Қандастар Ассамблея

Ислам дінінде байлық пен кедейлік

04.12.2012 18315
Ислам дінінде байлық пен кедейлік   Араб тіліндегі “фақр” сөзі қазақ тілінде “кедейлік, пақырлық, мұқтаждық” деген мағынаны береді. Мал-мүлкі жоқ, тіпті күнкөрісін әзер тауып жүрген адамға “фақир”, яғни пақыр делінеді. Жалпы адам баласына бай болсын, мейлі кедей болсын Аллаһ тағалаға мұқтаж болғандықтан “пақыр” деп айтылады. Дінімізде пақыр сөзімен мағыналас “міскін” сөзі де қолданылады. Зекеттен тиесілі үлесі бар бұл екі топтың қайсысының әлеуметтік тұрғыдан төменірек екендігі жайында ислам ғалымдары арасында ортақ бір пікір жоқ деуге болады. Әбу Юсуф және бірнеше фақиһ ғалымдар “пақыр мен міскіннің бір топтың өкілдері және тұрмыстық жағынан араларында айырмашылық жоқ” екендігін айтса, ал ислам құқықшыларының басым көпшілігі “пақыр мен міскін екі бөлек топтың өкілдері” деген пікірде. Ханафи мен Малики фақиһшыларының айтуынша, міскін - мал-мүлкі, табыс көзі жок, тұрмыстық жағдайы төмен кісі. Ал пақыр болса, мал-мүлкі, күндік табысы болғанымен, табысы жеткіліксіз адам. Алайда, міскінге қарағанда тұрмысы анағұрлым жақсырақ кісі. Ал Шафий мен Ханбалилер болса керісінше пікір айтуда. Дегенмен де, пақыр мен міскіннің бай-дәулетті топқа жатпайтығында және әлеуметтік тұрғыдан жағдайларының төмен екендігінде дау жоқ. Ислам діні еңбек етуді, жақсы және пайдалы істер істеуді әмір етеді. Тіленушілікті құптамайды. Зекеттен үлес алып немесе басқалардың жәрдемімен күн көргеннен гөрі өзінің маңдай терімен, адал еңбегімен табыс тапқанды артық санайды. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) кезеңінен бастап пақырлады қолдау, қорғау, кедейшілікпен күресу және қоғамдағы мұқтаж жандардың шет қалмауы секілді түрлі игі шаралар жасалынған. Атап айтар болсақ, Мұхажирлермен мен Ансарлардың арасында бауырмашылдықтың орнауы, құлдардың азат етілуі, қоғамдық қорлардың (уақыф) құрылуы, зекет пен пітір садақасының берілуі, қажет деп табылған жағдайда мемлекет қазынасынан пақырлар үшін жәрдемақылардың тағайындалуы. Ислам дінінде мал-мүліктің шынайы иесі Аллаһ екендігі, адамдардың дәрежелері Аллаһтың алдында тек тақуалықпен ғана өлшенетіндігі баса айтылған. Сондықтан кедейшілік адамдардың дәрежесін белгілейтін өлшем болып саналмайды. Осыған орай, әрбір қоғамда кездесетін адамдар арасындағы мұндай әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер діни-ахлақи тұрғыдан қарастырылып, қалыпты жағдай ретінде қабылданған. Сабыр етіп, шүкіршілік еткен пақырдың жәннатқа алғаш кіретіндердің қатарында болатындығы және жәннаттағылардың басым көпшілігінің пақырлар екендігі, шын мәнінде кедейшіліктің өзін кем санап, ұялатындай жағдай емес, керісінше рухани бір мәртебе екендігін көрсетеді. Бұл турасында мынадай бір хадис бар: "Пақырлар жәннатқа байлардан бес жүз жыл бұрын кіреді". (Тирмизи, Зуһд, 37) Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у) келесі хадисте былай дейді; "Жәннаттың есігінің қасында тұрдым. Қарасам оған кіретіндердің көбісі міскіндер екен". (Бұхари, Риқақ, 51/ Мүслим, Зуһд, 93) Сонымен қатар, дініміз сабыр қылмай, көрсеткеніне шүкіршілік етпеген және кедейлігін сылтау етіп, жаман іс жасаған пақырларды айыптаған. Кедейшіліктің адамды бірқатар жаман іс істеуге итермелейтін, тіпті надандыққа бой алдырып күпірлік ететіндей дәрежеге жеткізетінін де ескерткен. Байлық та дәл сол сияқты. Араб тіліндегі «ғина» сөзі қазақ тілінде «байлық, мұқтажсыздық» деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде Аллаһ Тағала ешкімге мұқтаж емес, керісінше барлық нәрсе Оған мұқтаж деген мағынаға саятын «Ей адамдар! Сендер Аллаға мұқтажсыңдар. Аллаһ болса өте бай және мақтау иесі» (Фатыр сүресі 15-аят) деген аят бар. Шындығында кез-келген адамның қандай да бір қайғылы сәтпен бетпе-бет келе қалған жағдайда Жаратушысына жалбарынып, мұқтаждығын тілге-тиек етері ақиқат.  