Қандастар Ассамблея

Ұлы ақынның даңқты тойы

04.12.2012 2587
  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Ұлы ақынның даңқты тойы Қымбатты достар! Совет халқының күнделік мәдени өмірінде әсте қайталанбайтын сан алуан жаңалықтар туындап жатады. Біздің мәдени өміріміз бірде көктемнің хош иісі аңқыған мың түрлі әсем гүлдеріне бөленген тау бөктеріне ұқсайды, енді біресе тасқын шақта алапат ақ бас толқындар қаптаған теңіз жағасына ұқсайды. Осынау мәдениет — нағыз халықтық, өміршең мәдениет — өзінің ерге басып, өркендеу барысында ғасырлар бойына талай дана ойлы адамдардың асыл арманы болған, талай ұлы жүректерді толқытқан, енді біздің елімізде жүзеге аса бастаған коммунизмнің қарышты қадамдарынан нәр алады. Біздің мәдениетіміздің ең бір ғажап ерекшелігі — лениндік ажырамас достық туының саясатына біріккен, мұрат-мақсаты бірге халықтар мен тайпалардың меншігінде. Біз бүгін осынау қасиетті мәдениет ордасына жиналдық. Ондағы мақсатымыз көп ұлтты совет әдебиетінің тарихындағы өте сирек кездесетін мерекені — біздің Отанымыздың ұлы ақыны, асқан ойшыл Тарас Григорьевич Шевченконың туғанына бір жарым ғасыр толған күнін құрметпен атап өтеміз. Мұның өзі совет халықтары рухани өмірінің бөлінбейтін бір тұтастығын, мәдениет саласында күреспен жеңіп алған орасан жетістіктеріміздің ересен құдіретін тағы да айдай әлемге паш етеді. Шевченконың «Өсиет» атты жырының мына бір шумақтары данышпан ақынның сол заманның өзінде-ақ болашақты айнытпай болжаған көрегендігінің белгісі емес пе. Көміңдер мені өлген соң, Сүйікті туған елімде. Қазылсын қабірім кең байтақ, Украинаның жерінде.   Аттаныңдар көмгесін, Үзіңдер бұғау темірді! Жау қанымен суғарып, Көгертіңдер өмірді!   Мені де, Ұлы Отанды Жаңа ел — үлкен өлкемде. Ескеріңдер ұмытпай Шапағатпен әр кезде! Біздің халықтарымыздың жүректері мен ой-тілектерін біріктіруде осынша көп еңбек сіңірген туысқан партиямызға бүгінгідей қуанышты мерекеде тағы да ынтық ықылас, ыстық жүрекпен алғысымызды айтып, ризалық білдіргім келеді. Украина топырағында туып-өскен таңғажайып талант иесін — көркемсөздің асқан керемет зергерін бүгін жер жүзіндегі қыруар халықтар әрқайсысы өз тілімен, өз үнімен құрметтеп атайды. «Ұлылық» деген ұғым әр халықтың тілінде әр алуан айтылады. Ал бірақ, бүгін ол ұғым ақиқат пен әділдіктің қаһарман күрескері болған Тарас Григорьевич Шевченконың қымбатты есіміне сәтті балама болады. Жарқын талант күн іспетті. Ол баршаға бірдей сәуле беpiп, жарық түсіреді. Қасиетті қарапайым шындық осылай мегзейді. Шевченко — ең алдымен ұлы украин халқының перзенті. Бүгінгі мерекемізге арнайы келіп қатысып отырған қадірлі қонақтарға сіздердің аттарыңыздан жан-жүректі жарып шыққан туысқандық жалынды сәлем тапсырамын! Шевченко сынды ұлы ақынды бүкіл ізгі ниетті, ақ пейілді адамзат қадірлейді, сыйлайды, оның рухына бас иеді. Жоғарыда айтылған жалпыға мәлім жәйттарға өз тарапымнан азын-аулақ пікір қоссам, сіздер мені cөгe қоймассыздар деп сенемін. Мен осы сәтте барша қазақ халқының атынан — ұлы жыршы жеті жылға созылған азапты солдат өмірін бірге кешірген халықтың атынан сөйлеп тұрмын. Иә, халық қайғысы, халық мұңы жалпы халықтарға ортақ. Қайғылар, мұңдылар сол бір кенеусіз кер заманда да мен казакпын, сен орыссың, анау украин деп жіктемеген, ұлтқа бөлмеген. Сондықтан да біз Тарас Шевченконы қазақ жеріндегі ең алғашқы жазба ақындарының бірі деп санаймыз. Ол біздің алғашқы суретшілеріміздің бірі болды. Украина мен Россия өз алдына, менің Қазақстаным да Шевченконы бостандықтың жалынды күрескері етіп тәрбиеледі. Бүгінгі күні бір заманда — бұдан жүзден астам жыл бұрын ұлы жыршы жүріп өткен Ақтөбе далаларына, Арал теңізінің түбектеріне, Каспий теңізінің жағалауларына біздің халықтың аса бір сүйіспеншілікпен назар аударуы тегін емес. Біздің халқымыз оны ақын Тараз — Әділет ақыны — деп атап кетуі тегін емес. Тарас Шевченко өзінің жалынды жырларында бостандықты, шындықты, әділетті жырлады, езілген, азап шеккен сорлы халықтардың өмірін жырлады. Ұлы ақын арман еткен ақиқат жер жүзіне қанат жайды. Ол — Лениндік ақиқат! Осынау ұлы ақиқаттың нұрына бөленген бостандықтың бағында сайрандаған халықтарымыз бүгін, әлеуметтік теңдіктің жаршысы болған ұлы ақынның мерекесін тойласа, мұның өзі де бақыттылықтың айғағы емес пе. Махаббат дегеніміз — сақина іспетті,— дейді орыс халқының даналық мәтелі. Сақинада шет-шек жоқ. Махаббат та шетсіз, шексіз. Қазақ халқының Шевченкоға деген махаббаты шексіз. Оны ешқандай әдемі сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол махаббат сан миллион жүректерде. Сондықтан да, қымбатты жолдастар, туысқан Украинадан келген қонақтар, мен Украинаның ұлы ақыны Тарас Григорьевич Шевченконың 150 жыл толған құрметіне арналған салтанатты мәжілісімізді аса бір сүйіспеншілік сезіммен ашамын. 1964  

