Қандастар Ассамблея

Ислам дініндегі діни лауазымдар мен атақтар

04.12.2012 6054
Ислам дініндегі діни лауазымдар мен атақтар Діни лауазымдар мен атақтар - әрбір діндегі ішкі құрылымдық ерекшеліктерге қарай сатыланатын қызметтер мен атақтар. Әр діндегі негізгі ұстанымдарға орай діни лауазымдар мен атақтар әр қилы. Ислам дініндегі діни лауазымдар мен атақтар: ахун (парс.) - мүфтиден кейінгі атақ. XVIII ғ-дың 2-жартысында Бұхар хандығындағы ең жоғарғы діни лауазым ахун болды. Мүфтидің шариат бойынша айтқан шешімі ахунның келісімінсіз жүзеге асырылмаған; аятолла - шариат мәселелері бойынша өз алдына шешім кабылдай алатын шиит мұжтаһидтерінің ең құрметті атағы. Бұл лауазым, негізінен, Иранда кең таралған, мұнда аятолланың шешімі Иран Ислам Республикасы Президенті шешімінен жоғары болып саналады. дамолла (араб.) - Ислам дінін насихаттаушылардың, мешіт пен медресе қызметкерлерінің лауазымы. Дамолланы Ислам дінін насихаттауға сіңірген еңбегіне, діни білім дәрежесіне қарай діни қауым сайлайды. молла - мұсылмандық дәстүрдің, жөнжосықтың білгірі, дін қызметкері, дін мектебінің үстазы, білімді, оқымысты адам. қари - Құран Кәрім сүрелерін жатқа айтатын адам. қазы - мұсылмандық сот міндетін атқарушы, төреші. Оларды шариғаттық құқық негізінде азаматтық және қылмыстық істерді қарау үшін мұсылман елдерінің жоғарғы үкіметі тағайындаған. XX ғ-дың басына дейін Қазақстанның оңт. өңірінде «бас қазы» және жергілікті жерлерде оған бағынышты көмекші тергеушілер «әзім молдалар» болған. Олар шариғат заңдылығының сақталуын, әдет-ғұрыптың дәйекті орындалуын бақылауға, ал қажетті жағдайда тиісті шара қолдануға құқылы болды. имам - намаз кезінде алда тұратын адам, рухани жетекші, мұсылман қауымының басшысы. Күнделікті өмірде имам деп мешітте көпшілік болып намаз оқуды баскаратын жетекшіні атайды. құтб (парс.) - сопылық бауырластықтағы ен жоғарғы «әулие», «кемел адам» дегенді білдіреді. Сопылық таным бойынша құтб Құран Кәрім сүрелерінің басында келетін кейбір аяттардың тылсым сырын білетін ерекше қабілет иесі. Кімде-кім Құдай туралы білімді кемел меңгерсе сол ғана құтб бола алады. муаззин (араб.) - азан шақырушының лауазымы. Муаззиннің үш міндеті бар: діндарларды жиып, имамды шақырады, намаздың басталуы туралы хабар береді. муджтахид - дін зерттеушісі, ғалым, шариаттың негізгі мәселелерінен өз бетінше шешім қабылдауға құқылы. мүфти (парс. - «пәтуа беруші») - шариаттың түбірлі шартына сүйене отырып, даулы пікірлерді пәтуаға келтіріп, шариаттың өзекті ережелеріне түсінік беретін шариат білгірі. Бір мемлекетте бірнеше мүфти болуы мүмкін, ондай жағдайда солардың біреуі Бас мүфти болып басқаларына төрелік айтады. мүхтасиб (араб. - «хисбаны атқарушы») мұсылмандықтың моральдік нормаларын ашықтан-ашық бүзушылыққа жол бермей, түзу жолға бағыттан отыратын діни лауазым иесі. мүрид (парс.) - ерікті ізбасар, шәкірт. Мүрид пен бауырластыққа, не кәсіп бірлестігіне мүше болар алдында мамандық және рухани жетілудің алғашқы сатысында жүрген адамды атайды. пір - сопылық бауырластыкка мүше болатын адамды баулитын ірі дін басы. Көп жағдайда пір «әулие» атанып, аскеттік өмір сүреді. Пір сопылық жолға түскен адамға қолдаушы, сүйеніш болып есептелінеді. пірәдар - дінге беріліп, дін жолын қуған сопы. Кейбір түсіндірмелерде пірәдар деп пірге барып, қол беріп келген кісіні атайды. Киелі, қасиетті, Аллаһтың қамқорлығына ие болған адам деген ұғымды білдіреді. қажы - Ислам дінінің бес парызының бірі қажылық парызын өтеген мұсылман. факих (араб. - білімді) - дін заңгері, Құран сөзінің білгірі. Ислам мемлекеттеріндегі саяси ахуалды реттейтін мемл. орындарда қызмет ететін адамдардың көпшілігі осы факихтердің арасынан шыққан. хазірет (арабша - әзірет, қазірет) - жоғары дәрежелі дін иелеріне берілетін діни атақ. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардан кейінгі 4 халифтың бірі Әли Әбу Тәліп қазақта Әзірет Әли деген атпен мәлім. Хазірет атағы мешіттің немесе белгілі бір аймақтағы мұсылман дін иелерінің басшысына да беріледі. хакім, хаким (араб.) - даулы мәселені шешетін тәуелсіз төреші. Іс қозғалғанға дейін мұсылмандар қазының алдына бармай тұрып хакімғе жүгінеді. шейх (араб.) - діни қайраткерлерге, діни пәндер білімпаздарына, сопылық бауырластық басшыларына, тәлімгерлер мен үстаздарға, оздерінің ізгі істерімен танымал болған адамдарға қатысты айтылатын құрметті атақ. халифа (араб.) - Аллаһ елшісінің (с.а.у.) орнын басушы, мұсылман қауымының бас несі және сопылық бауырластық негізін салушыға немесе басшының тікелей орынбасарына берілетін атақ. Қазақстанда діни лауазым мен атақтардың жоғарғысы Бас Мүфти болып саналады. Өзге діни лауазым мен атақтар республикада белгіленген аумақтық-бөліністерге сай сатыларға жіктелінеді.

