Қандастар Ассамблея

Тараз

04.12.2012 13840
ТАРАЗ – Қазақстанның оңт-ндегі ежелден келе жатқан қала, Жамбыл обл-ның әкімш. орталығы. Тұрғыны 330 мың адам (1999). Талас өз-нің сол жағалауында орналасқан. Т. – Қазақстанның маңызды экон. мәдени орталықтарының бірі. Қалада 40 -тан астам ірі кәсіпорындар («НОДФОС», «Суперфосфат», «Химпром», «Қаратау», «Фосфорит», «Резина», «Тараз», т.б.) жұмыс істейді. Т-да 3 жоғары оқу орны, 4 колледж, жалпы білім беретін мектептер (49), 24 балабақша, 11 аурухана, емханалар, санаторийлер (7), стадиондар (3) және спорт залдары (81), мешіттер (7), кітапханалар (20-дан астам), мәдениет үйлері мен театрлар (2), саябақтар бар. Талас өз-нің батыс жағындағы Талас – Аса жазығында аса үлкен аумақты алып жатыр. Қаланың батыс және оңт.-батыс жағында 10 – 20 км жерде Кіші және Үлкен Қаратай тау сілемдері, ал оңт. мен шығ-нда 15 км жерде Талас Алатауы орналасқан. Солт. мен шығ-нда Мойынқұм құмы жатыр. Жалпы Т. теңізден 490 – 700 м биіктікте тұр. Климаты. Қаланың қысы жылы, жазы ыстық, құрғақ. Ең суық айы – қаңтардағы орташа темп-ра –5,1С. Ең төм. темп-ра –36,2С-қа жетеді. Оңт-тен және оңт.-батыстан соғатын циклондарға байланысты кей жылдары желтоқсан-қаңтарда ауа райы +2С-қа, тіпті онан да жоғары жылы болуы мүмкін. Қар көбінесе, қараша айының аяқ кезінен (кей жылдары қазан айының екінші жартысында) бастап жауады. Қардың қалыңд. 10 – 15 см болады. 114 – 220 күн (орташа 161 күн) жатады. Жалпы қаладағы бұлтты күндер шамамен 50 күнге созылады, қалған уақытта күн ашық. Жазы ыстық, құрғақ, шілде айында 47С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 353 мм. Қаладағы негізгі су артериясы Талас өз. Қырғыз жеріндегі Қаракөл және Үшкеней тау өзендерінің бірігуі нәтижесінде пайда болады. Т-ға жеткенше судың едәуір бөлігі а. ш. егістіктерді суару үшін пайдаланылады. ГРЭС-тің маңайында қолдан жасалынған көлшік бар. Қала үшін екінші бір маңызды өзен – Аса қар суымен тек көктемде толығады. Тарихы. Т. Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Белгілі тарихшы Л.Н. Гумилевтің айтуынша, Т-дың алғашқы аты Талас болған. Қытай деректерінде қаланың негізін б.з.д. 1 ғ-да ғұн билеушісі Чжан-Чжин (Чжичжи) қалап, атын То-ло-со деп атаған. Қала 630 жылға дейін То-ло-со, онан соң Талас, ал 893 ж. Т. деп аталған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше қаланы алғаш салушылар Парфия шеберлері, рим легионерлері және жергілікті халық болған. Қала екі жыл салынып, аса мықты қамалға айналған. Топырақ үйінділері мен ағаш қабырғалардан, қарауыл мұнараларынан және цитадельден тұрған. 6 ғ-да Еуразия даласында аса ірі – Түрік қағанаты (552 – 745) пайда болды. Кейіннен ол 2 қағандыққа (Батыс және Шығыс) бөлінді. Т. Батыс түрік қағанатына қарады. Батыс түрік қағанаты 6 ғ-дың 2-жартысынан бастап қатты күшейіп Қытай, Иран, Византия, Үндістан елдерімен саяси-экон. қарым-қатынастар жасасты. Аталған мемлекеттер қағандық территориясы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолына өз үстемдіктерін жүргізу үшін бәсекелестікке түсті, әрі осы сауда жолының негізгі қожайыны түркілерді өз одақтастарына айналдыруға тырысты. Орта Азияны жаулап алған түркілер Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне апаратын сауда жолдарының негізгі бөлігіне бақылау орнатты. Негізгі сауда жасаушылар соғдылар парсылар (Пайкендтен (Бухараның жаны) Сирияға дейінгі аралықта) болды. Жібек бұлдарды негізгі алушылар Византия көпестері болды. Қытаймен тіке саудаласқан соғдылар жібек бұлдарының аса көп мөлшерін қолдарына ұстап, бірте-бірте өздері де жібек құртын өсіруді үйреніп алды. Олар қолдарындағы жібек бұлдарды Жерорта теңізі жағалауы елдеріне тікелей шығаруға тырысты, бірақ оған жолда Иран бөгет болды. Сондықтан соғдылар түркі қағанатымен парсыларға қарсы күресте одақтаса отырып, Византиямен тіке байланыс орнатуға кірісті. Осы мақсатта 567 ж. соғды саудагері Маннах бастаған түрік қағаны елшілігі Константинополь қ-сына келді. Византия соғды жібегін онша қажеттенбеді, бірақ парсыларға қарсы түріктермен одақ құруға қуана келісті. Түрік елшілігі император сарайында салтанатты түрде қабылданды және сол жерде Иранға қарсы екі мемлекет арасында әскери одақ құрылды. Қайтарда император Юстиниан түрік қағанына өз елшісі Земархты қосып жіберді. Елші Земархтың сөзін пайдаланған грек тарихшысы Менандр жазбаларында көрсетілгендей елшілік Толос (Тараз) қ-на 568 ж. келді. Осы кезде Т-ға парсы елшісі де келіп жетті. Бірақ, батыс түрік қағаны Дизабул Византия жағына