Қандастар Ассамблея

Мистика

04.12.2012 2707
Мистика (грек. mystіkos – құпиялы) – дүниеге діни-идеалистік көзқарас. Оның негізінде табиғаттан тыс күштерге сенім жатыр. М. иррационализм мен аскеттілікпен тығыз байланысты және оған эзотеризм, яғни құпиялылық тән. М., ең алдымен, рухани әлемді жеке психол. тәжірибе арқылы тануға ұмтылу, осыдан туындайтын амал-әрекеттер, жан мен тәннің жаттығулары болып табылады. Нәтижесінде адамға даналық, ғажайып қабілеттер (сәуегейлік, емшілік, магия) дариды, оның жаны мен тәні кемелденіп, төңірегіндегі адамдар оны әулие деңгейіне көтеріп дәріптейді. М. аскеттілікке көп мән береді (тәнді, нәпсіні ауыздықтау, дүниеден алшақтау). Таным жолдары тұрғысынан М. рационализмге, схоластикаға қарсы тұрады, өйткені оның жақтаушылары ақылдың шектеулігін айтып, Құдайды тану үшін адам санасының тереңінде жатқан иррационализм (сезім, интуиция, түйсік) бөліктерін оятып, іске қосу керек деп есептейді. М. ежелгі заманнан бастау алады. Ежелгі Грекия-дағы М-ны Пифагор, Платон секілді философтар айқын бейнеледі. Филон, Гермес Трисмегисттің эллинистік ілімі, неоплатоншылдардың мұралары М-ға негізделген. М-ның дамып, кеңінен таралған кезеңі – орта ғасырлар дәуірі. Оның формалары, өзіндік ерекшеліктері бар әлемдік мектептері христиан, ислам, иудаизм, даосизм діндерінде белгілі. Жаңа заманда рационализм мен материалистік бағыттағы ғылым күшейіп, дін, әсіресе М. кертартпа ағым деп айыпталып, оған қарсы күрес басталды. Сол секілді протестанттық бағыт христиан дінін М-дан тазартуға ұмтылды. Ислам әлемі тарихының әр кезеңінде М-ның кейбір шектен шыққан, әдеп жүйесіне қайшы жақтарын сынау орын алған. Кеңес дәуіріндегі атеистік сарындағы әдебиеттерде М-лық бағыттар қатты сынға ұшырады, олардың дұрыс-бұрысы ажыратылмады. Мұның барлығының себебі – М. феноменінің аса күрделігінде, қайшылықтарында жатыр: оның бұлыңғыр, құпия тұстары әр түрлі теріс бағыттарға, бұрмалауға қолайлы болды. Ислам, христиан дінтану дәстүрі бойынша шынайы М-ның белгісі мынада: біріншіден, ол еңбекпен, ұзақ жолмен (заңды сатылардан өту арқылы) келу керек; екіншіден, қарапайым “төменгі” діни қағидаларды, ар-ұят пен әдепті бұзбау, қалың бұқараға мүмкіндігінше “кереметтер”, ғажайыптар туралы аз айту, рухани мүмкіндіктерін тек ізгілік үшін пайдалану, өзінің сырт пішінін мәдениеттілік, кішіпейілділік негіздеріне сәйкес ұстау. М. адам мен табиғаттан тыс рух пен құдайдың бар екенін мойындайды. Біршама ғыл. сипат алған, рационализмге түбегейлі қарсы келмейтін тұстарында М. философия және теологиямен тіл табыса алады. Мыс., ислам М-сында, яғни сопылықта ақыл мен ойлау жоғары бағаланды. Әдеб.: Аннемари Ш., Мир исламского мистицизма, М., 1999; Блаватская Е., Тайная доктрина, М., 2002. Н. Нұртазина

Мистика (грек. mystіkos – құпиялы) – дүниеге діни-идеалистік көзқарас. Оның негізінде табиғаттан тыс күштерге сенім жатыр. М. иррационализм мен аскеттілікпен тығыз байланысты және оған эзотеризм, яғни құпиялылық тән. М., ең алдымен, рухани әлемді жеке психол. тәжірибе арқылы тануға ұмтылу, осыдан туындайтын амал-әрекеттер, жан мен тәннің жаттығулары болып табылады. Нәтижесінде адамға даналық, ғажайып қабілеттер (сәуегейлік, емшілік, магия) дариды, оның жаны мен тәні кемелденіп, төңірегіндегі адамдар оны әулие деңгейіне көтеріп дәріптейді. М. аскеттілікке көп мән береді (тәнді, нәпсіні ауыздықтау, дүниеден алшақтау). Таным жолдары тұрғысынан М. рационализмге, схоластикаға қарсы тұрады, өйткені оның жақтаушылары ақылдың шектеулігін айтып, Құдайды тану үшін адам санасының тереңінде жатқан иррационализм (сезім, интуиция, түйсік) бөліктерін оятып, іске қосу керек деп есептейді. М. ежелгі заманнан бастау алады. Ежелгі Грекия-дағы М-ны Пифагор, Платон секілді философтар айқын бейнеледі. Филон, Гермес Трисмегисттің эллинистік ілімі, неоплатоншылдардың мұралары М-ға негізделген. М-ның дамып, кеңінен таралған кезеңі – орта ғасырлар дәуірі. Оның формалары, өзіндік ерекшеліктері бар әлемдік мектептері христиан, ислам, иудаизм, даосизм діндерінде белгілі. Жаңа заманда рационализм мен материалистік бағыттағы ғылым күшейіп, дін, әсіресе М. кертартпа ағым деп айыпталып, оған қарсы күрес басталды. Сол секілді протестанттық бағыт христиан дінін М-дан тазартуға ұмтылды. Ислам әлемі тарихының әр кезеңінде М-ның кейбір шектен шыққан, әдеп жүйесіне қайшы жақтарын сынау орын алған. Кеңес дәуіріндегі атеистік сарындағы әдебиеттерде М-лық бағыттар қатты сынға ұшырады, олардың дұрыс-бұрысы ажыратылмады. Мұның барлығының себебі – М. феноменінің аса күрделігінде, қайшылықтарында жатыр: оның бұлыңғыр, құпия тұстары әр түрлі теріс бағыттарға, бұрмалауға қолайлы болды. Ислам, христиан дінтану дәстүрі бойынша шынайы М-ның белгісі мынада: біріншіден, ол еңбекпен, ұзақ жолмен (заңды сатылардан өту арқылы) келу керек; екіншіден, қарапайым “төменгі” діни қағидаларды, ар-ұят пен әдепті бұзбау, қалың бұқараға мүмкіндігінше “кереметтер”, ғажайыптар туралы аз айту, рухани мүмкіндіктерін тек ізгілік үшін пайдалану, өзінің сырт пішінін мәдениеттілік, кішіпейілділік негіздеріне сәйкес ұстау. М. адам мен табиғаттан тыс рух пен құдайдың бар екенін мойындайды. Біршама ғыл. сипат алған, рационализмге түбегейлі қарсы келмейтін тұстарында М. философия және теологиямен тіл табыса алады. Мыс., ислам М-сында, яғни сопылықта ақыл мен ойлау жоғары бағаланды.
Әдеб.: Аннемари Ш., Мир исламского мистицизма, М., 1999; Блаватская Е., Тайная доктрина, М., 2002.
Н. Нұртазина

Ұқсас материалдар