Қандастар Ассамблея

Тараз университеті

04.12.2012 3180
Тараз университеті, М.Х. Дулати атынд. Тараз мемлекеттік университеті, ТарМУ – қаладағы аса ірі ғылыми-оқу кешені. 1998 ж. наурыз айында облыстағы үш жоғары оқу орны Жамбыл университеті, Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институты, Жамбыл технол. жеңіл және тамақ өнеркәсібі институттарын біріктіру негізінде құрылған. 40 жылдық тарихы бар бұрынғы бірнеше жоғары оқу орындарының бірігуі негізінде құрылғандықтан ТарМУ республикадағы ең үлкен жоғ. оқу орындарының бірі болып табылады. Университетте оқытушылар саны 100-ға жуық, оның ішінде 50 ғылым докторы, проф., 400 ғылым кандидаттары, доценттер сабақ береді. Оқу орны 110 мамандық бойынша кадрлар дайындайды. Оқытушылардың 80%-ы мемлекеттік тілде сабақ жүргізеді. ТарМУ-де 15 факультет: ғылым жаратылыстану, педогогиялық, әлем тілдері, заң, экономика және бизнес, жеңіл және тоқыма, тамақ және өңдеу, механикаландыру және энергетика, табиғатты үйлестіру және құрылыс, ақпараттық жүйе, инжинер-техникалық мамандықтар, сырттай инжинер-экономикалық, сырттай педогогиялық, сондай-ақ, қоғамдық мамандықтар бойынша 76 кафедра жұмыс істейді, 17000-нан аса студент оқиды. Оқу процесі мен ғылыми зерттеулерді қамтамасыз етуге оқу-әдістемелік бөлім, оқу-әдістемелік бірлестік, ақпараттық есептеу орталығы, білім аудитінің оқу орталығы, дистанциялық (қашықтан) оқыту орталығы, оқытудың техникалық құралдары бөлімі, ғылыми-зерт. бөлімі, ғылыми кітапхана, баспахана, спорт клубы, т.б. бөлімдер қатынасады. Оқу процесінде қазіргі заман талабына сай технологияларды енгізуге және талдауға үлкен көңіл бөлінеді. Тестілеу орталығында студенттердің білімінің тәуелсіз аудитін жүргізумен қатар оларды модельдік-ротингтік жүйемен оқыту қамтамасыз етілген және оқу процесіне енгізілген. Экономика, педагогика, гуманитариялық, заң, техникалық салалардағы оқу пәндері бойынша тестік тапсырмалар қоры жасалынған. Бұл оқу процесін көрнекті және икемді етуге, пәндердің құрылымын жаңа талаптарға сәйкестендіріп, жүйелеп қайта қарауға мүмкіндік берді. Университеттің техникалық жағының жабдықталуы студенттерді оқытуда ең соңғы үлгідегі құралдарды пайдалануға және бәсекелестікке бейім маман даярлауға мүмкіндік береді. Оқу-әдістемелік бірлестік білім стандарттарының жалпы мемлекеттің міндетті стандартқа сай болуын қадағалайтын құрылым болып табылады. ТарМУ білім берудің мемлекеттік стандарттарын жасауда суландыру және технолог. бағыттардағы 11 мамандық бойынша базалық университет, сонымен қатар педогогиялық бағыттағы 6 мамандық бойынша мемлекеттік стандарттар авторларының бірі болып табылады. Ғылыми кітапхана университеттің 9 оқу ғимаратында және 2 жатақханасында орналасқан. Ғылыми кітапханасының жалпы көлемі 4410 м2, барлық кітап қоры 1600000 дана, ағымдық басылымдар 94000 данадан асады. Кітапхана Индиана университетімен қарым-қатынас жасайды, әрі осы университет қаржысына Америкадан оқыту бағдарламалары мен оқулықтардың сирек кездесетін даналары алынады. Кітапханада автоматтандыру бөлімі жұмыс жасайды, электронды каталогтан мәліметтер қорын табуға болады, электронды оқулықтардың, шет ел әдебиеттерінің және диссертация залы бар. ТарМУ кітапханасы Сорос қорының «Кітапханаларды қолдау», «Мегажоба-Пушкин кітапханалары», Еуразия қоры гранттары мен бағдарламаларының бірнеше дүркін жеңімпазы болды. Университетте оқытушылар мен студенттер күшімен мұражай ашылған. Оның 5 залында университеттің, қаланың, облыстың тарихынан хабар беретін 1,5 мың экспонат жасалған, әрі үнемі көрермен назарында болатын көркем көрме ұйымдастырылған. ТарМУ-де жылына 300-ге жуық баспа табақ шығаруға құқы бар баспахана жұмыс жасайды. Баспахана қолжазбадан бастап өнім шығаруға дейін оқулық, әдістемелік, ғылыми әдебиеттер басудың толық циклын іске асырады. Бұдан басқа полиграфия өнімдерін, көп тиражды университет газетін, монографиялар, оқу құралдарын, т.б. шығарумен айналысады. Жаңа ақпараттық технологияларды дамытудың бүкіләлемдік тенденцияларына сәйкес ТарМУ-де білім беру, ғылыми және басқару процестерін ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бір тұтас компьютерлік желі негізінде компьютерлік технология басқару және редакциялық басқару жұмысында кеңінен қолданылады. Негізгі оқу және басшылық бөлімшелердің линиялық есептеу желісін дамыту жобасы жасалынған (факультеттер, бухгалтерия, студенттер, кадрлар бөлімі, ОЭБ және кітапханалар арасында). WWW сервер орналастырылған, оларда университет және Жамбыл аймағы туралы ақпараттық ресурстар бар. Ол абоненттерді ІNTERNET жүйесімен толық қамтамасыз етеді. Білім аудитінің оқу орталығы оқу-әдістемелік және ғылыми-өндірістік