Қандастар Ассамблея

Көне түркі таңбалары

04.12.2012 6532
Көне түркі таңбалары Біздің заманымызға дейін жеткен көне түркі таңбалары құрыптық кешендерінің кейбір бөліктеріне, бітіктастарға, сандықтастарға (барықтарға), атақты бекзат тұлғаларға арналған бәдіздерге, зооморфтық мүсіндерге, балбал-меңгірлерге қашап түсірілген; мұның барлығы аталмыш жәдігерлердің сакральдық әрі семиотикалық мағынасы бар екендігін көрсететіні анық. Сонымен қатар, түрік заманының бірсыпыра таңбалары жартастарға, бұйымдарға, қару-жарақтарға да көркем нақышталған. Көне түркі мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналатын байырға түріктердің таңбалары мен символикалық белгілері зерттеушілердің назарын ұдайы аударып келеді. Алайда ұлан-ғайыр Еуразия даласындағы түркі тілді халықтардың таңбалары мен белгілері, олардың шығу тегі мен даму барысы, трансформациясы жайында толыққанды біртұтас ғылыми зерттеу әлі де жасала қойған жоқ. Тарихи диахрондық тұрғыдан қарағанда, таңба қолданысы қоғамдық құбылыс ретінде бірнеше даму сатыларын өткізгенін аңғаруға болады. Атап айтқанда, тас дәуірінің әр түрлі кезеңдерінде белгілер мен символдар белгілі бір жердің, қастерлі өңірдің, қару-жарақ пен алуан түрлі заттардың айқындаушысы болып келді. Алайда палеолит-неолит дәуірлерінде қоғамдық институттардың дамып жетілмегендігіне, этноәлеуметтік қатынастардың айырмашылықтарына, тағы да басқа факторларға байланысты «таңба қолданысы» болды деп айту, сондай-ақ аталмыш дәуірде таңбалар кеңінен қолданылды деп қарастыру әлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. Көне түркі дәуіріндегі бітіктастарда аталатын оғыз, тоғыз оғыз, сегіз оғыз, үш оғыз, түргеш, он оқ, құрықан, үш құрықан, байырқұ, ұйғыр, он ұйғыр, қырқыз, чік, қарлұқ, басмыл, отұз татар, қытан, татабы және т.б. көптеген көшпелі этностардың өз алдына жеке-жеке арнайы таңбалары болды. Онда жалпы тайпалық таңбалары, одан өрбіген туынды әрі күрделі таңбалары, сонымен қатар жеке, отбасылық, рулық, тайпалық секілді олар билік, меншік иелерінің қоғамдық мәртебесін айқындайтын саяси-әлеуметтік белгілер болып табылады. Аталуы Көне түркілер осы таңбаларын «tamץa» деп атады, ол екі мағынаны білдіреді. Біріншісі — «ру, тайпалардың белгісі, таңбасы», екіншісі «қағанның алтын мөр белгісі». Көне түркі бітік тілінде аталмыш сөздің түп¬төркіні *tab¬ // *tab- (семантикасы: бірдеңенің ізі, қалдығы, із қалдыру – «таптау, табы, табандау») // > tam¬ (семантикасы: «тамызу, күйдіру, белгі¬ен басу») > tam+ץa > tamץan (tamץa+n / tamץa+čï ¬ семантикасы: мөр жасаушы, мөр таңба сақтаушы) > taŋba («таңба, таңбалау») деген бағытта дамып өрбіген. Көне моңғол тілінде taba > тав (табы, бірдеменің ізі), tamץa>тамага>тамга (таңба) тұлғасында сақталған. Көне түркі этномәдени ерекшеліктерінің ішінде «қаған әулиетінің таңбасы» деп аталатын ерекше бітімді таңбаның орны бөлек. Ол — тауешкінің арқа жон тұсына түзу сызық салған кескінді таңба. Яғни «екінші түрік қағандығының (680-745жж.) қытайша «ашина» әулетінің геральдикалық белгісі» деп те қарастырылады. Бұл таңба орхон ескерткіштері – Күлте мен Білге қаған бітіктастарында, Онгин ескерткіші, яғни Ел етміш йабғұға арналған бітіктаста басы иілген аса таяқ іспетті (таяқша) қосымша белгімен екі рет қашалған. Мұндай кескін таңбалар кейбір бәдіздерде, «Дэл уул» жартасында және т.б. ескерткіштерде кездеседі.  