шықты. Осы кезден бастап Т. қ. көптеген жазба құжаттарда жиі-жиі аталып отырды. Өкінішке орай ол деректердің барлығында қаланың аса үлкен екендігінен басқа мәліметтер кездеспейді. Қытайдан шыққан будда монахы Сюань Цзянь 630 ж. Т-ды басып өтіп бара жатып қаланың аумағы шамамен 8 немесе 9 ли (ли – қытай өлшемі, шамамен 567 м) деп жазған. Онда әр елден келген көпестер тұрады. «Кейбіреулер пайданы бөліссе (көпестер мен қолөнершілер), кейбіреулер жер өңдейді (егіншілер)», – деп жазады. Бұл деректер археол. қазбалар арқылы дәлелденіп отыр. Парсы, түрік, араб тілдерінде жарық көрген көптеген еңбектерде, соның ішінде ежелгі түрік тарихшысы Нершахидің «Бухара тарихы» кітабында шамамен 580 жылдарда Т.-да болған оқиғаларды суреттейді. Шығыс авторлары 8 – 10 ғ-лардағы Т. жөнінде оны үлкен сауда әрі мәдени орталығы ретінде көрсетеді. Оның базарларында әлемнің барлық түпкірінен келген тауарлар сатылады, көшелерде түрік сөздерінен басқа араб, парсы, үнді сөздерін де естуге болады. Бұл кезде Т. шын мәнінде «көпестер қаласы» болды. Араб саяхатшысы әл-Макдиси Т-ды аса мықты бекінісі бар алып шаһар, ішінде халқы көп, бау-бақша, 4 қақпасы бар, жан-жағы ормен қазылған, қаланың айналасында елді мекендер аса көп деп суреттейді. Қалаға кіретін бас қақпа алдында үлкен өзен бар, өзеннен өтетін көпірлер және оның ар жағында көп үйлер орналасқан. Мешіттер базарлардың жанына орналасқан, оған қыпшақтар даладан түйе, жылқы, қойларын және жүн мен өңделген терілерін алып келіп, астыққа, бұлға, ыдыс-аяқ пен қару-жараққа айырбастайды деп жазады. Белгілі қазақ ғалымы, акад. Ә.Марғұлан археол. қазба деректеріне сүйене отырып Т. б.з.б. 3 – 2 ғ-ларда іргесі қаланған деген қорытынды жасайды. Ал, акад. В.В. Бартольд ұзақ зерттеулер нәтижесінде ескі қаланың орны қазіргі Орталық базар орналасқан алаң деп көрсетті. Археологтар ұзақ жылдар бойы зерттеулер жүргізіп, Т. қ-сы 1 ғ-дың бас кезінен бастап салына бастаған деген қорытынды жасады. Т. қ. 1 ғ-дан бастап аса мықты бекіністері бар, халқы көп қамалға айналды. Б. з. б. 1 ғ-дан бастап Талас өз. бойын қаңлы тайпалары мекендей бастады. 6 ғ-дан бастап осы өңірде түркі тілдес ұлттар қалыптаса бастады. Түркі халықтарының бірнеше ғасырлар бойғы тарихы ортақ болды. Зерттеушілердің көрсетуінше, Т. сондай-ақ, Орта Азияның басқа да қалаларындағы 6 – 10 ғ-лардағы негізгі тұрғындар түркілер болды. Дегенмен ол қалаларда соғдылар, арабтар, парсылар, сириялықтар да көп болды. Әсіресе, Батыс түрік қағанаты соғды мәдениетімен тығыз байланыста болды (соғдылардың орталығы Самарқанд болды). 8 ғ-дан бастап Батыс түрік қағанаты құрамындағы тайпалар арасында өзара соғыс басталды. Нәтижесінде, Іле өз-нен ығысқан түргештер Талас өңіріне келіп орналасты. 8 ғ-дың орта тұсынан бастап Т. олардың астанасына айналды. 751 ж. осы маңда өткен Атлах шайқасында түргештер арабтармен одақтаса отырып шабуылдап келе жатқан қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Шайқастан кейін арабтар кейін қайтып кетті де, түргештер өзара бір-бірімен соғысып жатқан тайпаларға бөлініп кетті. Осындай жағдайда түргештерді 766 ж. солт.-батыстан келген екінші бір түркі тайпасы қарлұқтар ығыстырды. Қарлұқтар бірте-бірте Іле, Шу, Талас, Тянь-Шань өңірлеріндегі түркі тайпаларын өздеріне бағындырды. Қарлұқ мемлекетінің де (8 – 9 ғ.) астанасы Т. қаласы болды. Бұл кезеңде Т. өзі ғана өсіп қоймай, айналасында Жікіл, Барсхан қалалары пайда болды. Орта Азияда пайда болған Самани мемл. күшейе келе 893 ж. Талас өңірін өзіне бағындырды. Бұл кезде Т. аса ірі әрі бай қала болатын. Осы кезден бастап тәжіктер Талас қ-н Тараз деп атай бастады. 955 ж. Талас өңіріне карахандардың билігі орнады. Караханидтер 960 ж. исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Басқа діндер (зораастризм, христианство, буддизм, т.б.) ығыстырылып шығарылды. Дегенмен, көрші Жетісуды мекендеген түркілер бұрынғысынша өздерінің тәңірлеріне табынатын. Көптеген зерттеушілер Оңт. Қазақстан қалаларында, соның ішінде Т-да түркілердің саны басым болды деп есептейді. Сондықтан соғдылардың әсіресе, 580 – 731 ж. тығыз қоныстануына қарамастан Т. қ. 10 – 12 ғ. Тааридің айтуынша, «түрік патшаларының ордасы» болып қала берді. Сөйтіп, көптеген ғалымдар 15 ғ-да жеке хандық болып құрылған қазақ халқының негізі 11 – 12 ғ-ларда қалыптаса бастады деген тұжырым жасайды. 