Қандастар Ассамблея

Ұрпаққа ұласатын ұлы парыз

04.12.2012 3429
  БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ (мақала) «Білім және еңбек», 1978 ж №2 Ұрпаққа ұласатын ұлы парыз Халықтың арасынан шыққан қаһармандардың іріктеліп, ұлы армияға айналған, бұқараның өз еркімен шындық үшін күресуде басын қосқан құдіретті күш - Қызыл Армия. Бұл ешқандай жарлықпен емес, өз еркімен ұлы идеяға сеніп, қолына қару алған дүниежүзіндегі тұңғыш қарулы қол. Қызыл Армия - қызыл гвардия дегеннен шыққан. Оның мән - мазмұны, қозғаушы күші энциклопедиялық талдауды қажет ететін тарихи кезең. Маркстік - лениндік идеяның негізінде құрылған еріктілер армиясы. Қызыл қырандардың қалыптасуының негізгі тамыры, дәні жұмысшылардың қарулы көтерілісінде жатыр. Сол рух, идея тұтастығы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ниет тұтастығын айқындап, бір тудың астына бауыр басты. Қызыл Армияның таптық санасының оянуына, олардың шындық үшін күресуіне, езуші таптың қаныпезерлігіне деген кегінің өршуіне тарихтың масқара беттеріне жазылған бірінші империалистік соғыстың көп әсері тиді. Солдаттар «Соғыс жоғалсын» деген ұранмен үн қатып, майдан шебінде полк комитеттерін құрды. Полк комитеттері таптық көзқарасты негізге ала отырып, шындық үшін, бейбітшілік үшін күресті. Атақты қолбасшы Панфилов та осы полк комитетінің қатарында жүріп таптық күрестің туын көтерді. Кейіннен жұмысшы шаруа Қызыл Армиясының қатарына өз еркімен қосылып, қолына қару алды. Еріктілер армиясына, қызыл тудың астына біріктірген күш - олардың саяси таптық көзқарасы. Сондықтан да сол жылдары армияның лозунгісіне айналған: Смело мы в бой пойдем За власть советов, -   деген ән де еріктілердің барлық шын ықыласы мен күресінің сипатын танытады. Бұл - штаттағы армия емес, еріктілер армиясы.   Айбынды Қызыл Армия азамат соғысы жылдарында толық қарулы күш ретінде қалыптасты. Халық арасынан шыққан қаһармандар жоғары әскери білімі болмаса да таптық білімі мен таптық санасының арқасында ұлы маркстік - лениндік идеяның маңына топтасып, аңызға айналған ерліктер көрсетті. Қызыл Армияның ең бір топтасып даңққа бөленгені «Аврора» матростары мен Буденныйдың атты армиясының ерліктері. Шорс, Котовский, Чапаев, Амангелді сияқты халық батырларының еріктілер армиясының алғашқы қаһармандары.   Ол кезде Қызыл Армияның жұмысшы шаруа Қызыл Армиясы деп аталуының мәні де осында.   Қызыл Армияның капиталистік армиядан айырмашылығы және оның даңққа бөленуінің себебі, жеңімпаздығы - таптық санасына байланысты. Оны оятқан, бойына сіңірген лениндік партияның үгіт - насихатының жемісті еңбегі. Қызыл Армия азамат соғысы жылдарында да, Ұлы Отан соғысы кезінде де қайтпас қайсарлық көрсетті. Сол патриоттық pyx қазіргі ұрпақтарға дәстүр болып жалғасты. Қазақта ата тегі, ата жолы дейтін соз бар. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны аларсың». Дәстүр - традиция дейтін ұғым да бар. Осы ұғымдардың тарихи маңызын да, дәстүрлік маңызын да дұрыс пайдалана білсек, жастарға рухани тәрбие берудің негіздері содан өрбиді. Қазақта «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді» дейді. Намыс пен ардың орны ерекше. Намысты, арлы, адамдық тәрбие беру - үлкен маңызды нәрсе. Кейбір солақайлар патриоттық рухты түсіндіремін деп бұзып алады. Аға ұрпақтың намысына тиеді. Олардың қиыншылық дәуірін шаршап - шалдыққанын, халық санасындағы ұшқынды мансұқ етеді. Рас, мәдениеті төмен болған шығар. Осы күнде де надандар аз емес. Хат тану, оқу, сәнді киіну, тоя тамақ ішу - бұл нағыз мәдени тілік емес, мәдениеттің бар болғандағы бір бөлшегі. Мәдениеттіліктің тамыры, дәні - санада. Ал, оқу, үйрену, киіну - ол мәдениеттіліктің алғы шарттары. Халықтың дәстүрі атам заманнан бері бар. Олар кезінде өріне шыға алмаған, мақсатына жете алмаған шытар. Ол