Қандастар Ассамблея

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

04.12.2012 7005
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ( ТИГУ ) А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты негізінде 2008 жылы құрылған. 1-3 курстарда 5 мыңнан астам студент пен магистрант білім алуда. Оларға 180-ге жуық профессор-оқытушы, оның ішінде 11 ғылым докторы, 70 ғылым кандидаты сапалы білім беруде. Профессор-оқытушылар кұрамының 45%-ы ғылыми дәрежелі. Университеттің 13 профессор-оқытушысы республикалық конкурста «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Университет студенттері мемлекеттік білім гранттары және ақылы негізде оқиды. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 26 бакалавриат және 10 магистрлік мамандыққа 3 факультет, 15 кафедра, ғылыми және халықаралық байланыстар, оқу-әдістемелік және кредиттік технология, сапа менеджменті, инновациялық-ақпараттық технология бөлімдері, кітапханалар қызмет көрсетеді. Университетте «Шерхантану», «Игі мұра» ғылыми-зерттеу орталықтары, республиканың білім беретін мекемелерін физикалық, химиялық құралдармен жабдықтайтын «Физхимприбор» ғылыми-өндірістік цехы бар. Оқу, ғылым және тәрбие салалары 10 инновациялық бағыт бойынша жұмыс істейді. ТИГУ 2009 жылы ИСО 9001-2008 халықаралық стандарттар сертификатын алды. Оқу үрдісінде қазіргі уақыт талабына сай студенттерге 3 оқу ғимараты, агробиологиялық станция, жаңа үлгідегі спорт кешені, 3 оқу залы, интернет желісіне қосылған 15 компьютерлік класс, арнаулы бухгалтерлік бағдарлама класы, 3 электронды оқу залы, тілдерді дамыту орталықтары, баспахана, жаратылыстану ғылымдары бойынша зертханалар, криминалистика полигоны және т.б. қызмет етеді. Студенттерге қытай, ағылшын, түрік тілдерін меңгеру үшін тегін тіл үйрету курстары жүргізіледі. ТМД, Германия, Жапония, Қытай және Түркия елдерінің жоғары оқу орындарымен білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, студенттер, магистранттар мен профессор-оқытушылар арасында академиялық тәжірибе алмасу мақсатында әріптестік байланыстар орнатылған. Университеттің студенттері түрлі халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар мен олимпиадаларға қатысады. Университет мақтаныштары қатарында каратэ-додан Азия чемпионатының қола жүлдегері, спорт шебері Қосақов Асхатты, бокстан студенттер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, спорт шебері Абдраимов Нұрланды, шахматтан халықаралық, республикалық турнирлардың чемпионы Даулетбаева Мадинаны, көгалдағы хоккейден республика чемпионы, спорт шеберіне үміткер Досжанова Айдананы, қазақша күрестен халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Мадижан Дәуренді және т.б. спортшыларды, О.Бөкей атындағы республикалық көркем сөз оқу шеберлері байқауының лауреаттарын, халықаралық, республикалық ән байқауларының дипломанттарын, республикалық «Абай әлемі» фестивалінің жеңімпаздарын ерекше атауға болады. Қазіргі таңда ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша 12-ден астам студент шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алса, осы оқу жылында 50-ге жуық студент құжаттарын тапсырды. Сондай-ақ, студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі (студенттік ректорат, студенттік деканат), студенттердің кіші ассамблеясы жұмыс жүргізеді.  

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ( ТИГУ ) А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты негізінде 2008 жылы құрылған. 1-3 курстарда 5 мыңнан астам студент пен магистрант білім алуда. Оларға 180-ге жуық профессор-оқытушы, оның ішінде 11 ғылым докторы, 70 ғылым кандидаты сапалы білім беруде. Профессор-оқытушылар кұрамының 45%-ы ғылыми дәрежелі. Университеттің 13 профессор-оқытушысы республикалық конкурста «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Университет студенттері мемлекеттік білім гранттары және ақылы негізде оқиды. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 26 бакалавриат және 10 магистрлік мамандыққа 3 факультет, 15 кафедра, ғылыми және халықаралық байланыстар, оқу-әдістемелік және кредиттік технология, сапа менеджменті, инновациялық-ақпараттық технология бөлімдері, кітапханалар қызмет көрсетеді.

Университетте «Шерхантану», «Игі мұра» ғылыми-зерттеу орталықтары, республиканың білім беретін мекемелерін физикалық, химиялық құралдармен жабдықтайтын «Физхимприбор» ғылыми-өндірістік цехы бар. Оқу, ғылым және тәрбие салалары 10 инновациялық бағыт бойынша жұмыс істейді. ТИГУ 2009 жылы ИСО 9001-2008 халықаралық стандарттар сертификатын алды.

Оқу үрдісінде қазіргі уақыт талабына сай студенттерге 3 оқу ғимараты, агробиологиялық станция, жаңа үлгідегі спорт кешені, 3 оқу залы, интернет желісіне қосылған 15 компьютерлік класс, арнаулы бухгалтерлік бағдарлама класы, 3 электронды оқу залы, тілдерді дамыту орталықтары, баспахана, жаратылыстану ғылымдары бойынша зертханалар, криминалистика полигоны және т.б. қызмет етеді. Студенттерге қытай, ағылшын, түрік тілдерін меңгеру үшін тегін тіл үйрету курстары жүргізіледі.
ТМД, Германия, Жапония, Қытай және Түркия елдерінің жоғары оқу орындарымен білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, студенттер, магистранттар мен профессор-оқытушылар арасында академиялық тәжірибе алмасу мақсатында әріптестік байланыстар орнатылған.

Университеттің студенттері түрлі халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар мен олимпиадаларға қатысады. Университет мақтаныштары қатарында каратэ-додан Азия чемпионатының қола жүлдегері, спорт шебері Қосақов Асхатты, бокстан студенттер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, спорт шебері Абдраимов Нұрланды, шахматтан халықаралық, республикалық турнирлардың чемпионы Даулетбаева Мадинаны, көгалдағы хоккейден республика чемпионы, спорт шеберіне үміткер Досжанова Айдананы, қазақша күрестен халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Мадижан Дәуренді және т.б. спортшыларды, О.Бөкей атындағы республикалық көркем сөз оқу шеберлері байқауының лауреаттарын, халықаралық, республикалық ән байқауларының дипломанттарын, республикалық «Абай әлемі» фестивалінің жеңімпаздарын ерекше атауға болады. Қазіргі таңда ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша 12-ден астам студент шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алса, осы оқу жылында 50-ге жуық студент құжаттарын тапсырды. Сондай-ақ, студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі (студенттік ректорат, студенттік деканат), студенттердің кіші ассамблеясы жұмыс жүргізеді.
 

Ұқсас материалдар