705 ж. арабтар Пайкендке жорық жасады. Соғдылар түргештердің көмегімен оларды кейін шегінуге мәжбүр етті. Кейіннен Түргеш қағандығының әлсіреуін пайдаланған арабтар қайта шабуыл жасағанымен нақты табысқа жете алмады. Арабтар тек Оңт. Қазақстанның кейбір өңірлерін ғана халифат құрамына енгізді. Дегенмен 9 – 11 ғ-ларда ескі түркі жазуын араб жазуы ығыстырып шығара бастады. Қараханидтер тұсында (10 – 12 ғ.) Талас өңірі экон. және мәдени өрлеуді басынан өткізді. Т. бен оның аумағы күш жинап, көрші елдерге жорық жасай бастады. Т. билеушісі Тугаш-хан тұсында Самарқандқа және Қашқарға жорық жасалынды. Қала бірте-бірте Жетісу мен Орта Азиядағы жетекші қолөнер және сауда орталықтарының біріне айналды. Әйгілі Т. моншасы салынды. Ислам дінінің үстемдігі нәтижесінде 11 ғ-да жаңа үлгідегі Айша бибі, Қарахан, Бабажы-хатун мазарлары салынды. 11 ғ-дың 1-жартысында Т. бен Испиджабта ақша (монета) соғыла бастады. 12 ғ-дың аяқ кезінде Қараханидтер мемлекеті әлсіреп кетті де, оны қарақытайлар жаулап алды. 1210 ж. қарақытайларды хорезмшах Мухаммед талқандады. Т. қолдан-қолға өтті. 1220 ж. қаланы Шыңғыс әскерлері басып алды. Т. Шағатай ұлысына бағынды. Т-дың орнына Яны (Жаңа) деп аталатын қала тұрғызылды. Онда 1334 ж. дейін ақша шығарылып тұрды. Дәуіт бек, Тектұрмас, Манас мазарлары салынды. Қала қайтадан жандана бастады, бірақ 1307 ж. Шағатай ұрпақтары арасындағы тақ таласы кезінде тағы да шапқыншылыққа ұшырады. Осыдан кейін Т. 1345 ж. жазылған деректерде «Мауереннахрдан Алмалыққа баратын сауда жолындағы қала ретінде кездеседі. Еуропадан Үндістанға су жолы ашылғаннан кейін 15 – 16 ғ-лардан бастап Ұлы Жібек жолының маңызы түсіп кетті. Оған Орта Азия билеушілерінің өзара үздіксіз соғыстары қосылып, оңт-гі қалалар қаңырап бос қалды. Сөйтіп кезінде түркілерге астана болған әйгілі шаһар бірте-бірте жай ғана қыстаққа айналды. 1456 – 64 ж. Шу бойында қазақ хандығы құрылды да, қала 16 ғ-дың аяқ кезінен бастап қазақ ордасына қосылды. 1513 ж. Т. Қасым ханның жорығы нәтижесінде айтылып өтеді. 1723 ж. Талас өңірі жоңғарлардың шапқыншылығына ұшырады. 1729 ж. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ рулары атамекендеріне қайта бастады. 1771 ж. Абылай хан үш жүздің тағына отырды. Осы жылы Еділ қалмақтары қазақ жері арқылы өздерінің туған жері Жоңғарияға қайтты. Қазақтардың қалмақтарға алаңдауын пайдаланған қырғыздар Іле, Шу, Талас өңірлерін тіпті Шолаққорған мен Созақты қоса басып алды. Абылайдың басшылығымен қазақ әскерлері қырғыздарды аталған өңірлерден кейін шегіндірді. Жеңіске жеткеннен кейін Абылай 1774 ж. өз ордасын Талас өз. бойына тікті және ескі Т-дың орнындағы Яны (Жаңа) қамалының әкімі етіп өзінің ұлы Әділді тағайындады. Әкім қамалды қайта тұрғызу үшін қарақалпақ шеберлерін алдырды. Жаңа қала Қарахан әулетінен шыққан Ша Махмудтың мазары төңірегіне салынғандықтан Әулиеата деп аталды. Оны салуға Құлашбек батыр бастаған қарақалпақтар да қатысты. 19 ғ-дың басында Таластың жоғарғы жағын тағы да шетелдіктер, бұл жолы қоқандықтар басып алды. Әлім хан қазақтың Ұлы және Орта жүздеріне билік жүргізу үшін 1809 ж. Әулиеата бекінісін басып алып, оны қайта салуға кірісті. Оның ісін мұрагері Мәделі хан да жалғастырды. Ол 1837 ж. қамалдың оңт-не Наманганнан 28 отбасын әкеліп, орналастырды. Олар орналасқан жерде Наманган көшесі пайда болды. 1856 ж. Шығыс базары салынды. Базардың айналасында қолөнершілердің лавкалары, керуен-сарайлар, шайханалар тұрғызылды. Сөйтіп 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап Әулиеата Ташкент пен Ферғанадан Омбыға баратын негізгі сауда орталықтарының біріне айналды. Бірақ қала халқы мен оның айналасындағы ауылдар қоқан хандарының аса ауыр езгісіне ұшырап, жиі-жиі көтеріліс жасап отырды. 1821 ж. Рүстем сұлтан бастаған көтеріліске 12 мың адам қатынасты. Онан кейінгі бас көтерулерді Байзақ датқа басқарды. Оның жасағында Саурық, Сыпатай, Байсейіт, Сұраншы секілді әйгілі батырлар болды. Олар кейіннен 20 мыңдық Кенесары әскерлерінің негізгі бөлігін құрады. Көтерілісшілер Әулиеатаны қоршап, ала алмады да, Сарыарқаға шегінді. Ұлы жүздің көпшілік бөлігі Қоқан және Хиуа хандарына бағынышты болды. Олар қазақтар мен қырғыздарға аса көп мөлшерде салық салды. Сондықтан жергілікті халықтың бас көтеруі жиіледі. Осыны пайдаланған патша өкіметі Лепсі, Қапал, Алатау бекіністерін салып, Жетісуға орналаса бастады. 1854 ж. Верный бекінісі тұрғызылды. Қазақтар мен қырғыздардың қоқандықтарға қарсы көңіл күйін пайдаланған орыс әскерлері 1863 – 64 ж. Тоқмақ, Меркі, Әулиеата, Шымкент, Созақ, Ташкент қалаларын басып алды. Қоқандықтарға қарсы орыс әскерлеріне 5 мыңдық қазақ жасақтары көмектесті. Ұлы жүз толығымен Ресейдің қол астына өткеннен кейін, 1867 ж. Әулиеата уезі құрылды. Ол Сырдария облысына қарады. 