Қандастар Ассамблея

Аңшы құстардың ұшу сипаты

04.12.2012 5999
  Аңшы құстардың ұшу сипаты. Құс өмірінің көбін ұшумен өткізеді. Аң-құс іздеген кезде аушы құс көз жетпес шалғайға, қиян-құздарға, сағымды далаға, жапан түзге, алысқа дейін талмай ұшуға қабілетті. Табиғи жаратылысы мен дене бітімі оларға үздіксіз, солқылдамай ұзақ, әрі жинақы ұшуды қамтамасыз етеді. Қазақ құсбегілер аушы құстың ұшу мәнерін алпыстай түрмен сипаттайды: • шабыттап ұшу • шалықтап ұшу • шарықтау сызып ұшу • жабыттау сузіп ұшу • жебей көлбей самғай ұшу • жер бауырлай ұшу, әуелей, қисық ұшу • қиғаш ұшу. Жұмыр, ыңғайлы денесі сыпылдап ұйытки, ағыза ұшуына немесе жоғары атылу, құлдилап төмен сорғалау, қыырындап бұлдырай ұшу, аспанда айналып-төңкеріліп қалықтау тәрізді неше турлі қимыл жасауға мумкіндік береді. Құс биікке екі түрлі әдіспен жоғарылайды: • шыр айналып бұрғылау траекториясымен • оңға, солға иректей алма- кезек қиялай көтеріледі. Аспандағы құс қимылын бақылап, отырған құсбегі оның ұшу "ізін" (траекториясын) өрлеу, қалықтау, орғыту, құйқылжу, орай ұшу деген түрге бөлсе, қанат қағысына қарай құлаштау, шабыттау, қалықтау, қағуылдау деп бөледі. Бүркіт негізінен аспанда қанатын еркімен жайып, қанатын қақпай, "сызып отырады". Бұл - сыза ұшу деп аталатын тәсіл. Ұзақ, алысқа ұшуға, солайша иен түзде аң-құсты торуылдап бақылауға қолайлы. Ондай сыза ұшатын бүркіттің қанатының ұшы сүйір емес, мұқыл, жайған кезде шалғы қанаттары өзара жымдаспай, тарамдалып тұрады. Биікте ұшып келе жатқан құс үдеуін арттырып және бағытын өзгертіп ұшу қажет болған жағдайда құс екі топшысын ілгері салып, қомдана ұшады. Бүркіт теңіз деңгейінен алты-жеті мың метр биікке дейін самғай алады. Дегенмен бүркіт шапшаң ұшатын құстар қатарында, ол 150 км/сағ жылдамдықпен ұшады, аңға шүйліккен кезде жылдамдығы күрт үдейді. Бүркіт биіктеп қалықтап алған соң төмен қарай еркін түсу үдеуін пайдаланып, жылдамдығын екі есеге дерлік арттырады. Мұны қазақтар "сорғалау" дейді және ол дегеніміз аң құс көзіне шалына салысымен бүркіт қайқаң етіп жоғары шарықтап көтеріледі де, төмен қарай құдия құлауды түсінеді. Аңға түсу кезіндегі қимылы құстың ең қиын, әрі күрделі шешуші сәті болып есептеледі. Тікшаншыла ақса да өзін басқару икемділігінен айырылмай отырып, аң олжасынын артынан тура келіп ұстауға әрекет етеді. Қашып бара жатқан аңды бүркіт жайлап ұшып жақындап жер бауырлап, қанаттарын тез сабалап жіберіп, бас жағынан тарпа бас салады. Жерге қарай жұлдыздай аққанда екі қанаты қағылмай, қанаттары жиылып қомдалады да, шалғылары құстың артына қарай сүйірлене созылады. Түлкі қасқыр тәрізді ірі аңдарды алғанда бір аяғымен аңның басын, екінші аяғымен арқа жонын бүре отырып, омыртқасын үзуге тырысады, немесе кеңірдегін сығымдап күре тамырын үзіп өлтіреді. Ірі жануарларды ұстаған кезде қанаттарын жиі-жиі сабалап, денесін тік ұстауға тырысады. Буркіт аңға үш турлі тәсілмен тусетін көрінеді. қаршығаша сыпыра түсу, түйіп түсу үкіше іліп түсу. Қалың бұталы жерде жоғарыдан шүйіліп, түйіп түсу ыңғайлы болса, далалы ашық жерде іліп түседі. Тау қойнауында қаршығаша сыпыра түскен оңтайлы. Бұл тәсілдерді бүркітті үйрету барысында қалыптастырады. Айталық, бұталы жерде төбеден түйіп түсуге үйрету үшін шырғаны сүйретпей көрсетеді. Ал далалы ашық жерде іліп түсуге үйрету үшін құс шырға, далбайға түскен кезде құсты қызықтыра сүйрете бермей тастай салады. Ал сыпырып түсуге үйрету үшін шырғаны құс ұстаса да тоқтатпай тарта берген жөн дейді. Ал шұғыл еңістен түлкіні алған кезде бүркіт оны іле көтеріп, жұлып түседі. Бүркіттен басқа ұсақ құстар олжасын ашық аспан астында ұстайтын болғандықтан ұшу сипаты олжасын ілуге ыңғайлы: aтy, сыпырту және түю. Ұшқыр, епті денесі ықшам, кеуде тұсы жұмыр, қанат-құйрығы сыпырық, артына қарай сүйірлене біткен ұсақ құстар ауада ұршық тәрізді үйіріліп қимыл жасауға икемді. Қаршыға тектестер құйын тәрізді ұйытқып, сыпылдап ұшуды сүйсе, лашын, сұңқар тәрізділер сыпырта, ағыза ұшуды ұнатады. Ұсақ аушы құстар екі түрмен аңға түседі: • Біріншісі - теуіп алатындар. Олар - ителгі, бидайық, лашын, жағалтай, сұңқар. Шүйіліп соғуға ыңғайлы, ықшам денелі, қауіптен жасқанбайтын батыл қүстарға саналатын олар олжасына биіктен сорғалап келіп көз ілеспес жылдамдықпен жетіп, сосын қайырылып келіп, бүріп ұстайды. • Екіншісі - іліп алатындар. Олар - аң-құсты қуа жүріп, іліп түсіп, бүріп ұстайтын тұйғын, қырғи, мықи. Олардың тұяқтары салыстырмалы түрде салалы, ұзын, әрі өткір қармақ тәрізді болады. Жақсы қайырылған ителгі көлдегі үйрекке салынса, бірін де құтқармай қуып жүріп, белін үзе теуіп құлатады. Жай оғындай ағыза, сыпырта ұшқан лашын ілетін олжасына секундына 75 метр жылдамдықпен төнеді екен. Ол ұмтылған кезде бұлдыраған қарасы мен аспанда у-шу болған құстардың дауысы ғана естіледі дейді. Құсты аңға шығарар алдында жемсауын салқын сумен жуса, құс сілкініп, қырағылығы арта түседі.

