Минералды көлдер

04.12.2012 5964
Минералды көлдер, тұзды көлдер – суының құрамы, көптеген минералды қоспалардан тұратын тұзды айдындар. Суда еріген заттардың құрамы мен сапасына қарай көлдер тұщы және минералды болып бөлінеді. М. к-дің суы кермек, ащы және тұзды болады. Ауыз суға пайдаланылатын тұщы судың бір литрінде тұз 1 г-нан аспайды. Кермек сулы көлдерде 1 литрде 25 г тұз болады. Тұзд. 25 г-нан жоғары көлдер – тұзды көлдер деп аталады. Дүниежүз. мұхиттың орташа тұзд. 35ү, яғни бір литр теңіз суында 35 г тұз болады. Тұзды көлдерде тұзд. кейде 200 – 300ү-ге жетеді. Суының тұздылығы өте жоғары бол-ғанда М. к-дегі тұз кристалданып, көл түбіне шөге бастайды. М. к. жер шарының қуаң аймақтарында (шөл, шөлейт белдемінде) көбірек кездеседі. Олар ағынсыз, тұйық қазаншұңқырларда пайда болады. М. к-дегі тұз шоғыры өзен, жер асты суларының, атмосф. жауын-шашынның көлге көптеген ерітінді әкелуінің және мол буланудың нәтижесінде жиналады. Минералдылығы жоғары суда көлдің беткі тұзды қабатының темп-расы жазда 40 – 50ӘС-қа дейін қызады. Қыста кейбір көлдердің жоғ. қабаты – 20ӘС-та қатпайды. Суының хим. құрамына қарай М. к. негізгі 3 топқа бөлінеді: карбонатты (содалық), сульфатты (өте ащы), хлорлы (тұзды). Көл суларында Менделеев кестесіндегі көптеген элементтер кездеседі. М. к-дің тұздық құрамы геогр. белдемділікке тығыз байланысты. Тундра белдеміндегі көл суларында Sі, HCO3 иондары, орманды белдемде – HCO3, Ca иондары, дала белдемінде – SO4, HCO3, Na, K иондары, шөл және шөлейтте Cl, Na иондары кездеседі. Қазақстан көлдері суының минералд. 0,075 г/л-ден 335 г/л-ге дейін ауытқып отырады. Көл суларының 87%-ы сульфат тобына кіреді (Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сілетітеңіз, Құсмұрын, т.б.). Карбонатты (содалық) көлге – Құлынды даласындағы көлдер, хлорлы (тұзды) көл-дерге – Каспий т., Арал т., Индер көлі, т.б. жатады. М. к. – көптеген шаруашылық салаларының (химия, тамақ өнеркәсібі т.б.) маңызды шикізат қоры. М. к-ден ас тұзы, сода, мирабилит, хлорлы магний, бром қосылыстары, йод, бор, т.б. өндіріледі. Сульфатты М. к. балшығы медицинада қолданылады. Әдеб.: Омаров Т., Филонец П., Филонец Ю., “Қазақстан көлдері”, А., 1987; Лесненко В.К., “Мир озер”, М., 1989.

Минералды көлдер, тұзды көлдер – суының құрамы, көптеген минералды қоспалардан тұратын тұзды айдындар. Суда еріген заттардың құрамы мен сапасына қарай көлдер тұщы және минералды болып бөлінеді. М. к-дің суы кермек, ащы және тұзды болады. Ауыз суға пайдаланылатын тұщы судың бір литрінде тұз 1 г-нан аспайды. Кермек сулы көлдерде 1 литрде 25 г тұз болады. Тұзд. 25 г-нан жоғары көлдер – тұзды көлдер деп аталады. Дүниежүз. мұхиттың орташа тұзд. 35ү, яғни бір литр теңіз суында 35 г тұз болады. Тұзды көлдерде тұзд. кейде 200 – 300ү-ге жетеді. Суының тұздылығы өте жоғары бол-ғанда М. к-дегі тұз кристалданып, көл түбіне шөге бастайды. М. к. жер шарының қуаң аймақтарында (шөл, шөлейт белдемінде) көбірек кездеседі. Олар ағынсыз, тұйық қазаншұңқырларда пайда болады. М. к-дегі тұз шоғыры өзен, жер асты суларының, атмосф. жауын-шашынның көлге көптеген ерітінді әкелуінің және мол буланудың нәтижесінде жиналады. Минералдылығы жоғары суда көлдің беткі тұзды қабатының темп-расы жазда 40 – 50ӘС-қа дейін қызады. Қыста кейбір көлдердің жоғ. қабаты – 20ӘС-та қатпайды. Суының хим. құрамына қарай М. к. негізгі 3 топқа бөлінеді: карбонатты (содалық), сульфатты (өте ащы), хлорлы (тұзды). Көл суларында Менделеев кестесіндегі көптеген элементтер кездеседі. М. к-дің тұздық құрамы геогр. белдемділікке тығыз байланысты. Тундра белдеміндегі көл суларында Sі, HCO3 иондары, орманды белдемде – HCO3, Ca иондары, дала белдемінде – SO4, HCO3, Na, K иондары, шөл және шөлейтте Cl, Na иондары кездеседі. Қазақстан көлдері суының минералд. 0,075 г/л-ден 335 г/л-ге дейін ауытқып отырады. Көл суларының 87%-ы сульфат тобына кіреді (Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сілетітеңіз, Құсмұрын, т.б.). Карбонатты (содалық) көлге – Құлынды даласындағы көлдер, хлорлы (тұзды) көл-дерге – Каспий т., Арал т., Индер көлі, т.б. жатады. М. к. – көптеген шаруашылық салаларының (химия, тамақ өнеркәсібі т.б.) маңызды шикізат қоры. М. к-ден ас тұзы, сода, мирабилит, хлорлы магний, бром қосылыстары, йод, бор, т.б. өндіріледі. Сульфатты М. к. балшығы медицинада қолданылады.
Әдеб.: Омаров Т., Филонец П., Филонец Ю., “Қазақстан көлдері”, А., 1987; Лесненко В.К., “Мир озер”, М., 1989.