Ислам құқұғында байлықтың ең төменгі дәрежесін белгілейтін өлшемге «нисаб» делінеді. Негізгі қажеттіліктерден (үй, көлік, бала-шағаның бір жылдық нәпақасы) бөлек нисабқа сәйкес (85 гр алтын не 641,5 гр күміс не 40 қой, т.б.) немесе одан көп мал-мүлікке ие болған кісі бай болып есептеледі. Бай кісілер малдарының зекетін өтеулері парыз. Құран Кәрімде біреудің мүлкі саналып, ешнәрсеге шамасы келмейтін бір құл менен Аллаһ өзіне ырзық беріп, оны ашық әрі жасырын түрде инфақ еткен (Аллаһ үшін жұмсаған) кісінің тең болмайтындығы жайында айтылған (Нахл сүресі 75-аят). Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде, «Шынында мал-мүлік тәтті нәрсе. Кім де кім оны адал жолмен тауып, сол малда ақысы бар кісілерге инфақ етсе, Аллаһ ол кісіге сый-сыйяпат көрсетіп, жәннатына кіргізеді» (Бұхари, Зекет, 47) және тағы бір хадисінде «.... Байлық – Аллаһтың бір сыйы,  оны қалаған құлына береді», (Мүслим, Масажид, 142) деген. Басқа бір хадисте, «Беретін қол алатын қолдан қайырлы, жақсырақ», (Бұхари, Зекет 18) делінген. Осыған орай, дініміз адал жолмен мал тауып, оның бір бөлігін өзінің Хақ жолында жұмсауды, алушы емес әрдайым беруші болуды үгіттейді. Тіпті, асыл арманымыз – жәннатқа кіруге де себепші болатынын айта отырып, байлыққа қол жеткізуге ынталандыруда. Пайғамбарымыз (с.а.у) Аллаһтың берген мал-мүлкін соның жолында инфақ еткен кісіге, «шіркін меніңде осындай малым болса, Аллаһтың жолында жұмсар едім», деп тамсанып, қызыға да қызғана қарауға болатындығын айтады. (Бұхари, Тәмәнни 5/ Мүслим, Мусафирин 266, 267) Исламның тірегі саналатын бес шарттың екеуі, яғни қажылық (мал-мүлік әрі дене) пен зекет мал-мүлік арқылы жасалатын ғибадат түріне жатады. Бұл екеуі тек шамасы келетін бай мұсылмандарға ғана парыз болып табылады. Мұсылмандар Аллаһтың бұйрығын орындау үшін, қажылықты өтейтін, зекетті беретіндей жағдайға жетуге талпынады. Сондай-ақ, қажылыққа бару – әрбір мұсылманның арманы. Қажылығын өтейтін, зекетін беретін, яғни мал-мүлкін Аллаһ жолында жұмсайтын шүкіршіл мұсылман менен намаз, оразадан басқаға (садақа беруге т.б.) шамасы жетпейтін мұсылман сауап тұрғысынан тең болмақ емес. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) мал-мүлік иелері сауап тұрғысынан бізден озып кетті деп арызданған кедей сахабаларға «....Байлық – Аллаһтың бір сыйы,  оны қалаған құлына береді», дей отырып, Аллаһ тағаланың байлық берген, кейбір құлдары сауап және фазилет тұрғысынан басқалардан артық болатындығын білдірген.  Келесі бір хадисте ондай кісілердің өте аз болатындығы айтылған. (Бұхари, Риқақ 14/ Мүслим, Зекет, 32) Дегенмен де байлықтың адам баласын аздырып, тура жолдан тайдыратыны сияқты жағымсыз тұстары өте көп. Байлық харам істер істеуге, пасықтыққа баруға және Аллаһты ұмытып, әмірлерін орындамауға, тіпті күпірлік етуге дейін апарады. Сондай-ақ, байлықтың буына шыдай алмай, даңдайсып Аллаһқа, Оның елшілеріне қарсы келгендер де болған. Құран мен хадистерде Қарұн, Сәләбә сияқты мал-мүлкінің көптігімен даңдайсыған, зекет беруден бас тартып, Раббыларына қарсы келушілердің соңының не болғаны ескертілген. Сондықтан Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у) күпірлікке себеп болатын кедейліктен, азғындататын байлықтан сақта деп Аллаһқа сыйынған. Қорыта келе, байлық та кедейлік те Аллаһтың әрбір пенденің маңдайына жазған тағдыры әрі сынағы болып табылады. Кедейдің сабырлығын, байдың шүкіршілігін емтихан етеді. "Шынында байлық - малдың көптігі емес, көңілдің тоқтығы" (Бұхари, Риқақ, 15/ Мүслим, Зекет, 120)  демекші, тағдырға жазылғаны не болса да, маңыздысы - көңілі тоқ, шүкіршіл пенде бола білуде.  