 

Аңшы құстардың ұшу сипаты. Құс өмірінің көбін ұшумен өткізеді. Аң-құс іздеген кезде аушы құс көз жетпес шалғайға, қиян-құздарға, сағымды далаға, жапан түзге, алысқа дейін талмай ұшуға қабілетті. Табиғи жаратылысы мен дене бітімі оларға үздіксіз, солқылдамай ұзақ, әрі жинақы ұшуды қамтамасыз етеді. Қазақ құсбегілер аушы құстың ұшу мәнерін алпыстай түрмен сипаттайды:

• шабыттап ұшу
• шалықтап ұшу
• шарықтау сызып ұшу
• жабыттау сузіп ұшу
• жебей көлбей самғай ұшу
• жер бауырлай ұшу, әуелей, қисық ұшу
• қиғаш ұшу.

Жұмыр, ыңғайлы денесі сыпылдап ұйытки, ағыза ұшуына немесе жоғары атылу, құлдилап төмен сорғалау, қыырындап бұлдырай ұшу, аспанда айналып-төңкеріліп қалықтау тәрізді неше турлі қимыл жасауға мумкіндік береді.

Құс биікке екі түрлі әдіспен жоғарылайды:
• шыр айналып бұрғылау траекториясымен
• оңға, солға иректей алма- кезек қиялай көтеріледі.

Аспандағы құс қимылын бақылап, отырған құсбегі оның ұшу "ізін" (траекториясын) өрлеу, қалықтау, орғыту, құйқылжу, орай ұшу деген түрге бөлсе, қанат қағысына қарай құлаштау, шабыттау, қалықтау, қағуылдау деп бөледі.

Бүркіт негізінен аспанда қанатын еркімен жайып, қанатын қақпай, "сызып отырады". Бұл - сыза ұшу деп аталатын тәсіл. Ұзақ, алысқа ұшуға, солайша иен түзде аң-құсты торуылдап бақылауға қолайлы. Ондай сыза ұшатын бүркіттің қанатының ұшы сүйір емес, мұқыл, жайған кезде шалғы қанаттары өзара жымдаспай, тарамдалып тұрады.