басқа мәселе. Мысалы, патриотизм - патриот - көне рим сөзі. Ол ата - қонысым, ататегім, Отаным деген мағынаны білдіреді. Тарих елегінен өте келіп, халықаралық терминге айналды. Тарихи көзбен қарағанда патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесі қазақ халқында да ұмыт қалмаған. Артта қалмаған. Батырлар жыры дейміз. Өлең, мақал - мәтелдерді айтқанда, бұл жағынан қазақ бай халық деп ойлаймын мен. Батырлық дастандар халықтың мүддесін, ойын, пікірін жеткізгендіктен, нағыз бұқаралық шығармалар. Солар - халықтың ғажайып творчестволық меруерттері. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ұласып келеді. Қазір де патриоттық, ерлік мектебіне айналып отыр. Ұрпақтың ұрпаққа деген құрметін, халыққа деген махаббатын қошеметтеуде әдеби мұраның алтын қазынасы ерекше үлеске ие. Тозбайтұғын, тот баспайтұғын алтын қазына. Бұлар біздің Отанды, халықты сүюіміздің ешқашан да ұмыттырмайтын, жер сілкінсе де қозғалмайтын ірге тас- негіз. Қазақтың бір ақыны: Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас, Қазақша бір роман жаза салшы, - дейді.   Тесік моншағы - шыны. Ал, меруерт қалай жерде қалады. Бұл жағынан бай, ауыз толтырып мақтана айту айып емес. Ол менің, не әкемнің, не нағашымның шығармасы емес, халықтікі.   Бұл ұлы дәстүрді, халықтық дәстүрді Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ жауынгерлері қаһармандықпен жалғастырды. Халық атын ұятқа қалдырмады. Ту етіп көтерді. Ұлы Отан соғысындағы символға айналған, аңызға ұласқан екі оқиғаға да қазақ халқының ұлдарының тікелей қатысы бар. Және бұл оқиға солармен байланыстырылып айтылады. Ол соғыстың алғашқы жылындағы Отан жүрегі - Москваны қорғаған панфиловшылардың ерлігі. Ол даңқ күні бүгінге дейін әр адамның жүрегінде. Келешекте де өшпек емес. Ал, жеңіс жалауын Рейхстагқа тіккен қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі де оңайшылықпен келген жоқ. Өмір мен өлім қайшы алысып жатқанда соның арасынан жол табу, оқ жаңбыр боп құйылып тұрғанда қарауылға ілініп биікке көтерілу қандай жаужүрек жігіттің де тәуекелін сынайтын кез. Әлия мен Мәншүк тек қана совет елінің емес, бүкіл күншығыстың мақтанышы. Дүниежүзін сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыста Азия елдерінде адамзаттың фашистік қанды шеңгелден құтқаруға осы екі қыздай атсалысқан әйел заты бар ма екен? Бұл ұлы ерлік - ұмытылмас бейне. Осының барлығы - халық жүрегіне орнаған символдық нәрселер. Қазіргі кезде ерлік жасауға мүмкіндік жоқ. Бүгінгі ұрпақ аға ұрпақтан әлдеқайда төмен. Олар қиыншылықты көрген жоқ деп айтатындар да бар. Мен ондай пікірге қарсымын. Біздің кезімізде не мүмкін болды, сол бізге бұйырды. Ақ нанды кәмпит орнына жедік. Жаңа құрылған социалистік мемлекет экономикалық жағынан толық дамып, төрт аяғынан тік тұрып кете алмады. Ел қорғанысына көп қаржы бөлінді. Ал, бүгін молшылыққа бөленсе, әдемі киінсе, мәдениетті сауық - сайран құрса, оның несі мін. Қазіргі жас оған жазықты емес. Заманы сол. Біз қайта жас ұрпаққа осындай мүмкіндік жасағанымызға мақтануымыз қажет. Күрескеніміздің өзі сол шат өмір, бейбітшілік, молшылық емес пе? Иә, әсіресе қызыл, тым ұшқары қылжақтар да бар. Ол бірен - саран. Ананың галстугі қызыл, менікі көк болсын. Ауылдағы жұмысқа бармаймын дейтін ерке бала кездеседі. Бірақ уақыт, өмір оның бұл еркелігін ерте ме, кеш пе басады. Қазір ауылды жерде әр үйдің өз кітапханасы бар. Бұл да сол мәдениеттіліктің белгісі, дәстүрдің жалғасуы. Жастармен пікірлесу ғанибет. Жас жағынан екі - үш мүшел кіші болса да, маған жас мөлшерінен құрдас болмаса да, ой пікірі жағынан құрбылас болатынын байқадым. Құрдас - жастық ұғым. Құрбылас ой пікір бірлігін білдіреді. Екеуінің айырмасы бар. Жалпы мен жастарға ризамын. Халықтың қаһармандық дәстүрі - ұрпақтар ұластыратын ұлы парыз.        

