Қандастар Ассамблея

Қазақтың халық музыкасы мен музыка театры

04.12.2012 5536
  Қазақтың халық музыкасы мен музыка театры Бүгінгі Қазақстандағы мәдениет төңкерісі өлкенің барлық еңбекші жұртшылығын қуантып ырза қылғандай көп-көп табыстарға ие болып отыр. Өлке мен елдің бұрынғы ешбір тарихында болмаған мәдениет табыстары, жаңа төңкерісшіл жас жұртшылықтың, өнер таппақ болып, қанат қаққан талабы қазір де көркем өнер саласында да, жаңалық үстіне жаңалық туғызып келеді. Халықтардың көсемі Сталин жолдастың Қазақстан еңбекшілерін мәдени тәрбиеге молықтыру жөнінде өзі нұсқаған бағыттары қазіргі күнде Мирзоян жолдас бастаған өлкенің жаңа басшылығының уақытында толығынан жүзеге асып отыр. Сондайлық үлкен тарихи маңызы бар ірі бағыттағы ірі жаңалықтың бірі — қазақтың мемлекеттік музыка театры. Бұл театрдың қазіргі қалпында алдымен айқындалып көрінетін ерекшелігі: ән, күй негізінің тұтасынан халық қорынан шыққандығы. Еңбекші елдің өткен күндегі ауыр халін, сол елдің қиял сезімін әдей терең күйде, айқын түрде сақтап қалған ешкім де жоқ. Тіпті, қазақ елінің көп ғасырлық ой мәдениетінің куәләрі болған, бай эпосы мен фольклоры да сезімінің тереңдігі, өрнегінің шеберлігі жағынан әннен төмен түсіп отырады. Әрбір орташа әншінің қолында жүздеп саналатын; арнап жинаушы болған адамның қолында мыңдап саналатын қазақтың халық әні, рушылдық-бекшілдік ескілігінің шөл ғасырларынан, отар құлдығынан нелер алып өтті? Ол осы әнді туғызып, сонымен жұбанған еңбекші адамның қиялы мен үмітінің өшпес жанар отын жоғалтпай алып өтті. Шынында да, туғанынан бастап өліміне шейін өтетін күйін алсақ, қазақтың өмірінде әннің ілесіп жүрмеген ешбір үлкен кезеңі жоқ деуге болады. Оның өмірінде не ғұрыптан туған ән, не үй іші тұрмысы салтынан туған ән, не болмаса өз өнері арқылы өз жанынан шыққан әндер ылғи егіз болып ілесіп отырады. Ән ғасырлар түкпірінен қайғылы хал баянын бізге жеткізді. Қырық руға бөлініп кескілескен шабыс қияли қиқу күндерін де, өртенген үміт, қаза тапқан жас буын жайын да баян етеді. Біздің күндерге шейін жеткен ән, төңкерісшіл буынға патшалық зорлығымен алысып өлген отар құлдарының ереуілі мен тартысын, қоғамдық мұңын баян етеді. Өзінің терең сезімді әндеріне қазақ әйелі де көп қайғы, көп күйігін бөлеген. Көп қатын алу, қалың мал, әмеңгерлік сияқты қорлық салты мен шариғат әдет дегендер қинаған жас әйел мен ана әйелдің зарларын да әнмен табамыз. Қалың бұқара ішінен шығып, бұрын атағы мәлім болмаса да өз ішіндегі өнермен тебіреніп талай көркем өнер белгілерін тудырған ақын қазақ, ақын әйел мұралары да әнмен жетіп отыр. Еркектен шыққан ақын күйшілермен қатар әйелден шыққан да талай шерменде өнерпаздың аттарын кейінгі ұрпаққа мәңгілікке қалдырып отырған да ән. Солардың заманына ырза болмай күйікпен күңіренген жерлерінің ішінде терең сырлы махаббат лирикасы да, көңіл күйінің лирикасы да яки, табиғат лирикасы да молынан көрінеді. Ереуіл ән мен кекесін ән, лағынат оқу әндері сияқты талай халық жүрегінен шыққан әндер сол өмір үшін алысқан ел қорынан табылады. Қазақта әнмен қатар халық композиторлары шығарған толып жатқан күйлер де бар. Бұл не қоғамдық, не салт бастың мұңын айтқан әңгімелі эпос үлгісіндегі музыка. Күйдің бірталайы қазақ елінің легендасын да баян етеді. Мінеки, музыка театрының өнер табу жолында ізденуіне үлкен қор болып отырған негізгі ірге тас осындай халық мұрасы. Бұл елдің төңкерісшіл жаңа көркем өнер құрамын деген талабының уақытында, алғашқы