Ислам дінінде байлық пен кедейлік

 

Араб тіліндегі “фақр” сөзі қазақ тілінде “кедейлік, пақырлық, мұқтаждық” деген мағынаны береді. Мал-мүлкі жоқ, тіпті күнкөрісін әзер тауып жүрген адамға “фақир”, яғни пақыр делінеді. Жалпы адам баласына бай болсын, мейлі кедей болсын Аллаһ тағалаға мұқтаж болғандықтан “пақыр” деп айтылады. Дінімізде пақыр сөзімен мағыналас “міскін” сөзі де қолданылады. Зекеттен тиесілі үлесі бар бұл екі топтың қайсысының әлеуметтік тұрғыдан төменірек екендігі жайында ислам ғалымдары арасында ортақ бір пікір жоқ деуге болады. Әбу Юсуф және бірнеше фақиһ ғалымдар “пақыр мен міскіннің бір топтың өкілдері және тұрмыстық жағынан араларында айырмашылық жоқ” екендігін айтса, ал ислам құқықшыларының басым көпшілігі “пақыр мен міскін екі бөлек топтың өкілдері” деген пікірде. Ханафи мен Малики фақиһшыларының айтуынша, міскін - мал-мүлкі, табыс көзі жок, тұрмыстық жағдайы төмен кісі. Ал пақыр болса, мал-мүлкі, күндік табысы болғанымен, табысы жеткіліксіз адам. Алайда, міскінге қарағанда тұрмысы анағұрлым жақсырақ кісі. Ал Шафий мен Ханбалилер болса керісінше пікір айтуда. Дегенмен де, пақыр мен міскіннің бай-дәулетті топқа жатпайтығында және әлеуметтік тұрғыдан жағдайларының төмен екендігінде дау жоқ.

