Қандастар Ассамблея

Тарауих намазы

04.12.2012 23413
Тарауих намазы Рамазан айына тән  жиырма ракағаттан тұратын мүаккад (бекітілген) сүннет.Бұл намазды Сүйікті пайғамбарымызбен  (с.а.у) оның  төрт  орынбасары  да  (Хулефа-и Рашидин) оқыған. Аталмыш намаздың жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Сол  себептен  барша аймақ  тұрғындары  тарауих намазын жамағатпен  оқымаған, тек өзі жалғыз оқыса, онда сүннетті тәрк етіп, қателік  істеген болып табылады. Әрбір төрт ракағатының  соңында шамалы отырып тынығып, дем алатындықтан  бұл төрт ракатты «Тарауих» деп атаған. «Таруих» сөзі  «жанды  рахатқа  бөлеу» деген  мағынаны білдіреді. Оның көпше түрі «Тарауих» Мешіттерінде тарауих намазы  жамағатпен оқыла тұра, еш себепсіз жамағатты тәрк етіп, бұл намазды оқыған адам күнәһар болмаса да, жамағаттың артықшылығын тәрк еткен  болады.Адам үйінде  жамағатпен  оқып жамағат сауабын алса да, мешіттегі  жамағаттың сауабына жете  алмайды. Өйткені  мешіттердің артықшылығы көп. Тарауих намазын оқитын  адам тарауих  намазына және сол уақытың сүннетіне немесе түнгі  құлшылыққа ниет  де болады. Ешбір шартсыз «намазға» немесе  «нәпіл намазға» ниет етілуі  де  бірқатар фикһ ғалымдарының  пікірінше жайыз болып табылады. Тарауих намазын әрбір екі ракағаттан  бір  сәлем бере отырып, он сәлеммен аяқтау абзалырақ  саналады.Төрт ракағатта да бір сәлем беруге  болады. Сегіз, он немесе жиырма  ракағатта да  бір сәлем бере отырып аяқтау да дұрыс саналғанымен, бұлай жасау мәкрук  амалына жатады. Тарауих намазы екі ракагатта бір салем берілгенде дал Шам намазының екі ракагат суннеті секілді окылады. Төрт ракагаттан бір салем берілгенде, дәл куптан намазның төрт ракагаты  суннеті секілді окылады.   Жамагатпен окылган кезде жамагат әрі тарауихке, әрі иманга уйге ниет етеді.Иман такбарлерді, кырагаттарды дауыстап окиды. Имам ушін тарауих намазының әр екі ракагатында тең дарежеде куран оку және екі ракатта немесе төрт ракагатта бір салем беру абзал іс болып табылады.Өйткені осылай  жасау ғана  рухты түрлі  ойлардан құтқарады.Тарауих намазыныңәр ракағатындао аяттай оқылуы мұстахап. Өйткені  осы тәртіппен  жалғасса бір Рамазанда бір Хатым-құран  түсірген болады. Бір мәрте осылайша хатым  оқу арқылы Тарауих  намазын оқу сүннет. Кейбір  ғалымдардың пікірінше бұл хатымның аяқталуы  жиырма жетінші түнге (Қадір түні) сәйкес келуі мұстахап. Тарауих намазын өткізген адамның дауысы көркем  әуендіболғанынан гөріҚұранды түзу оқуымен мән берілген  жөн. Тамаша  дауыс, көркемәуен  жүректің  мазасын алып, ойға және  жан тыныштығына берілуге кедергі келтіруі мүмкін. Имамның Құран  оқуында кемшілік пен қателігі болған мешітті тастап, құранды түзу оқи білетін бір имамы бар мешітке барып, Тарауих намазыноқығанның еш айыбы жоқ. ИмамныңТаауих намазында жамағатты жалықтырып  жіберетіндей мөлшерде  Құран  оқуы дұрыс емес. Мұнымен қатар Фатиха  сүреден немесе бір аяттан кем  болмауға тиіс. Тарауихтың соңғы отырыстарында  тәшәһһудтен кейін салауаттар ұмытылып кетпеген жөн. Тарауих намазын себепсізден-себепсіз  отырып оқу мәкруһ. Сонымен қатар имамның рүкуға барғанына  дейін күтіп, содан кейін  имамғм ұю мәкрүһ. Таруих  намазының бір  бөлігі оқылып біткеннен кейін имамға ұйыған адам, егер Тарауих намазы бітіп қалған  болса, онда алдын оқи  алмаған намаздарын  толықтырады. Кейін үтір намазын жеке өзі  оқып бітіреді. Ең дұрысы осы. Сондай-ақ имаммен бірге үтір наазын  оқып, кейіннен Тарауих намазын  толықтырып оқуы да жөн саналады. Құптан намазын жамағатпен  оқымаған адам Тарауих және үтір намазында имамға  ұюына болады. Сондықтан  бір адам  имам құптан намазын өткізіп, Тарауих намазын бастап жатқан кезде мешітке келе қалса, әуелі құптан намазынөзі жеке оқып, соңынан Таауих  намазы үшін имамға ұйиды. Үлгере алмаған  ракағаттарды  да  кейіннен өзі жеке оқып алады. Сондай-ақ Тарауих  намазын имаммен бірге оқи  алмаған адам үтір намазын  имаммен  бірге  оқуына боады. Ең  дұрыс  көзқарас  осы. Алайда  имам да, жамағат та құптан намазын жаағат  болып оқымаған болса, онда Тарауих наазын жамағат болып  оқи  алмайды. Өйткені Тарауихтың  жамағаты парыздың жамағатымен тығыз  байланысты.Тарауихтың арнайы бір  жамағатпен  оқылуы нәпіл құлшылықтар  жөніндегі дін  қағидаларына қайшы келеді. Имам Тарауихнамазының  алғашқы ракағатынан кейін  қателесіп, отырып  қойып, сәлем  бергеннен кейін екі  ракағатты қайтадан оқымай тұрып, қалған  ракағаттарды өз тәртібіне сай ары  қарай  жалғастырып  оқытатын болса, бір көзқарас бойынша намазы дұрыс саналады; тек алғашқы  екі  ракатты қаза етіп оқу керек. Өзге бір көзқарас бойынша  қалған намаздары дұрыс  болмай, барлығын қаза  етіп оқуға тиіс. Себебі Тарауих бір намаз. Тәшәһһудтер  және сәлемдер өз орнымен жасалмаған болды. Тарауих намаз үкіміндегі сүннет, оразаның сүннеті емес. Сондықтан ауру-сырқау, жолаушылық  сияқты  себептермен  ораза тұтуға міндетті емес адамдарға да Тарауих намазын оқу  сүннет амалы болып табылады.       Өсімхан Тілеуов.  