кезде, осындай ел көңілінде, ел аузында сақталып келген күй мұраларының керекке жаратылмай шетте қалуы мүмкін емес еді. Музыка театры осы екі мұраны дұрыстап баурап алып, мағыналандырып пайдалануды өз ісінің ең басынан 1933 жылдан бастады. Содан бері қарай театр бір ойынынан екінші ойынға ауысқан сайын халық музыкасын барынша кең, терең түрде пайдаланумен келеді. Әнді өрнек салып, ажарлап, жаңа мазмұнмен байытар, көркемдігін асыратын жаңалықтар қоса отырып, сол ескі мұраны Европаланған жаңа театрлы мәдениеттің бір үлкен жәрдемшісі етіп алды. Халық мұрасын көркемдеп, мағыналандырып пайдалану өзінен өзі де бір үлкен тарихи-мәдени адым болумен бірге бұл жұмыс, осы іргеден жаңа төңкерісшіл музыка туғызуға, нағыз үлкен қазақ операсын туғызуға да үлкен әзірлік сияқты болып танылуы керек. Бірінен-бірі мазмұнымен жақын боп, ырғақ, сарын жағынан бір бітімдес болған халық әндері бұрын жеке-жеке тіршілік етсе, қазір тұтас мазмұн арқылы біріне-бірі қосылып, туысып алып, музыка театрының сахнасынан бүгінде үлкен, тұтас, бір тұлға, бір бітімді әңгімелі шығарма есепті естіледі. Сондай еппен, шеберлікпен құралған мазмұны, ырғақ толқыны бір бітімді әндер қазір музыка театрында қазақ тыңдаушысына нағыз жаңғырар, жанданған шыны халық туындысы сияқтанып сезіледі. Бізге мұра болып қалған халық әнінің мол байлығы бұл заманға шейін ешбір түрде пайдаланылмағандықтан, қазірде сол қордан үлкен драмалы, терең лирикалы, қоғамдық терең сырлары талай асыл бұйымдарды теріп алуымызға мүмкіндік беріп отыр. Ән, күй жөнінде халық қорына сүйенген музыка театры өзінің алғашқы адымында сюжет-драмалық негізді де, тақырыптың біразын да сондай қазақ көпшілігіне мәлім болған ел эпосы мен елдің тарихи жырынан алды. Театрдың тұңғыш постановкісі музыкалы комедия "Айман — Шолпанның" (осы аттас тарихи жырдың мазмұнына құрылған пьеса) театрдың барлық ісін, барлық бет пішінін көрсетіушіге өте ұғымды, өте жақын ғып көрсетті. Сонымен қатар кешегі күні, ел басынан өткен халдер ішінде асылымсып-ардақтымсып өткен батырлық-рушылдық тұрғыларына қарсы арналған музыкалы мысқыл, ашу есебінде сезілді. Театр ойындарының ішінде қазақ көрушісіне өте жақсы көрінетін көрнекті постановканың бірі — "Шұға"1. Ол өткен күндегі қазақ әйелінің қайғылы халін баян етеді. Халық әнінің, әсіресе, көркем, көрнекті боп шыққан бір түрі, қазақ көпшілігіне өте айқын мәлім болған сырлы-шерлі, эпос поэмасы "Қыз Жібекті"2 әндетіп сахнаға қоюда өте айқын көрінді. Ішкі дүние ой-сезімі бай боп біткен айқын әйел образы "Қыз Жібек" еді. Оның бойына біткен өнері, өткен заманның әйелін езген қоғамдық салттағы шарттармен қарысып, алысып көргендігі. Музыка осы жайларды барынша әсерлі етіп, терең трагедияға айналдырып көрсете алды. Бірақ, музыкалы театр жалғыз эпос ауқымында қалмай, сол халық әнінің жәрдемімен өзінің соңғы постановкісінде зор мазмұнды, қоғамдық маңызы үлкен халық драмасын да күйлеп көрсете алды. Бұл түрдегі музыка спектакілі — "Жалбыр"3. Ол тұтасымен 1916 жылы патшаға қарсы алысқан атақты қазақ көтерілісін көрсетуге арналған шығарма. Осы постановканың барлығына кіргізілген халық әндері, тарихи жағынан, мазмұн жағынан алсақ та яки бір сарын, бір ырғақтас бітім жағынан алсақ та, тұтас дауысты музыка болып көрінеді. Онысы әр бір жеке образдарының әнмен шешілетін әңгімелік сүрлеуінен де басынан ақырына шейін өскелеңдеп, айқындалып көрінеді. "Қыз Жібекте" Жібек ариясы әуелде көңілді, үмітті тоннан басталып, бері