Биікте ұшып келе жатқан құс үдеуін арттырып және бағытын өзгертіп ұшу қажет болған жағдайда құс екі топшысын ілгері салып, қомдана ұшады. Бүркіт теңіз деңгейінен алты-жеті мың метр биікке дейін самғай алады. Дегенмен бүркіт шапшаң ұшатын құстар қатарында, ол 150 км/сағ жылдамдықпен ұшады, аңға шүйліккен кезде жылдамдығы күрт үдейді. Бүркіт биіктеп қалықтап алған соң төмен қарай еркін түсу үдеуін пайдаланып, жылдамдығын екі есеге дерлік арттырады. Мұны қазақтар "сорғалау" дейді және ол дегеніміз аң құс көзіне шалына салысымен бүркіт қайқаң етіп жоғары шарықтап көтеріледі де, төмен қарай құдия құлауды түсінеді.


Аңға түсу кезіндегі қимылы құстың ең қиын, әрі күрделі шешуші сәті болып есептеледі. Тікшаншыла ақса да өзін басқару икемділігінен айырылмай отырып, аң олжасынын артынан тура келіп ұстауға әрекет етеді. Қашып бара жатқан аңды бүркіт жайлап ұшып жақындап жер бауырлап, қанаттарын тез сабалап жіберіп, бас жағынан тарпа бас салады. Жерге қарай жұлдыздай аққанда екі қанаты қағылмай, қанаттары жиылып қомдалады да, шалғылары құстың артына қарай сүйірлене созылады. Түлкі қасқыр тәрізді ірі аңдарды алғанда бір аяғымен аңның басын, екінші аяғымен арқа жонын бүре отырып, омыртқасын үзуге тырысады, немесе кеңірдегін сығымдап күре тамырын үзіп өлтіреді. Ірі жануарларды ұстаған кезде қанаттарын жиі-жиі сабалап, денесін тік ұстауға тырысады. Буркіт аңға үш турлі тәсілмен тусетін көрінеді. қаршығаша сыпыра түсу, түйіп түсу үкіше іліп түсу. Қалың бұталы жерде жоғарыдан шүйіліп, түйіп түсу ыңғайлы болса, далалы ашық жерде іліп түседі. Тау қойнауында қаршығаша сыпыра түскен оңтайлы. Бұл тәсілдерді бүркітті үйрету барысында қалыптастырады. Айталық, бұталы жерде төбеден түйіп түсуге үйрету үшін шырғаны сүйретпей көрсетеді. Ал далалы ашық жерде іліп түсуге үйрету үшін құс шырға, далбайға түскен кезде құсты қызықтыра сүйрете бермей тастай салады. Ал сыпырып түсуге үйрету үшін шырғаны құс ұстаса да тоқтатпай тарта берген жөн дейді. Ал шұғыл еңістен түлкіні алған кезде бүркіт оны іле көтеріп, жұлып түседі. Бүркіттен басқа ұсақ құстар олжасын ашық аспан астында ұстайтын болғандықтан ұшу сипаты олжасын ілуге ыңғайлы: aтy, сыпырту және түю. Ұшқыр, епті денесі ықшам, кеуде тұсы жұмыр, қанат-құйрығы сыпырық, артына қарай сүйірлене біткен ұсақ құстар ауада ұршық тәрізді үйіріліп қимыл жасауға икемді. Қаршыға тектестер құйын тәрізді ұйытқып, сыпылдап ұшуды сүйсе, лашын, сұңқар тәрізділер сыпырта, ағыза ұшуды ұнатады.

Ұсақ аушы құстар екі түрмен аңға түседі:
• Біріншісі - теуіп алатындар. Олар - ителгі, бидайық,
лашын, жағалтай, сұңқар. Шүйіліп соғуға ыңғайлы, ықшам денелі, қауіптен жасқанбайтын батыл қүстарға саналатын олар олжасына биіктен сорғалап келіп көз ілеспес жылдамдықпен жетіп, сосын қайырылып келіп, бүріп ұстайды.
• Екіншісі - іліп алатындар. Олар - аң-құсты қуа жүріп, іліп
түсіп, бүріп ұстайтын тұйғын, қырғи, мықи. Олардың тұяқтары салыстырмалы түрде салалы, ұзын, әрі өткір қармақ тәрізді болады.

Жақсы қайырылған ителгі көлдегі үйрекке салынса, бірін де құтқармай қуып жүріп, белін үзе теуіп құлатады. Жай оғындай ағыза, сыпырта ұшқан лашын ілетін олжасына секундына 75 метр жылдамдықпен төнеді екен. Ол ұмтылған кезде бұлдыраған қарасы мен аспанда у-шу болған құстардың дауысы ғана естіледі дейді. Құсты аңға шығарар алдында жемсауын салқын сумен жуса, құс сілкініп, қырағылығы арта түседі.

Ұқсас материалдар