Қандастар Ассамблея

Анитеза

04.12.2012 26139
  Анитеза - шендестіру, мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралы, көркемдік әдістің бірі. Анитезаның сөз өнеріндегі орны ерекше және ежелгі Анитеза бастауы мифтерде жатыр. Адамзаттың балаң кезеңіндегі дүниені аспан - жер, жарық - қаранғы, су, от, т.б. қарама-қарсы ұғыммен салыстыра тануы шендестірудің алғашқы белтілері. Сөз өнерінде анитеза жай тана салыстырудан көркемдік, бейнелік бояуымен өзгешеленіп тұрады. Қазақ әдебиеттану ғылымында бұл әдіске ең алғаш А.Байтұрсынов назар аударған: "Жайдағы қайғыдан қуаныш үстінде көрген қайғы жанға көбірек батады. Жарлылық қиындығы жасынан жарлы болғаннан гөрі байдан жарлы болғанға көбірек сезіледі. Көріксіз бетіндегі дақтан көріктің бетіндегі дақ көзге көбірек түседі. Тәттінің артынан ашылық, дәмдінің артынан дәмсіздік артығырақ білінеді. Сөз шығарушылар көп қолданады". Шендестіру қарсы мәндес сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы жасалады. Мысалы "Қан мен тер" (Ә.Нүрпейісов), "Соғыс және бейбітшілік" (Л.Толстой), "Қызыл мен қара" (Стендаль"), т.б. шығармалардың аты шендестіру арқылы тура немесе жанама болса да оның мәнін ашуға қызмет етіп түр. Қазақ ауыз әдебиетінің анитеза әдісін шеберлікпен қолданылған. "Қатыны семіз, epi арық, үй жұтынан сақтасын. Иесі семіз, аты арық, Тұз жұтынан сақтасын" (Мақал). Мұнда анитеза арқылы адам бойындағы кемшілік әсерлі бейнеленген. "Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр. Қар үстіне қан тамар, қанды көр де, бетім көр" ("Ер Тарғын"). Бұл - сұлулықты эстетикалық талғаммен қарама-қарсы айқын, ашық түстерді салыстыра көрсеткен шендестірудің үздік үлгісі. Мысал жанрында да шендестіру нышандары бар: "Қасқыр мен қозы", "Қарта мен түлкі", "Бұлбұл мен есек", т.б. Қазақ әдебиетінде шендестірудің күрделі, көркемдік қуаты мол, эстетикалық әсері күшті үлгісін Абай жасаған: "Қар -аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...". "Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жаланаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда...". Абай реңі жағынан бір-біріне қарама-қарсы үш түсті алып, шендестіру арқылы негізгі бейне - төртінші суретті қиыннан қиыстырып бере алған. Сыртқы белгілерді салыстырумен бірге, адамның жай-күйі, ішкі сезімі, сыр-сипаты да шендестіру арқылы бейнеленеді: "Бір суып, бір ысып, Бір үміт, бір қауіп" (Абай). Қазақ әдебиетінде шендестірудің мұндай сәтті үлгілері көп кездеседі. "Шашын - қара, денен - ақ бұлт, жүзін - Ай, Тісін - меруерт, көзін - сәулем, құралай" (М.Жұмабаев). Анитеза - бейнелеу құралдарының көркемдік қуаты ерекше, көп қолданылатын түрі.

 

Анитеза - шендестіру, мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралы, көркемдік әдістің бірі. Анитезаның сөз өнеріндегі орны ерекше және ежелгі Анитеза бастауы мифтерде жатыр.

Адамзаттың балаң кезеңіндегі дүниені аспан - жер, жарық - қаранғы, су, от, т.б. қарама-қарсы ұғыммен салыстыра тануы шендестірудің алғашқы белтілері. Сөз өнерінде анитеза жай тана салыстырудан көркемдік, бейнелік бояуымен өзгешеленіп тұрады. Қазақ әдебиеттану ғылымында бұл әдіске ең алғаш А.Байтұрсынов назар аударған: "Жайдағы қайғыдан қуаныш үстінде көрген қайғы жанға көбірек батады.
Жарлылық қиындығы жасынан жарлы болғаннан гөрі байдан жарлы болғанға көбірек сезіледі. Көріксіз бетіндегі дақтан көріктің бетіндегі дақ көзге көбірек түседі. Тәттінің артынан ашылық, дәмдінің артынан дәмсіздік артығырақ білінеді. Сөз шығарушылар көп қолданады". Шендестіру қарсы мәндес сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы жасалады. Мысалы "Қан мен тер" (Ә.Нүрпейісов), "Соғыс және бейбітшілік" (Л.Толстой), "Қызыл мен қара" (Стендаль"), т.б. шығармалардың аты шендестіру арқылы тура немесе жанама болса да оның мәнін ашуға қызмет етіп түр.

Қазақ ауыз әдебиетінің анитеза әдісін шеберлікпен қолданылған. "Қатыны семіз, epi арық, үй жұтынан сақтасын. Иесі семіз, аты арық, Тұз жұтынан сақтасын" (Мақал). Мұнда анитеза арқылы адам бойындағы кемшілік әсерлі бейнеленген. "Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр. Қар үстіне қан тамар, қанды көр де, бетім көр" ("Ер Тарғын"). Бұл - сұлулықты эстетикалық талғаммен қарама-қарсы айқын, ашық түстерді салыстыра көрсеткен шендестірудің үздік үлгісі. Мысал жанрында да шендестіру нышандары бар: "Қасқыр мен қозы", "Қарта мен түлкі", "Бұлбұл мен есек", т.б. Қазақ әдебиетінде шендестірудің күрделі, көркемдік қуаты мол, эстетикалық әсері күшті үлгісін Абай жасаған: "Қар -аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...". "Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жаланаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда...". Абай реңі жағынан бір-біріне қарама-қарсы үш түсті алып, шендестіру арқылы негізгі бейне - төртінші суретті қиыннан қиыстырып бере алған.

Сыртқы белгілерді салыстырумен бірге, адамның жай-күйі, ішкі сезімі, сыр-сипаты да шендестіру арқылы бейнеленеді: "Бір суып, бір ысып, Бір үміт, бір қауіп" (Абай). Қазақ әдебиетінде шендестірудің мұндай сәтті үлгілері көп кездеседі. "Шашын - қара, денен - ақ бұлт, жүзін - Ай, Тісін - меруерт, көзін - сәулем, құралай" (М.Жұмабаев). Анитеза - бейнелеу құралдарының көркемдік қуаты ерекше, көп қолданылатын түрі.

Ұқсас материалдар