 

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

(мақала)

«Білім және еңбек», 1978 ж №2

Ұрпаққа ұласатын ұлы парыз

Халықтың арасынан шыққан қаһармандардың іріктеліп, ұлы армияға айналған, бұқараның өз еркімен шындық үшін күресуде басын қосқан құдіретті күш - Қызыл Армия. Бұл ешқандай жарлықпен емес, өз еркімен ұлы идеяға сеніп, қолына қару алған дүниежүзіндегі тұңғыш қарулы қол. Қызыл Армия - қызыл гвардия дегеннен шыққан. Оның мән - мазмұны, қозғаушы күші энциклопедиялық талдауды қажет ететін тарихи кезең. Маркстік - лениндік идеяның негізінде құрылған еріктілер армиясы. Қызыл қырандардың қалыптасуының негізгі тамыры, дәні жұмысшылардың қарулы көтерілісінде жатыр. Сол рух, идея тұтастығы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ниет тұтастығын айқындап, бір тудың астына бауыр басты. Қызыл Армияның таптық санасының оянуына, олардың шындық үшін күресуіне, езуші таптың қаныпезерлігіне деген кегінің өршуіне тарихтың масқара беттеріне жазылған бірінші империалистік соғыстың көп әсері тиді. Солдаттар «Соғыс жоғалсын» деген ұранмен үн қатып, майдан шебінде полк комитеттерін құрды. Полк комитеттері таптық көзқарасты негізге ала отырып, шындық үшін, бейбітшілік үшін күресті. Атақты қолбасшы Панфилов та осы полк комитетінің қатарында жүріп таптық күрестің туын көтерді. Кейіннен жұмысшы шаруа Қызыл Армиясының қатарына өз еркімен қосылып, қолына қару алды. Еріктілер армиясына, қызыл тудың астына біріктірген күш - олардың саяси таптық көзқарасы.