Ислам дініндегі діни лауазымдар мен атақтар

Діни лауазымдар мен атақтар - әрбір діндегі ішкі құрылымдық ерекшеліктерге қарай сатыланатын қызметтер мен атақтар. Әр діндегі негізгі ұстанымдарға орай діни лауазымдар мен атақтар әр қилы. Ислам дініндегі діни лауазымдар мен атақтар:

  • ахун (парс.) - мүфтиден кейінгі атақ. XVIII ғ-дың 2-жартысында Бұхар хандығындағы ең жоғарғы діни лауазым ахун болды. Мүфтидің шариат бойынша айтқан шешімі ахунның келісімінсіз жүзеге асырылмаған;
  • аятолла - шариат мәселелері бойынша өз алдына шешім кабылдай алатын шиит мұжтаһидтерінің ең құрметті атағы. Бұл лауазым, негізінен, Иранда кең таралған, мұнда аятолланың шешімі Иран Ислам Республикасы Президенті шешімінен жоғары болып саналады.
  • дамолла (араб.) - Ислам дінін насихаттаушылардың, мешіт пен медресе қызметкерлерінің лауазымы. Дамолланы Ислам дінін насихаттауға сіңірген еңбегіне, діни білім дәрежесіне қарай діни қауым сайлайды. молла - мұсылмандық дәстүрдің, жөнжосықтың білгірі, дін қызметкері, дін мектебінің үстазы, білімді, оқымысты адам. қари - Құран Кәрім сүрелерін жатқа айтатын адам.
  • қазы - мұсылмандық сот міндетін атқарушы, төреші. Оларды шариғаттық құқық негізінде азаматтық және қылмыстық істерді қарау үшін мұсылман елдерінің жоғарғы үкіметі тағайындаған. XX ғ-дың басына дейін Қазақстанның оңт. өңірінде «бас қазы» және жергілікті жерлерде оған бағынышты көмекші тергеушілер «әзім молдалар» болған. Олар шариғат заңдылығының сақталуын, әдет-ғұрыптың дәйекті орындалуын бақылауға, ал қажетті жағдайда тиісті шара қолдануға құқылы болды.
  • имам - намаз кезінде алда тұратын адам, рухани жетекші, мұсылман қауымының басшысы. Күнделікті өмірде имам деп мешітте көпшілік болып намаз оқуды баскаратын жетекшіні атайды. құтб (парс.) - сопылық бауырластықтағы ен жоғарғы «әулие», «кемел адам» дегенді білдіреді. Сопылық таным бойынша құтб Құран Кәрім сүрелерінің басында келетін кейбір аяттардың тылсым сырын білетін ерекше қабілет иесі. Кімде-кім Құдай туралы білімді кемел меңгерсе сол ғана құтб бола алады.
  • муаззин (араб.) - азан шақырушының лауазымы. Муаззиннің үш міндеті бар: діндарларды жиып, имамды шақырады, намаздың басталуы туралы хабар береді.