1874 ж. бастап өлкеге алғашқы переселендер (ішкі Ресейден) келе бастады. Переселендер үшін жақсы жер учаскелер тартып алына бастады. Алғашқы орысша жер атаулары пайда болды. Әулиеатаның тұрғындары көбейе бастады. Онда қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер тұрды. 1914 ж. санақ бойынша қалада 17880 адам тұрды. Оның 6577-і қазақтар, 7576-ы өзбектер, 2138-і орыстар мен украиндар болды. Онда 3 шіркеу, 21 мешіт, қалалық уч-ще, аурухана, әскери госпиталь, 17 ф-ка мен з-т, 1791 тұрғын үй болды. 1871 ж. алғашқы кітапхана ашылды. 1914 ж. 1-дүниежүз. соғыс басталғаннан кейін халыққа салынатын салық мөлшері 3 – 4 есе өсті. 1916 ж. 25 маусымда әйгілі патша жарлығы шықты. Әулиеата аймағында жаппай халық көтерілісі басталды. Меркідегі көтеріліске Ташкенттен келген Т. Рысқұлов қатынасты. Патша Түркістан өлкесіне әскери жағдай енгізді. Көтеріліс асқан қаталдықпен басып жаншылды. Көптеген адамдар майдан даласында оққа ұшып, 3 мыңнан аса адам жауапқа тартылды. 1917 ж. 27 ақпанда патша өкіметі тақтан құлады. Ішкі Ресейдегі секілді Әулиеатада да 1917 ж. 17 наурызда жұмысшы-солдат депутаттары Кеңесі құрылды. Көп ұзамай қара жұмысқа алынған қазақтар елдеріне қайта бастады. Әулиеата мен Меркіде «Қазақ жастарының революциялық одағы» құрылды. Әулиеатада Кеңес үкіметі орнады (19 қарашада 1917 ж.). 1918 ж. 11 – 16 маусымда қазақтардың уездік съезі өтіп, оны Т.Рысқұлов басқарды. 1918 ж. жазда елде Азамат соғысы басталды. Жер-жерде Кеңес үкіметіне қарсы бас көтерулер болып жатты. 1920 ж. көктемнен бастап уезде Кеңес үкіметі түпкілікті орнады. 20-жылдардың бас кезінде Әулиеата тұрғындарының жағдайы ауыр болды. 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың бас кезіндегі ашаршылық жылдарында Әулиеатада 1931 ж. тұңғыш рет 30 орындық жетім балалар үйі ашылды. 1 – 2 бесжылдық кезінде (1928 – 37) көптеген жаңа зауыттар (қант з-ты, механикалық-ремонт з-ты т.б.) мен фабрикалар (тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бойынша) іске қосылды. Қаладағы өнеркәсіп орындары 1937 ж. 1934 жылға қарағанда 317% ұлғайды. 4 кинотеатр, 4 клуб, 9 кітапхана, обл. қазақ драма театры, тарихи-өлкетану музейі салынды. 2 тілде обл. газет шығарылды. Қаладағы халық саны 1939 ж. 63,7 мың адамға жетті. Мектептер, балабақшалар, тұрғын үйлер салынды. 1936 ж. Әулиеатаның аты Мирзоян болып, 1937 ж. Жамбыл қ-сы болып өзгертілді. Соғыс жылдарында (1941 – 45) Жамбылға жау басып алған территориялардан 30 мыңнан аса адам орналастырылды. Соғыстың бас кезінде Жамбылда 105-атты әскер дивизиясы жасақталып, 1942 ж. майданға аттанды. Мыңдаған жамбылдықтар әйгілі Панфилов дивизиясында қызмет етті. Ол дивизияны кейіннен Б.Момышұлы басқарды. 1950 – 60 ж. қала экономикасы ары қарай дамыды. 1962 ж. КСРО-да тұңғыш рет Жамбыл суперфосфат з-ты өз өнімін бере бастады. 1966 ж. бастап «Химпром» бірлестігі салына бастады. Кейіннен ол фосфордың 20-дан аса өнім түрін шығарды. 1970 – 80 ж. Жамбыл химия өндірісі елдегі сары фосфордың 40%-н беріп тұрды. 80-жылдардан бастап қаладағы жеңіл өнеркәсіптің маңызы артты. 1985 ж. Жамбыл аяқ-киім комб-ты республикадағы аяқ-киім өнімдерінің 20%-н бере бастады. Қант з-ты жылына 100 мың т-ға жуық қант өндіруге кірісті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін халықтың талап-тілегін ескере отырып, ел Президенті Н.Назарбаев 1997 ж. 8 қаңтардағы Жарлығымен Жамбыл қ-сына тарихи аты Тараз атауын қайтарды. Т. Қазақстандағы ең бір жасыл қаланың бірі. К. Рыспаев

ТАРАЗ – Қазақстанның оңт-ндегі ежелден келе жатқан қала, Жамбыл обл-ның әкімш. орталығы. Тұрғыны 330 мың адам (1999). Талас өз-нің сол жағалауында орналасқан. Т. – Қазақстанның маңызды экон. мәдени орталықтарының бірі. Қалада 40 -тан астам ірі кәсіпорындар («НОДФОС», «Суперфосфат», «Химпром», «Қаратау», «Фосфорит», «Резина», «Тараз», т.б.) жұмыс істейді. Т-да 3 жоғары оқу орны, 4 колледж, жалпы білім беретін мектептер (49), 24 балабақша, 11 аурухана, емханалар, санаторийлер (7), стадиондар (3) және спорт залдары (81), мешіттер (7), кітапханалар (20-дан астам), мәдениет үйлері мен театрлар (2), саябақтар бар. Талас өз-нің батыс жағындағы Талас – Аса жазығында аса үлкен аумақты алып жатыр. Қаланың батыс және оңт.-батыс жағында 10 – 20 км жерде Кіші және Үлкен Қаратай тау сілемдері, ал оңт. мен шығ-нда 15 км жерде Талас Алатауы орналасқан. Солт. мен шығ-нда Мойынқұм құмы жатыр. Жалпы Т. теңізден 490 – 700 м биіктікте тұр.

