаныс өндірісінің базасына айналдыруға көмектесу. Инициаторы және төрағасы КСРО ҒА-ның президенті, академигі В.Л.Комаров (ресми емес аты Комаров комиссиясы) болды. Комиссия қара металлургия (жетекшілері – академигі И.П.Бардин мен Э.В.Брицке), көлік (академигі В.Н.Образцов), түсті металлургия (КСРО ҒА-ның корреспондент мүшесі Д.М.Чижиков), энергетика (КСРО ҒА-ның корреспондент мүшесі В.И.Вейц) топтарына бөлінді. 1942 жылдың сәуірінен бастап комиссия Оралдан басқа Батыс Сібір мен Қазақстанның қорларын зерттеумен айналысты. Оның қызметінің нәтижесінде стратегиялық шикізаттардың – мұнай, көмір, марганец, темір, түсті және қара металл қорлары анықталып, темір жол көлігін пайдалану жетілдірілді. Қазақстанның ауыл шаруашылық жұмыстарын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізілді. Комиссия өнеркәсіп өндірісін кеңейтуде үлкен рөл атқарды. КСРО ҒА ғалымдарымен бірге Қазақ бөлімшесінің Қ.И.Сәтбаев басқарған ғалымдары тығыз ынтымақта жұмыс істеді. 260 экспедиция пайдалы қазбаларды іздестірді. Қазақстан геологтары марганец, темір, түсті және сирек кездесетін металдар, отын және құрылыс материалдары шикізаттары кен орындарын барлады. Қарағанды облысында Кентөбе – Тоғай, Атасу, Қарсақбай темір кендерінің экспертизасы жүргізілді. Осының негізінде И.П.Бардин басқарған ғалымдар тобы Самарқан (қазіргі Теміртау қаласы) кентінде толық өндірістік циклді Қазақ металлургия з-тының құрылысын бастауға ұсыныс жасады. Комиссия мыс комб-тының өндірістік қуаттарын арттыру жөніндегі ұсыныстар берді.   Балқаш пен Жезқазғанға құрамында академигі А.А.Байков, Брицке, КСРО ҒА-ның корреспондент мүшесі Чижиков және П.Ф.Антипин бар ғалымдар тобы жіберілді. Комиссияның металлургия кәсіпорындарының қуаттарын ұлғайту жөніндегі шаралары респ. үкіметіне ұсынылып, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті мен КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетіне жолданды. Қарағанды көмір бассейнін жедел қарқынмен жан-жақты зерттеу жүргізілді. Бұл жұмысты комиссияның құрамында академигі А.А.Скочинский. Л.Д.Шевяков, М.А.Павлов, профессор В.И.Геронтьев және А.Е.Пробст бар арнаулы ғалымдар тобы орындады. Сондай-ақ Мәскеу тау-кен институтының ғылыми қызметкерлері профессор И.М.Верховский. А.А.Гапеев, Д.М.Киржнер, доцент Р.А.Селецкий және Шығыс көмір химиясы институтының инженерлер Н.В.Тележников пен К.В.Упоров, «Қарағандыкөмір» комбинаты мен оның трестерінің өндірістік-техникалық қызметкерлері қатысты. Комиссия Орт. Қазақстанда көмір өндіруді ұлғайтудың кешенді шараларын жасады. Күлі аз, сондай-ақ «Жоғарғы Марианна» қабатының орт. бөлігінің сапалы көмірін бөлектеп алу, байыту фабрикалары мен шағын қуатты көлбеу шахталарды салу, Саран және Шерубай-Нұра көмірлі аймақтарын игеруді әзірлеу үшін геологиялық барлау жұмыстарын өрістету жөнінде ұсыныстар берді. 1944 жылдың аяғында комиссия қызметін тоқтатты. Қазақ КСР-інің табиғи байлығын анықтаудағы ерекше сіңірген еңбегі үшін академигі Комаровка Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенғылыми қайраткері атағы берілді. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің Төралқасы академигі Комаров, Байков, Образцов, Бардин, Скочинскийлерді Құрмет грамотасымен марапаттады.

КСРО Ғылым Академиясының Орал мен Батыс Сібірдің, Қазақстанның қорларын елді қорғау мұқтажына жұмылдыру жөніндегі комиссиясы

 

КСРО Ғылым Академиясының Орал мен Батыс Сібірдің, Қазақстанның қорларын елді қорғау мұқтажына жұмылдыру жөніндегі комиссиясы - (1942–1945), 2-дүниежүзілік соғыс жылдары КСРО-ның табиғи қорларын елдің қорғаныс мұқтажына тиімді пайдалануда ғалымдардың күштерін біріктіру үшін құрылды (1941–1942 жылдары КСРО ҒА-ның Орал қорларын жұмылдыру комиссиясы). Комиссия тамыз айында Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаласында құрылды, қыркүйекте Кеңес үкіметі мақұлдады.