  • муджтахид - дін зерттеушісі, ғалым, шариаттың негізгі мәселелерінен өз бетінше шешім қабылдауға құқылы. мүфти (парс. - «пәтуа беруші») - шариаттың түбірлі шартына сүйене отырып, даулы пікірлерді пәтуаға келтіріп, шариаттың өзекті ережелеріне түсінік беретін шариат білгірі. Бір мемлекетте бірнеше мүфти болуы мүмкін, ондай жағдайда солардың біреуі Бас мүфти болып басқаларына төрелік айтады.
  • мүхтасиб (араб. - «хисбаны атқарушы») мұсылмандықтың моральдік нормаларын ашықтан-ашық бүзушылыққа жол бермей, түзу жолға бағыттан отыратын діни лауазым иесі.
  • мүрид (парс.) - ерікті ізбасар, шәкірт. Мүрид пен бауырластыққа, не кәсіп бірлестігіне мүше болар алдында мамандық және рухани жетілудің алғашқы сатысында жүрген адамды атайды. пір - сопылық бауырластыкка мүше болатын адамды баулитын ірі дін басы. Көп жағдайда пір «әулие» атанып, аскеттік өмір сүреді. Пір сопылық жолға түскен адамға қолдаушы, сүйеніш болып есептелінеді.
  • пірәдар - дінге беріліп, дін жолын қуған сопы. Кейбір түсіндірмелерде пірәдар деп пірге барып, қол беріп келген кісіні атайды. Киелі, қасиетті, Аллаһтың қамқорлығына ие болған адам деген ұғымды білдіреді.
  • қажы - Ислам дінінің бес парызының бірі қажылық парызын өтеген мұсылман.
  • факих (араб. - білімді) - дін заңгері, Құран сөзінің білгірі. Ислам мемлекеттеріндегі саяси ахуалды реттейтін мемл. орындарда қызмет ететін адамдардың көпшілігі осы факихтердің арасынан шыққан.
  • хазірет (арабша - әзірет, қазірет) - жоғары дәрежелі дін иелеріне берілетін діни атақ. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардан кейінгі 4 халифтың бірі Әли Әбу Тәліп қазақта Әзірет Әли деген атпен мәлім. Хазірет атағы мешіттің немесе белгілі бір аймақтағы мұсылман дін иелерінің басшысына да беріледі.
  • хакім, хаким (араб.) - даулы мәселені шешетін тәуелсіз төреші. Іс қозғалғанға дейін мұсылмандар қазының алдына бармай тұрып хакімғе жүгінеді.
  • шейх (араб.) - діни қайраткерлерге, діни пәндер білімпаздарына, сопылық бауырластық басшыларына, тәлімгерлер мен үстаздарға, оздерінің ізгі істерімен танымал болған адамдарға қатысты айтылатын құрметті атақ.
  • халифа (араб.) - Аллаһ елшісінің (с.а.у.) орнын басушы, мұсылман қауымының бас несі және сопылық бауырластық негізін салушыға немесе басшының тікелей орынбасарына берілетін атақ.

Қазақстанда діни лауазым мен атақтардың жоғарғысы Бас Мүфти болып саналады. Өзге діни лауазым мен атақтар республикада белгіленген аумақтық-бөліністерге сай сатыларға жіктелінеді.

Ұқсас материалдар