Климаты. Қаланың қысы жылы, жазы ыстық, құрғақ. Ең суық айы – қаңтардағы орташа темп-ра –5,1С. Ең төм. темп-ра –36,2С-қа жетеді. Оңт-тен және оңт.-батыстан соғатын циклондарға байланысты кей жылдары желтоқсан-қаңтарда ауа райы +2С-қа, тіпті онан да жоғары жылы болуы мүмкін. Қар көбінесе, қараша айының аяқ кезінен (кей жылдары қазан айының екінші жартысында) бастап жауады. Қардың қалыңд. 10 – 15 см болады. 114 – 220 күн (орташа 161 күн) жатады. Жалпы қаладағы бұлтты күндер шамамен 50 күнге созылады, қалған уақытта күн ашық. Жазы ыстық, құрғақ, шілде айында 47С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 353 мм. Қаладағы негізгі су артериясы Талас өз. Қырғыз жеріндегі Қаракөл және Үшкеней тау өзендерінің бірігуі нәтижесінде пайда болады. Т-ға жеткенше судың едәуір бөлігі а. ш. егістіктерді суару үшін пайдаланылады. ГРЭС-тің маңайында қолдан жасалынған көлшік бар. Қала үшін екінші бір маңызды өзен – Аса қар суымен тек көктемде толығады.

Тарихы. Т. Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Белгілі тарихшы Л.Н. Гумилевтің айтуынша, Т-дың алғашқы аты Талас болған. Қытай деректерінде қаланың негізін б.з.д. 1 ғ-да ғұн билеушісі Чжан-Чжин (Чжичжи) қалап, атын То-ло-со деп атаған. Қала 630 жылға дейін То-ло-со, онан соң Талас, ал 893 ж. Т. деп аталған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше қаланы алғаш салушылар Парфия шеберлері, рим легионерлері және жергілікті халық болған. Қала екі жыл салынып, аса мықты қамалға айналған. Топырақ үйінділері мен ағаш қабырғалардан, қарауыл мұнараларынан және цитадельден тұрған. 6 ғ-да Еуразия даласында аса ірі – Түрік қағанаты (552 – 745) пайда болды. Кейіннен ол 2 қағандыққа (Батыс және Шығыс) бөлінді. Т. Батыс түрік қағанатына қарады. Батыс түрік қағанаты 6 ғ-дың 2-жартысынан бастап қатты күшейіп Қытай, Иран, Византия, Үндістан елдерімен саяси-экон. қарым-қатынастар жасасты. Аталған мемлекеттер қағандық территориясы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолына өз үстемдіктерін жүргізу үшін бәсекелестікке түсті, әрі осы сауда жолының негізгі қожайыны түркілерді өз одақтастарына айналдыруға тырысты. Орта Азияны жаулап алған түркілер Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне апаратын сауда жолдарының негізгі бөлігіне бақылау орнатты. Негізгі сауда жасаушылар соғдылар парсылар (Пайкендтен (Бухараның жаны) Сирияға дейінгі аралықта) болды. Жібек бұлдарды негізгі алушылар Византия көпестері болды. Қытаймен тіке саудаласқан соғдылар жібек бұлдарының аса көп мөлшерін қолдарына ұстап, бірте-бірте өздері де жібек құртын өсіруді үйреніп алды. Олар қолдарындағы жібек бұлдарды Жерорта теңізі жағалауы елдеріне тікелей шығаруға тырысты, бірақ оған жолда Иран бөгет болды. Сондықтан соғдылар түркі қағанатымен парсыларға қарсы күресте одақтаса отырып, Византиямен тіке байланыс орнатуға кірісті. Осы мақсатта 567 ж. соғды саудагері Маннах бастаған түрік қағаны елшілігі Константинополь қ-сына келді. Византия соғды жібегін онша қажеттенбеді, бірақ парсыларға қарсы түріктермен одақ құруға қуана келісті. Түрік елшілігі император сарайында салтанатты түрде қабылданды және сол жерде Иранға қарсы екі мемлекет арасында әскери одақ құрылды. Қайтарда император Юстиниан түрік қағанына өз елшісі Земархты қосып жіберді. Елші Земархтың сөзін пайдаланған грек тарихшысы Менандр жазбаларында көрсетілгендей елшілік Толос (Тараз) қ-на 568 ж. келді. Осы кезде Т-ға парсы елшісі де келіп жетті. Бірақ, батыс түрік қағаны Дизабул Византия жағына шықты. Осы кезден бастап Т. қ. көптеген жазба құжаттарда жиі-жиі аталып отырды. Өкінішке орай ол деректердің барлығында қаланың аса үлкен екендігінен басқа мәліметтер кездеспейді. Қытайдан шыққан будда монахы Сюань Цзянь 630 ж. Т-ды басып өтіп бара жатып қаланың аумағы шамамен 8 немесе 9 ли (ли – қытай өлшемі, шамамен 567 м) деп жазған. Онда әр елден келген көпестер тұрады. «Кейбіреулер пайданы бөліссе (көпестер мен қолөнершілер), кейбіреулер жер өңдейді (егіншілер)», – деп жазады. Бұл деректер археол. қазбалар арқылы дәлелденіп отыр. Парсы, түрік, араб тілдерінде жарық көрген көптеген еңбектерде, соның ішінде ежелгі түрік тарихшысы Нершахидің «Бухара тарихы» кітабында шамамен 580 жылдарда Т.-да болған оқиғаларды суреттейді. Шығыс авторлары 8 – 10 ғ-лардағы Т. жөнінде оны үлкен сауда әрі мәдени орталығы ретінде көрсетеді. Оның базарларында әлемнің барлық түпкірінен келген тауарлар сатылады, көшелерде түрік сөздерінен басқа араб, парсы, үнді сөздерін де естуге болады. Бұл кезде Т. шын мәнінде «көпестер қаласы» болды.