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Ұлы ақынның даңқты тойы

Қымбатты достар! Совет халқының күнделік мәдени өмірінде әсте қайталанбайтын сан алуан жаңалықтар туындап жатады. Біздің мәдени өміріміз бірде көктемнің хош иісі аңқыған мың түрлі әсем гүлдеріне бөленген тау бөктеріне ұқсайды, енді біресе тасқын шақта алапат ақ бас толқындар қаптаған теңіз жағасына ұқсайды. Осынау мәдениет — нағыз халықтық, өміршең мәдениет — өзінің ерге басып, өркендеу барысында ғасырлар бойына талай дана ойлы адамдардың асыл арманы болған, талай ұлы жүректерді толқытқан, енді біздің елімізде жүзеге аса бастаған коммунизмнің қарышты қадамдарынан нәр алады. Біздің мәдениетіміздің ең бір ғажап ерекшелігі — лениндік ажырамас достық туының саясатына біріккен, мұрат-мақсаты бірге халықтар мен тайпалардың меншігінде.

Біз бүгін осынау қасиетті мәдениет ордасына жиналдық. Ондағы мақсатымыз көп ұлтты совет әдебиетінің тарихындағы өте сирек кездесетін мерекені — біздің Отанымыздың ұлы ақыны, асқан ойшыл Тарас Григорьевич Шевченконың туғанына бір жарым ғасыр толған күнін құрметпен атап өтеміз. Мұның өзі совет халықтары рухани өмірінің бөлінбейтін бір тұтастығын, мәдениет саласында күреспен жеңіп алған орасан жетістіктеріміздің ересен құдіретін тағы да айдай әлемге паш етеді.

Шевченконың «Өсиет» атты жырының мына бір шумақтары данышпан ақынның сол заманның өзінде-ақ болашақты айнытпай болжаған көрегендігінің белгісі емес пе.

Көміңдер мені өлген соң,

Сүйікті туған елімде.

Қазылсын қабірім кең байтақ,

Украинаның жерінде.

 

Аттаныңдар көмгесін,

Үзіңдер бұғау темірді!

Жау қанымен суғарып,

Көгертіңдер өмірді!