келе күдік пен қайғыға ауыса барып, ақыры үлкен трагедиямен жадырайтын болса, сол сияқты "Жалбырда" Қадишаның ариясы да, біртіндеп барып өскелеңдей келіп, өзінің правосы үшін алысқан, қаза шеккен елдің үлкен тартысының терең толқынды лейтмотивіне айналады. Театрдың негізгі қалпы, алғашқы кезде театрға алынған әншілердің де жай қалпын өзінше белгіледі. Бұл әншінің көбі бұрынғы халық ішіндегі профессионал әншілер, я ескі халық әнін көп білген актер-әншілер. Бүгінде консерваторияда жаңа әншілердің кадрын әзірлеп жатумен қатар музыка театры өз қолындағы актерінің өнерін арттыруға күнделікті тәрбие жүргізеді. Оларды бүгінгі өздері айтып жүрген әуендерді стилдеп, мәдени әдіспен айтуға баулиды. Бүгінгі музыка театр әншілерінің ішінде халық әнінің осындай боп жаңғырған, стилденген үлгісін айқын ғып айтатын әншілер — еңбегі сіңген артистка Күләш және Қанабек, Құрманбек. Бірақ негізгі ән, музыка бұйымдарын халық қорынан алып отырған музыка театры, тегінде, өзінің жаңа түрдегі театрлы, музыкалы мәдениетін ұдайы қазақтың ұлттық түрлерінің ішінде ғана оқшаулап тұсап отырмақ емес. Сол себепті әлі онша көп түр таппаған, әлі шеберленбеген, халық инструменттерін халық оркестрін ұстап қалған жоқ. Театр алғашқы адымын симфониялы оркестрімен бастады. Халық инструменттерінің оркестрі жаңа үлгіде істелген домбырасы мен үні ұлғайтылған қобызы мен сыбызғыдан құралып, қазақтың мемлекеттік филармониясының көлемінде өз бетімен ұлғайып келеді. Оның да өзінше үлкен тәжірибелері, ізденушілері, табыстары бар. Бірақ бұл сияқты тәжірибе зерттеу ісін музыка театры филормонияға тапсырып, өзі симфония оркестріне көшті де, барлық музыкалы спектакілінің жетекшісі етіп сол оркестрді сайлап алды. Сонымен, музыкалы театрдың бүгінгі оркестрі халық әндерінің көп ырғағын өз бетімен өсіруші, тереңдеуші есебінде қызмет етеді. Және сол оркестр увертюрасы арқылы, жеке әндердің мазмұнын шешу арқылы және көп әнді сахнаны өзінше айқындауы арқылы спектаклдің барлық музыкалы негізін бір тұтас шығарма дәрежесіне жеткізіп, өсіріп отырады. Бұл реттегі ізденушілік, басшылық музыка театрында ұдайы істейтін Европаша білімі бар композиторға тапсырылған4 Халық инструментін ұстап қалмауы сияқты театр құр ғана ұлттық түрі бар екен деп, халықтың азын-аулақ би пантомимасын да түгел ұстанып отырмайды. Мұнда би өнері жөнінде театр, балет өнершісіне анадан көп еркіндік береді. Сонымен, бұрын ел ортасында болған би-пантомима мен халық ойындарын және қазақтың әр түрлі еңбек үстіндегі қозғалыстарын Европаша ажарлық істеліп, қызықтырып, жанды қылып көрсетуге ерік береді. Қазақ театры нағыз жоғарғы дәрежелі үлкен балет өнері халықтың шала өнер дәрежесіндегі би-пантомимасынан көп алыс, көп жоғары тұрғанын еске алады. Сондықтан жаңағыларды мағыналандырып, мәдениеттендіріп, ажарлау 24 мен келіп, өзінің нағыз Европа үлгісіндегі балетін құрап жасап келеді. Ол балет қазақтың өнер салтындағы, мәдени тарихындағы мазмұндардан туған және, әсіресе, қазақтың халық музыкасының ритмінен өнген балет болмақшы. Міне, театр-музыка мәдениетінің бүгінгі сатысында қазақтың халық өнерінің үлкен жиынтық белгісі боп отырған музыка театрының жай-күйі, ізденуі осындай. Музыка театры осындайлық барлық талап, табыстары арқылы енді өз сахнасында нағыз толық үнді операны қоюға жақындап кеп отыр. Ол опера музыка театрына арнап белгілі композитор Асафьев5 жазып жатқан жаңа қазақ операсы "Ақан — Зайра"6 болмақшы. Мұхтар Әуезов  