Сондықтан да сол жылдары армияның лозунгісіне айналған:

Смело мы в бой пойдем

За власть советов, -

 

деген ән де еріктілердің барлық шын ықыласы мен күресінің сипатын танытады. Бұл - штаттағы армия емес, еріктілер армиясы.

 

Айбынды Қызыл Армия азамат соғысы жылдарында толық қарулы күш ретінде қалыптасты. Халық арасынан шыққан қаһармандар жоғары әскери білімі болмаса да таптық білімі мен таптық санасының арқасында ұлы маркстік - лениндік идеяның маңына топтасып, аңызға айналған ерліктер көрсетті. Қызыл Армияның ең бір топтасып даңққа бөленгені «Аврора» матростары мен Буденныйдың атты армиясының ерліктері. Шорс, Котовский, Чапаев, Амангелді сияқты халық батырларының еріктілер армиясының алғашқы қаһармандары.

 

Ол кезде Қызыл Армияның жұмысшы шаруа Қызыл Армиясы деп аталуының мәні де осында.

 

Қызыл Армияның капиталистік армиядан айырмашылығы және оның даңққа бөленуінің себебі, жеңімпаздығы - таптық санасына байланысты. Оны оятқан, бойына сіңірген лениндік партияның үгіт - насихатының жемісті еңбегі.

Қызыл Армия азамат соғысы жылдарында да, Ұлы Отан соғысы кезінде де қайтпас қайсарлық көрсетті. Сол патриоттық pyx қазіргі ұрпақтарға дәстүр болып жалғасты. Қазақта ата тегі, ата жолы дейтін соз бар. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны аларсың». Дәстүр - традиция дейтін ұғым да бар. Осы ұғымдардың тарихи маңызын да, дәстүрлік маңызын да дұрыс пайдалана білсек, жастарға рухани тәрбие берудің негіздері содан өрбиді. Қазақта «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді» дейді. Намыс пен ардың орны ерекше. Намысты, арлы, адамдық тәрбие беру - үлкен маңызды нәрсе.

Кейбір солақайлар патриоттық рухты түсіндіремін деп бұзып алады. Аға ұрпақтың намысына тиеді. Олардың қиыншылық дәуірін шаршап - шалдыққанын, халық санасындағы ұшқынды мансұқ етеді. Рас, мәдениеті төмен болған шығар. Осы күнде де надандар аз емес. Хат тану, оқу, сәнді киіну, тоя тамақ ішу - бұл нағыз мәдени тілік емес, мәдениеттің бар болғандағы бір бөлшегі. Мәдениеттіліктің тамыры, дәні - санада. Ал, оқу, үйрену, киіну - ол мәдениеттіліктің алғы шарттары. Халықтың дәстүрі атам заманнан бері бар. Олар кезінде өріне шыға алмаған, мақсатына жете алмаған шытар. Ол басқа мәселе. Мысалы, патриотизм - патриот - көне рим сөзі. Ол ата - қонысым, ататегім, Отаным деген мағынаны білдіреді. Тарих елегінен өте келіп, халықаралық терминге айналды.

Тарихи көзбен қарағанда патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесі қазақ халқында да ұмыт қалмаған. Артта қалмаған. Батырлар жыры дейміз. Өлең, мақал - мәтелдерді айтқанда, бұл жағынан қазақ бай халық деп ойлаймын мен. Батырлық дастандар халықтың мүддесін, ойын, пікірін жеткізгендіктен, нағыз бұқаралық шығармалар. Солар - халықтың ғажайып творчестволық меруерттері. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ұласып келеді. Қазір де патриоттық, ерлік мектебіне айналып отыр. Ұрпақтың ұрпаққа деген құрметін, халыққа деген махаббатын қошеметтеуде әдеби мұраның алтын қазынасы ерекше үлеске ие. Тозбайтұғын, тот баспайтұғын алтын қазына.