Ислам діні еңбек етуді, жақсы және пайдалы істер істеуді әмір етеді. Тіленушілікті құптамайды. Зекеттен үлес алып немесе басқалардың жәрдемімен күн көргеннен гөрі өзінің маңдай терімен, адал еңбегімен табыс тапқанды артық санайды.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) кезеңінен бастап пақырлады қолдау, қорғау, кедейшілікпен күресу және қоғамдағы мұқтаж жандардың шет қалмауы секілді түрлі игі шаралар жасалынған. Атап айтар болсақ, Мұхажирлермен мен Ансарлардың арасында бауырмашылдықтың орнауы, құлдардың азат етілуі, қоғамдық қорлардың (уақыф) құрылуы, зекет пен пітір садақасының берілуі, қажет деп табылған жағдайда мемлекет қазынасынан пақырлар үшін жәрдемақылардың тағайындалуы.

Ислам дінінде мал-мүліктің шынайы иесі Аллаһ екендігі, адамдардың дәрежелері Аллаһтың алдында тек тақуалықпен ғана өлшенетіндігі баса айтылған. Сондықтан кедейшілік адамдардың дәрежесін белгілейтін өлшем болып саналмайды. Осыған орай, әрбір қоғамда кездесетін адамдар арасындағы мұндай әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер діни-ахлақи тұрғыдан қарастырылып, қалыпты жағдай ретінде қабылданған.

Сабыр етіп, шүкіршілік еткен пақырдың жәннатқа алғаш кіретіндердің қатарында болатындығы және жәннаттағылардың басым көпшілігінің пақырлар екендігі, шын мәнінде кедейшіліктің өзін кем санап, ұялатындай жағдай емес, керісінше рухани бір мәртебе екендігін көрсетеді. Бұл турасында мынадай бір хадис бар: "Пақырлар жәннатқа байлардан бес жүз жыл бұрын кіреді". (Тирмизи, Зуһд, 37) Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у) келесі хадисте былай дейді; "Жәннаттың есігінің қасында тұрдым. Қарасам оған кіретіндердің көбісі міскіндер екен". (Бұхари, Риқақ, 51/ Мүслим, Зуһд, 93)

Сонымен қатар, дініміз сабыр қылмай, көрсеткеніне шүкіршілік етпеген және кедейлігін сылтау етіп, жаман іс жасаған пақырларды айыптаған. Кедейшіліктің адамды бірқатар жаман іс істеуге итермелейтін, тіпті надандыққа бой алдырып күпірлік ететіндей дәрежеге жеткізетінін де ескерткен. Байлық та дәл сол сияқты.

Араб тіліндегі «ғина» сөзі қазақ тілінде «байлық, мұқтажсыздық» деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде Аллаһ Тағала ешкімге мұқтаж емес, керісінше барлық нәрсе Оған мұқтаж деген мағынаға саятын «Ей адамдар! Сендер Аллаға мұқтажсыңдар. Аллаһ болса өте бай және мақтау иесі» (Фатыр сүресі 15-аят) деген аят бар. Шындығында кез-келген адамның қандай да бір қайғылы сәтпен бетпе-бет келе қалған жағдайда Жаратушысына жалбарынып, мұқтаждығын тілге-тиек етері ақиқат. 

Ислам құқұғында байлықтың ең төменгі дәрежесін белгілейтін өлшемге «нисаб» делінеді. Негізгі қажеттіліктерден (үй, көлік, бала-шағаның бір жылдық нәпақасы) бөлек нисабқа сәйкес (85 гр алтын не 641,5 гр күміс не 40 қой, т.б.) немесе одан көп мал-мүлікке ие болған кісі бай болып есептеледі. Бай кісілер малдарының зекетін өтеулері парыз.