 

Қазақтың халық музыкасы мен музыка театры

Бүгінгі Қазақстандағы мәдениет төңкерісі өлкенің барлық еңбекші жұртшылығын қуантып ырза қылғандай көп-көп табыстарға ие болып отыр. Өлке мен елдің бұрынғы ешбір тарихында болмаған мәдениет табыстары, жаңа төңкерісшіл жас жұртшылықтың, өнер таппақ болып, қанат қаққан талабы қазір де көркем өнер саласында да, жаңалық үстіне жаңалық туғызып келеді. Халықтардың көсемі Сталин жолдастың Қазақстан еңбекшілерін мәдени тәрбиеге молықтыру жөнінде өзі нұсқаған бағыттары қазіргі күнде Мирзоян жолдас бастаған өлкенің жаңа басшылығының уақытында толығынан жүзеге асып отыр. Сондайлық үлкен тарихи маңызы бар ірі бағыттағы ірі жаңалықтың бірі — қазақтың мемлекеттік музыка театры. Бұл театрдың қазіргі қалпында алдымен айқындалып көрінетін ерекшелігі: ән, күй негізінің тұтасынан халық қорынан шыққандығы.

Еңбекші елдің өткен күндегі ауыр халін, сол елдің қиял сезімін әдей терең күйде, айқын түрде сақтап қалған ешкім де жоқ. Тіпті, қазақ елінің көп ғасырлық ой мәдениетінің куәләрі болған, бай эпосы мен фольклоры да сезімінің тереңдігі, өрнегінің шеберлігі жағынан әннен төмен түсіп отырады. Әрбір орташа әншінің қолында жүздеп саналатын; арнап жинаушы болған адамның қолында мыңдап саналатын қазақтың халық әні, рушылдық-бекшілдік ескілігінің шөл ғасырларынан, отар құлдығынан нелер алып өтті? Ол осы әнді туғызып, сонымен жұбанған еңбекші адамның қиялы мен үмітінің өшпес жанар отын жоғалтпай алып өтті. Шынында да, туғанынан бастап өліміне шейін өтетін күйін алсақ, қазақтың өмірінде әннің ілесіп жүрмеген ешбір үлкен кезеңі жоқ деуге болады. Оның өмірінде не ғұрыптан туған ән, не үй іші тұрмысы салтынан туған ән, не болмаса өз өнері арқылы өз жанынан шыққан әндер ылғи егіз болып ілесіп отырады. Ән ғасырлар түкпірінен қайғылы хал баянын бізге жеткізді.