Бұлар біздің Отанды, халықты сүюіміздің ешқашан да ұмыттырмайтын, жер сілкінсе де қозғалмайтын ірге тас- негіз. Қазақтың бір ақыны:

Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас,

Қазақша бір роман жаза салшы, - дейді.

 

Тесік моншағы - шыны. Ал, меруерт қалай жерде қалады. Бұл жағынан бай, ауыз толтырып мақтана айту айып емес. Ол менің, не әкемнің, не нағашымның шығармасы емес, халықтікі.

 

Бұл ұлы дәстүрді, халықтық дәстүрді Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ жауынгерлері қаһармандықпен жалғастырды. Халық атын ұятқа қалдырмады. Ту етіп көтерді. Ұлы Отан соғысындағы символға айналған, аңызға ұласқан екі оқиғаға да қазақ халқының ұлдарының тікелей қатысы бар. Және бұл оқиға солармен байланыстырылып айтылады. Ол соғыстың алғашқы жылындағы Отан жүрегі - Москваны қорғаған панфиловшылардың ерлігі. Ол даңқ күні бүгінге дейін әр адамның жүрегінде. Келешекте де өшпек емес. Ал, жеңіс жалауын Рейхстагқа тіккен қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі де оңайшылықпен келген жоқ. Өмір мен өлім қайшы алысып жатқанда соның арасынан жол табу, оқ жаңбыр боп құйылып тұрғанда қарауылға ілініп биікке көтерілу қандай жаужүрек жігіттің де тәуекелін сынайтын кез. Әлия мен Мәншүк тек қана совет елінің емес, бүкіл күншығыстың мақтанышы. Дүниежүзін сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыста Азия елдерінде адамзаттың фашистік қанды шеңгелден құтқаруға осы екі қыздай атсалысқан әйел заты бар ма екен? Бұл ұлы ерлік - ұмытылмас бейне. Осының барлығы - халық жүрегіне орнаған символдық нәрселер.

Қазіргі кезде ерлік жасауға мүмкіндік жоқ. Бүгінгі ұрпақ аға ұрпақтан әлдеқайда төмен. Олар қиыншылықты көрген жоқ деп айтатындар да бар. Мен ондай пікірге қарсымын. Біздің кезімізде не мүмкін болды, сол бізге бұйырды. Ақ нанды кәмпит орнына жедік. Жаңа құрылған социалистік мемлекет экономикалық жағынан толық дамып, төрт аяғынан тік тұрып кете алмады. Ел қорғанысына көп қаржы бөлінді. Ал, бүгін молшылыққа бөленсе, әдемі киінсе, мәдениетті сауық - сайран құрса, оның несі мін. Қазіргі жас оған жазықты емес. Заманы сол. Біз қайта жас ұрпаққа осындай мүмкіндік жасағанымызға мақтануымыз қажет. Күрескеніміздің өзі сол шат өмір, бейбітшілік, молшылық емес пе? Иә, әсіресе қызыл, тым ұшқары қылжақтар да бар. Ол бірен - саран. Ананың галстугі қызыл, менікі көк болсын. Ауылдағы жұмысқа бармаймын дейтін ерке бала кездеседі. Бірақ уақыт, өмір оның бұл еркелігін ерте ме, кеш пе басады. Қазір ауылды жерде әр үйдің өз кітапханасы бар. Бұл да сол мәдениеттіліктің белгісі, дәстүрдің жалғасуы.

Жастармен пікірлесу ғанибет. Жас жағынан екі - үш мүшел кіші болса да, маған жас мөлшерінен құрдас болмаса да, ой пікірі жағынан құрбылас болатынын байқадым. Құрдас - жастық ұғым. Құрбылас ой пікір бірлігін білдіреді. Екеуінің айырмасы бар. Жалпы мен жастарға ризамын.

Халықтың қаһармандық дәстүрі - ұрпақтар ұластыратын ұлы парыз.

 

 

 

 

Ұқсас материалдар