орталық болып табылады. Орталықта білім берудің мемлекеттік стандарттарының 1420 пәні бойынша жалпы саны 500000-ға жуық тест сұрақтарының пәні жасалынған. Дистанциялық оқыту орталығы ТарМУ-де 2001 ж. ұйымдастырылған. Ол қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (ІNTERNET – технология) пайдалануға негізделген. Кемтар студенттерге көмектесуде дистанциялық оқыту енгізілуде. Мұнда дәстүрлі және жаңа әдістермен оқыту формалары телекоммуникациялық технологияларға негізделіп жүргізіледі. Университет алыс және жақын 18 шет ел оқу орындарымен және ғылым орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан. Олардың арасында АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Оңт. Корея, Египет, Түркия, Ресей, т.б. бар. Калифорния университетінің (АҚШ, Фреско қ.) суғару орталығымен іскерлік қатынас үнемі даму үстінде, ҚХР-дегі Синь-Цзянь а. ш. институтымен ғылыми-техникалық келісім іске асырылған, ТарМУ-дің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін пайдалану жөнінде көптеген шет ел фирмаларымен келісім жасалды. Оларда көпшілік тұтынатын тауарлар технологиясы аясында бірлесіп жұмыс істеу, суарудың жаңа технологиясын, суаруды механикаландырудың тәжірибе учаскілерін жасау көзделген. Калифорния университетімен бірлесіп құрылған Қазақ – Америка басқару және бизнес орталығы нарықтық экономика мамандарын даярлаудың мектебіне айналды. Ұлыбритания университетімен, Индиана университетімен (АҚШ, Блумингтон), АҚШ мемлекетінің департаменті қолдауымен дистанциялық оқыту, т.б. аса маңызды жобалар іске асырылуда. Түркітану орталығы, Иран орталығы, Британия Кеңесі, Гете университеті (Германия) білім орталықтары жұмыс жасайды. Қазақ-үнді орталығында М.Х. Дулатидің ғылыми, тарихи мұраларын зерттеу үшін Дели, Д.Неру, Кашмир университтерімен бірлесіп үлкен ғылыми жұмыстар жүргізіліп келеді. М.Ломоносов атынд. Мәскеу МУ-мен, Санкт-Петербург политехникалық университетімен, Мәскеу педогогиялық университетімен, Мәскеу азық-түлік өндірісі университетімен бірлесіп жұмыс жүргізу жөнінде келісімдер жасалынған. ТарМУ педогогиялық білім беру халықар. ғылым академиясының, жоғары мектеп халықар. ғылым академиясының, т.б. халықар. ұйымдарға мүше. Университеттің оқытушы-ғалымдары көптеген халықар. ғылым конференциялар өткізген. Атап айтқанда, Қазақстанның тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған халықар. ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялар, Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған конференциялар және «Қазақстандағы қазіргі білім: реформалау жолдары» атты конференция үлкен қоғамдық ықыласқа ие болған. Университетте көптеген мамандықтар бойынша докторлық және кандидаттық дисертация қорғау кеңестері жұмыс істейді. Инженер-техникалық мамандықтар бойынша практиканың 65%-ы университет базасында өтеді. Студенттерді азамат, патриот рухында тәрбиелеу мақсатында кешенді тәрбие жоспары жасалынған. Жүйелі түрде студенттік фестивальдер, КВН конкурстары, көркемөнер жарысы, шығарм. ұйымдардың концерттері өткізіліп тұрады. Мысалы: «Көне Тараз» фольклорлі ансамблі мен «Томирис» би ансамблі Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы фестивалінің лауреаты болды, «Үркер» би ансамблі «Шабыт-Милениум» конкурсының дипломаты болды, «Жібек жолы» эстрад. үрмелі оркестрі Қазақстандағы осы тектес өнер ұжымдарының бірегейі болып табылады. Педагогика факультеті студенті Тахмина Әшімбекова – Азия дауысы – 2002»-ге қатысты, Мальтадағы эстрад. әндердің Халықар. конкурсының лауреаты атанды. Қазақ және орыс тілдерінде КВН командалары жасалынған, олар респуб. турнирлерде жоғары көрсеткіштерге жетуде. ТарМУ-дың спорт кешенінде 4 үлкен спорт залы және бокс, күрес, стол теннисі, стадион, ашық спорт алаңдары бар. 12 спорт түрлері бойынша секциялар ұйымдастырылған, «Сұңқар» спорт клубы жұмыс жасайды. Дене тәрбиесін, ұлттық техникалық қолданбалы спорт түрлерін дамытуға барынша жағдай жасалынған. Университеттің әскери кафедрасы жол-құрылыс, көпір құрылысы, көпір құрылысы жұмыстарын механизациялау офицерлерін дайындайды. Әскери мамандыққа оқыту арнайы полигондарда, арнаулы жабдықталған аудиторияларда өтеді. Әскери сабақ 2 – 4 курстарда әскери бөлімдерде өтетін оқу жиындарымен аяқталады. Емтихан тапсырған және запастағы әскер құрамына аттестацияланған студенттерге «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі. ТарМУ-де 16 студенттік құрылыс отрядтары құрылған. Олар университеттің оқу ғимараттарын жөндеумен айналысады, жетімдерге, кемтарларға, қарттарға көмектеседі, Тараз қ. газ ш-ғы объектілері бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстарымен айналысады. К. Рыспаев

Ұқсас материалдар