Көне түркі таңбалары
Біздің заманымызға дейін жеткен көне түркі таңбалары құрыптық кешендерінің кейбір бөліктеріне, бітіктастарға, сандықтастарға (барықтарға), атақты бекзат тұлғаларға арналған бәдіздерге, зооморфтық мүсіндерге, балбал-меңгірлерге қашап түсірілген; мұның барлығы аталмыш жәдігерлердің сакральдық әрі семиотикалық мағынасы бар екендігін көрсететіні анық. Сонымен қатар, түрік заманының бірсыпыра таңбалары жартастарға, бұйымдарға, қару-жарақтарға да көркем нақышталған. Көне түркі мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналатын байырға түріктердің таңбалары мен символикалық белгілері зерттеушілердің назарын ұдайы аударып келеді. Алайда ұлан-ғайыр Еуразия даласындағы түркі тілді халықтардың таңбалары мен белгілері, олардың шығу тегі мен даму барысы, трансформациясы жайында толыққанды біртұтас ғылыми зерттеу әлі де жасала қойған жоқ. Тарихи диахрондық тұрғыдан қарағанда, таңба қолданысы қоғамдық құбылыс ретінде бірнеше даму сатыларын өткізгенін аңғаруға болады. Атап айтқанда, тас дәуірінің әр түрлі кезеңдерінде белгілер мен символдар белгілі бір жердің, қастерлі өңірдің, қару-жарақ пен алуан түрлі заттардың айқындаушысы болып келді. Алайда палеолит-неолит дәуірлерінде қоғамдық институттардың дамып жетілмегендігіне, этноәлеуметтік қатынастардың айырмашылықтарына, тағы да басқа факторларға байланысты «таңба қолданысы» болды деп айту, сондай-ақ аталмыш дәуірде таңбалар кеңінен қолданылды деп қарастыру әлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. Көне түркі дәуіріндегі бітіктастарда аталатын оғыз, тоғыз оғыз, сегіз оғыз, үш оғыз, түргеш, он оқ, құрықан, үш құрықан, байырқұ, ұйғыр, он ұйғыр, қырқыз, чік, қарлұқ, басмыл, отұз татар, қытан, татабы және т.б. көптеген көшпелі этностардың өз алдына жеке-жеке арнайы таңбалары болды. Онда жалпы тайпалық таңбалары, одан өрбіген туынды әрі күрделі таңбалары, сонымен қатар жеке, отбасылық, рулық, тайпалық секілді олар билік, меншік иелерінің қоғамдық мәртебесін айқындайтын саяси-әлеуметтік белгілер болып табылады.
Аталуы
Көне түркілер осы таңбаларын «tamץa» деп атады, ол екі мағынаны білдіреді. Біріншісі — «ру, тайпалардың белгісі, таңбасы», екіншісі «қағанның алтын мөр белгісі». Көне түркі бітік тілінде аталмыш сөздің түп¬төркіні *tab¬ // *tab- (семантикасы: бірдеңенің ізі, қалдығы, із қалдыру – «таптау, табы, табандау») // > tam¬ (семантикасы: «тамызу, күйдіру, белгі¬ен басу») > tam+ץa > tamץan (tamץa+n / tamץa+čï ¬ семантикасы: мөр жасаушы, мөр таңба сақтаушы) > taŋba («таңба, таңбалау») деген бағытта дамып өрбіген. Көне моңғол тілінде taba > тав (табы, бірдеменің ізі), tamץa>тамага>тамга (таңба) тұлғасында сақталған. Көне түркі этномәдени ерекшеліктерінің ішінде «қаған әулиетінің таңбасы» деп аталатын ерекше бітімді таңбаның орны бөлек. Ол — тауешкінің арқа жон тұсына түзу сызық салған кескінді таңба. Яғни «екінші түрік қағандығының (680-745жж.) қытайша «ашина» әулетінің геральдикалық белгісі» деп те қарастырылады. Бұл таңба орхон ескерткіштері – Күлте мен Білге қаған бітіктастарында, Онгин ескерткіші, яғни Ел етміш йабғұға арналған бітіктаста басы иілген аса таяқ іспетті (таяқша) қосымша белгімен екі рет қашалған. Мұндай кескін таңбалар кейбір бәдіздерде, «Дэл уул» жартасында және т.б. ескерткіштерде кездеседі.
 

Ұқсас материалдар