Қырық руға бөлініп кескілескен шабыс қияли қиқу күндерін де, өртенген үміт, қаза тапқан жас буын жайын да баян етеді. Біздің күндерге шейін жеткен ән, төңкерісшіл буынға патшалық зорлығымен алысып өлген отар құлдарының ереуілі мен тартысын, қоғамдық мұңын баян етеді. Өзінің терең сезімді әндеріне қазақ әйелі де көп қайғы, көп күйігін бөлеген. Көп қатын алу, қалың мал, әмеңгерлік сияқты қорлық салты мен шариғат әдет дегендер қинаған жас әйел мен ана әйелдің зарларын да әнмен табамыз. Қалың бұқара ішінен шығып, бұрын атағы мәлім болмаса да өз ішіндегі өнермен тебіреніп талай көркем өнер белгілерін тудырған ақын қазақ, ақын әйел мұралары да әнмен жетіп отыр. Еркектен шыққан ақын күйшілермен қатар әйелден шыққан да талай шерменде өнерпаздың аттарын кейінгі ұрпаққа мәңгілікке қалдырып отырған да ән. Солардың заманына ырза болмай күйікпен күңіренген жерлерінің ішінде терең сырлы махаббат лирикасы да, көңіл күйінің лирикасы да яки, табиғат лирикасы да молынан көрінеді. Ереуіл ән мен кекесін ән, лағынат оқу әндері сияқты талай халық жүрегінен шыққан әндер сол өмір үшін алысқан ел қорынан табылады.

Қазақта әнмен қатар халық композиторлары шығарған толып жатқан күйлер де бар. Бұл не қоғамдық, не салт бастың мұңын айтқан әңгімелі эпос үлгісіндегі музыка. Күйдің бірталайы қазақ елінің легендасын да баян етеді. Мінеки, музыка театрының өнер табу жолында ізденуіне үлкен қор болып отырған негізгі ірге тас осындай халық мұрасы. Бұл елдің төңкерісшіл жаңа көркем өнер құрамын деген талабының уақытында, алғашқы кезде, осындай ел көңілінде, ел аузында сақталып келген күй мұраларының керекке жаратылмай шетте қалуы мүмкін емес еді.

Музыка театры осы екі мұраны дұрыстап баурап алып, мағыналандырып пайдалануды өз ісінің ең басынан 1933 жылдан бастады. Содан бері қарай театр бір ойынынан екінші ойынға ауысқан сайын халық музыкасын барынша кең, терең түрде пайдаланумен келеді. Әнді өрнек салып, ажарлап, жаңа мазмұнмен байытар, көркемдігін асыратын жаңалықтар қоса отырып, сол ескі мұраны Европаланған жаңа театрлы мәдениеттің бір үлкен жәрдемшісі етіп алды. Халық мұрасын көркемдеп, мағыналандырып пайдалану өзінен өзі де бір үлкен тарихи-мәдени адым болумен бірге бұл жұмыс, осы іргеден жаңа төңкерісшіл музыка туғызуға, нағыз үлкен қазақ операсын туғызуға да үлкен әзірлік сияқты болып танылуы керек.