 

Мені де, Ұлы Отанды

Жаңа ел — үлкен өлкемде.

Ескеріңдер ұмытпай

Шапағатпен әр кезде!

Біздің халықтарымыздың жүректері мен ой-тілектерін біріктіруде осынша көп еңбек сіңірген туысқан партиямызға бүгінгідей қуанышты мерекеде тағы да ынтық ықылас, ыстық жүрекпен алғысымызды айтып, ризалық білдіргім келеді.

Украина топырағында туып-өскен таңғажайып талант иесін — көркемсөздің асқан керемет зергерін бүгін жер жүзіндегі қыруар халықтар әрқайсысы өз тілімен, өз үнімен құрметтеп атайды. «Ұлылық» деген ұғым әр халықтың тілінде әр алуан айтылады. Ал бірақ, бүгін ол ұғым ақиқат пен әділдіктің қаһарман күрескері болған Тарас Григорьевич Шевченконың қымбатты есіміне сәтті балама болады.

Жарқын талант күн іспетті. Ол баршаға бірдей сәуле беpiп, жарық түсіреді. Қасиетті қарапайым шындық осылай мегзейді. Шевченко — ең алдымен ұлы украин халқының перзенті. Бүгінгі мерекемізге арнайы келіп қатысып отырған қадірлі қонақтарға сіздердің аттарыңыздан жан-жүректі жарып шыққан туысқандық жалынды сәлем тапсырамын!

Шевченко сынды ұлы ақынды бүкіл ізгі ниетті, ақ пейілді адамзат қадірлейді, сыйлайды, оның рухына бас иеді. Жоғарыда айтылған жалпыға мәлім жәйттарға өз тарапымнан азын-аулақ пікір қоссам, сіздер мені cөгe қоймассыздар деп сенемін. Мен осы сәтте барша қазақ халқының атынан — ұлы жыршы жеті жылға созылған азапты солдат өмірін бірге кешірген халықтың атынан сөйлеп тұрмын. Иә, халық қайғысы, халық мұңы жалпы халықтарға ортақ. Қайғылар, мұңдылар сол бір кенеусіз кер заманда да мен казакпын, сен орыссың, анау украин деп жіктемеген, ұлтқа бөлмеген. Сондықтан да біз Тарас Шевченконы қазақ жеріндегі ең алғашқы жазба ақындарының бірі деп санаймыз. Ол біздің алғашқы суретшілеріміздің бірі болды. Украина мен Россия өз алдына, менің Қазақстаным да Шевченконы бостандықтың жалынды күрескері етіп тәрбиеледі. Бүгінгі күні бір заманда — бұдан жүзден астам жыл бұрын ұлы жыршы жүріп өткен Ақтөбе далаларына, Арал теңізінің түбектеріне, Каспий теңізінің жағалауларына біздің халықтың аса бір сүйіспеншілікпен назар аударуы тегін емес. Біздің халқымыз оны ақын Тараз — Әділет ақыны — деп атап кетуі тегін емес.

Тарас Шевченко өзінің жалынды жырларында бостандықты, шындықты, әділетті жырлады, езілген, азап шеккен сорлы халықтардың өмірін жырлады.

Ұлы ақын арман еткен ақиқат жер жүзіне қанат жайды. Ол — Лениндік ақиқат! Осынау ұлы ақиқаттың нұрына бөленген бостандықтың бағында сайрандаған халықтарымыз бүгін, әлеуметтік теңдіктің жаршысы болған ұлы ақынның мерекесін тойласа, мұның өзі де бақыттылықтың айғағы емес пе.

Махаббат дегеніміз — сақина іспетті,— дейді орыс халқының даналық мәтелі. Сақинада шет-шек жоқ. Махаббат та шетсіз, шексіз. Қазақ халқының Шевченкоға деген махаббаты шексіз. Оны ешқандай әдемі сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол махаббат сан миллион жүректерде. Сондықтан да, қымбатты жолдастар, туысқан Украинадан келген қонақтар, мен Украинаның ұлы ақыны Тарас Григорьевич Шевченконың 150 жыл толған құрметіне арналған салтанатты мәжілісімізді аса бір сүйіспеншілік сезіммен ашамын.

1964

 

Ұқсас материалдар