Араб саяхатшысы әл-Макдиси Т-ды аса мықты бекінісі бар алып шаһар, ішінде халқы көп, бау-бақша, 4 қақпасы бар, жан-жағы ормен қазылған, қаланың айналасында елді мекендер аса көп деп суреттейді. Қалаға кіретін бас қақпа алдында үлкен өзен бар, өзеннен өтетін көпірлер және оның ар жағында көп үйлер орналасқан. Мешіттер базарлардың жанына орналасқан, оған қыпшақтар даладан түйе, жылқы, қойларын және жүн мен өңделген терілерін алып келіп, астыққа, бұлға, ыдыс-аяқ пен қару-жараққа айырбастайды деп жазады. Белгілі қазақ ғалымы, акад. Ә.Марғұлан археол. қазба деректеріне сүйене отырып Т. б.з.б. 3 – 2 ғ-ларда іргесі қаланған деген қорытынды жасайды. Ал, акад. В.В. Бартольд ұзақ зерттеулер нәтижесінде ескі қаланың орны қазіргі Орталық базар орналасқан алаң деп көрсетті. Археологтар ұзақ жылдар бойы зерттеулер жүргізіп, Т. қ-сы 1 ғ-дың бас кезінен бастап салына бастаған деген қорытынды жасады. Т. қ. 1 ғ-дан бастап аса мықты бекіністері бар, халқы көп қамалға айналды. Б. з. б. 1 ғ-дан бастап Талас өз. бойын қаңлы тайпалары мекендей бастады. 6 ғ-дан бастап осы өңірде түркі тілдес ұлттар қалыптаса бастады. Түркі халықтарының бірнеше ғасырлар бойғы тарихы ортақ болды. Зерттеушілердің көрсетуінше, Т. сондай-ақ, Орта Азияның басқа да қалаларындағы 6 – 10 ғ-лардағы негізгі тұрғындар түркілер болды. Дегенмен ол қалаларда соғдылар, арабтар, парсылар, сириялықтар да көп болды. Әсіресе, Батыс түрік қағанаты соғды мәдениетімен тығыз байланыста болды (соғдылардың орталығы Самарқанд болды). 8 ғ-дан бастап Батыс түрік қағанаты құрамындағы тайпалар арасында өзара соғыс басталды. Нәтижесінде, Іле өз-нен ығысқан түргештер Талас өңіріне келіп орналасты. 8 ғ-дың орта тұсынан бастап Т. олардың астанасына айналды. 751 ж. осы маңда өткен Атлах шайқасында түргештер арабтармен одақтаса отырып шабуылдап келе жатқан қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Шайқастан кейін арабтар кейін қайтып кетті де, түргештер өзара бір-бірімен соғысып жатқан тайпаларға бөлініп кетті. Осындай жағдайда түргештерді 766 ж. солт.-батыстан келген екінші бір түркі тайпасы қарлұқтар ығыстырды. Қарлұқтар бірте-бірте Іле, Шу, Талас, Тянь-Шань өңірлеріндегі түркі тайпаларын өздеріне бағындырды. Қарлұқ мемлекетінің де (8 – 9 ғ.) астанасы Т. қаласы болды. Бұл кезеңде Т. өзі ғана өсіп қоймай, айналасында Жікіл, Барсхан қалалары пайда болды. Орта Азияда пайда болған Самани мемл. күшейе келе 893 ж. Талас өңірін өзіне бағындырды. Бұл кезде Т. аса ірі әрі бай қала болатын. Осы кезден бастап тәжіктер Талас қ-н Тараз деп атай бастады. 955 ж. Талас өңіріне карахандардың билігі орнады. Караханидтер 960 ж. исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Басқа діндер (зораастризм, христианство, буддизм, т.б.) ығыстырылып шығарылды. Дегенмен, көрші Жетісуды мекендеген түркілер бұрынғысынша өздерінің тәңірлеріне табынатын. Көптеген зерттеушілер Оңт. Қазақстан қалаларында, соның ішінде Т-да түркілердің саны басым болды деп есептейді. Сондықтан соғдылардың әсіресе, 580 – 731 ж. тығыз қоныстануына қарамастан Т. қ. 10 – 12 ғ. Тааридің айтуынша, «түрік патшаларының ордасы» болып қала берді. Сөйтіп, көптеген ғалымдар 15 ғ-да жеке хандық болып құрылған қазақ халқының негізі 11 – 12 ғ-ларда қалыптаса бастады деген тұжырым жасайды.

