Қандастар Ассамблея

Ислам діні және Мұхаммед пайғамбар

04.12.2012 24449
Ислам діні және Мұхаммед пайғамбар Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін - ислам діні жәрдемін тигізді. Ислам дінінің негізін қалаушы - Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы - діни-этикалық мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады. Аңызда көп уақытын Хира тауында (Мекке маңы) өткізіп жүрген Мұхаммед пайғамбарке көктен Алла тағала бүкіл адам баласына тура жол көрсету үшін Құран түсіреді. Құранды Мұхаммед пайғамбарке табыс еткен Жебірейіл періште оған Алла атынан өз отандастарына жаратушының әмірін жеткізуді жүктейді. Мұхаммед пайғамбар бір ғана құдіретті Алладан басқа кұдай жоқ деп пайымдады, ал өзін «құдайдың өкілі» - пайғамбармын деп атады. Ол арабтарды өзара жауласуды қойып, бір дінді қабылдап, бірлікте өмір сүруге шақырды. Ислам дінін уағыздады. 630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап, Мұхаммед пайғамбар билігін мойындады. Арабтар жаулап алушылығының нәтижесінде ислам діні әлемдік дінге айналды. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің орталығы деп таныды. Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталығы Мекке қаласына барып қайтқандар Алланың құлы «қажы» атағын алады. Ислам деген сөз құдайға бағыну дегенді білдіреді. Мусылмандардың қасиетті кітабы - Құран (арабшадан аударғанда «оку» деген сөз). Араб елдерінің мәдениеті Араб мемлекеттері - Египет, Сирия, Палестина байырғы, мәдениеті жоғары елдер еді. Бұл елдерде араб тілі кеңінен тарады. Барлық халифат жерінде мектеп-медреселер ашылып, оқу араб тілінде жүргізілді. Мемлекеттік тіл араб тілі болды. Мектептерде Құранды оқытуға басты назар аударылды. Ислам діні рухани қазынаның көзіне айналды. Қолөнер жоғары деңгейде дамыды. Макта мен жүннен жеңіл және жоғары сапалы, мықты маталар тоқылды. Ирандық кілем тоқушы шеберлердің даңқы дүние жүзіне белгілі болды. Сирияда ашық түсті жібек маталар, шыны ыдыстар өндірілді. Дамаск (Шам шаһары) қаласында қару-жарақ жасалды. Олар жасаған семсер, қылыш пен сауыт шет елдерде жоғары бағаланды. Араб көпестері сауданы кеңінен өрістетті. Олар шөл далалар мен биік тау асуларын басып өтіп, Қытайдан жібек пен ыдыс-аяқ тасыды. Теңіз жолдарын пайдаланып, Үндістаннан маталар мен асыл тастар әкелді. Араб көпестері Батыс Еуропа мен Еділ жағалауларында да жиі болып отырды. Қазақстан мен Орта Азия елдеріне келіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларда сауданың дамуына ықпал жасады. «Адамның ең басты көркі - білім» деді арабтар. халифатта математика, астрономия, география ғылымдары дамыды. Бағдат қаласында үлкен кітапхана жұмыс істеді. Бағдат пен Дамаскіде обсерватория болды. Күрделі аспаптарды пайдалана отырып, астрономдар жер көлемін есептеп шығара алды, аспан әлеміндегі жұлдыздардың орналасу тәртібін сипаттап жазды. Арабтар жер-жаһанды аралап, Қытай, Үндістан, Орта Азия және Қазақстан елдерінде болып, көптеген кітаптар жазып қалдырған. Батыс Еуропа елдерінде болғанда жүрген жерлерінің карталарын жасаған. Араб әдебиетінің ең үздік туындысы - бізге келіп жеткен «Мың бір түн» хикаяты. Араб поэзиясы, араб ақындарының өлеңдері күні бүгінге дейін дүние жүзі халықтарына әйгілі.  

Ислам діні және Мұхаммед пайғамбар
Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін - ислам діні жәрдемін тигізді. Ислам дінінің негізін қалаушы - Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы - діни-этикалық мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады.
Аңызда көп уақытын Хира тауында (Мекке маңы) өткізіп жүрген Мұхаммед пайғамбарке көктен Алла тағала бүкіл адам баласына тура жол көрсету үшін Құран түсіреді. Құранды Мұхаммед пайғамбарке табыс еткен Жебірейіл періште оған Алла атынан өз отандастарына жаратушының әмірін жеткізуді жүктейді. Мұхаммед пайғамбар бір ғана құдіретті Алладан басқа кұдай жоқ деп пайымдады, ал өзін «құдайдың өкілі» - пайғамбармын деп атады. Ол арабтарды өзара жауласуды қойып, бір дінді қабылдап, бірлікте өмір сүруге шақырды. Ислам дінін уағыздады.
630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап, Мұхаммед пайғамбар билігін мойындады. Арабтар жаулап алушылығының нәтижесінде ислам діні әлемдік дінге айналды. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің орталығы деп таныды. Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталығы Мекке қаласына барып қайтқандар Алланың құлы «қажы» атағын алады. Ислам деген сөз құдайға бағыну дегенді білдіреді. Мусылмандардың қасиетті кітабы - Құран (арабшадан аударғанда «оку» деген сөз).
Араб елдерінің мәдениеті
Араб мемлекеттері - Египет, Сирия, Палестина байырғы, мәдениеті жоғары елдер еді. Бұл елдерде араб тілі кеңінен тарады. Барлық халифат жерінде мектеп-медреселер ашылып, оқу араб тілінде жүргізілді. Мемлекеттік тіл араб тілі болды. Мектептерде Құранды оқытуға басты назар аударылды. Ислам діні рухани қазынаның көзіне айналды. Қолөнер жоғары деңгейде дамыды. Макта мен жүннен жеңіл және жоғары сапалы, мықты маталар тоқылды. Ирандық кілем тоқушы шеберлердің даңқы дүние жүзіне белгілі болды. Сирияда ашық түсті жібек маталар, шыны ыдыстар өндірілді. Дамаск (Шам шаһары) қаласында қару-жарақ жасалды. Олар жасаған семсер, қылыш пен сауыт шет елдерде жоғары бағаланды.
Араб көпестері сауданы кеңінен өрістетті. Олар шөл далалар мен биік тау асуларын басып өтіп, Қытайдан жібек пен ыдыс-аяқ тасыды. Теңіз жолдарын пайдаланып, Үндістаннан маталар мен асыл тастар әкелді. Араб көпестері Батыс Еуропа мен Еділ жағалауларында да жиі болып отырды. Қазақстан мен Орта Азия елдеріне келіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларда сауданың дамуына ықпал жасады.
«Адамның ең басты көркі - білім» деді арабтар. халифатта математика, астрономия, география ғылымдары дамыды. Бағдат қаласында үлкен кітапхана жұмыс істеді.
Бағдат пен Дамаскіде обсерватория болды. Күрделі аспаптарды пайдалана отырып, астрономдар жер көлемін есептеп шығара алды, аспан әлеміндегі жұлдыздардың орналасу тәртібін сипаттап жазды.
Арабтар жер-жаһанды аралап, Қытай, Үндістан, Орта Азия және Қазақстан елдерінде болып, көптеген кітаптар жазып қалдырған. Батыс Еуропа елдерінде болғанда жүрген жерлерінің карталарын жасаған. Араб әдебиетінің ең үздік туындысы - бізге келіп жеткен «Мың бір түн» хикаяты. Араб поэзиясы, араб ақындарының өлеңдері күні бүгінге дейін дүние жүзі халықтарына әйгілі.
 

Ұқсас материалдар