Тарауих намазы Рамазан айына тән  жиырма ракағаттан тұратын мүаккад (бекітілген) сүннет.Бұл намазды Сүйікті пайғамбарымызбен  (с.а.у) оның  төрт  орынбасары  да  (Хулефа-и Рашидин) оқыған. Аталмыш намаздың жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Сол  себептен  барша аймақ  тұрғындары  тарауих намазын жамағатпен  оқымаған, тек өзі жалғыз оқыса, онда сүннетті тәрк етіп, қателік  істеген болып табылады.

Әрбір төрт ракағатының  соңында шамалы отырып тынығып, дем алатындықтан  бұл төрт ракатты «Тарауих» деп атаған. «Таруих» сөзі  «жанды  рахатқа  бөлеу» деген  мағынаны білдіреді. Оның көпше түрі «Тарауих» Мешіттерінде тарауих намазы  жамағатпен оқыла тұра, еш себепсіз жамағатты тәрк етіп, бұл намазды оқыған адам күнәһар болмаса да, жамағаттың артықшылығын тәрк еткен  болады.Адам үйінде  жамағатпен  оқып жамағат сауабын алса да, мешіттегі  жамағаттың сауабына жете  алмайды. Өйткені  мешіттердің артықшылығы көп.

Тарауих намазын оқитын  адам тарауих  намазына және сол уақытың сүннетіне немесе түнгі  құлшылыққа ниет  де болады. Ешбір шартсыз «намазға» немесе  «нәпіл намазға» ниет етілуі  де  бірқатар фикһ ғалымдарының  пікірінше жайыз болып табылады.

Тарауих намазын әрбір екі ракағаттан  бір  сәлем бере отырып, он сәлеммен аяқтау абзалырақ  саналады.Төрт ракағатта да бір сәлем беруге  болады. Сегіз, он немесе жиырма  ракағатта да  бір сәлем бере отырып аяқтау да дұрыс саналғанымен, бұлай жасау мәкрук  амалына жатады.

Тарауих намазы екі ракагатта бір салем берілгенде дал Шам намазының екі ракагат суннеті секілді окылады. Төрт ракагаттан бір салем берілгенде, дәл куптан намазның төрт ракагаты  суннеті секілді окылады.  