705 ж. арабтар Пайкендке жорық жасады. Соғдылар түргештердің көмегімен оларды кейін шегінуге мәжбүр етті. Кейіннен Түргеш қағандығының әлсіреуін пайдаланған арабтар қайта шабуыл жасағанымен нақты табысқа жете алмады. Арабтар тек Оңт. Қазақстанның кейбір өңірлерін ғана халифат құрамына енгізді. Дегенмен 9 – 11 ғ-ларда ескі түркі жазуын араб жазуы ығыстырып шығара бастады. Қараханидтер тұсында (10 – 12 ғ.) Талас өңірі экон. және мәдени өрлеуді басынан өткізді. Т. бен оның аумағы күш жинап, көрші елдерге жорық жасай бастады. Т. билеушісі Тугаш-хан тұсында Самарқандқа және Қашқарға жорық жасалынды. Қала бірте-бірте Жетісу мен Орта Азиядағы жетекші қолөнер және сауда орталықтарының біріне айналды. Әйгілі Т. моншасы салынды. Ислам дінінің үстемдігі нәтижесінде 11 ғ-да жаңа үлгідегі Айша бибі, Қарахан, Бабажы-хатун мазарлары салынды. 11 ғ-дың 1-жартысында Т. бен Испиджабта ақша (монета) соғыла бастады. 12 ғ-дың аяқ кезінде Қараханидтер мемлекеті әлсіреп кетті де, оны қарақытайлар жаулап алды. 1210 ж. қарақытайларды хорезмшах Мухаммед талқандады. Т. қолдан-қолға өтті. 1220 ж. қаланы Шыңғыс әскерлері басып алды. Т. Шағатай ұлысына бағынды. Т-дың орнына Яны (Жаңа) деп аталатын қала тұрғызылды. Онда 1334 ж. дейін ақша шығарылып тұрды. Дәуіт бек, Тектұрмас, Манас мазарлары салынды. Қала қайтадан жандана бастады, бірақ 1307 ж. Шағатай ұрпақтары арасындағы тақ таласы кезінде тағы да шапқыншылыққа ұшырады. Осыдан кейін Т. 1345 ж. жазылған деректерде «Мауереннахрдан Алмалыққа баратын сауда жолындағы қала ретінде кездеседі. Еуропадан Үндістанға су жолы ашылғаннан кейін 15 – 16 ғ-лардан бастап Ұлы Жібек жолының маңызы түсіп кетті. Оған Орта Азия билеушілерінің өзара үздіксіз соғыстары қосылып, оңт-гі қалалар қаңырап бос қалды. Сөйтіп кезінде түркілерге астана болған әйгілі шаһар бірте-бірте жай ғана қыстаққа айналды. 1456 – 64 ж. Шу бойында қазақ хандығы құрылды да, қала 16 ғ-дың аяқ кезінен бастап қазақ ордасына қосылды. 1513 ж. Т. Қасым ханның жорығы нәтижесінде айтылып өтеді. 1723 ж. Талас өңірі жоңғарлардың шапқыншылығына ұшырады. 1729 ж. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ рулары атамекендеріне қайта бастады. 1771 ж. Абылай хан үш жүздің тағына отырды. Осы жылы Еділ қалмақтары қазақ жері арқылы өздерінің туған жері Жоңғарияға қайтты. Қазақтардың қалмақтарға алаңдауын пайдаланған қырғыздар Іле, Шу, Талас өңірлерін тіпті Шолаққорған мен Созақты қоса басып алды. Абылайдың басшылығымен қазақ әскерлері қырғыздарды аталған өңірлерден кейін шегіндірді. Жеңіске жеткеннен кейін Абылай 1774 ж. өз ордасын Талас өз. бойына тікті және ескі Т-дың орнындағы Яны (Жаңа) қамалының әкімі етіп өзінің ұлы Әділді тағайындады. Әкім қамалды қайта тұрғызу үшін қарақалпақ шеберлерін алдырды. Жаңа қала Қарахан әулетінен шыққан Ша Махмудтың мазары төңірегіне салынғандықтан Әулиеата деп аталды. Оны салуға Құлашбек батыр бастаған қарақалпақтар да қатысты. 19 ғ-дың басында Таластың жоғарғы жағын тағы да шетелдіктер, бұл жолы қоқандықтар басып алды. Әлім хан қазақтың Ұлы және Орта жүздеріне билік жүргізу үшін 1809 ж. Әулиеата бекінісін басып алып, оны қайта салуға кірісті. Оның ісін мұрагері Мәделі хан да жалғастырды. Ол 1837 ж. қамалдың оңт-не Наманганнан 28 отбасын әкеліп, орналастырды. Олар орналасқан жерде Наманган көшесі пайда болды. 1856 ж. Шығыс базары салынды. Базардың айналасында қолөнершілердің лавкалары, керуен-сарайлар, шайханалар тұрғызылды. Сөйтіп 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап Әулиеата Ташкент пен Ферғанадан Омбыға баратын негізгі сауда орталықтарының біріне айналды. Бірақ қала халқы мен оның айналасындағы ауылдар қоқан хандарының аса ауыр езгісіне ұшырап, жиі-жиі көтеріліс жасап отырды. 1821 ж. Рүстем сұлтан бастаған көтеріліске 12 мың адам қатынасты. Онан кейінгі бас көтерулерді Байзақ датқа басқарды. Оның жасағында Саурық, Сыпатай, Байсейіт, Сұраншы секілді әйгілі батырлар болды. Олар кейіннен 20 мыңдық Кенесары әскерлерінің негізгі бөлігін құрады. Көтерілісшілер Әулиеатаны қоршап, ала алмады да, Сарыарқаға шегінді. Ұлы жүздің көпшілік бөлігі Қоқан және Хиуа хандарына бағынышты болды. Олар қазақтар мен қырғыздарға аса көп мөлшерде салық салды. Сондықтан жергілікті халықтың бас көтеруі жиіледі. Осыны пайдаланған патша өкіметі Лепсі, Қапал, Алатау бекіністерін салып, Жетісуға орналаса бастады. 1854 ж. Верный бекінісі тұрғызылды. Қазақтар мен қырғыздардың қоқандықтарға қарсы көңіл күйін пайдаланған орыс әскерлері 1863 – 64 ж. Тоқмақ, Меркі, Әулиеата, Шымкент, Созақ, Ташкент қалаларын басып алды. Қоқандықтарға қарсы орыс әскерлеріне 5 мыңдық қазақ жасақтары көмектесті. Ұлы жүз толығымен Ресейдің қол астына өткеннен кейін, 1867 ж. Әулиеата уезі құрылды. Ол Сырдария облысына қарады. 1874 ж. бастап өлкеге алғашқы переселендер (ішкі Ресейден) келе бастады. Переселендер үшін жақсы жер учаскелер тартып алына бастады. Алғашқы орысша жер атаулары пайда болды. Әулиеатаның тұрғындары көбейе бастады. Онда қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер тұрды. 1914 ж. санақ бойынша қалада 17880 адам тұрды. Оның 6577-і қазақтар, 7576-ы өзбектер, 2138-і орыстар мен украиндар болды. Онда 3 шіркеу, 21 мешіт, қалалық уч-ще, аурухана, әскери госпиталь, 17 ф-ка мен з-т, 1791 тұрғын үй болды. 1871 ж. алғашқы кітапхана ашылды.