 

Негізгі мақсаты – Оралды Кеңес Одағының негізгі қорғаныс өндірісінің базасына айналдыруға көмектесу. Инициаторы және төрағасы КСРО ҒА-ның президенті, академигі В.Л.Комаров (ресми емес аты Комаров комиссиясы) болды. Комиссия қара металлургия (жетекшілері – академигі И.П.Бардин мен Э.В.Брицке), көлік (академигі В.Н.Образцов), түсті металлургия (КСРО ҒА-ның корреспондент мүшесі Д.М.Чижиков), энергетика (КСРО ҒА-ның корреспондент мүшесі В.И.Вейц) топтарына бөлінді. 1942 жылдың сәуірінен бастап комиссия Оралдан басқа Батыс Сібір мен Қазақстанның қорларын зерттеумен айналысты. Оның қызметінің нәтижесінде стратегиялық шикізаттардың – мұнай, көмір, марганец, темір, түсті және қара металл қорлары анықталып, темір жол көлігін пайдалану жетілдірілді. Қазақстанның ауыл шаруашылық жұмыстарын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізілді. Комиссия өнеркәсіп өндірісін кеңейтуде үлкен рөл атқарды. КСРО ҒА ғалымдарымен бірге Қазақ бөлімшесінің Қ.И.Сәтбаев басқарған ғалымдары тығыз ынтымақта жұмыс істеді. 260 экспедиция пайдалы қазбаларды іздестірді. Қазақстан геологтары марганец, темір, түсті және сирек кездесетін металдар, отын және құрылыс материалдары шикізаттары кен орындарын барлады. Қарағанды облысында Кентөбе – Тоғай, Атасу, Қарсақбай темір кендерінің экспертизасы жүргізілді. Осының негізінде И.П.Бардин басқарған ғалымдар тобы Самарқан (қазіргі Теміртау қаласы) кентінде толық өндірістік циклді Қазақ металлургия з-тының құрылысын бастауға ұсыныс жасады. Комиссия мыс комб-тының өндірістік қуаттарын арттыру жөніндегі ұсыныстар берді.

 

Балқаш пен Жезқазғанға құрамында академигі А.А.Байков, Брицке, КСРО ҒА-ның корреспондент мүшесі Чижиков және П.Ф.Антипин бар ғалымдар тобы жіберілді. Комиссияның металлургия кәсіпорындарының қуаттарын ұлғайту жөніндегі шаралары респ. үкіметіне ұсынылып, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті мен КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетіне жолданды. Қарағанды көмір бассейнін жедел қарқынмен жан-жақты зерттеу жүргізілді. Бұл жұмысты комиссияның құрамында академигі А.А.Скочинский. Л.Д.Шевяков, М.А.Павлов, профессор В.И.Геронтьев және А.Е.Пробст бар арнаулы ғалымдар тобы орындады. Сондай-ақ Мәскеу тау-кен институтының ғылыми қызметкерлері профессор И.М.Верховский. А.А.Гапеев, Д.М.Киржнер, доцент Р.А.Селецкий және Шығыс көмір химиясы институтының инженерлер Н.В.Тележников пен К.В.Упоров, «Қарағандыкөмір» комбинаты мен оның трестерінің өндірістік-техникалық қызметкерлері қатысты. Комиссия Орт. Қазақстанда көмір өндіруді ұлғайтудың кешенді шараларын жасады. Күлі аз, сондай-ақ «Жоғарғы Марианна» қабатының орт. бөлігінің сапалы көмірін бөлектеп алу, байыту фабрикалары мен шағын қуатты көлбеу шахталарды салу, Саран және Шерубай-Нұра көмірлі аймақтарын игеруді әзірлеу үшін геологиялық барлау жұмыстарын өрістету жөнінде ұсыныстар берді. 1944 жылдың аяғында комиссия қызметін тоқтатты. Қазақ КСР-інің табиғи байлығын анықтаудағы ерекше сіңірген еңбегі үшін академигі Комаровка Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенғылыми қайраткері атағы берілді. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің Төралқасы академигі Комаров, Байков, Образцов, Бардин, Скочинскийлерді Құрмет грамотасымен марапаттады.

Ұқсас материалдар