Бірінен-бірі мазмұнымен жақын боп, ырғақ, сарын жағынан бір бітімдес болған халық әндері бұрын жеке-жеке тіршілік етсе, қазір тұтас мазмұн арқылы біріне-бірі қосылып, туысып алып, музыка театрының сахнасынан бүгінде үлкен, тұтас, бір тұлға, бір бітімді әңгімелі шығарма есепті естіледі. Сондай еппен, шеберлікпен құралған мазмұны, ырғақ толқыны бір бітімді әндер қазір музыка театрында қазақ тыңдаушысына нағыз жаңғырар, жанданған шыны халық туындысы сияқтанып сезіледі.

Бізге мұра болып қалған халық әнінің мол байлығы бұл заманға шейін ешбір түрде пайдаланылмағандықтан, қазірде сол қордан үлкен драмалы, терең лирикалы, қоғамдық терең сырлары талай асыл бұйымдарды теріп алуымызға мүмкіндік беріп отыр. Ән, күй жөнінде халық қорына сүйенген музыка театры өзінің алғашқы адымында сюжет-драмалық негізді де, тақырыптың біразын да сондай қазақ көпшілігіне мәлім болған ел эпосы мен елдің тарихи жырынан алды. Театрдың тұңғыш постановкісі музыкалы комедия "Айман — Шолпанның" (осы аттас тарихи жырдың мазмұнына құрылған пьеса) театрдың барлық ісін, барлық бет пішінін көрсетіушіге өте ұғымды, өте жақын ғып көрсетті. Сонымен қатар кешегі күні, ел басынан өткен халдер ішінде асылымсып-ардақтымсып өткен батырлық-рушылдық тұрғыларына қарсы арналған музыкалы мысқыл, ашу есебінде сезілді. Театр ойындарының ішінде қазақ көрушісіне өте жақсы көрінетін көрнекті постановканың бірі — "Шұға"1. Ол өткен күндегі қазақ әйелінің қайғылы халін баян етеді.

Халық әнінің, әсіресе, көркем, көрнекті боп шыққан бір түрі, қазақ көпшілігіне өте айқын мәлім болған сырлы-шерлі, эпос поэмасы "Қыз Жібекті"2 әндетіп сахнаға қоюда өте айқын көрінді. Ішкі дүние ой-сезімі бай боп біткен айқын әйел образы "Қыз Жібек" еді. Оның бойына біткен өнері, өткен заманның әйелін езген қоғамдық салттағы шарттармен қарысып, алысып көргендігі. Музыка осы жайларды барынша әсерлі етіп, терең трагедияға айналдырып көрсете алды.

Бірақ, музыкалы театр жалғыз эпос ауқымында қалмай, сол халық әнінің жәрдемімен өзінің соңғы постановкісінде зор мазмұнды, қоғамдық маңызы үлкен халық драмасын да күйлеп көрсете алды. Бұл түрдегі музыка спектакілі — "Жалбыр"3. Ол тұтасымен 1916 жылы патшаға қарсы алысқан атақты қазақ көтерілісін көрсетуге арналған шығарма.

Осы постановканың барлығына кіргізілген халық әндері, тарихи жағынан, мазмұн жағынан алсақ та яки бір сарын, бір ырғақтас бітім жағынан алсақ та, тұтас дауысты музыка болып көрінеді. Онысы әр бір жеке образдарының әнмен шешілетін әңгімелік сүрлеуінен де басынан ақырына шейін өскелеңдеп, айқындалып көрінеді.

"Қыз Жібекте" Жібек ариясы әуелде көңілді, үмітті тоннан басталып, бері келе күдік пен қайғыға ауыса барып, ақыры үлкен трагедиямен жадырайтын болса, сол сияқты "Жалбырда" Қадишаның ариясы да, біртіндеп барып өскелеңдей келіп, өзінің правосы үшін алысқан, қаза шеккен елдің үлкен тартысының терең толқынды лейтмотивіне айналады. Театрдың негізгі қалпы, алғашқы кезде театрға алынған әншілердің де жай қалпын өзінше белгіледі. Бұл әншінің көбі бұрынғы халық ішіндегі профессионал әншілер, я ескі халық әнін көп білген актер-әншілер. Бүгінде консерваторияда жаңа әншілердің кадрын әзірлеп жатумен қатар музыка театры өз қолындағы актерінің өнерін арттыруға күнделікті тәрбие жүргізеді. Оларды бүгінгі өздері айтып жүрген әуендерді стилдеп, мәдени әдіспен айтуға баулиды. Бүгінгі музыка театр әншілерінің ішінде халық әнінің осындай боп жаңғырған, стилденген үлгісін айқын ғып айтатын әншілер — еңбегі сіңген артистка Күләш және Қанабек, Құрманбек.