1914 ж. 1-дүниежүз. соғыс басталғаннан кейін халыққа салынатын салық мөлшері 3 – 4 есе өсті. 1916 ж. 25 маусымда әйгілі патша жарлығы шықты. Әулиеата аймағында жаппай халық көтерілісі басталды. Меркідегі көтеріліске Ташкенттен келген Т. Рысқұлов қатынасты. Патша Түркістан өлкесіне әскери жағдай енгізді. Көтеріліс асқан қаталдықпен басып жаншылды. Көптеген адамдар майдан даласында оққа ұшып, 3 мыңнан аса адам жауапқа тартылды. 1917 ж. 27 ақпанда патша өкіметі тақтан құлады. Ішкі Ресейдегі секілді Әулиеатада да 1917 ж. 17 наурызда жұмысшы-солдат депутаттары Кеңесі құрылды. Көп ұзамай қара жұмысқа алынған қазақтар елдеріне қайта бастады. Әулиеата мен Меркіде «Қазақ жастарының революциялық одағы» құрылды. Әулиеатада Кеңес үкіметі орнады (19 қарашада 1917 ж.). 1918 ж. 11 – 16 маусымда қазақтардың уездік съезі өтіп, оны Т.Рысқұлов басқарды. 1918 ж. жазда елде Азамат соғысы басталды. Жер-жерде Кеңес үкіметіне қарсы бас көтерулер болып жатты. 1920 ж. көктемнен бастап уезде Кеңес үкіметі түпкілікті орнады. 20-жылдардың бас кезінде Әулиеата тұрғындарының жағдайы ауыр болды. 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың бас кезіндегі ашаршылық жылдарында Әулиеатада 1931 ж. тұңғыш рет 30 орындық жетім балалар үйі ашылды. 1 – 2 бесжылдық кезінде (1928 – 37) көптеген жаңа зауыттар (қант з-ты, механикалық-ремонт з-ты т.б.) мен фабрикалар (тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бойынша) іске қосылды. Қаладағы өнеркәсіп орындары 1937 ж. 1934 жылға қарағанда 317% ұлғайды. 4 кинотеатр, 4 клуб, 9 кітапхана, обл. қазақ драма театры, тарихи-өлкетану музейі салынды. 2 тілде обл. газет шығарылды. Қаладағы халық саны 1939 ж. 63,7 мың адамға жетті. Мектептер, балабақшалар, тұрғын үйлер салынды. 1936 ж. Әулиеатаның аты Мирзоян болып, 1937 ж. Жамбыл қ-сы болып өзгертілді. Соғыс жылдарында (1941 – 45) Жамбылға жау басып алған территориялардан 30 мыңнан аса адам орналастырылды. Соғыстың бас кезінде Жамбылда 105-атты әскер дивизиясы жасақталып, 1942 ж. майданға аттанды. Мыңдаған жамбылдықтар әйгілі Панфилов дивизиясында қызмет етті. Ол дивизияны кейіннен Б.Момышұлы басқарды.

1950 – 60 ж. қала экономикасы ары қарай дамыды. 1962 ж. КСРО-да тұңғыш рет Жамбыл суперфосфат з-ты өз өнімін бере бастады. 1966 ж. бастап «Химпром» бірлестігі салына бастады. Кейіннен ол фосфордың 20-дан аса өнім түрін шығарды. 1970 – 80 ж. Жамбыл химия өндірісі елдегі сары фосфордың 40%-н беріп тұрды. 80-жылдардан бастап қаладағы жеңіл өнеркәсіптің маңызы артты. 1985 ж. Жамбыл аяқ-киім комб-ты республикадағы аяқ-киім өнімдерінің 20%-н бере бастады. Қант з-ты жылына 100 мың т-ға жуық қант өндіруге кірісті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін халықтың талап-тілегін ескере отырып, ел Президенті Н.Назарбаев 1997 ж. 8 қаңтардағы Жарлығымен Жамбыл қ-сына тарихи аты Тараз атауын қайтарды. Т. Қазақстандағы ең бір жасыл қаланың бірі.

К. Рыспаев

Ұқсас материалдар