Құран Кәрімде біреудің мүлкі саналып, ешнәрсеге шамасы келмейтін бір құл менен Аллаһ өзіне ырзық беріп, оны ашық әрі жасырын түрде инфақ еткен (Аллаһ үшін жұмсаған) кісінің тең болмайтындығы жайында айтылған (Нахл сүресі 75-аят). Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде, «Шынында мал-мүлік тәтті нәрсе. Кім де кім оны адал жолмен тауып, сол малда ақысы бар кісілерге инфақ етсе, Аллаһ ол кісіге сый-сыйяпат көрсетіп, жәннатына кіргізеді» (Бұхари, Зекет, 47) және тағы бір хадисінде «.... Байлық – Аллаһтың бір сыйы,  оны қалаған құлына береді», (Мүслим, Масажид, 142) деген. Басқа бір хадисте, «Беретін қол алатын қолдан қайырлы, жақсырақ», (Бұхари, Зекет 18) делінген. Осыған орай, дініміз адал жолмен мал тауып, оның бір бөлігін өзінің Хақ жолында жұмсауды, алушы емес әрдайым беруші болуды үгіттейді. Тіпті, асыл арманымыз – жәннатқа кіруге де себепші болатынын айта отырып, байлыққа қол жеткізуге ынталандыруда. Пайғамбарымыз (с.а.у) Аллаһтың берген мал-мүлкін соның жолында инфақ еткен кісіге, «шіркін меніңде осындай малым болса, Аллаһтың жолында жұмсар едім», деп тамсанып, қызыға да қызғана қарауға болатындығын айтады. (Бұхари, Тәмәнни 5/ Мүслим, Мусафирин 266, 267)

Исламның тірегі саналатын бес шарттың екеуі, яғни қажылық (мал-мүлік әрі дене) пен зекет мал-мүлік арқылы жасалатын ғибадат түріне жатады. Бұл екеуі тек шамасы келетін бай мұсылмандарға ғана парыз болып табылады. Мұсылмандар Аллаһтың бұйрығын орындау үшін, қажылықты өтейтін, зекетті беретіндей жағдайға жетуге талпынады. Сондай-ақ, қажылыққа бару – әрбір мұсылманның арманы. Қажылығын өтейтін, зекетін беретін, яғни мал-мүлкін Аллаһ жолында жұмсайтын шүкіршіл мұсылман менен намаз, оразадан басқаға (садақа беруге т.б.) шамасы жетпейтін мұсылман сауап тұрғысынан тең болмақ емес. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) мал-мүлік иелері сауап тұрғысынан бізден озып кетті деп арызданған кедей сахабаларға «....Байлық – Аллаһтың бір сыйы,  оны қалаған құлына береді», дей отырып, Аллаһ тағаланың байлық берген, кейбір құлдары сауап және фазилет тұрғысынан басқалардан артық болатындығын білдірген.  Келесі бір хадисте ондай кісілердің өте аз болатындығы айтылған. (Бұхари, Риқақ 14/ Мүслим, Зекет, 32)

Дегенмен де байлықтың адам баласын аздырып, тура жолдан тайдыратыны сияқты жағымсыз тұстары өте көп. Байлық харам істер істеуге, пасықтыққа баруға және Аллаһты ұмытып, әмірлерін орындамауға, тіпті күпірлік етуге дейін апарады. Сондай-ақ, байлықтың буына шыдай алмай, даңдайсып Аллаһқа, Оның елшілеріне қарсы келгендер де болған. Құран мен хадистерде Қарұн, Сәләбә сияқты мал-мүлкінің көптігімен даңдайсыған, зекет беруден бас тартып, Раббыларына қарсы келушілердің соңының не болғаны ескертілген. Сондықтан Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у) күпірлікке себеп болатын кедейліктен, азғындататын байлықтан сақта деп Аллаһқа сыйынған.

Қорыта келе, байлық та кедейлік те Аллаһтың әрбір пенденің маңдайына жазған тағдыры әрі сынағы болып табылады. Кедейдің сабырлығын, байдың шүкіршілігін емтихан етеді. "Шынында байлық - малдың көптігі емес, көңілдің тоқтығы" (Бұхари, Риқақ, 15/ Мүслим, Зекет, 120)  демекші, тағдырға жазылғаны не болса да, маңыздысы - көңілі тоқ, шүкіршіл пенде бола білуде.

 

Ұқсас материалдар