Бірақ негізгі ән, музыка бұйымдарын халық қорынан алып отырған музыка театры, тегінде, өзінің жаңа түрдегі театрлы, музыкалы мәдениетін ұдайы қазақтың ұлттық түрлерінің ішінде ғана оқшаулап тұсап отырмақ емес. Сол себепті әлі онша көп түр таппаған, әлі шеберленбеген, халық инструменттерін халық оркестрін ұстап қалған жоқ. Театр алғашқы адымын симфониялы оркестрімен бастады. Халық инструменттерінің оркестрі жаңа үлгіде істелген домбырасы мен үні ұлғайтылған қобызы мен сыбызғыдан құралып, қазақтың мемлекеттік филармониясының көлемінде өз бетімен ұлғайып келеді. Оның да өзінше үлкен тәжірибелері, ізденушілері, табыстары бар. Бірақ бұл сияқты тәжірибе зерттеу ісін музыка театры филормонияға тапсырып, өзі симфония оркестріне көшті де, барлық музыкалы спектакілінің жетекшісі етіп сол оркестрді сайлап алды. Сонымен, музыкалы театрдың бүгінгі оркестрі халық әндерінің көп ырғағын өз бетімен өсіруші, тереңдеуші есебінде қызмет етеді. Және сол оркестр увертюрасы арқылы, жеке әндердің мазмұнын шешу арқылы және көп әнді сахнаны өзінше айқындауы арқылы спектаклдің барлық музыкалы негізін бір тұтас шығарма дәрежесіне жеткізіп, өсіріп отырады. Бұл реттегі ізденушілік, басшылық музыка театрында ұдайы істейтін Европаша білімі бар композиторға тапсырылған4

Халық инструментін ұстап қалмауы сияқты театр құр ғана ұлттық түрі бар екен деп, халықтың азын-аулақ би пантомимасын да түгел ұстанып отырмайды. Мұнда би өнері жөнінде театр, балет өнершісіне анадан көп еркіндік береді. Сонымен, бұрын ел ортасында болған би-пантомима мен халық ойындарын және қазақтың әр түрлі еңбек үстіндегі қозғалыстарын Европаша ажарлық істеліп, қызықтырып, жанды қылып көрсетуге ерік береді. Қазақ театры нағыз жоғарғы дәрежелі үлкен балет өнері халықтың шала өнер дәрежесіндегі би-пантомимасынан көп алыс, көп жоғары тұрғанын еске алады. Сондықтан жаңағыларды мағыналандырып, мәдениеттендіріп, ажарлау 24 мен келіп, өзінің нағыз Европа үлгісіндегі балетін құрап жасап келеді. Ол балет қазақтың өнер салтындағы, мәдени тарихындағы мазмұндардан туған және, әсіресе, қазақтың халық музыкасының ритмінен өнген балет болмақшы. Міне, театр-музыка мәдениетінің бүгінгі сатысында қазақтың халық өнерінің үлкен жиынтық белгісі боп отырған музыка театрының жай-күйі, ізденуі осындай.

Музыка театры осындайлық барлық талап, табыстары арқылы енді өз сахнасында нағыз толық үнді операны қоюға жақындап кеп отыр. Ол опера музыка театрына арнап белгілі композитор Асафьев5 жазып жатқан жаңа қазақ операсы "Ақан — Зайра"6 болмақшы.

Мұхтар Әуезов

 

Ұқсас материалдар