Жамагатпен окылган кезде жамагат әрі тарауихке, әрі иманга уйге ниет етеді.Иман такбарлерді, кырагаттарды дауыстап окиды.

Имам ушін тарауих намазының әр екі ракагатында тең дарежеде куран оку және екі ракатта немесе төрт ракагатта бір салем беру абзал іс болып табылады.Өйткені осылай  жасау ғана  рухты түрлі  ойлардан құтқарады.Тарауих намазыныңәр ракағатындао аяттай оқылуы мұстахап. Өйткені  осы тәртіппен  жалғасса бір Рамазанда бір Хатым-құран  түсірген болады. Бір мәрте осылайша хатым  оқу арқылы Тарауих  намазын оқу сүннет. Кейбір  ғалымдардың пікірінше бұл хатымның аяқталуы  жиырма жетінші түнге (Қадір түні) сәйкес келуі мұстахап.

Тарауих намазын өткізген адамның дауысы көркем  әуендіболғанынан гөріҚұранды түзу оқуымен мән берілген  жөн. Тамаша  дауыс, көркемәуен  жүректің  мазасын алып, ойға және  жан тыныштығына берілуге кедергі келтіруі мүмкін. Имамның Құран  оқуында кемшілік пен қателігі болған мешітті тастап, құранды түзу оқи білетін бір имамы бар мешітке барып, Тарауих намазыноқығанның еш айыбы жоқ.

ИмамныңТаауих намазында жамағатты жалықтырып  жіберетіндей мөлшерде  Құран  оқуы дұрыс емес. Мұнымен қатар Фатиха  сүреден немесе бір аяттан кем  болмауға тиіс. Тарауихтың соңғы отырыстарында  тәшәһһудтен кейін салауаттар ұмытылып кетпеген жөн.

Тарауих намазын себепсізден-себепсіз  отырып оқу мәкруһ. Сонымен қатар имамның рүкуға барғанына  дейін күтіп, содан кейін  имамғм ұю мәкрүһ.

Таруих  намазының бір  бөлігі оқылып біткеннен кейін имамға ұйыған адам, егер Тарауих намазы бітіп қалған  болса, онда алдын оқи  алмаған намаздарын  толықтырады. Кейін үтір намазын жеке өзі  оқып бітіреді. Ең дұрысы осы. Сондай-ақ имаммен бірге үтір наазын  оқып, кейіннен Тарауих намазын  толықтырып оқуы да жөн саналады.
Құптан намазын жамағатпен  оқымаған адам Тарауих және үтір намазында имамға  ұюына болады. Сондықтан  бір адам  имам құптан намазын өткізіп, Тарауих намазын бастап жатқан кезде мешітке келе қалса, әуелі құптан намазынөзі жеке оқып, соңынан Таауих  намазы үшін имамға ұйиды. Үлгере алмаған  ракағаттарды  да  кейіннен өзі жеке оқып алады. Сондай-ақ Тарауих  намазын имаммен бірге оқи  алмаған адам үтір намазын  имаммен  бірге  оқуына боады. Ең  дұрыс  көзқарас  осы. Алайда  имам да, жамағат та құптан намазын жаағат  болып оқымаған болса, онда Тарауих наазын жамағат болып  оқи  алмайды. Өйткені Тарауихтың  жамағаты парыздың жамағатымен тығыз  байланысты.Тарауихтың арнайы бір  жамағатпен  оқылуы нәпіл құлшылықтар  жөніндегі дін  қағидаларына қайшы келеді.

Имам Тарауихнамазының  алғашқы ракағатынан кейін  қателесіп, отырып  қойып, сәлем  бергеннен кейін екі  ракағатты қайтадан оқымай тұрып, қалған  ракағаттарды өз тәртібіне сай ары  қарай  жалғастырып  оқытатын болса, бір көзқарас бойынша намазы дұрыс саналады; тек алғашқы  екі  ракатты қаза етіп оқу керек. Өзге бір көзқарас бойынша  қалған намаздары дұрыс  болмай, барлығын қаза  етіп оқуға тиіс. Себебі Тарауих бір намаз. Тәшәһһудтер  және сәлемдер өз орнымен жасалмаған болды.
Тарауих намаз үкіміндегі сүннет, оразаның сүннеті емес. Сондықтан ауру-сырқау, жолаушылық  сияқты  себептермен  ораза тұтуға міндетті емес адамдарға да Тарауих намазын оқу  сүннет амалы болып табылады.
     
Өсімхан Тілеуов.
 

Ұқсас материалдар